Багеда (20 мг)

МНН: Лефлуномид
Производитель: "Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш."
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Leflunomide
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№023533
Информация о регистрации в РК: 24.01.2023 - 24.01.2033

Инструкция

Саудалық атауы

Багеда

Халықаралық патенттелмеген атауы

Лефлуномид

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 10 мг, 20 мг лефлуномид

қосымша заттар: гидроксипропилцеллюлоза, лактоза моногидраты, сусыз лактоза, желатинделген жүгері крахмалы, повидон К30, магний стеараты, натрий крахмалы гликоляты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы

қабықтың құрамы – 10 мг үшін, Опадри® II ақ 85F18422 (ішінара гидролизденген поливинил спирті, титанның қостотығы (Е171), макрогол/ПЭГ, тальк).

қабықтың құрамы – 20 мг үшін, Опадри® II сары 02F22025 (гипромеллоза, макрогол 6000, титанның қостотығы (Е171), темірдің сары тотығы (Е172), тальк).

Сипаттамасы

Ақ немесе ақ дерлік түсті үлбірлі қабықпен қапталған, екі жақ беті тегіс және дөңес, дөңгелек пішінді таблеткалар (10 мг доза үшін).

Ашық сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған, екі жақ беті тегіс және дөңес, дөңгелек пішінді таблеткалар (20 мг доза үшін)

Фармакотерапиялық тобы

Селективті иммунодепрессанттар. Лефлуномид.

АТХ коды L04AA13

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сінуі

Препараттың сіңуі 82%-95% құрайды және тамақ ішуге байланысты емес. Плазмада А771726 ең жоғары концентрацияға жету уақыты бір реттік қолданудан кейін 1-ден 24 сағатқа дейін түрленеді. Жартылай шығарылу кезеңі 2 аптаны құрайды. Қан плазмасында белсенді зат тұрақты концентрацияға демеуші дозаларды күн сайын қабылдаған жағдайда шамамен 2 айдан соң жетеді. Осыны ескеріп, емдеудің алғашқы 3 күні бойы 100 мг жүктеме дозаны қолдану белсенді А771726 метаболиттің плазмалық концентрациясының тепе-тең жағдайға тез жетуіне мүмкіндік береді. 5 мг-ден 25 мг-ге дейінгі дозаларда А771726 фармакокинетикалық параметрлері дозаға байланысты сипатта болады. Тәулігіне 20 мг дозада А771726 орташа плазмалық концентрациясы 35 мкг/мл құрайды. Қан плазмасындағы препарат концентрациясы көп реттік қолданғанда, бір реттік қабылдаумен салыстырғанда, 33-35 есеге жоғарылайды.

Таралуы

Плазмада А771726 ақуыздармен тез және 100%-ға дерлік байланысады (А771726 байланыспаған фракциясы 0,62% құрайды). Ревматоидты артриті және бүйрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі бар пациенттерде плазма ақуыздарымен байланысуы төмендеуі мүмкін.

Биотрансформациясы

Лефлуномид, 4-трифторометилаланинді қоса бір негізгі (А771726) және бірнеше қосалқы метаболиттерге дейін метаболизденеді.

Лефлуномидтің А771726-ға биотрансформациясы және сол А771726 өзінің кейінгі метаболизмі бірнеше ферменттермен бақыланады және микросомальді және цитозольді жасушалық фракцияларда жүреді. Циметидинмен (Р450 цитохромының спецификалық емес тежегішімен) өзара әрекеттесуіне жүргізілген зерттеулер in vivo СYP-энзимдер лефлуномидтің метаболизміне аздаған дәрежеде ғана тартылғандығын көрсетті.

Шығарылуы

Организмнен А771726 шығарылуы баяу және сағатына 31 мл клиренсімен сипатталады. Жартылай шығарылу кезеңі 2 аптаға жуықты құрайды. Лефлуномид нәжістермен бірге билиарлы экскреция есебінен, және несеппен бірге шығарылады. Несептегі негізгі метаболиттер лефлуномид глюкуронидтері және А771726 туындылары болып табылады. Нәжістердегі негізгі метаболит А771726 болып табылады.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі

Ұзаққа созылған амбулаторлық перитонеальді диализде жүрген пациенттерде А771726 фармакокинетикасы дені сау ерікті адамдардағы осындайға ұқсас.

Бауыр функциясының жеткіліксіздігі

Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерде препараттың фармакокинетикасы жөнінде деректер жоқ.

Егде жас

Егде жастағы (65 жастағы және одан үлкен) пациенттердегі фармакокинетикалық деректер орташа жас тобына сәйкес келеді.

Фармакодинамикасы

Багеда препараты ревматизмге қарсы базистік класқа жатады және антипролиферациялық, иммунотүрлендіруші, иммуносупрессиялық және қабынуға қарсы қасиеттері бар. Лефлуномидтің А771726 белсенді метаболиті дегидрооротат дегидрогеназа ферментін тежейді және антипролиферациялық белсенділігі бар. Лефлуномид симптомдарды азайтады және ревматоидты және псориаздық артриттің белсенді түрінде буын зақымдарының өршуін баяулатады.

Емдік әсері әдетте 4-6 аптадан кейін көрініс береді және әрі қарай 4-6 ай бойы арта түсуі мүмкін.

Қолданылуы

Мына пациенттерді емдеуге:

- ревматоидты артриттің белсенді түрі бар пациенттерде ауру симптомдарын азайту және буындардың құрылымдық зақымдарының дамуын кідірту мақсатында базистік дәрі ретінде;

- псориаздық артриттің белсенді формасы бар пациенттерді.

Қолдану тәсілі және дозалары

Емдеуді ревматоидті артритті және псориаздық артритті емдеу тәжірибесі бар мамандардың бақылауымен бастаған және жүргізген жөн.

Сарысудағы аланинаминотрансферазаның (АЛТ) немесе глютамопируват трансферазасының (ГПТ) белсенділігін және қанды жалпы талдауды, соның ішінде лейкоциттердің дифференциальді көрінісін және тромбоциттер санының талдамасын ем жүргізу кезінде және бірдей жиілікпен бақылау қажет:

- Багеда препаратымен емдеуді бастар алдында

- емдеудің алғашқы алты айы ішінде әрбір екі апта сайын

- соңында әрбір 8 апта сайын.

Препаратты тамақ ішуге қарамай, сұйықтықтың жеткілікті мөлшерімен ішіп, ішке тұстастай жұтып қабылдайды.

Емдеуді 3 күн бойы 100 мг екпінді дозада ішке бір реттік қабылдаудан бастайды. Ревматоидты артритте демеуші ем ретінде лефлуномидті 10 мг-ден 20 мг-ге дейінгі дозада тәулігіне бір рет қабылдау, псиориаздық артритте 20 мг дозаны тәулігіне 1 рет қабылдау ұсынылады.

Емдік әсері әдетте 4-6 аптадан кейін көрініс береді және әрі қарай 4-6 айға дейін өсуі мүмкін.

65 жастан асқан пациенттер үшін дозаны түзету қажет емес.

Жағымсыз әсерлері

Жиі

-артериялық қысымның болмашы жоғарылауы

- лейкопения (лейкоциттер саны 2×109/л)

- парестезия, бас ауыру, бас айналу, шеткері нейропатия

- ауыз қуысының шырышты қабығының аурулары: афтозды стоматит, ауыз қуысының ойық жаралануы, жүректің айнуы, құсу, іштің ауыруы, диарея

- шаштың күшті түсуі, экзема, бөртпе, соның ішінде макуло-папулёзді, қышыну, терінің құрғауы

- тендосиновит

- креатин-фосфокиназа (КФК) деңгейінің жоғарылауы

- анорексия, дене салмағының болмашы азаюы, астения

- әлсіз білінетін аллергиялық реакциялар

- бауыр функциясы көрсеткіштерінің [трансаминаза (әсіресе, АЛТ), сирек – гамма-глутамилтрансфераза (гамма - ГТ), сілтілік фосфатаза, билирубин)] жоғарылауы

Жиі емес

- анемия, мардымсыз тромбоцитопения (тромбоциттер саны  100 ×109/л)

- гипокалиемия, гиперлипидемия, гипофосфатемия

- үрейленудің күшеюі

- дәм сезімінің бұзылулары

- есекжем

- сіңірлердің үзілуі

Сирек

- инфекцияларға, соның ішінде оппортунистік инфекцияларға сезімталдықтың жоғарылауы (атап айтқанда ринит, бронхит және пневмония), сондай-ақ ауыр инфекциялар, соның ішінде өліммен аяқталуы мүмкін сепсис

- панцитопения (антипролиферациялық әсерлері есебінен), лейкопения (лейкоциттер саны  2 г/л), эозинофилия

- лактатдегидрогеназа (ЛДГ) деңгейінің жоғарылауы

- артериялық қысымның жоғарылауының ауыр түрі

- өкпенің интерстициальді ауруы, соның ішінде өліммен аяқталуы мүмкін интерстициальді пневмонит. Жөтел және ентігу емдеуді тоқтату және әрі қарай тексеру үшін негіз болуы мүмкін

- гепатит, сарғаю (холестаз)

Өте сирек

- агранулоцитоз

- ауыр анафилаксиялық (анафилактоидтық) реакциялар, васкулит, соның ішінде теріні некроздайтын васкулит

- панкреатит

- бауыр функциясының жеткіліксіздігі, бауырдың жедел некрозы, олар өліммен аяқталуға әкеп соғуы мүмкін

- уытты эпидермальді некролиз, Стивенс–Джонсон синдромы, көп формалы эритема. Тері және/немесе шырышты қабықтар тарапынан осындай реакциялар жағдайында Багеданы және осы реакциялармен байланысты болуы мүмкін дәрілік заттарды қабылдауды тоқтату және толық жуып тазартатын процедураға бірден кірісу қажет. Мұндай жағдайларда Багеданы қайталап қолдануға болмайды.

Потенциалды миелоуытты дәрілерді жақын арада, қатар немесе бірінен кейін бірін қолдану гематологиялық әсерлердің жоғары қаупімен қатар жүруі мүмкін.

Белгісіз

- гипоурикемия

- бүйрек функциясының жеткіліксіздігі

- сперма концентрациясының, сперматозоидтардың жалпы санының және үдемелі тез қозғалыстың болмашы (қайтымды) төмендеуі,

- қатерлі жаңа түзілімдердің, әсіресе лимфопролиферациялық өзгерістердің даму қаупі кейбір иммуносуппрессивті агенттерді қабылдаған кезде артады

- терінің қызыл жегісі, пустулезді псориаз немесе үдемелі псориаз, эозинофилиямен және жүйелік көріністермен білінетін дәрілік реакция

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- әсер етуші затқа (әсіресе анамнездегі Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз, полиформты эритема жағдайында), терифлуномидтің негізгі белсенді метаболитіне немесе препарат компоненттерінің қандай да болсын біріне жоғары сезімталдық

- бауыр функциясы бұзылған науқастар

- ауыр иммунтапшылығы жағдайдағы науқастар (мысалы, ЖИТС-те)

- сүйек кемігі функциясы едәуір бұзылған немесе ревматоидты немесе псориазды артритке қарағанда, басқа себептерден болған елеулі анемиясы, лейкопениясы, нейтропениясы немесе тромбоцитопениясы бар науқастар

- ауыр инфекциялары бар науқастар (см. «Айрықша нұсқауларды» қараңыз)

- науқастардың осы тобына клиникалық тәжірибенің жеткіліксіздігі салдарынан бүйрек функциясының орташа немесе ауыр жеткіліксіздігі бар науқастар

- ауыр гипопротеинемиясы бар науқастар (соның ішінде нефроздық синдромда)

- жүкті әйелдер және Багедамен емделу кезінде және одан кейін белсенді метаболиттің пламалық концентрациялары 0,02 мг/л-ден жоғары болған кезде ұрықтануға қарсы сенімді құралдарды қолданбай жүрген бала туа алатын жастағы әйелдер. Багедамен емдеуді бастамас бұрын жүктіліктің бар-жоқтығын анықтап алу қажет.

- емшек емізу кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Жағымсыз құбылыстардың күшеюі гепатоуытты (алкогольді қоса) немесе гематоуытты және иммуносупрессивтік препараттарды жақын арада немесе қатар қолданған жағдайда, немесе «жуып тазалау» процедурасынсыз лефлуномидпен емдеуден кейін осы препараттар қабылданған жағдайда орын алуы мүмкін. Ревматоидты артриті бар пациенттерде лефлуномид (тәулігіне 10 – 20 мг) пен метотрексат (аптасына 10 – 25 мг) арасында ешқандай да фармакокинетикалық өзара әрекеттесулер байқалған жоқ.

Лефлуномид қабылдап жүрген пациенттерге колестираминді немесе белсендірілген көмір беру ұсынылмайды, өйткені бұл қан плазмасындағы А771726 (лефлуномидтің белсенді метаболиті) концентрациясының тез және едәуір төмендеуіне әкеледі. Бұл бауырда және аш ішекте А771726 кері айналымының бұзылуынан және/немесе оның асқазан-ішектік диализінің бұзылуынан болады деп есептеледі.

Егер пациент ҚҚСД және/немесе кортикостероидтарды қабылдап жүрсе, лефлуномидпен емдеуді бастағаннан кейін оларды жалғастыруға болады.

Лефлуномидтің және оның метаболиттерінің метаболизміне қатысатын ферменттер нақты белгісіз. Оның циметидинмен (Р450 цитохромының спецификалық емес тежегіші) өзара әрекеттесулерін in vivo зерттеу айтарлықтай өзара әрекеттесулердің жоқтығын көрсетті. Лефлуномидтің бір реттік дозасын рифампициннің (Р450 цитохромының спецификалық емес индукторы) көп реттік дозалары қабылдаған субъектілерге қатар енгізгеннен кейін А771726 ең жоғары шектегі деңгейлері 40%-ға өсті, ал концентрация-уақыт қисығы астындағы аудан өзгерген жоқ. Осы әсердің механизмі айқын емес.

Іn vitro зерттеулер А771726 метаболиті Р4502С9 (CYP2C9) цитохромының белсенділігін басатындығын көрсетті. Клиникалық сынақтарда CYP2C9-бен метаболизденетін ҚҚСД бір мезгілде енгізген кезде ешқандай да қиындық байқалған жоқ. Лефлуномидті CYP2C9 жәрдемімен метаболизденетін, ҚҚСД болып табылмайтын фенитоин, варфарин және толбутамид сияқты басқа дәрілермен бірге аса сақтықпен берген жөн. Лефлуномидті және варфаринді бір мезгілде тағайындағанда протромбинді уақыттың артқаны жөнінде мәлімделді.

Лефлуномид дені сау ерікті әйелдерге құрамында 30 мкг этинилэстрадиол бар, ұрықтануға қарсы үш фазалы пероральді дәрілермен бірге берілген зерттеулерде таблеткалардың контрацепциялық әсерінің ешқандай да төмендегені байқалмады, ал А771726 фармакокинетикасы алдын ала қарастырылған ауқымнан толық шыққан жоқ.

Қазіргі таңда лефлуномидті ревматологияда пайдаланылатын безгекке қарсы препараттармен (мысалы, хлорохин және гидроксихлорин), Au препараттарымен (бұлшықет ішіне немесе пероральді түрде), D-пеницилламинмен, азатиопринмен және басқа да иммунодепрессивтік дәрілік заттармен (метотрексатты қоспағанда) бірге қолдануға қатысты мәліметтер жоқ. Әсіресе ұзақ емдегенде кешенді ем жүргізумен байланысты қаупі белгісіз. Емдеудің осындай түрі қосымша немесе тіпті синергиялық уыттылықтың (мысалы, гепато- немесе гематоуыттылық) дамуына әкеп соғатын болғандықтан, осы препараттың басқа базистік препараттармен (мысалы, метотрексатпен) біріктірілімі жағымсыз. Потенциалды миелоуытты агенттерді жақын арада қатар немесе кейіннен пайдалану гематологиялық әсер ету қаупінің үлкен дәрежесімен байланысты болуы мүмкін. Иммунодепрессанттар инфекцияның, сондай-ақ қатерлі, әсіресе лимфопролиферациялық аурулардың даму қаупін арттырады.

Вакцинация

Лефлуномидпен емдеген жағдайда вакцинацияның пәрменділігіне және қауіпсіздігіне қатысты ешқандай да клиникалық тұрғыдан деректер жоқ. Дегенмен, тірі вакциналармен вакцинация жүргізу ұсынылмайды. Багеда препаратын қабылдауды тоқтатқаннан кейін тірі вакцинамен вакцинация жоспарланған жағдайда Багеда препаратының жартылай шығарылуы кезеңі ұзаққа созылатындығын ескерген жөн.

Айрықша нұсқаулар

Ауыр гематологиялық реакциялар, соның ішінде панцитопения жағдайында, Багеданы және бір мезгілде қолданылатын миелосупрессивтік препараттарды тоқтату және лефлуномидті жуып тазалау процедурасын бастау керек.

Басқа емге ауысу

Багеданың организмде ұзақ сақталатын қасиеті бар болғандықтан, организмнен препаратты шығару (жуып тазалау) процедурасын жүргізбей, науқасты басқа АТРҚД-ге (мысалы, метотрексат) ауыстыру ауыр жағымсыз құбылыстардың даму қаупін арттыруы мүмкін; демек, лефлуномидпен емдеуді бастау осы артықшылықтар мен қауіптерді ескере отырып, қарастырылуы тиіс. Ауыстырған сәттен бері ұзақ уақыт өткеннің өзінде науқасты мұқият бақылау ұсынылады (мысалы, кинетикалық өзара әрекеттесулер, ағзалық уыттылық).

Гепатоуытты немесе гематоуытты АТРҚД (мысалы, метотрексатпен) жақын арада емделу ауыр жағымсыз әсерлердің даму қаупінің жоғарылауына әкелуі мүмкін, сондықтан Багеда препаратын енгізерде, мұның пайдасы мен қаупін ескеріп мұқият таразылау қажет, және басқа емге ауысқаннан кейін алғашқы уақытта мониторингті қатаңырақ жүргізу ұсынылады.

Тері реакциялары

Ойық жаралы стоматит туындаған жағдайда лефлуномидті қолдануды тоқтатқан жөн.

Лефлуномидті пайдаланып жүрген пациенттерде өте сирек жағдайларда Стивенс-Джонсон синдромы немесе уытты эпидермальді некроз және дәрілік аллергия эозинофильді лейкоцитозы және жүйелік симптомдары бар дәрілік аллергия (ЭЛЖСДА) көрініс береді. Осындай ауыр реакцияларға күдіктенуді арттыратын тері және/немесе мукоздық реакциялар көрініс беру бойына Багеда препаратын және кез келген басқа дәрілерді қолдануды тоқтатқан, және лефлуномидті шығару әрекетін жасаған жөн. Көп жағдайда негізгісі препаратты толық шығару болып табылады. Мұндай жағдайларда лефлуномидті екінші қайтара қолдануға болмайды.

Лефлуномидті қолданғаннан кейін пустулёзді псориаз және псориаздың нашарлау жағдайлары тіркелген жоқ. Емдеуді тоқтату ауру тарихын және анамнезін есепке ала отырып жасалуы тиіс.

Инфекциялар

Багеданы қолдану, иммуносупрессиялық қасиеттері салдарынан, инфекцияларға, соның ішінде оппортунистік инфекцияларға науқастың бейімділігін арттыруы мүмкін. Инфекциялар ауырырақ сипатта болуы мүмкін, демек, ертерек және қарқынды емдеуді қажет етеді. Бақыланбайтын ауыр инфекциялар дамыған жағдайда Багедамен емдеуді тоқтату және организмнен препаратты төменде сипатталғандай жуып тазалау процедурасын бастау қажеттілігі қолайлы болуы мүмкін.

Басқа иммуносупрессорлардың арасында лефлуномидті қабылдап жүрген пациенттерде үдемелі мультифокальді лейкоэнцефалопатияның сирек жағдайлары тіркелді.

Емдеуді бастар алдында, барлық пациенттерде белсенді және белсенді емес (жасырын) туберкулездің бар-жоқтығына баға берілуі тиіс. Бұл ауру тарихын, мұның алдында туберкулезді таратушылармен ықтимал қарым-қатынаста болғанын қамтуы мүмкін және/немесе, егер қажет болса, олар тексерілуден (өкпе рентгені, туберкулин сынамасы және/немесе интерферон-гамма талдауы) өтуі тиіс. Медицина қызметкерлері, әсіресе науқасы ауыр пациенттерде немесе иммунотапшы ауруынан зардап шегіп жүрген пациенттерде, терінің туберкулинды сынамасының жалғантеріс нәтижелерінің қаупін есінен шығармауы тиіс. Туберкулезі бар пациенттер инфекцияның реактивациясына қатысты мұқият бақылауда болуы тиіс.

Респираторлық реакциялар

Лефлуномидпен емдеу кезінде білінді. Өкпенің интерстициальді ауруының туындау қаупі анамнезінде осы ауруы бар пациенттерде жоғарылайды. Өкпенің интерстициальді ауруы – бұл емдеу кезінде қатты білінуі мүмкін потенциалды фатальді ауру. Жөтел және ентігу сияқты өкпелік симптомдар, сәйкесінше, емдеуді тоқтатуға және әрі қарай зерттеуге себеп болуы мүмкін.

Шеткері невропатия

Шеткері невропатия жағдайлары Багеда препаратын қабылдап жүрген пациенттерде кездесті. Багеда препаратын қолдануды тоқтатқаннан кейін пациенттерді көбісінде жағдайдың жақсарғаны байқалды. Дегенмен, кейбіреулерінде невропатияның тұрақты симптомдары болды. Нейроуыттылыққа қатысты емді қатар қабылдап жүрген және диабеті бар 60 жастан асқан адамдарда шеткері невропатияның туындау қаупі ұлғаюы мүмкін. Егер Багеда препаратын қабылдап жүрген пациентте шеткері невропатия туындаса, Багеда препаратын қолдануды тоқтатқан және организмді дәріден тазарту процедурасын жүргізген жөн.

Қан қысымы.

Багеда препаратымен емдеуді бастар алдында артериялық қан қысымын тексеру және әрі қарай да оны мезгіл-мезгіл тексеріп отыру керек.

Бала туу (еркектерге нұсқаулар)

Науқас еркектер шаранаға әке арқылы берілетін ықтимал уыттылық туралы білуі тиіс. Лефлуномидпен емделу кезінде сенімді контрацепциямен қамтамасыз ету де қажет. Әке арқылы шаранаға берілетін уыттылық қаупі жөнінде арнайы деректер жоқ. Нәрестелі болуды қалайтын еркектердің, ықтимал қауіпті барынша ең азға жеткізу үшін, Багеданы қабылдауды тоқтатуы және холестираминді 8 г-ден 11 күн бойы күніне 3 рет немесе белсендірілген көмір ұнтақтарын 50 г-ден 11 күн бойы күніне 4 рет қабылдауы қажет болады. Алдымен қан плазмасындағы белсенді А771726 метаболиттің концентрациясын өлшейді. 14 күннен кейін А771726 плазмалық концентрациясын қайтадан анықтайды. Концентрацияның екеуі де 0,02 мг/л-ден төмен болған кезде, 3 ай күту кезеңінен кейін фетоуыттылық қаупі өте аз болады.

Препаратты организмнен шығару (шығарылу)

Колестираминді 8 г-ден күніне 3 рет пайдалану ұсынылады. Басқаша жағдайда, белсендірілген көмірді 50 г-ден күніне 4 рет. Толық жуып тазалау кезеңі әдетте 11 күнді құрайды. Кезеңі клиникалық немесе зертханалық көрсеткіштерге байланысты өзгертілуі мүмкін.

Лактоза

Багеда препаратының құрамында лактоза бар. Сирек тұқым қуалайтын глюкоза жақпаушылығы, Лапп лактоза жеткіліксіздігі немесе глюкоза мен галактоза малабсорциясы синдромы бар пациенттер осы дәрілік затты қабылдамағандары жөн.

Жүктілік

Лефлуномидтің белсенді А771726 метаболиті егеуқұйрықтар мен үй қояндары үшін үшін тератогендік болып табылатындықтан, адамның дамуында да ауыр кемістіктерді туындатуы мүмкін, сондықтан жүктілік кезінде Багеда препаратын қолдануға болмайды.

Бала туа алатын жастағы әйелдер емделу барысында және емдеуді аяқтағаннан кейін 2 жыл бойы («Күту кезеңін» қараңыз) немесе емдеуді аяқтағаннан кейін 11 күнге дейін («Шығарылу процедурасын» қараңыз) контрацепцияның тиімді құралдарын пайдалануы тиіс.

Багедамен емдеуді бастамас бұрын жүктіліктің бар-жоқтығын анықтап алу керек. Науқасқа, етеккірдің кез келген кідіру жағдайын немесе жүктіліктің бар екендігін болжауға мүмкіндік беретін басқа да себептер бар болғанда, жүктілікке тест жасауы үшін олардың мұны дәрігерге дереу айтуы керектігін алдын ала ескерту қажет. Егер ол оң болып шықса, онда дәрігер мен науқас жүкті болудың қаупін талқылауы тиіс. Етеккірдің алғашқы кідірісінде организмнен дәрілік затты шығаруға қатысты төменде сипатталған процедуралардың жәрдемімен қандағы белсенді заттың концентрациясын тезірек төмендету лефлуномид тарапынан шаранаға төнетін қауіп төмендетілуі мүмкін.

Багедамен емделіп жүрген және жүкті болғысы келетін әйелдерге шарана А771726 уытты концентрациясының (белгіленген концентрация 0,02 мг/л-ден төмен) әсеріне ұшырамайтынына сенімді болуы үшін келесі процедуралардың бірін жүргізу ұсынылады.

Күту кезеңі:

Қан плазмасындағы А771726 концентрациясы ұзақ уақыт бойы 0,02 мг/л-ден артық болуы мүмкін деп күтіледі. Багедамен емдеуді тоқтатқаннан кейін 2 жыл өткен соң оның концентрациясы 0,02 мг/л-ден төмен деңгейге дейін азаяды деп күтіледі.

Плазмадағы А771726 концентрациясын алғаш рет 2 жылдық күту кезеңінде өлшейді. Әрі қарай, кем дегенде 14 күндік кезеңнен кейін плазмадағы А771726 концентрациясын қайтадан өлшеу керек. Егер өлшеудің екеуі де 0,02 мг/л-ден төмен концентрацияны көрсетсе, онда тератогендік қауіп күтілмейді.

Шығарылу процедурасы

Багедамен емдеуді тоқтатқаннан кейін:

- холестираминді 8 г дозада 11 күн бойы күніне 3 рет қабылдайды,

- балама ретінде белсендірілген көмір ұнтағы 50 г-ден 11 күн бойы күніне 4 рет қабылдайды.

Жуып тазалау процедурасының кез келгенінен кейін кем дегенде 14 күн аралықпен бөлек екі тест көмегімен бақылау және плазмалық концентрацияның 0,02 мг/л-ден төмен алғашқы көрсеткіші мен ұрықтану арасындағы бір жарым айлық күту кезеңін орындау қажет.

Бала туа алатын жастағы әйелдерді, жүкті болмас бұрын, Багедамен емделуді тоқтатқаннан кейін 2 жылдық күту кезеңін сақтау қажеттілігі жөнінде хабардар ету керек. Егер сенімді контрацепция жағдайында ұзақтығы 2 жылға жуық күту кезеңі тиімсіз болса, жуып тазалаудың профилактикалық процедурасына кеңес беруге болады.

Холестирамин және белсендірілген көмір эстрогендердің және прогестогендердің сіңуіне ықпалын тигізуі мүмкін, сондықтан холестираминнің немесе белсендірілген көмір жәрдемімен шығарылу процедурасы кезінде пероральді препараттармен контрацепцияның сенімді екендігіне кепілді болмауы мүмкін. Контрацепцияның баламалы әдістерін пайдалану ұсынылады.

Көлік құралын немесе потенциалды қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері

Бас айналу сияқты жағымсыз әсерлер пайда болған жағдайда науқастың зейінді жұмылдыруға және адекватты реакцияға қабілеті бұзылуы мүмкін. Мұндай жағдайларда автомобильді және жұмыс механизмдерін басқаруды тоқтата тұру керек.

Артық дозалануы

Симптомдары. Лефлуномидті ұсынылған тәуліктік дозадан 5 есеге дейін асатын дозада қабылдаған пациенттерде созылмалы артық дозалану жөнінде мәлімдемелер, сондай-ақ ересектер мен балаларда жедел артық дозалану жөнінде мәлімдемелер болды. Артық дозаланудың көп жағдайларында жағымсыз құбылыстардың дамуы жөнінде мәлімделген жоқ. Туындаған жағымсыз құбылыстар лефлуномидтің қауіпсіздігі бейінімен ұсас болды. Өте жиірек байқалған жағымсыз құбылыстар диарея, іштің ауыруы, лейкопения, анемия және бауырдың функциональді жағдайының тест көрсеткіштерінің жоғарылауы болды.

Емі. Артық дозаланған немесе уыттылық жағдайында организмнің тазалануын тездету үшін колестираминді немесе белсендірілген көмірді қабылдау ұсынылады. Осы «шығарылу» процедураларын клиникалық көрсетілімдері бойынша қайталауға болады.

Гемодиализбен және САПД (ұзаққа созылған амбулаторлық перитонеальді диализ) жүргізілген зерттеулер лефлуномидтің А771726 негізгі метаболиті диализ жәрдемімен шығарылуға қабілетті емес екендігін көрсетеді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салынған.

Пішінді 3 қаптама медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш.», Түркия

Мекенжайы: Стамбул, Багджылар Илчеси, Гюнешли, Эврен Махаллеси, Джами Йолу Джад. №50 К. 1В Земин 4-5-6, Түркия

Тіркеу куәлігінің иесі

Др. Сертус Илач Санайи Ве Тиджарет Лимитед Ширкети, Түркия

Мекенжайы: 34212 Эврен Махаллеси, Джами Йолу Джаддеси № 50. Гириш Кат. Гюнешли. Багджылар. Стамбул. Түркия

Тұтынушылардан дәрілік заттың сапасы жөніндегі шағымдарды (ұсыныстарды) Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын және тіркеуден кейін дәрілік заттың қауіпсіздігін бақылауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта):

«TROKA-S PHARMA» ЖШС, Алматы, Сүйінбай даңғылы 222-б

тел: 8+7 727 251 99 35, +7 727 251 99 45 факс: 8+7 727 252 90 90

+7 701 786 33 98 (24 сағат бойы қолжетімді)

pvpharma@worldmedicine.kz.

Прикрепленные файлы

Багеда_рус.doc 0.09 кб
Багеда_каз.doc 0.13 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники