Ацикловир

МНН: Ацикловир
Производитель: Алтайвитамины ЗАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Aciclovir
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№025909
Информация о регистрации в РК: 29.06.2022 - 29.06.2027

Инструкция

Саудалық атауы

Ацикловир

Халықаралық патенттелмеген атауы

Ацикловир

Дәрілік түрі, дозасы

Сыртқа қолдануға арналған жақпамай, 5%

Фармакотерапиялық тобы

Дерматология. Дерматологияда қолдануға арналған антибиотиктер мен химиотерапиялық препараттар. Жергілікті қолдануға арналған химиотерапиялық препараттар. Вирусқа қарсы препараттар. Ацикловир

АТХ коды D06BB03

Қолданылуы

Препарат:

- Herpessimplex вирусынан, еріннен және бет терісінен (қайталанатын ерін герпесі) туындаған вирустық инфекцияларды емдеуге арналған

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- ацикловирге, валацикловирге немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық

Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары

Препарат тек еріндер мен бет терісінің герпесінде қолданылуы керек. Ауыз қуысының, көздің және қынаптың шырышты қабаттарына қолдану ұсынылмайды. Генитальді герпесті емдеу мақсатында қолдануға болмайды.

Жақпамайдың көзге түсуден аулақ болу керек.

Қайталанатын герпестің айқын көріністерінде дәрігермен кеңесу ұсынылады.

Еріннің герпесі бар пациенттерге вирустың берілуінен аулақ болу керек, әсіресе белсенді зақымданулар болған кезде.

Иммун тапшылығы жағдайы бар пациенттерге препаратты қолдану ұсынылмайды. Мұндай пациенттер кез келген инфекциялық ауруларды емдеу кезінде дәрігердің ұсынымдарын ұстануға тиіс.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Сыртқа қолданған кезде басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі анықталған жоқ.

Арнайы ескертулер

Бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер:

Негізінен ацикловир бүйрекпен шығарылатынына қарамастан, сыртқы қолданғаннан кейін ацикловирдің жүйелі сіңуі маңызды емес. Тиісінше, бүйрек немесе бауыр аурулары бар пациенттерге дозаны өзгерту қажет емес.

Педиатрияда қолдану

Препарат балаларда ересектердегідей қолданылады.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Қолдану болжамды пайда әлеуетті және белгісіз қауіптен асып кеткен жағдайларда ғана мүмкін болады, алайда жақпамайын жергілікті қолданған кезде жүйелік экспозиция өте төмен болады.

Ацикловирді қолданудың тіркеуден кейінгі тәжірибесінің нәтижесінде әйелдердегі жүктілік нәтижелері бойынша ақпаратты қамтитын деректер алынды. Деректер жалпы популяциямен салыстырғанда ацикловирмен ем қабылдаған пациенттер арасында туа біткен даму кемістіктері санының артуын көрсетпейді және бірегей болып табылатын немесе жалпы себебін көрсететін белгілердің тұрақты жиынтығымен сипатталатын туа біткен кемістіктер тіркелген жоқ.

Қолданар алдында, егер сіз жүкті болсаңыз немесе жүкті болуыңыз мүмкін деп ойласаңыз немесе жүктілікті жоспарласаңыз, бала емізу кезеңінде дәрігермен кеңесу керек.

Бала емізу

Шектеулі деректер тұрақты қолданған кезде препарат емшек сүтіне енетінін көрсетеді. Алайда, емшек сүтімен қоректенетін нәрестенің дозасы шамалы болады.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне қолайсыз әсер туралы ақпарат тіркелмеген.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Ересектер

Препаратты күніне 5 рет, шамамен 4 сағат сайын, түнгі уақытты қоспағанда, терінің зардап шеккен және шектейтін жерлеріне жағу ұсынылады. Емдеуді мүмкіндігінше ертерек, алғашқы белгілер мен симптомдары пайда болған кезде бастау маңызды (продромальді кезеңде немесе қызарған кезде).

Емдеу кейінгі кезеңдерде де басталуы мүмкін (папула немесе көпіршік).

Жағдайдың нашарлауына жол бермеу үшін және инфекцияның таралуын алдын алу үшін препаратты жаққанға дейін және одан кейін қолды жуу керек, ысқыламау керек және терінің зақымдалған жерлеріне сүлгіні тигізбеу керек..

Балалар

Препарат балаларда ересектердегідей қолданылады.

Егде жастағы пациенттер.

Егде жаста қолдануға шектеулер жоқ.

Енгізу әдісі мен жолы

Сыртқа қолдануға арналған

Емдеу ұзақтығы

Емдеу ұзақтығы 4 күннен кем емес. Жазылу болмаған жағдайда емдеуді 10 күнге дейін ұзартуға болады. Аурудың симптомдары 10 күннен артық сақталса, дәрігермен кеңесу керек.

Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес қолданғанда артық дозалануы екіталай. Кездейсоқ ауызша қабылдаған кезде келесі белгілер мүмкін: бас ауруы, неврологиялық бұзылулар, ентігу, жүрек айну, құсу, диарея, бүйрек функциясының бұзылуы.

Емі: өмірлік маңызды функцияларды қолдау, гемодиализ.

Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну жөніндегі ұсынымдар

Қолдану тәсілі бойынша сұрақ туындаған жағдайда медицина қызметкеріне хабарласыңыз.

ДП стандартты қолданған кезде байқалатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдауға тиісті шаралар

Жиі емес

- препаратты жаққаннан кейін уақыт өте келе ашыту сезімі, терінің құрғауы

- қышыну

- жағу орындарында шаншу

- терінің қабыршақтануы

Сирек

- эритема

- жағу орнындағы жанаспалы дерматит

Өте сирек

- ангионевроздық ісінуді және уртикарлық бөртпелерді қоса, анафилаксиялық реакциялар

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

Бір сықпаның құрамында

белсенді зат: ацикловир - 0,5 г

қосымша заттар: липокомп «С», полиэтиленоксид 400, эмульгатор № 1, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, тазартылған су.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Ақ немесе сары реңді ақ түсті жақпамай.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 г препараттан жарғақшаны тесуге арналған істікшесі бар бұрандалы ақ бушондармен тығындалған ішкі лакты жабыны және ашылуын бақылау жарғақшасы бар алюминий сықпада. Әрбір сықпа медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

2 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Сақтау шарттары

25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші туралы мәліметтер

«Алтайвитамины» ЖАҚ, Ресей Федерациясы

Мекенжайы: 659325, Ресей, Алтай өлкесі, Бийск қ., Заводская к-сі, 69 үй

Телефон: (3854) 338-719, 326-948

Факс (3854) 326-943

Эл. пошта: office@altayvitamin.ru

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«Алтайвитамины» ЖАҚ, Ресей Федерациясы

Мекенжайы: 659325, Ресей, Алтай өлкесі, Бийск қ., Заводская к-сі, 69 үй

Телефон: (3854) 338-719, 326-948

Факс (3854) 326-943

Эл. пошта: office@altayvitamin.ru

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және  дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

ЖК Кысмуратова А.Т., Қазақстан Республикасы

050010, Алматы қ., Төле би көш., 23 а

моб. телефон 8 777 230 64 94

Эл. пошта: gulnarareg@mail.ru

Прикрепленные файлы

Ацикловир_мазь_ЛВ_рус_26052022.docx 0.03 кб
Ацикловир_мазь_ЛВ_каз_26052022.docx 0.03 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники