Афлю Тайсс
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Афлю Тайсс
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Ішуге арналған ерітінді
Құрамы
10 г (11 мл) құрамында
белсенді заттар – Аconitum napellus Dil. D6 2,00 г, Baptisia tinctoria (HAB 34) Dil. D4 2,00 г, Eupatorium perfoliatum Dil. D4 2,00 г, Ferrum phosphoricum Dil. D8 2,00 г, Gelsemium sempervirens Dil. D6 2,00 г, қосымша зат – этанол (мөлшері боынша 48%). |
1 г ерітіндіде 41 тамшы болады.
Сипаттамасы
Этанолдың иісі мен дәмі бар мөлдір түссіз ерітінді.
Фармакотерапиялық тобы
Суық тию симптомдары мен жөтелді қайтаруға арналған препараттар. Суық тию симптомдарын қайтаруға арналған препараттардың басқа де біріктірілімдері
АТХ коды R05X
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Зерттелмеген
Фармакодинамикасы
Гомеопатиялық препарат, қабынуға қарсы, инфекцияға қарсы және ыстықты түсіретін қасиеттері бар.
Қолданылуы
- дене температурасының жоғарылауымен, мұрын бітелуімен, жөтелмен, тамақтың ауыруымен, қарлығу немесе аяқ-қолдың ауыруымен қатар жүретін тұмауда, жоғарғы тыныс алу жолдарының суық тию ауруларында
Қолдану тәсілі және дозалары
Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға аурудың жедел кезеңінде (бірінші күні) әр жарты немесе бір сағат сайын, бірақ тәулігіне 12 реттен асырмай, 5-10 тамшыдан, аурудың екінші, үшінші күні - 5-10 тамшыдан тәулігіне 1-3 рет қабылдау керек.
Емдеу курсының ұзақтығы аурудың ағымына байланысты, бірақ 7 күннен аспауы тиіс. Тиімділігін жоғарылату үшін жұтар алдында тамшыны 1 минут бойы ауызда ұстай тұру керек. Егер тамшыны ауызда барынша ұзақ уақыт ұстауға көмектесетін болса, тамшыны қант түйіріне, нанға тамызуға немесе бір жұтым суға қосуға да болады.
Жағымсыз әсерлері
Хабарламалар болмаған. - аллергиялық реакциялар болуы мүмкін.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
- алкогольге құмарлығы бар адамдар
- ауыр бауыр аурулары кезінде
- эпилепсия және ми аурулары бар емделушілер
- 12 жасқа дейінгі балалар
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Препараттың басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі байқалмаған.
Айрықша нұсқаулар
Емдеудің басында ауру симптомдарының елеусіз, бірақ препаратты тоқтатуды қажет етпейтін күшею көріністері байқалуы мүмкін.
Афлю Тайсс құрамында өсімдік тектес және басқа да табиғи компоненттер болғандықтан, сақтаған кезде ерітінді дәмінің, мөлдірлігі немесе түсінің елеусіз өзгеруі байқалуы мүмкін, бұл препарат тиімділігінің төмендеуіне әкелмейді.
Егер аурудың белгілері алғашқы 3 күн ішінде жоғала бастамаса немесе керісінше, денсаулық жағдайы нашарлап кетсе, дәрігерге қаралу керек, өйткені бұл жағдайда басқа ем тағайындау қажет болуы мүмкін.
Дәрілік препараттың құрамында 48% спирт бар.
Құрамында алкоголь болғандықтан, эпилепсиямен зардап шегетін бауыр ауруы бар науқастарға немесе ми аурулары бар адамдарға бұл дәрілік препаратты дәрігермен кеңескеннен кейін ғана қолдану керек.
Жүктілік және лактация кезеңі
Бұл дәрілік препаратты препаратты, оның құрамында спирт болғандықтан, жүктілік және лактация кезеңінде дәрігермен кеңескеннен кейін ғана қолдануға болады.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Құты ішіндегісінің барлығын қолдану (50 мл) 11 г алкоголь қабылдауға сәйкес келеді. Осыны көлік құралдарын басқару және күрделі механизмдермен жұмыс істеу кезінде ескерген жөн.
Артық дозалануы
Артық дозалану жағдайлары хабарланбаған.
Дәрілік препараттың шамадан тыс мөлшерін тұтыну, әсіресе кішкентай балаларда, алкогольмен улануға әкелуі мүмкін, мұндай жағдайда емделушінің өміріне қауіп төнуі ықтимал, сондықтан дереу дәрігермен кеңесу керек.
Емі: симптоматикалық ем.
Шығарылу түрі және қаптамасы
50 мл препараттан тығыздығы төмен полиэтиленнен жасалған тамшылатқышы және тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған алғашқы ашылуы бақыланатын сақинасы бар қара бұрандалы полипропилен қақпағы бар III типті қоңыр шыны құтыға құйылған.
1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі бекітілген нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
4 жыл
Құтыны ашқаннан кейін қабылдау кезеңі 6 айдан аспау керек.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
Др. Тайсс Натурварен ГмбХ,
Мишелинштрассе 10, D-66424 Хомбург, Германия
Тел./факс: + 49-6841-709-0/ + 49-6841-709-265
Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі
Др. Тайсс Натурварен ГмбХ, Германия
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«Натусана» ЖШС, 050046, Алматы қ., Гайдар к-сі, 198
Тел./факс: 8 (727) 268-31-66