Бактериофаг дизентерийный поливалентный

МНН: Бактериофаг дизентерийный
Производитель: ФГУП "НПО "Микроген" Минздрава России
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Другие антибактериальные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-БП-5№014777
Период регистрации: 04.08.2015 - 04.08.2020
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)

Инструкция

Саудалық атауы

Поливалентті дизентерия бактериофагы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – лиофизацияланған бактериялық дизентерия қоздырғышының фаголизат сүзіндісінің концентраты -0,072 г,

қосымша заттар: пектин, кальций глюконаты, декстроза моногидраты немесе глюкоза, тальк, кальций стеараты.

Сипаттамасы

Екі беті дөңес, тегіс беткейімен, ақшыл-қоңыр реңді, ақ түсті, дөңгелек пішінді таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да бактерияларға қарсы препараттар

АТХ коды J01X

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Бактериялық штамдардың фагосезімталдығында бактериофагтың белсенділігі енуі, жасушаішілік көбеюі, бактериялық жасушаны ыдыратуы және жаңа бактериялық жасушаларды зақымдауға дайын фаголық бөлігінің шығарылуы түрінде білінеді.

Бактериофагты ішу арқылы бір рет қабылдағаннан кейін, фаголық бөлігі 1 сағаттан кейін қан үлгілерінде, 2 сағаттан кейін ликвор мен несепте анықталады.

Фармакодинамикасы

Поливалентті дизентерия бактериофагы таблеткалары Shigella flexneri 1, 2, 3, 4, 6 серологиялық варианттарының және Shigella sonnei бактериялық дизентерия қоздырғыштарының лиофилизацияланған фаголизат сүзіндісінің концентраты болып табылады.

Препарат жоғарыда көрсетілген бактериялық дизентерия қоздырғыштарының спецификалық лизисін туындатады.

Қолданылуы

Shigella flexner-дің 1, 2, 3, 4, 6 серологиялық варианттары және Shigella sonnei туындатқан бактериялық дизентерияның алдын алу және емдеу үшін.

Қолдану тәсілі және дозалары

Препарат ішке қабылдауға арналған. Фаготерапияның әсері оң болуы үшін маңызды жағдай- ол алдын ала қоздырғыштың фагосезімталдығын анықтау және препаратты ертерек қолдану. Емдеу үшін, аурудың бірінші күнінен бастап 7-10 күн бойы препаратты тамақ ішуден 1 сағат бұрын күніне 3 рет қабылдайды.

Препараттың ұсынылатын дозалануы

Жасы

1 қабылдауға арналған доза

1 жастан 3 жасқа дейін

1 таблетка

3 жастан 8 жасқа дейін

1-2 таблетка

8 жастан бастап және одан үлкен жастағыларға

2-3 таблетка

Аздап білінетін колит синдромымен сипатталатын дизентерияда және, реконвалесценция кезеңінде осы таблеткаларды екі рет ішке қабылдаумен бірге ішекті босатқаннан кейін, сұйық бактериофагтың (Поливалентті дизентерия бактериофагы, ішуге және ректальді енгізуге арналған ерітінді) жасына байланысты бір реттік дозасын қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес клизма арқылы тікішекке бір рет ректальді енгізу ұсынылады.

Ұжымдар мен жанұяда аурумен топтап ауырғанда аурудың алдын алу үшін препаратты қабылдау ұсынылады. Пайдаланудың ең қолайлы сызбасы жасқа байланысты бір реттік дозаны күн сайын қабылдау. Препаратты қабылдау ұзақтығы қалыптасқан эпиджағдайға байланысты анықталады.

Педиатрияда қолданылуы.

6 жасқа дейінгі балаларға, қабылдар алдында таблетканы ұнтақтап және бөлме температурасындағы қайнатылған суда еріту керек.

Жағымсыз әсерлері

Анықталған жоқ.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық

- 1 жасқа дейінгі балаларға

- жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әректтесуі

Препаратты басқа да дәрілік заттармен, оның ішінде антибиотиктермен біріктіріп қолдануға болады.

Айрықша нұсқаулар

Уыттанудың айқын белгілерімен дизентерияның ауыр түрлерінде дәрігермен кеңесу керек.

Педиатрияда қолданылуы

Балаларға препаратты бір жасынан қолдануға болады

Жүктілік және лактация кезеңі

Қолдануға болмайды

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе зейінді жоғары жұмылдыруды талап ететін басқа механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Қабылдау кезінде ешқандай реакция анықталған жоқ. Арнайы у қайтарғысы жоқ. Емі белгісіне қарай.

Шығарылу түрі және қаптамалары

Құтыларда 50 таблеткадан. 10 құты медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 2 °С-ден 8 °С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Микроген «ҒӨБ» ФМУК Ресей ДСМ

Ресей Федерациясы, 115088, Мәскеу қ-сы, 1-ші Дубровская к-сі, 15 үй, тел. (495) 710-37-87, факс (495)783-88-04, e-mail: secretariat@microgen.ru

Өндірістің мекенжайы: Ресей Федерациясы, 603950, Нижегородская облысы, Нижний Новгород қ-сы, Грузинская к-сі, 44 үй, тел./факс (831) 434-42-77

Тіркеу куәлігінің иесі

«Микроген «ҒӨБ» ФМУК Ресей ДСМ, Ресей Федерациясы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан препараттың сапасы туралы түскен шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Нестеренко Н.А.» ЖК, Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы қ-сы, Фурманов к-сі, 128 үй, 16 кеңсе,

тел. /факс (727) 2796659, e-mail: ip_n_nesterenko@list.ru.

 

Прикрепленные файлы

932618301477976420_ru.doc 49.5 кб
376872171477977622_kz.doc 57 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники