Бальзам Золотая звезда (Карандаш для ингаляций) (Other nasal preparations)

МНН: Камфора, Левоментол, Масло гвоздичное, Масло корицы, Мятное масло, Эвкалипта прутовидного листьев масло
Производитель: Данафа Фармасьютикал Джойнт Сток Компани
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Другие комбинированные препараты, применяемые при простудных заболеваниях
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№015518
Информация о регистрации в РК: 11.03.2015 - 11.03.2020
Номер регистрации в РБ: 11116/22
Информация о регистрации в РБ: 01.06.2022 - 01.06.2027

Инструкция

Саудалық атауы

Золотая звезда бальзамы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ингаляцияға арналған қарындаш 1,3 г

Құрамы

Бір ингалятордың құрамында

белсенді заттар: кристалды ментол 658 мг;

камфора 124 мг;

жалбыз майы 258 мг;

эвкалипт майы 65 мг;

қалампыр майы 5 мг;

даршын майы 6 мг;

қосымша зат - вазелин майы

Сипаттамасы

Қалпақшасы және сықпаның ішінде ингредиенттер сіңірілген сүзгісі болатын, биіктігі 60 мм және диаметрі 17 мм ақ пластмасса сықпа

Фармакотерапиялық тобы

Суық тию симптомдарын және жөтелді кетіруге арналған препараттар. Суық тию симптомдарын кетіруге арналған препараттардың басқа да біріктірілімдері.

АТХ коды R05Х

Фармакологиялық қасиеттері

Препараттың жергілікті-тітіркендіретін, аулақтататын және антисептикалық әсері бар.

Ментол және камфора мұрын қуысы мен жоғарғы тыныс алу жолдары жүйке ұштарының тітіркенуін туындатады, жеңіл күйдіру мен шаншу сезімін туындата отырып, жеңіл жергілікті ауырғанды басатын әсер береді, сондай-ақ антисептикалық қасиеттері бар.

Қалампыр майы антисептикалық әсер береді және жұқпадан қорғайды.

Даршын майының жоғарғы тыныс алу жолдары ауруларын емдегенде антисептикалық әсері бар.

Жалбыз майының сергітуші, антисептикалық және ауыруды басатын қасиеттері бар. Суық тию және тұмау, тыныс алу жолдарының қабынуы, жөтел, бронхит, мұрынның бітелуі және тыныс алу жолдарының тітіркенуі кезінде, сондай-ақ терінің қабыну жағдайлары мен оның тітіркенулерінде күшті антисептик ретінде қолданылады.

Эвкалипт майы антисептикалық қасиетін танытады. Ең алдымен бактерияларға және вирустарға қарсы әсер етеді. Тыныс алу жолдарының жұқпаларын, жөтелді, бронхитті, қуыстар қабынуларын, мұрын бітелуін емдеуде пайдаланылады. Қабынуға қарсы және ауыруды басатын әсер береді.

Қолданылуы

- антисептик дәрі ретінде ринитті кешенді емдеуде қолданады

Қолдану тәсілі және дозалары

Ингаляцияны күніне 10-15 рет мұрын жолдары арқылы 1 қабылдауда 1-2 тыныс алу арқылы жүргізеді.

Жағымсыз әсері

- аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне, әсіресе эфир майларына жеке сезімталдық

- 2 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Сипатталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Аллергиялық реакциялар туындағанда, препарат қолдануды тоқтату қажет.

Дәрігердің кеңесінсіз препаратты балаларға қолдануға болмайды.

 

Жүктілік және лактация кезеңі

Клиникалық деректердің болмауына байланысты жүктілік және лактация кезеңінде ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Симптомдары: мұрын қуысы шырышты қабығының тарапынан қышыну және күйдіру түрінде жергілікті тітіркену белгілері болуы мүмкін.

Емі: симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

1,3 г препараттан қалпақшасы және сықпаның ішінде ингредиенттер сіңірілген сүзгісі болатын ақ түсті пластмасса сықпаға салынған. Ингалятордың қалпақшасына қағаз заттаңба жапсырылады.

1 ингаляцияға арналған қарындаштан қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 15 °С-ден 25 °С -ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Данафа Фармасьютикал Джойнт Сток Компани»

Вьетнам, Дананг қ., Тхань Тхе ауданы, Зунг Си Тхань Тхе к-сі, 253 үй.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Данафа Фармасьютикал Джойнт Сток Компани», Вьетнам

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Айтиев к-сі 46-18

Тел/Факс: +7 (727) 395 91 13

Моб. тел: +7 (701) 718 25 92

Электронды поштасы: layka16@mail.ru

 

Прикрепленные файлы

982311191477976568_ru.doc 40.5 кб
871754111477977724_kz.doc 47.5 кб
11116_22_p.pdf 1.01 кб
11116_22_s.pdf 1.25 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники