Аторвастерол (20 мг, Сановель Фармако)


Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Аторвастерол
Халықаралық патенттелмеген атауы
Аторвастатин
Дәрілік түрі
Қабықпен қапталған 10 мг, 20 мг, 40 мг, 80 мг таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - 10,85 мг, 21,69 мг, 43,38 мг, 86,76 мг кальций аторвастатині (тиісінше, 10 мг, 20 мг, 40 мг, 80 мг аторвастатинге баламалы)
қосымша заттар: кальций карбонаты, микрокристалды целлюлоза (РН 101), лактоза моногидраты, натрий кроскармеллозасы, полисорбат 80, гидроксипропилцеллюлоза, магний стеараты
қабық құрамы Опадри Ақ 02F28526: гидроксипропилметилцеллюлоза
(5ср Е5-LV), титанның қостотығы Е171, тальк, полиэтиленгликоль
Сипаттамасы
Ұзынша пішінді, ақ түсті қабықпен қапталған таблеткалар (10 мг, 20 мг, 40 мг және 80 мг дозалар үшін)
Фармакотерапиялық тобы
Жүрек-қантамыр жүйесі. Липид-модификациялайтын препараттар. Липид-модификациялайтын препараттар, қарапайым. HMG-CoA-редуктаза тежегіштері. Аторвастатин
АТХ коды С10AA05
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Сіңірілуі
Аторвастатин ішке қабылдағаннан кейін жылдам сіңіріледі; плазмадағы ең жоғарғы концентрациясына (Сmax) 1–2 сағат ішінде жетеді. Аторвастатиннің сіңірілу дәрежесі мен қан плазмасындағы концентрациясы дозасына пропорционал жоғарылайды.
Ішке қабылдағаннан кейін, қабықпен қапталған Аторвастерол таблеткалары, пероральді ерітіндісімен салыстырғанда 95% - 99% биожетімділікке ие. Аторвастатиннің абсолюттік биожетімділігі 12 %, ал ГМГ-КоА-редуктазаға қатысты тежегіштік белсенділігінің жүйелік жетімділігі – шамамен 30% құрайды. Жүйелік биожетімділігінің төмендігіне асқазан-ішек жолының шырышты қабығындағы немесе бауыр арқылы "бірінші өтуіндегі" жүйеалдылық метаболизмі түрткі болады.
Таралуы
Аторвастатиннің таралуының орташа көлемі шамамен 381 литрді құрайды. Аторвастатиннің плазма ақуыздарымен байланысуы кемінде 98% құрайды.
Метаболизмі
Аторвастатин P450 3A4 цитохромы арқылы орто- және парагидроксилденген туындыларына және түрлі бета-тотығу өнімдеріне дейін метаболизденеді. In vitro орто- және парагидроксилденген метаболиттері ГМГ-КоА-редуктазаға Аторвастеролдың осындайымен салыстырымды тежегіштік әсер береді. ГМГ-КоА-редуктаза белсенділігі төмендеуінің шамамен 70%-ы айналымдағы белсенді метаболиттерінің әсері есебінен орын алады.
Шығарылуы
Аторвастатин негізінен, бауырлық және/немесе бауырдан тыс метаболизмінің есебінен өтпен шығарылады. Алайда препарат айқын ішек-бауыр рециркуляциясына ұшырамайды. Аторвастатиннің адамда плазмадан жартылай шығарылуының орташа кезеңі 14 сағатқа жуықты құрайды. ГМГ-КоА – редуктазаға қатысты тежегіштік белсенділігінің жартылай шығарылу кезеңі, белсенді метаболиттерінің әсер етуі нәтижесінде 20–30 сағатқа жуықты құрайды.
Пациенттердің ерекше топтарындағы фармакокинетикасы
Егде жастағы пациенттер
Аторвастатин мен оның белсенді метаболиттерінің плазмадағы концентрациялары жастау пациенттермен салыстырғанда, егде жастағы дені сау пациенттерде жоғары сонымен қатар, емдеудің гиполипидемиялық әсері, жастау пациенттерде байқалған осындаймен салыстырымды болды.
Жыныстық ерекшелік
Аторвастатин мен оның белсенді метаболиттерінің әйелдердегі концентрациясы ерлердегі осындайдан өзгешеленеді (Cmax шамамен 20%-ға жоғары, ал AUC шамамен 10%-ға төмен), алайда, препараттың ерлер мен әйелдердегі липидтер алмасуына әсер етуінде клиникалық маңызды айырмашылық анықталған жоқ.
Бүйрек функциясының бұзылуы
Бүйрек аурулары аторвастатин мен оның белсенді метаболиттерінің қан плазмасындағы концентрациясына және олардың гиполипидемиялық әсеріне ықпал етпейді, сондықтан, ондай пациенттерге дозасын түзету қажет емес.
Гемодиализ
Гемодиализдің аторвастатин клиренсінің айтарлықтай артуына алып келу ықтималдығы аз, өйткені препарат, қан плазмасы ақуыздарымен елеулі дәрежеде байланысқан.
Бауыр функциясының бұзылуы
Аторвастатин мен оның белсенді метаболиттерінің плазмадағы концентрациялары бауырдың алкогольдік циррозы бар (Чайлд-Пью шкаласы бойынша B класы) пациенттерде елеулі жоғарылайды (Cmax шамамен 16 есе, AUC шамамен 11 есе).
SLCO1B1 гендері полиморфизмінің әсері
Аторвастатинді қоса, ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерінің барлығының бауырдағы метаболизміне, OATP1B1 тасымалдағыш ақуыздары қатысады деп шамаланады. SLCO1B1 генінің полиморфизмі бар пациенттер аторвастатин әсерінің жоғарылауына бейім, бұл рабдомиолиздің даму қаупін арттыруы мүмкін. OATP1B1 кодымен белгіленген гендегі полиморфизм (SLCO1B1 c.521CC), генотиптің аталған нұсқасы (c.521TT) жоқ адамдармен салыстырғанда, аторвастатин экспозициясының (AUC) 2.4 есе жоғарылауын туғызады. Мұндай пациенттерде генетикалық бұзылудың түрткі болуымен аторвастатиннің бауырда қармалуы да бұзылуы мүмкін.
Фармакодинамикасы
Аторвастатин – 3-гидрокси-3-метилглутарил-Коэнзим А-ны холестеринді қоса алғандағы стероидтардың ізашары – мевалон қышқылына өзгертетін негізгі фермент – ГМГ-КоА-редуктазаның селективті бәсекелес тежегіші.
Бауырдағы триглицеридтер мен холестерин тығыздығы өте төмен липопротеинтерге (ТӨТЛП) айналып, қан плазмасына түседі және шеткері тіндерге тасымалданады. ТӨТЛП-ден тығыздығы төмен липопротеидтер (ТТЛП) түзіледі, олар ТТЛП рецепторларымен тектестігі жоғары өзара әрекеттесуі кезінде катаболизденеді.
Аторвастатин ГМГ-КоА-редуктазаны тежеу арқылы плазмадағы холестерин мен қан сарысуындағы липопротеиндердің деңгейін төмендетеді, бұл бауырдағы холестериннің ары қарайғы биосинтезін баяулатады, сондай-ақ, ТТЛП сіңірілуі мен катаболизмін жақсарту үшін, жасушалар беткейіндегі бауырдың ТТЛП рецепторларының мөлшерін арттырады.
Аторвастатин ТТЛП концентрациясы мен бөлшектері санын азайтады, ТТЛП рецепторлары белсенділігінің айналымдағы ТТЛП бөлшектерінің жағымды сапалық өзгерістерімен үйлесе айқын және тұрақты жоғарылауын туғызады. Аторвастатин басқа гиполипидемиялық дәрілермен емдеуге резистентті гомозиготалы тұқым қуалайтын гиперхолестеринемиясы бар науқастардағы Хс - ТТЛП деңгейін тиімді төмендетеді.
Жалпы холестерин, ТТЛП холестерині мен аполипопротеин В деңгейінің төмендеуі жүрек-қантамыр ауруларының даму қаупі мен ондай аурулардан өлу қаупін төмендетеді.
Балалар мен жасөспірімдер
Гетерозиготалы отбасылық гиперхолестеринемия
Балаларда аторвастатинмен ұзақмерзімді емдеудің аурушаңдықты және есейгендегі өлім жағдайларын азайту үшін тиімділігі анықталмаған.
Қолданылуы
- жүрек-қантамыр ауруларының клиникалық айқын симптомдарынсыз, дислипидемиясы бар немесе жоқ, бірақ шылым шегу, артериялық гипертензия, қант диабеті, сол жақ қарынша гипертрофиясы, қан плазмасындағы ТЖЛП-Хс төмен концентрациялары немесе туыстарында ЖИА ерте дамуы сияқты бірнеше ЖИА қауіп факторлары бар пациенттерде өліммен аяқталатын ЖИА немесе өлімге соқтырмайтын миокард инфарктісінің даму қаупін, инсульттің даму қаупін, стенокардияның даму қаупін және реваскуляризация қажеттілігін төмендетуде
- алғашқы гиперхолестеринемиясы (гетерозиготалы отбасылық және отбасылық емес гиперхолестеринемия) және аралас гиперлипидемиясы (Фредриксон жіктеуі бойынша IIa және IIb тип), триглицеридтердің сарысулық жоғары деңгейлері (Фредриксон жіктемесі бойынша IV тип) бар пациенттерде және диетамен емдеу талапқа сай әсер бермейтін дисбеталипопротеинемиясы (Фредриксон жіктеуі бойынша III тип) бар пациенттерде жалпы холестерин, ТТЛП-Хс, аполипопротеин В және триглицеридтер деңгейі жоғарылаған және ТЖЛП-Хс деңгейі жоғарылаған пациенттерді емдеу үшін диетамен біріктірілімде;
- гомозиготалы отбасылық гиперхолестеринемиясы бар пациенттерде диетаның және басқа фармакологиялық емес емдеу әдістерінің тиімділігі жеткіліксіз болғанда жалпы холестерин және ТТЛП-Хс деңгейлерін төмендету үшін.
- егер талапқа сай диетамен емдеуден кейін ТТЛП-Хс деңгейі > 190 мг/дл немесе ТТЛП-Хс деңгейі > 160 мг/дл күйінде қалса, бірақ бұл орайда туыстарында жүрек-қантамыр ауруларының ерте даму жағдайлары немесе сәбиде жүрек-қантамыр ауруларын дамытатын екі және одан көп қауіп факторлары болса, гетерозиготалы отбасылық гиперхолестеринемиясы бар, қан плазмасында жалпы холестерин, ТТЛП-Хс және аполипопротеин В мөлшері жоғары 10-17 жас аралығындағы балаларды емдеу үшін диетамен біріктірілімде
Қолдану тәсілі және дозалары
Аторвастерол препаратын қолданар алдында пациентке стандартты гиполипидемиялық диета тағайындау керек, ол Аторвастеролмен емделу кезеңі бойына сақталуы қажет, гиперхолестеринемияны бақылау үшін, дене жаттығулары және дене салмағын азайту, сондай-ақ, негізгі ауруды емдеу жүргізіледі. Дозасы Хс-ТТЛП бастапқы деңгейіне, емдеудің мақсатына және пациенттің жауап реакциясына байланысты жекелей таңдалуы тиіс.
Стандартты бастапқы дозасы тәулігіне бер рет 10 мг құрайды. Дозасын түзету 2-4 апта аралықтармен сатылай жүргізілуі тиіс. Ең жоғарғы дозасы тәулігіне бір рет 80 мг құрайды.
Аторвастеролдың күнделікті дозасы күннің кез келген уақытында тамақпен бірге немесе ас ішуге байланыссыз қабылданады. Емдеудің ұзақтығын емдеуші дәрігер жекелей анықтайды.
Гетерозиготалы тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын гиперлипидемия, аралас дислипидемия (Фредриксон жіктемесі бойынша IIа және IIb типтері)
Пациенттерге емдеуді Аторвастерол препаратының тәулігіне 10 мг дозасынан бастау керек. Дозасын жекелей таңдау және әр 4 апта сайын тәулігіне 40 мг дейін түзетіп отыру керек. Содан кейін Аторвастеролдың дозасын ең жоғарғысы тәулігіне 80 мг дейін арттыруға болады. Тәулігіне 40 мг дозадағы аторвастатинді өт қышқылы экскрециясын күшейтетін препаратпен біріктіріп емдеуге болады.
Гомозиготалы тұқым қуалайтын гиперхолестеринемия
Аталған ауруды емдеудегі қолжетімді мәліметтер шектеулі. Аторвастерол препаратының гомозиготалы тұқым қуалайтын гиперхолестеринемиясы бар пациенттерге арналған дозасы тәулігіне 10-нан 80 мг дейін құрайды («Фармакодинамикасы» бөлімін қараңыз). Аторвастатинді бұл пациенттерде гиполипидемиялық емнің басқа түрлеріне (мысалы, ТТЛП-аферез) қосымша ретінде, немесе егер ондай ем қолжетімсіз болса, өз алдына бөлек қолдану керек.
Жүрек-қантамыр ауруларының профилактикасы
Бастапқы профилактикасында дозасы тәулігіне 10 мг құрайды. Холестериннің (ТТЛП) мақсатты деңгейлеріне жету үшін қолданыстағы ұсынымдарға сәйкес жоғарырақ (тәулігіне 10 мг-ден көп) дозалары қажет болуы мүмкін.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Дозасын түзету қажет емес.
Бауыр жеткіліксіздігі
Аторвастеролды бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде сақтықпен пайдалану керек. Белсенді сатыдағы бауыр ауруы бар пациенттерге Аторвастеролды қабылдау қарсы көрсетілімді.
Егде жастағы пациенттер
Аторвастеролды егде жастағы пациенттерге сақтықпен тағайындау керек. Пациенттердің қалған санаттарының барлығына қолданылатын дозаларға ұқсас дозаларын пайдалану ұсынылады.
Педиатрияда қолданылуы
10-17 жас аралығындағы пациенттердегі гетерозиготалы тұқым қуалайтын гиперхолестеринемия
Педиатрияда қолдануды балалар гиперлипидемиясын емдеу тәжірибесі бар дәрігерлер ғана жүргізуі тиіс, бұл орайда пациенттер жеткен ілгері нәтижені бағалау үшін жүйелі қадағалануы тиіс.
10 жасқа жеткен және одан үлкен пациенттерге ұсынылатын бастапқы доза тәулігіне 10 мг құрап, тәулігіне 20 мг дейін титрленеді. Титрлеуді балалар жасындағы пациенттерде препараттың жағымдылығын ескеріп және жеке реакциясына сәйкес жүргізген жөн. Қазіргі уақытта шамамен 0,5 мг/кг сәйкес келетін 20 мг-ден жоғары дозалар алған балалар үшін препараттың қауіпсіздігі туралы ақпарат шектеулі.
Препаратты 6-дан 10 жасқа дейінгі балаларда қолдану тәжірибесі шектеулі. Аторвастатин 10 жасқа толмаған балаларды емдеуге көрсетілмеген.
Басқа дәрілік түрлері/концентрациялары пациенттердің осы тобына қолайлы болуы мүмкін.
Қолдану тәсілі
Аторвастерол ішу арқылы қабылдауға арналған. Аторвастеролдың әр тәуліктік дозасы ас ішуге байланыссыз тәуліктің кез келген мезгілінде бір рет бүтіндей қабылданады.
Жағымсыз әсерлері
Жағымсыз әсерлерінің жиілігі келесі критерийлерді пайдаланып анықталған: жиі (≥1/100 - 1/10 дейін); жиі емес (≥ 1/1000 - 1/100 дейін); сирек (≥ 1/10000 - 1/1000 дейін); өте сирек (1/10000 дейін), жиілігі белгісіз (қолжетімді мәліметтер бойынша бағалау мүмкін емес).
Ағзалар жүйесінің класы |
Жиі |
Жиі емес |
Сирек |
Өте сирек |
Белгісіз |
Инфекциялар мен инвазиялар |
Назофарингиттер |
||||
Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар |
Тромбоцитемия |
||||
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар |
Аллергиялық реакциялар |
Анафилаксиялық шок |
|||
Зат алмасу мен тамақтану тарапынан бұзылулар |
Гипергликемия |
Гипогликемия, дене салмағының жоғарылауы, анорексия |
|||
Психикалық бұзылыстар |
Түнгі шым-шытырықтар ұйқысыздық |
||||
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар |
Бас ауыруы |
Бас айналуы Парестезия Гипостезия. Дисгевзия (дәм сезу бұзылыстары) Амнезия |
Шеткері нейропатия |
||
Көз тарапынан бұзылулар |
Шашыраңқы көру |
Көрудің нашарлауы |
|||
Құлақ және лабиринт тарапынан бұзылулар |
Құлақтағы шыңыл |
Естімей қалу |
|||
Тыныс мүшелері, кеуде қуысы мен көкірекорта бұзылулары |
Жұтқыншақ пен көмейдің ауыруы, Мұрыннан қан кету |
||||
Асқазан-ішек бұзылыстары |
Іш қатуы Метеоризм Диспепсия Жүрек айнуы Диарея |
Құсу Іштің ауыруы Кекіру Панкреатит |
|||
Гепатобилиарлық жүйенің бұзылулары |
Гепатит |
Холестаз |
Бауыр жеткіліксіздігі |
||
Тері мен теріасты шелмайының аурулары |
Есекжем Тері бөртпесі Қышыну Алопеция |
Ангионевроздық ісіну, Полиморфты эритеманы қоса, буллездік дерматит, , Стивен-Джонсон синдромы және уытты эпидермальді некролиз |
|||
Сүйек-бұлшықет бұзылулары, дәнекер тіндер мен сүйек тіндерінің бұзылулары |
Миалгия Артралгия, Аяқ-қолдардың ауыруы Бұлшықет құрысулары Буындардың ісінуі Арқаның ауыруы |
Мойынның ауыруы, Бұлшықет әлсіздігі |
Миопатия Миозит Рабдомиолиз Тендинопатия (сіңірлердің жарақаттары), кейде үзілумен асқынған |
Иммунитет түрткі болған некроздаушы миопатия |
|
Ұрпақ өрбіту функциясы мен сүт бездерінің бұзылулары |
Гинекомастия |
||||
Жалпы бұзылулар және препаратты енгізген орындағы жергілікті асқынулар |
Дімкәстану Жалпы әлсіздік Кеуденің ауыруы Шеткері ісінулер Қажу Қызба |
ГМГ-КоА-редуктазаның басқа тежегіштерін қабылдаған жағдайдағы сияқты, аторвастатинді қабылдап жүрген пациенттерде қан сарысуындағы трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы білінген. Бұл өзгерістер, әдетте, орташа дәрежеде, қысқамерзімді болған және емдеуді тоқтатуды қажет етпеген.
Балалардағы жағымсыз әсерлері
10 жастан 17 жасқа дейінгі, аторвастатинді қабылдап жүрген балаларда, анағұрлым жиі кездесетін жағымсыз әсері инфекция болды. Негізінен, аторвастатинді қабылдап жүрген балалардағы жағымсыз реакцияларының типі мен ауырлығы ересектердегідей болған.
Сонымен қатар, жағымсыз реакциялары көріністерінің келесі жағдайлары тіркелген:
- жыныстық функцияның бұзылуы
- депрессия
- бірен-саран жағдайларда – өкпенің интерстициальді ауруы, әсіресе, ұзақ уақыт емдеген кезде
- қант диабеті: жиілігі қауіп факторларының болуына немесе болмауына тәуелді болды (қандағы аш қарындағы глюкоза деңгейі ≥5.6 ммоль/л, дене салмағының индексі 30 кг/м2, триглицеридтер деңгейінің жоғарылығы, анамнездегі гипертензия).
Болуы мүмкін жағымсыз реакциялар туралы хабарламалар
Дәрілік затты тіркеуден кейінгі күмәнді жағымсыз реакциялар туралы есеп беру маңызды құрал болып табылады, ол дәрілік заттың қауіпсіздігіне мониторинг жүргізуді жалғастыруға мүмкіндік береді. Медицина қызметкерлерінен кез келген күмәнді жағымсыз реакциялар туралы ұлттық есеп беру жүйесінің көмегімен хабарлап отыру сұралады.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық
шығу тегі түсініксіз бауырдың белсенді ауруы немесе сарысуда трансаминазалар белсенділігінің (қалыптың жоғары шегімен салыстырғанда 3 есе көп) жоғарылауы
жүкті және бала емізетін әйелдер, сондай-ақ талапқа сай контрацепция әдістерін пайдаланбайтын ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдер
тұқым қуалайтын лактоза жақпаушылығы, LAPP-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттер
10 жасқа толмаған балаларда
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Басқа препараттардың бірге қабылданғандағы аторвастатинге әсері
Аторвастатин Р4503А4 (СҮР3А4) цитохромымен метаболизденеді және тасымалдаушы ақуыздардың, мысалы, OATP1B1 – бауырлық қармау тасымалдағышының субстраты болып табылады. СҮР3А4 тежегіштері болып табылатын дәрілік заттарды немесе тасымалдаушы ақуыздарды бір мезгілде қолдану аторвастатиннің қан плазмасындағы концентрациясы деңгейінің жоғарылауына алып келуі және миопатияның даму қаупін арттыруы мүмкін.
Аторвастатинді миопатияны туындатуға қабілетті басқа дәрілік заттармен, мысалы, фибрин қышқылы туындыларымен және эзетимибпен бір мезгілде қабылдағанда да қауіп арта түсуі мүмкін.
CYP3A4 тежегіштері
CYP3A4 қуатты тежегіштері аторвастатин концентрациясының елеулі жоғарылауына әкелетіні дәлелденген (1 кестені және төмендегі егжей-тегжейлі мәліметтерді қараңыз). CYP3A4 қуатты тежегіштерін (мысалы, циклоспорин, телитромицин, кларитромицин, делавирдин, стирипентол, кетоконазол, вориконазол, итраконазол, позаконазол және АИТВ протеазасы тежегіштері, ритонавир, лопинавир, атазанавир, индинавир, дарунавир және т.б. қоса) мүмкіндігінше бір мезгілде қолданбау керек. Егер аталған дәрілік заттарды аторвастатинмен бірге қабылдамау мүмкін болмаса, аторвастатиннің бастапқы және ең жоғары дозасын азайту керек, әрі пациенттерге тиісті клиникалық мониторинг жүргізу ұсынылады (1 кестені қараңыз).
Орташа әсер ететін CYP3A4 тежегіштері
Орташа әсер ететін CYP3A4 тежегіштері (мысалы, эритромицин, дилтиазем, верапамил және флуконазол) плазмада аторвастатин концентрациясын арттыруы мүмкін (1 кестені қараңыз). Эритромицинді статиндермен біріктірілімде пайдаланғанда миопатияның жоғары қаупі байқалады. Амиодарон немесе верапамилдің аторвастатинге ықпалы зерттелетін дәрілік заттардың өзара әрекеттесу зерттеулері жүргізілмеген. Амиодарон мен верапамилдің CYP3A4 белсенділігін тежейтіні анықталған, сондықтан оларды аторвастатинмен бірге пайдалану оның әсерінің күшеюіне әкелуі мүмкін. Осылайша, аторвастатиннің барынша төмен ең жоғары дозасын тағайындау қажет және препаратты орташа әсер ететін CYP3A4 тежегіштерімен бір мезгілде қабылдағанда пациенттерге тиісті клиникалық мониторинг өткізу ұсынылады. Ем аяқталған соң немесе тежегіш дозасын түзетуден кейін тиісті клиникалық қадағалау ұсынылады.
CYP3A4 индукторлары
Р4503А цитохромы индукторларымен (мысалы, эфавиренз, рифампицин, шайқурай) бір мезгілде қабылдау плазмада аторвастатин концентрациясының ауыспалы төмендеуіне әкелуі мүмкін. Рифампициннің өзара әрекеттесуінің салыстырмалы механизмімен (Р4503А цитохромы индукциясымен және препараттың бауырда сіңірілуінің OATP1B1 тасымалдағышын тежеумен) байланысты аторвастатин мен рифампицинді бір мезгілде қолдану ұсынылады, өйткені рифампициннен кейін біршама уақыт аторвастатин қабылдау плазмада аторвастатин концентрациясының едәуір төмендеуін туындатады. Алайда аторвастатиннің гепатоциттердегі рифампицин концентрациясына ықпалы анықталмаған, сондықтан егер қатарлас қабылдамау мүмкін болмаса, ем тиімділігі тұрғысынан пациенттерді мұқият қадағалау қажет.
Тасымалдаушы ақуыздар тежегіштері
Тасымалдаушы ақуыздар тежегіштері (мысалы, циклоспорин) аторвастатиннің жалпы әсерін күшейтуі мүмкін. Препараттың бауырда сіңірілу тасымалдағыштарының гепатоциттердегі аторвастатин концентрациясын тежеу әсері белгісіз. Егер қатарлас қабылдамау мүмкін болмаса, дозаны азайту және ем тиімділігіне клиникалық мониторинг өткізу ұсынылады.
Гемфиброзил/фиброй қышқылының туындылары
Фибраттармен монотерапия кейде, рабдомиолизді қоса, бұлшықет жүйесі тарапынан болатын кінәраттарды туындатады. Аталған қауіп фиброй қышқылы мен аторвастатинді қатарлас қабылдағанда арта түсуі мүмкін. Егер қатарлас қабылдамауға болмаса, емдік мақсатқа жету үшін аторвастатиннің ең аз дозаларын тағайындау және пациенттерді тиісінше қадағалау қажет.
Эзетимиб
Эзетимибпен монотерапия кейде, рабдомиолизді қоса, бұлшықет жүйесі тарапынан болатын кінәраттарды туындатады. Аталған қауіп эзетимиб пен аторвастатинді қатарлас қабылдағанда арта түсуі мүмкін. Осындай пациенттерге тиісті клиникалық мониторинг жүргізу ұсынылады.
Колестипол
Колестипол мен аторвастатинді бірге қолданғанда, аторвастатин мен оның белсенді метаболиттерінің плазмадағы концентрациясы төмен (шамамен 25%-ға) болды. Алайда, аторвастатин мен колестипол препараттарын бір мезгілде қабылдағандағы липидтер деңгейіне ықпалы, осы препараттармен монотерапия кезіндегі деңгейімен салыстырғанда жоғарырақ болды.
Фузид қышқылы
Аторвастатин мен фузид қышқылының өзара әрекеттесулерін зерттеу жүргізілмеген. Басқа статиндермен жағдайдағы сияқты, бұлшықет жүйесі тарапынан қиындықтар, соның ішінде, аторвастатин мен фузид қышқылын бірге қабылдағандағы Рабдомиолиз жағдайлары байқалған. Бұл өзара әрекеттесуінің механизмі белгісіз. Пациенттерге мұқият қадағалау жүргізу, және қажет болған жағдайда, аторвастатинді қолдануды тоқтата тұру керек.
Колхицин
Аторвастатинмен және колхицинмен қатарлас емдеген кездегі миопатия жағдайлары туралы хабарламалар бар, сондықтан аторвастатинді колхицинмен бірге тағайындаған кезде сақтық таныту керек.
Аторвастатиннің бірге пайдаланылатын дәрілік заттарға әсері
Дигоксин
Дигоксиннің көп реттік дозаларымен және 10 мг аторвастатинді бірге қолданғанда дигоксиннің тепе-тең концентрациялары мардымсыз ұлғайған. Дигоксинді қабылдайтын пациенттер дәрігерлік қадағалауға алынады.
Ішуге арналған контрацептивтер
Аторвастатин мен ішуге арналған контрацептивтерді бірге пайдалану плазмадағы норэтиндрон және этинилэстрадиол концентрацияларын жоғарылатады.
Варфарин
Антикоагулянттармен клиникалық маңызды өзара әрекеттесудің өте сирек жағдайлары байқалған. Кумариндік антикоагулянттарды қабылдап жүрген пациенттерде протромбин уақытын аторвастатинді қабылдау басталғанға дейін анықтау, сондай-ақ оны, протромбин уақыты көрсеткіштерінде елеулі өзгерістердің жоқтығын тексеру үшін, емдеуді басында жеткілікті дәрежеде жүйелі түрде өлшеп отыру қажет. Протромбин уақытының тұрақтылығы расталғаннан кейін, оны бақылауды, әдетте, кумариндік антикоагулянттарды қабылдап жүрген пациенттерде ұсынылатын аралықтармен жүзеге асыру керек. Егер аторвастатиннің дозасы өзгертілсе немесе тоқтатылса, аталған емшараны қайталау қажет. Аторвастатинмен емдеу антикоагулянттарды қабылдап жүрмеген пациенттерде қан кету мен протромбиндік уақыт өзгерістерін тудырмайды.
Балалар мен жасөспірімдер
Айрықша нұсқаулар
1 кесте. Бірге пайдаланылатын дәрілік заттардың аторвастатин фармакокинетикасына әсері
Бірге енгізілетін дәрілік зат және дозалау режимі |
Аторвастатин |
||
Дозасы (мг) |
AUC өзгерістері & |
Клиникалық ұсынымдар# |
|
Типранавир тәулігіне 2 рет 500 мг / тәулігіне 2 рет 200 мг ритонавир, 8 күн (14-21 күндері) |
1-ші күні 40 мг, 20-шы күні 10 мг |
9,4 есе ↑ |
Егер аторвастатинмен қатарлас емдеу қажет болса, тәулігіне 10 мг аторвастатиннен артық тағайындамау керек. Ондай пациенттерге клиникалық қадағалау жүргізу ұсынылады |
Телапревир әр 8 сағат сайын 750 мг, 10 күн |
20 мг, бір реттік дозасы |
7,9 есе ↑ |
|
Циклоспорин тәулгіне 5,2 мг/кг., тұрақты дозасы |
28 күн бойы тәулігіне 1 рет 10 мг |
8,7 есе ↑ |
|
Лопинавир тәулігіне 2 рет 400 мг /Ритонавир тәулігіне 2 рет 100 мг, 14 күн |
4 күн бойы тәулігіне 1 рет 20 мг |
5,9 есе ↑ |
Егер аторвастатинмен қатарлас емдеу қажет болса, аторвастатиннің төменірек демеуші дозаларын тағайындау ұсынылады. Егер аторвастатиннің дозасы 20 мг асатын болса, ондай пациенттерге клиникалық мониторинг жүргізу ұсынылады. |
Кларитромицин тәулігіне 2 рет 500 мг, 9 күн |
8 күн бойы тәулігіне 1 рет 80 мг |
4,4 есе ↑ |
|
Саквинавир тәулігіне 2 рет 400 мг/Ритонавир (5-7-ші күндерден бастап тәулігіне 2 рет 300 мг, дозасын 8-ші күні тәулігіне 2 рет 400 мг дейін арттыру), 4-18 күндері аторвастатинді қабылдағаннан кейін 30 минуттан соң |
4 күн бойы тәулігіне бір рет 40 мг |
3,9 есе ↑ |
Егер аторвастатинмен қатарлас емдеу қажет болса, аторвастатиннің төменірек демеуші дозаларын тағайындау ұсынылады. Егер аторвастатиннің дозасы 40 мг асатын болса, ондай пациенттерге клиникалық мониторинг жүргізу ұсынылады. |
Дарунавир тәулігіне 2 рет 300 мг /Ритонавир тәулігіне 2 рет 100 мг, 9 күн |
4 күн бойы тәулігіне бір рет 10 мг |
3,3 есе ↑ |
|
Итраконазол 200 мг тәулігіне 1 рет, 4 күн |
40 мг, бір реттік дозасы |
3,3 есе ↑ |
|
Фосампренавир тәулігіне 2 рет 700 мг /ритонавир тәулігіне 2 рет 100 мг, 14 күн |
4 күн бойы 10 мг тәулігіне 1 рет |
2,5 есе ↑ |
|
Фосампренавир тәулігіне 2 рет 1400 мг, 14 күн |
4 күн бойы тәулігіне 1 рет 10 мг |
2,3 есе ↑ |
|
Нельфинавир тәулігіне 2 рет 1250 мг, 14 күн |
28 күн бойы тәулігіне бір рет 10 мг |
1,7 есе ↑ ^ |
Нақты ұсынымдар жоқ |
Грейпфрут шырыны, тәулігіне бір рет 240 мл * |
40 мг, бір реттік дозасы |
37%-ға↑ |
Аторвастатинді қабылдау аясында грейпфрут шырынын көп мөлшерде пайдалану ұсынылмайды. |
Дилтиазем 240 мг тәулігіне 1 рет, 28 күн |
40 мг, бір реттік дозасы |
51%-ға ↑ |
Емдеуді бастағаннан кейін немесе дилтиаземнің дозасын түзеткеннен кейін аталған пациенттерге сәйкесінше клиникалық мониторинг жүргізу ұсынылады. |
Эритромицин тәулігіне 4 рет 500 мг, 7 күн |
10 мг, бір реттік дозасы |
33%-ға ↑ ^ |
Ең жоғарғы дозасын төмендету және мұндай пациенттерге клиникалық мониторинг жүргізу ұсынылады. |
Амлодипин 10 мг, бір реттік дозасы |
80 мг, бір реттік дозасы |
18%-ға ↑ |
Нақты ұсынымдар жоқ |
Циметидин тәулігіне 4 рет 300 мг, 2 апта |
2 апта бойы тәулігіне 1 рет 10 мг |
1%-дан азға ↓^ |
Нақты ұсынымдар жоқ |
Магний және алюминий гидроксидтерінің антацидтік суспензиясы, тәулігіне 4 рет 30 мл, 2 апта |
4 апта бойы тәулігіне 1 рет 10 мг |
35%-ға ↓ ^ |
Нақты ұсынымдар жоқ |
Эфавиренц тәулігіне 1 рет 600 мг, 14 күн |
3 күн бойы 10 мг |
41%-ға ↓ |
Нақты ұсынымдар жоқ |
Рифампицин тәулігіне 1 рет 600 мг, 7 күн (қатарлас емдеу) |
40 мг, бір реттік дозасы |
30%-ға ↑ |
Егери бірге қабылдамауға мүмкіндік болмаса, аторвастатин мен рифампицинмен бір мезгілде, клиникалық мониторинг жүргізе отырып емдеу ұсынылады. |
Рифампицин тәулігіне 1 рет 600 мг, 5 күн (дара дозалары) |
40 мг, бір реттік дозасы |
80%-ға ↓ |
|
Гемфиброзил тәулігіне 2 рет 600 мг, 7 күн |
40 мг, бір реттік дозасы |
35%-ға ↑ |
Бастапқы дозасын төмендету және мұндай пациенттерге клиникалық мониторинг жүргізу ұсынылады. |
Фенофибрат тәулігіне 1 рет 160 мг, 7 күн |
40 мг, бір реттік дозасы |
3%-ға ↑ |
Бастапқы дозасын төмендету және мұндай пациенттерге клиникалық мониторинг жүргізу ұсынылады. |
Боцепревир тәулігіне 3 рет 800 мг, 7 күн |
40 мг, бір реттік дозасы |
2,3%-ға ↑ |
Бастапқы дозасын төмендету және мұндай пациенттерге клиникалық мониторинг жүргізу ұсынылады. Боцепревирмен қатарлас емдеу кезінде аторвастатиннің дозасы күнделікті 20 мг дозасынан аспауы тиіс. |
& Бұл бағанда келтірілген мәліметтер қатарлас қабылдау мен аторвастатинмен монотерапия арасындағы қарапайым арақатынасты білдіреді (мысалы, 1 есе өзгеріс = өзгерістерсіз). %-дық өзгеріс түрінде келтірілген мәліметтер, аторвастатинмен монотерапиямен салыстырғандағы %-дық айырмашылықты білдіреді (яғни, 0% = өзгерістерсіз).
# Көрсеткіштерінің клиникалық маңыздылығын анықтау үшін, «Айрықша нұсқаулар» мен «Дәрілермен өзара әрекеттесуін» қараңыз
* Құрамында CYP3A4 тежейтін және, CYP3A4 арқылы метаболизденетін препараттардың плазмадағы концентрацияларын арттыруы мүмкін бір немесе одан көп компонент бар. Бір 240 мл стақан грейпфрут шырынын қолдану да аторвастатиннің белсенді орто-гидрокси-метаболитінің қисық астындағы ауданының (AUC) 20.4 %-ға азаюына алып келген. Грейпфрут шырынын көп мөлшерде пайдалану (5 күн бойы тәулігіне 1 рет 1,2 стақаннан артық) аторвастатин AUC және белсенді затының (аторвастатин мен оның метаболиттерінің) AUC 2,5 есе артуын туғызған.
^ Аторвастатинің жалпы баламалы белсенділігі
Артуы «↑» символымен, ал азаюы «↓» символымен белгіленген
2 кесте. Аторвастатиннің бірге енгізілетін дәрілік заттардың фармакокинетикасына әсері
Аторвастатин және дозалау режимі |
Бірге енгізілетін дәрілік зат |
||
Дәрілік препарат/дозасы (мг) |
AUC өзгерісі& |
Клиникалық ұсынымдар |
|
10 күн бойы тәулігіне 1 рет 80 мг |
Дигоксин тәулігіне 1 рет 0,25 мг, 20 күн |
15%-ға ↑ |
Дигоксинді қабылдап жүрген пациенттерді тиісінше қадағалау жүзеге асырылуы тиіс |
22 күн бойы тәулігіне 1 рет 40 мг |
Пероральді контрацептивтер 2 ай бойы тәулігіне 1 рет - норэтиндрон 1 мг - этинилэстрадиол 35 мкг |
28%-ға ↑ 19%-ға ↑ |
Нақты ұсынымдар жоқ |
15 күн бойы тәулігіне 1 рет 80 мг |
* Феназон, тәулігіне бір рет 600 мг |
3%-ға ↑ |
Нақты ұсынымдар жоқ |
10 мг, бір реттік дозасы |
Типранавир тәулігіне екі рет 500 мг / ритонавир тәулігіне 2 рет 200 мг, 7 күн |
Өзгерістерсіз |
Нақты ұсынымдар жоқ |
4 күн бойы тәулігіне 1 рет 10 мг |
Фосампренавир тәулігіне 2 рет 1400 мг, 14 күн |
27%-ға ↓ |
Нақты ұсынымдар жоқ |
4 күн бойы тәулігіне 1 рет 10 мг |
Фосампренавир тәулігіне 2 рет 700 мг / ритонавир тәулігіне 2 рет 100 мг, 14 күн |
Өзгерістерсіз |
Нақты ұсынымдар жоқ |
& Бұл бағандағы мәліметтерде аторвастатинмен монотерапиямен салыстырғандағы мәндерінің өзгерістері %-бен көрсетіледі (яғни, 0% = өзгерістерсіз).
* Аторвастатин мен феназонның бірнеше реттік дозаларын бірге қабылдау феназон клиренсіне әсер етпеген немесе іс жүзінде ешқандай клиникалық әсері болмаған деуге болады
Артуы «↑» символымен, ал азаюы «↓» символымен белгіленген
Айрықша нұсқаулар
Бауырға әсері
Бауыр функциясына ем басталғанша және ол аяқталған соң мезгіл-мезгіл зерттеу жүргізілуі тиіс. Бауыр функциясының зерттеулері бауырдың зақымдануын көрсететін қандай да бір белгілері мен симптомдары бар пациенттерде де жүргізілуі тиіс. Егер Аторвастеролмен емдеу кезінде бауырдың клиникалық симптомдарымен және/немесе гипербилирубинемиямен, не болмаса сарғаюмен жүретін күрделі зақымдануы туындаса, препаратпен емдеуді дереу тоқтату керек. Алкоголь сусындарын шамадан тыс пайдаланатын және/немесе анамнезінде ауыр аурулары бар пациенттерде Аторвастеролды сақтықпен қолдану керек.
Алкогольді елеулі мөлшерде пайдаланатын және/немесе анамнезінде бауыр аурулары бар пациенттерде Аторвастеролды сақтықпен тағайындау керек.
Жуырда инсульт немесе ТИШ бастан өткерген пациенттерде қолданылуы
Жуырда инсульт немесе ЖИА-сыз транзиторлық ишемиялық шабуылды (ТИШ) бастан өткерген пациенттерде аторвастатинді 80 мг дозада қабылдаған пациенттерде геморрагиялық инсульт дамуы жиілігінің жоғарылағаны байқалған. Инсульттің қайталану қаупінің жоғарылығы бұрын геморрагиялық инсульт немесе мидың лакунарлық инфарктісін бастан өткерген пациенттерде білінген, сондықтан емдеу басталғанға дейін геморрагиялық инсульт қаупінің ықтималдылығын мұқият қарастыру керек.
Қаңқа бұлшықеттеріне әсері
Аторвастерол, ГМГ-КоА – редуктазаның басқа тежегіштері сияқты, сирек жағдайларда қаңқа бұлшықеттеріне әсер етуі және миалгия, миозит, миопатияны тудыруы, олар креатинфосфокиназа деңгейінің елеулі жоғарылауымен (жоғарғы қалып шегінен (ЖҚШ) 10 есе жоғары) сипатталатын, өмірге қауіп төндіруі ықтимал ауру рабдомиолизге (қаңқа бұлшықеттерінің жедел некрозына), миоглобинемия мен миоглобинурияға дейін үдеуі мүмкін, бұл бүйрек жеткіліксіздігінің дамуына әкеп соқтыруы мүмкін.
Миопатияға сәйкес келуі мүмкін жедел күрделі жағдайы бар кез келген пациентте немесе рабдомиолизден туындайтын бүйрек жеткіліксіздігінің дамуына бейімділіктің қауіп факторлары бар пациентте (мысалы, жедел ауыр инфекциясы, гипотензиясы бар пациентте, ауқымды хирургиялық араласымды бастан өткерген, жарақаты, зат алмасуда ауыр бұзылуы бар, эндокриндік бұзылуы немесе-электролит теңгерімінің бұзылуы, сондай-ақ, бақыланбайтын құрысулары бар пациентте) Аторвастеролмен емдеуді уақытша немесе толықтай тоқтату керек.
Препаратты қолданғанға дейін
Аторвастеролды рабдомиолиздің дамуына бейімділік факторлары бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек. Креатинфосфокиназа (КФК) деңгейін келесі жағдайларда статиндермен емдеу басталғанға дейін өлшеу керек:
бүйрек жеткіліксіздігі
гипотиреоз
жеке немесе отбасылық анамнездегі тұқым қуалайтын бұлшықет бұзылыстары
анамнездегі статиннен немесе фибраттан туындаған бұлшықет уыттылығы жағдайы
анамнездегі бауыр ауруы және/немесе алкоголь сусындарын елеулі мөлшерде пайдалану
- егде жастағы пациенттерде (70 жастан асқан) рабдомиолиздің дамуына бейімділігі себепті
- қан плазмасындағы қандай-да бір заттар деңгейінің артуы мүмкін жағдайларда, мысалы, дәрілік заттардың өзара әрекеттесуі кезінде, сондай-ақ, тұқым қуалайтын аурулары бар адамдарды қоса, пациенттердің ерекше топтарында.
Мұндай жағдайларда емдеудің ықтимал пайдасына қатысты қарастыру керек, клиникалық мониторинг жүргізу ұсынылады. Егер КФК деңгейлері нормадан едәуір жоғары (ЖҚШ 5 еседен артық жоғары) болса, емдеуді бастамау керек.
Креатинкиназа деңгейін өлшеу
Креатинфосфокиназа (КФК) деңгейін қарқынды дене жүктемесінен кейін немесе КФК жоғарылауының ықтимал баламалы себебі болған жағдайда, өлшемеу керек, өйткені, бұл мәндерді интерпретациялауды қиындатады. Егер КФК деңгейі бастапқы деңгейінен едәуір жоғары (ЖҚШ 5 еседен артық жоғары) болса, нәтижесін растау үшін зерттеуді 5 – 7 күннен соң қайталау керек.
Препаратты қолдану кезінде
- Пациенттерге бұлшықет ауыруының, құрысулардың немесе әлсіздіктің туындағаны туралы, әсіресе, егер олар дімкәстанумен немесе қызбамен қатар жүрсе, дереу хабарлау қажеттілігін ескерту керек.
- Егер бұл симптомдар Аторвастеролмен емдеу кезінде туындаса, КФК деңгейін өлшеу керек. КФК деңгейлері елеулі жоғарыласа, миопатия диагнозы қойылса немес миопатияға күдік болса, емдеуді тоқтату керек. Егер КФК аталған деңгейі едәуір жоғары (жоғарғы қалып шегінен 5 еседен артық жоғары) болса, препаратты қолдануды тоқтату керек.
- Егер дімкәстану мен бұлшықет тіндеріндегі жайсыздық ауыр болып табылса және күн сайын көрініс берсе, тіпті креатинкиназа деңгейі жоғарғы алып шегінен ≤ 5 есе болса да, аторвастатинді қолдануды тоқтату туралы мәселені қарастыру керек.
- Егер симптомдары жойылса және КФК деңгейі нормаға қайта келсе, Аторвастеролды немесе баламалы статинді төменірек дозаларында және мұқият мониторингілей отырып қайта қолдану туралы мәселені қарастыру керек.
- Егер, КК деңгейінің клиникалық тұрғыдан маңызды елеулі жоғарылауы (ЖҚШ 10 еседен артық жоғары) орын алса немесе рабдомиолиз диагнозы қойылса немесе аталған ауруға күдік болса, аторвастатинмен емдеу тоқтатылуы тиіс.
Басқа дәрілік заттармен қатарлас емдеу
Рабдомиолиз қаупі аторвастатинді қан плазмасындағы аторвастатин концентрациясын жоғарылатуы мүмкін кейбір дәрілік заттармен, мысалы, CYP3A4 күшті тежегіштерімен немесе тасымалдағыш ақуыздармен (циклоспорин, телитромицин, кларитромицин, делавирдин, стирипентол, кетоконазол, вориконазол, итраконазол, позаконазол және АИТВ протеазасы тежегіштері, соның ішінде ритонавир, лопинавир, атазанавир, индинавир, дарунавир және т.б. сияқты) бір мезгілде қабылдағанда арта түседі. Бұдан өзге, гемфиброзилмен және фибрин қышқылының басқа туындыларымен, боцепревирмен, эритромицинмен, ниацинмен, эзетимибпен, телапревирмен немесе типранавир/ритонавир біріктірілімімен бір мезщгілде пайдаланғанда, миопатия қаупі артуы мүмкін. Аталған препараттардың орнына, мүмкіндігінше, баламалы (өзара әрекеттеспейтін) дәрілік заттарды тағайындау мүмкіндігін қарастыру керек.
Статиндермен емдеу кезінде немесе емдеуден кейін иммунитет түрткі болған некроздық миопатия (ИТНМ) туралы аса сирек хабарланған. ИТНМ клиникалық тұрғыдан проксималдық жасушалардың тұрақты әлсіздігімен және қан сарысуындағы креатинкиназа деңгейінің тіпті статиндермен емдеу тоқтатылғаннан кейін де тұрақты жоғарылауымен сипатталады.
Егер аталған препараттарды аторвастатинмен бірге қабылдау қажет болса, қатарлас емдеуді пайдасы мен қауіптерін мұқият зерттеу керек. Егер пациенттер аторвастатиннің плазмадағы концентрациясын арттыратын дәрілік заттарды қабылдап жүрсе, аторвастатиннің төменірек ең жоғарғы дозасын тағайындау ұсынылады. CYP3A4 күшті тежегіштерін қолданған жағдайда, аторвастатиннің ең төменгі дозасын тағайындау, сондай-ақ, аталған пациенттерге сәйкесінше клиникалық мониторинг жүргізу қажет.
Аторвастатин мен фузид қышқылын бір мезгілде пайдалану ұсынылмайды, сондықтан фузид қышқылымен емделу кезінде аторвастатинмен емдеуді уақытша тоқтата тұруға болады.
Педиатрияда қолданылуы
Препараттың қауіпсіздігі және оның балалардың дамуына әсері анықталмаған.
Өкпенің интерстициальді ауруы
Кейбір статиндерді айтарлықтай ұзақ уақыт қабылдағанда, өкпенің интерстициальді ауруының аса сирек жағдайлары тіркелді. Келесі симптомдар байқалған: ентігу, өнімсіз жөтел және жалпы денсаулық жағдайының нашарлауы (шаршау, салмақ жоғалту және қызба жағдайы). Өкпенің интерстициальді ауруына күдіктенгенде, статиндермен емдеуді тоқтату қажет.
Эндокриндік жүйе функциясы
Кейбір мәліметтер, статиндердің препараттар класы ретінде, қандағы глюкоза деңгейін жоғарылатуы мүмкін екендігіне, ал, диабет дамуының қаупі жоғары кейбір пациенттерде гипергликемия, диабетке ем тағайындау мақсатқа сай болатындай дәрежеге жетуі мүмкін екендігін көрсетеді. Алайда, бұл қауіп статиндердің көмегімен қантамыр ауруларының даму қаупін төмендету арқылы сейіледі, сәйкесінше, статиндермен емдеуді тоқтатуға себеп болмауы тиіс. Қауіп тобына жататын пациентерге жүргізілетін (аш қарындағы глюкоза деңгейі 5,6-6,9 ммоль/л, ДСИ > 30 кг/м, триглицеридтер деңгейі жоғары, гипертониясы бар) мониторинг ұлттық стандарттарға сәйкес, клиникалық және биохимиялық бақылау әдістерімен жүргізілуі тиіс.
Статинтер холестерин синтезіне кедергі келтіреді және теориялық тұрғыдан, бүйрекүсті бездерінен стероидтардың және/немесе жыныстық стероидтардың өндірілуін бәсеңдетуі мүмкін.
Егер статин эндогендік стероидтық гормондардың белсенділік деңгейлерін төмендетуге қабілетті кетоконазол, спиронолактон және циметидин сияқты препараттармен бір мезгілде қабылданса, сақтық таныту керек.
Қосымша заттар
Аторвастеролдың құрамында лактоза моногидраты бар. Сирек тұқым қуалайтын галактозаны көтере алмаушылығы, Лапп лактазасы тапшылығы немесе мальабсорбциясы бар глюкозы-галактозы пациенттер бұл препаратты қабылдамауы тиіс.
Жүктілік
Аторвастеролды жүктілік кезінде қолдануға болмайды. Бала туатын жастағы әйелдер Аторвастеролмен емделу кезінде ұрықтануға қарсы тиісінше шараларды қолдануы тиіс. ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерінің құрсақішілік әсер етуінен кейінгі туа біткен аномалиялар туралы аздаған хабарламалар бар.
Анасының аторвастатинмен емделуі шаранада холестерин биосинтезінің ізашары болып табылатын мевалонат концентрациясын азайтуы мүмкін. Атеросклероз созылмалы үдеріс болып табылатындықтан, жүктілік кезінде гиполипидемиялық емді тоқтатудың, бастапқы гиперхолестеринемиямен байланысты ұзақмерзімді қауіптерге әсері елеусіз. Сондықтан, Аторвастеролды жүкті әйелдер мен жүктілікті жоспарлап жүрген немесе жүкті екендігіне болжам бар әйелдер қабылдамауы керек. Аторвастеролмен емдеуді жүктілік кезінде немесе әйелдің жүкті екендігі нақты анықталғанға дейін тоқтата тұру қажет.
Лактация кезеңі
Аторвастатиннің адамда сүтпен шығарылатын-шығарылмайтындығы туралы мәліметтер жоқ. Күрделі жағымсыз әсерлерінің туындауы мүмкіндігіне байлансты, Аторвастеролды қабылдап жүрген әйелдер балаларын емізбеуі тис. Аторвастатинді бала емізу кезінде қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараттың жағымсыз әсерін ескеріп, автокөлікті және басқа да аса қауіпті механизмдерді басқарғанда сақтану шарасын қадағалау керек
Артық дозалануы
Симптомдары: жағымсыз әсерлерінің күшеюі.
Емі: Қажет болса, симптоматикалық ем жүргізіледі. Плазма ақуыздарымен белсенді байланысуын ескергенде, гемодиализдің Аторвастерол клиренсін елеулі арттыруға қабілеттілігі екіталай. Арнайы антидоты жоқ.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салады. Пішінді 3 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады (10 мг, 20 мг, 40 мг дозалары үшін).
Немесе ашылуы бақыланатын бұралатын қақпағы және силикагелі бар полиэтилен құтыға 30 таблеткадан салады (80 мг доза үшін). Құтыға өздігінен жабысатын заттаңба желімденеді.
Медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға 1 құтыдан салынады.
Сақтау шарттары
25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші ұйымның атауы және елі
«Сановель» фармако-индустриалды сауда компаниясы, Түркия
Қаптаушы ұйымның атауы және елі
«Сановель» фармако-индустриалды сауда компаниясы, Түркия
Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі
«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«Химфарм» АҚ, Шымкент қ., Қазақстан Республикасы, Рашидов к-сі, 81
Телефон нөмірі +7 7252 (610151)
Электронды пошта complaints@santo.kz
Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Рашидов к-сі, 81
Телефон нөмірі +7 7252 (610150)
Электронды пошта phv@santo.kz; infomed@santo.kz