Аторвастерол (20 мг)

МНН: Аторвастатин
Производитель: Балканфарма-Дупница АД
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Atorvastatin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№016523
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)

Инструкция

Саудалық атауы

Аторвастерол

Халықаралық патенттелмеген атауы

Аторвастатин

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған 10 мг, 20 мг және 40 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 10 мг, 20 мг немесе 40 мг аторвастатинге баламалы

кальций аторвастатині,

қосымша заттар: мaннитол, микрокристалды целлюлоза, кальций карбонаты, повидон, натрий кроскармеллозасы, натрий лаурилсульфаты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты;

қабықтың құрамы: гипромеллоза, титанның қостотығы E171, макроголь 6000, тальк.

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, екі жақ беті дөңес, ақ түсті қабықпен қапталған, диаметрі 7 мм таблеткалар (10 мг доза үшін).

Дөңгелек пішінді, екі жақ беті дөңес, ақ түсті қабықпен қапталған, диаметрі 9 мм таблеткалар (20 мг доза үшін).

Сопақша пішінді, екі жақ беті дөңес, ақ түсті қабықпен қапталған, өлшемі 8.2 × 17 мм таблеткалар (40 мг доза үшін).

Фармакотерапиялық тобы

Гиполипидемиялық препараттар. Гипохолестеринемиялық және гипотриглицеридемиялық препараттар. МГ- КоА редуктаза тежегіштері. Аторвастатин.

AТХ коды C10AA05

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі: Ішке қабылдағаннан кейін аторвастатин жылдам сіңіп, плазмадағы ең жоғары концентрациясына (Cmax) 1-2 сағат ішінде жетеді. Сіңу дәрежесі аторвастатин дозасына пропорционал артады. Қабықпен қапталған таблеткалар түріндегі аторвастатин биожетімділігі ерітінді түрінде қабылданған аторвастатиннің биожетімділігімен салыстырғанда 95%-99% құрайды. Аторвастатиннің нақтылы биожетімділігі шамамен 12%, aл ГМГ-КоА редуктазасына қатысты тежеу белсенділігінің жүйелі жетімділігі 30% құрайды. Дәрілік препараттың төмен жүйелі жетімділігі ол қан ағымына түскенге дейін асқазан-ішек жолының шырышты қабығындағы жүйе алдындағы клиренсімен және/немесе бауырдағы жылдам метаболизмімен (алғаш өту әсері) түсіндіріледі.

Таралуы: аторвастатиннің орташа таралу көлемі 381 л-ге жуық құрайды. Аторвастатин плазма ақуыздарымен 98%-дан астам байланысады.

Meтаболизмі: аторвастатин P-450 3A4 цитохромының қатысуымен орто- және парагидроксилденген туындыларға және әртүрлі β-тотығу өнімдеріне дейін метаболизденеді. Сосын осы қосылымдар глюкурондану жолымен метаболизденеді. Орто- және парагидроксилденген метаболиттердің ГМГ-КоА редуктазасын in vitro бәсеңдетуі аторвастатиннің бәсеңдетуімен салыстырарлық. ГМГ-КоА редуктазасына қатысты тежеу белсенділігі шамамен 70% белсенді метаболиттермен жүзеге асады.

Шығарылуы: Бауырдағы және бауырдан тыс метаболизмдік түзілімдерден кейін аторвастатин негізінен өтпен шығарылады. Алайда дәрілік препарат ішек-бауырда кері айналымға ұшырамауы да ықтимал. Адам плазмасындағы аторвастатиннің шығарылу фазасының орташа жартылай шығарылу кезеңі шамамен 14 сағатқа жуық құрайды. ГМГ-КоА редуктазаға қатысты тежеу белсенділігінің жартылай шығарылу кезеңі 20-30 сағатқа тең, ол белсенді метаболиттер әсерімен түсіндіріледі.

Балалар: Балаларға қатысты фармакологиялық деректері белгісіз.

Жынысы: Аторвастатин мен оның белсенді метаболиттерінің концентрациялары әйелдер мен ерлерде ерекшеленеді (әйелдердегі Cmax ерлердегіден гөрі шамамен 20% жоғары, сонымен қатар AUC уақыты ерлерге қарағанда 10% аз). Бұл ерекшеліктердің ешқандай клиникалық мәні жоқ, aл қан липидтеріне әсер ету айырмашылығы әйелдер мен ерлерде елеусіз.

Бауыр жеткіліксіздігі: бауырдың созылмалы алкогольді зақымдануы (Childs-Pugh B) бар пациенттерде плазмадағы аторвастатин мен оның белсенді метаболиттерінің концентрациясы едәуір жоғарылаған (Cmax шамамен 16 есе, ал AUC шамамен 11 есе).

Фармакодинамикасы

Аторвастерол 3-гидрокси-3- метилглютарилкоэнзимнің холестеринді қоса, стеролдар прекурсоры - мевалонатқа айналуына жауапты фермент ГМГ-КоА редуктазаның іріктелген бәсекелес тежегіші болып табылады. Бауырда триглицеридтер мен холестерин ТӨТЛП (тығыздығы өте төмен липопротеиндер) липопротеиндерінің құрамына тізіледі де, шеткергі тіндерге тасымалдану мақсатында қан плазмасына түседі. Тығыздығы өте төмен липопротеиндерден түзілетін тығыздығы төмен липопротеиндер (ТТЛП) негізінен тығыздығы төмен липопротеиндердің аффинділігі жоғары рецепторларымен өзара әрекеттескен кезде катаболизденеді.

Аторвастерол ГМГ-КоА редуктаза белсенділігін және бауырдағы холестерин синтезін тежей отырып, қан плазмасындағы холестерин мен липопротеиндер деңгейін төмендетеді. Аторвастерол гепатоциттердің жасушалық жарғақшасы беткейінде ТТЛП бауыр рецепторларының санын да арттырады, бұл ТТЛП қармалуы мен катаболизмінің күшеюіне әкеледі.

Аторвастерол ТТЛП түзілуін және ТТЛП бөлшектерінің санын төмендетеді. Ол ТТЛП рецепторлары белсенділігінің айқын және тұрақты жоғарылауын туғызады, сондай-ақ айналымдағы ТТЛП сапасына жайлы әсерін тигізеді. Аторвастерол, әдетте, басқа гиполипидемиялық дәрілік препараттармен емдеуге келмейтін гомозиготалы отбасылық гиперхолестеринемиясы бар пациенттерде холестерин/ТТЛП деңгейін тиімді төмендетеді.

Аторвастерол ТЖЛП холестерині және А1 аполипопротеин концентрацияларының әртүрлі ауқымдарында бір мезгілде өсетін жалпы холестерин (30%-46%), холестерин/ТТЛП (41%-61%), В аполипопротеині (34%-50%) және триглицеридтердің (14%-33%) концентрациясын төмендетеді.

Жалпы холестерин, холестерин-ТТЛП және В аполипопротеин деңгейінің төмендеуі жүрек-қантамырлар инциденттері санының және жүрек-қантамыр патологиясынан туындаған өлім санының азаюына әкелетіні дәлелденген.

Қолданылуы

  • ересектерде диетамен үйлестіріп плазмадағы жалпы холестерин, ТТЛП холестерині, В aполипопротеині немесе триглицеридтердің жоғарылаған құрамын төмендету мақсатында

  • алғашқы гиперхолестеринемиямен (тұқым қуалайтын гетерозиготалық және тұқым қуаламайтын гиперхолестеринемиялық) немесе біріктірілген (аралас) гиперлипидемиямен (Фредриксон жіктемесі бойынша IIа және Iib типті) (диетотерапияда талапқа сай әсер болмаған жағдайда) 10 жастан асқан балаларда

  • диетотерапия және басқа да емнің фармакологиялық емес тәсілдері тиімсіз болғанда қан плазмасындағы жалпы холестериннің және тұқым қуалайтын гомозиготалы гиперхолестеринемиясы бар науқастарда ТТЛП құрамын төмендету үшін

  • ЖИА жоқ, бірақ қауіптің көптеген факторлары бар жүрек-қантамыр ауруларымен науқастарда миокард инфарктісінің, инсульттің, реваскуляризацияның және стенокардияның даму қаупін төмендету үшін.

Қолдану тәсілі және дозалары

Аторвастеролды науқастарға тағайындар алдында бүкіл емделу кезеңінде қадағалауға кеңес беру талап етілетін қандағы холестерин концентрациясын төмендететін стандартты диета ұсыну керек. Дозаны ТТЛП холестерині бастапқы деңгейін, емдеу мақсатын және емге жауапты ескере отырып, жеке таңдайды.

Бастапқы доза орташа тәулігіне 1 рет 10 мг құрайды. Дозаны түзетуді 4 аптаға тең немесе одан астам аралықпен жүргізеді. Ең жоғары доза тәулігіне 1 рет 80 мг құрайды.

Аторвастатиннің тәуліктік дозасы күннің кез келген уақытында және тамақ ішуге байланыссыз тәулігіне бір рет қабылданады. Дәрілік препараттың кезекті дозасын жіберіп алған жағдайда келесі дозаны екі еселеуге болмайды.

Алғашқы гиперхолестеринемия және аралас гиперлипидемия

Көп жағдайларда аторвастатинді тәулігіне 1 рет 10 мг қабылдау жеткілікті болып табылады. Емдік әсері 2 апта ішінде білінеді, ал ең жоғары емдік әсері әдетте 4 апта ішінде жетеді. Ұзақ уақыт емдегенде бұл әсер сақталады.

Гетерозиготалы тұқым қуалайтын гиперхолестеринемия

Басынан пациенттерге 10-20 мг аторвастатинді тәулігіне тағайындайды.

Дозаны жеке таңдайды және әрбір 2-4 аптада тәулігіне 40 мг жеткенге дейін түзетеді. Осыдан кейін дозаны ең жоғарысы –тәулігіне 80 мг дейін жоғарылатады немесе тәулігіне 40 мг аторвастатинге қосымша тағайындайды, өт қышқылдарының экскрециясын күшейткішті тағайындайды.

Гомозиготалы тұқым қуалайтын гиперхолестеринемия

Гомозиготалы тұқым қуалайтын гиперхолестеринемиясы бар пациенттер үшін аторвастатин дозасы тәулігіне 10-80 мг құрайды. Аторвастатин қандағы липидтер концентрациясын азайтатын басқа дәрілерге қосымша заттар ретінде (мысалы, ТТЛП аферез) осындай пациенттерде немесе емнің бұндай заттары қол жетімсіз болғанда пайдаланылады.

Жүрек-қантамыр ауруларының профилактикасы

Алғашқы профилактика зерттеулерінде доза тәулігіне 10 мг құрады. Қолданыстағы нұсқауларда анықталған холестериннің (ТТЛП) деңгейіне қол жеткізу үшін жоғарылау дозалар талап етілуі мүмкін.

Препараттың бүйрек жеткіліксіздігі және бүйрек ауруы бар науқастарда қолданылуы

Бүйрек аурулары қан плазмасындағы аторвастатин деңгейіне немесе оның липидтік алмасуға әсеріне ықпал етпейді, сондықтан доза түзету талап етілмейді.

Препараттың бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолданылуы

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде препаратты сақтықпен қолдану керек. Аторвастерол бауырдың белсенді аурулары бар пациенттерге қарсы көрсетілімде.

Препараттың егде жастағы пациенттерде қолданылуы

70 жастан асқан пациенттерде ұсынылған дозаларда пайдаланғанда препараттың тиімділігі мен қауіпсіздігі жалпы популяцияда бақыланған тиімділігі мен қауіпсіздігінен айырмашылығы болады.

Балаларда қолданылуы

Гиперхолестеринемия: Препаратты балаларда пайдалануды тек балалар гиперлипидемиясын емдеу тәжірибесі бар маман жүргізу керек. Жақсаруының динамикасына баға беру үшін аталған топтың пациенттеріне тұрақты ұдайы бақылау керек.

10 жастан асқан балаларда дозаны соңынан тәулігіне 20 мг дейін титрлеумен ұсынылатын бастапқы доза тәулігіне 10 мг аторвастатинді құрайды.

Титрлеу пациенттің жеке реакциясына және көтере алуына сәйкес жүргізілуі тиіс. Педиатриялық практикада 20 мг астам дозада пайдаланудың қауіпсіздігі туралы ақпарат (шамамен 0,5 мг/кг сәйкес келеді) шектеулі.

Препаратты 6 жастан 10 жасқа дейінгі балаларда қолдану тәжірибесі пациенттердің аздаған санымен шектеулі. Сондықтан аторвастатинді 10 жасқа дейінгі балаларда қолдану ұсынылмайды.

Жағымсыз әсерлері

Жиі (>1/100 - <1/10 дейін)

- бас ауыруы

- назофарингит, жұтқыншақ және көмейдің ауыруы, мұрыннан қан кету

- аллергиялық реакциялар

- гипергликемия

- диспепсия, жүрек айнуы, іш қатуы, метеоризм, диарея

- миалгия, артралгия, бұлшықет түйілуі, буындар ісінуі, аяқ-қол ауыруы, арқаның ауыруы

- бауырдың функционалдық жай-күйінің қалыптан тыс көрсеткіштері, қандағы креатинфосфокиназа (КФК) деңгейі жоғарылауы

Жиі емес ( ≥1/1000 - <1/100 дейін)

  • гипогликемия, дене салмағының артуы, анорексия

  • шым-шытырық түстер, ұйқысыздық

  • бас айналуы, парестезия, гипестезия, дисгевзия, амнезия

  • көрудің анық болмауы

  • құсу, іштің жоғарғы және төменгі бөлігінің ауыруы, кекіру

  • панкреатит, гепатит

  • есекжем, тері бөртпесі, қышыну, алопеция

  • мойынның ауыруы, бұлшықет қажығыштығы

  • дімкәстік, астения, кеуденің ауыруы, шеткергі ісіну, қатты қажығыштық, қызба

  • құлақтың шуылы

  • несепте лейкоциттер пайда болуы

Сирек (≥1/10000 - <1/1000 дейін)

  • тромбоцитопения

  • шеткергі нейропатия

  • көрудің бұзылуы

  • холестаз

  • ангионевроздық ісіну, полиморфтық эритеманы қоса буллезді дерматит, Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермальді некролиз

  • миопатия, миозит, рабдомиолиз, кейде үзілумен асқынған тендинопатия

Өте сирек (1/10000-дан)

  • анафилаксия

  • естімей қалу

  • бауыр жеткіліксіздігі

  • гинекомастия

Белгісіз (қолда бар деректер бойынша анықтау мүмкін емес).

  • иммунитет төменденуінен болатын некроздайтын миопатия

Бала жастағы пациенттерде анықталған жағымсыз әсерлер:

Жиі (>1/100 - <1/10 дейін)

  • бас ауыруы

  • іштің ауыруы

  • аланинаминотрансфераза және сарысулық креатинфосфокиназа (КФК) деңгейі жоғарылауы

Кейбір статиндерді қабылдағанда:

  • жыныстық дисфункция

  • депрессия

  • өкпенің интерстициальді ауруының, әсіресе ұзақ емдегендегі аса сирек жағдайлары

  • қант диабеті: жиілігі қауіп факторы болуына немесе болмауына тәуелді (сыртартқысындағы қандағы аш қарындағы глюкоза ≥5.6 ммоль/л, ДСИ >30 кг/м2, триглицеридтер деңгейінің жоғары болуы, артериялық гипертензия)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың белсенді немесе қосымша компоненттеріне жоғары сезімталдық

- белсенді сатыдағы немесе жоғарғы қалып шегінен 3 есе асып түсетін қан сарысуындағы аминотрансферазалардың жоғары белсенділігі сақталатын бауыр аурулары

- жүктілік немесе лактация кезеңі

- контрацептивтік құралдар қолданбайтын ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерімен емдеу кезінде және циклоспоринді, фиброй қышқылы туындыларын, боцепревирмен, никотин қышқылымен және Р450 3А4 цитохром тежегіштерімен (эритромицин, азолдарға жататын зеңге қарсы препараттар) бір мезгілде қолданғанда миопатия даму қаупі жоғарылайды.

Аторвастатин және боцепревирді бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде Аторвастерол препаратын төмендеу дозадан бастау және клиникалық мониторингты жүргізу ұсынылады. Боцепревирмен үйлестіре қолданған уақытта аторвастатиннің тәуліктік дозасы 20 мг аспауы тиіс.

Статиндармен, оның ішінде аторвастатинмен ем кезінде немесе емнен кейін иммунитет төменденуінен болатын некроздайтын миопатия (ИНМ) туралы өте сирек хабарламалар тіркелді. ИНМ клиникалық жағынан проксимальдік бұлшықеттердің әлсіздігімен және статиндермен емдеудің тоқтатылғанына қарамастан сақталатын сарысудағы креатинкиназаның деңгейі жоғары болуымен сипатталады.

Р450 3А4 тежегіштері: аторвастатин Р450 3А4 цитохромымен метаболизденеді. Аторвастатинді және Р450 3А4 цитохромы тежегіштерін бір мезгілде қолдану қан плазмасындағы аторвастатин концентрациясының артуына алып келуі мүмкін. Өзара әрекеттесу дәрежесі және әсерінің потенциалануы Р450 3А4 цитохромына әсерінің құбылмалылығына байланысты.

Миопатия және рабдомиолиз даму қаупі ұлғаюынан мүмкіндігінше Р450 3А4 күшті тежегіштерін (мысалы, циклоспорин, телитромицин, кларитромицин, делавирдин, стирипентол, кетоконазол, вориконазол, итраконазол, позаконазол және АИТВ протеаза тежегіштерін, ритонавир, лопинавир, атазанавир, индинавир, дарунавир және т.с.с. қоса) бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек. Бұл дәрілік препараттарды аторвастатинмен бір мезгілде қолданудан аулақ болу мүмкін болмағанда аторвастатиннің төменірек бастапқы және ең жоғары дозасын тағайындау және пациенттің жай-күйіне тиісті клиникалық мониторинг жүргізу ұсынылады.

Р450 3А4 орташа тежегіштері (мысалы, эритромицин, дилтиазем, верапамил және флуконазол) аторвастатиннің плазмадағы концентрациясын арттыруы мүмкін. Эритромицинді статиндермен үйлесімде пайдаланғанда миопатияның жоғары қаупі бақыланды.

Амиодаронның немесе верапамилдің аторвастатинге әсерін бағалайтын өзара әрекеттесулердің зерттеулері жүргізілмеген. Амиодарон сияқты верапамил де Р450 3А4 белсенділігін тежейді, оларды аторвастатинмен үйлесімде қолдану аторвастатиннің жоғары экспозициясына әкелуі мүмкін. Осылайша, Р450 3А4 орташа тежегіштерімен бір мезгілде қолданғанда аторвастатиннің төмендеу ең жоғары дозаларын тағайындау ұсынылады және ем басталғаннан кейін немесе тежегіштер дозасын түзеткеннен кейін пациенттерде тиісінше клиникалық мониторинг жүргізу керек.

Ақуыз тасымалдаушы тежегіштер: Ақуыз тасымалдаушы тежегіштер (мысалы, циклоспорин) аторвастатиннің ағзаға әсерін арттыруы мүмкін. Бір мезгілде қолданбаса болмайтын жағдайларда доза азайту және емдік әсеріне мониторинг ұсынылады.

Гемфиброзил/фибрин қышқылы туындылары: Фибраттарды монотерапияда қолдану рабдомиолизді қоса, сүйек-бұлшықет жүйесі тарапынан жағымсыз әсерлер пайда болуына байланысты болуы мүмкін. Фиброй қышқылы туындыларымен біріктірілімде қаупі жоғары болуы мүмкін. Бір мезгілде қолдану міндетті болған жағдайда емдік әсеріне жету үшін аторвастатин дозасының ең төменін қолдану және пациент жай-күйін бақылау керек.

Эзетимиб: Монотерапияда эзетимиб қолдану рабдомиолизді қоса, сүйек-бұлшықет жүйесі тарапынан жағымсыз әсерлер пайда болу қаупіне байланысты. Эзетимиб және аторвастатин біріктірілімінде қауіп артуы мүмкін. Эзетимиб және аторвастатин қабылдайтын пациенттерге мұқият бақылау жүргізу керек.

Эритромицин/кларитромицин: аторвастерол және эритромицинді (500 мг тәулігіне төрт рет) немесе Р450 3А4 цитохромын тежейтін кларитромицинді (500 мг тәулігіне екі рет) бір мезгілде қолданғанда қан плазмасындағы аторвастатин концентрациясының жоғарылағаны бақыланды.

Протеаза тежегіштері: аторвастеролды Р450 3А4 цитохромы тежегіштері ретінде белгілі протеаза тежегіштерімен бір мезгілде қолданғанда қан плазмасындағы аторвастатин концентрациясының артуымен бірге жүрді.

Дилтиазем гидрохлориді: аторвастеролды (40мг) және дилтиаземмен (240мг) бір мезгілде қолдану қан плазмасындағы аторвастатин концентрациясының артуына әкеледі.

Циметидин: аторвастерол және циметидиннің өзара әрекеттесулеріне зерттеулер жүргізілді, клиникалық елеулі өзара әрекеттесулері анықталмады.

Итраконазол: аторвастеролды (20мг-40мг) және итраконазолды (200мг) бір мезгілде қолдану аторвастатиннің AUC артуына алып келеді.

Грейпфрут шырыны: CYP 3A4 тежейтін бір немесе екі компоненті бар және қан плазмасындағы аторвастатин концентрациясын арттыруы мүмкін, әсіресе грейпфрут шырынын шамадан тыс пайдаланғанда (күніне 1,2 литрден астам).

Р450 3А4 цитохромы индукторлары: аторвастеролды Р450 3А4 цитохромы индукторларымен (эфавиренз, рифампин және шайқурай препараттары) бір мезгілде қолдану қан плазмасындағы аторвастатин концентрациясын төмендетуге алып келуі мүмкін. Рифампин әсерінің қосарлы механизмін назарда ұстай отырып (Р450 3А4 цитохромы индукциясы және бауырдағы ОАТР1В1 тасымалдаушы-ферментті тежеу), аторвастеролды рифампинмен бір мезгілде тағайындау ұсынылады, өйткені рифампинді қабылдағаннан кейін аторвастерол қабылдау қан плазмасындағы аторвастатин деңгейінің елеулі төмендеуіне әкеледі.

Антацидтер: құрамында магний және алюминий гидроксиді бар суспензияны ішке бір мезгілде қабылдау қан плазмасындағы аторвастатин концентрациясын шамамен 35%-ға төмендетті, алайда бұл арада Хс-ЛТТ құрамының азаю дәрежесі өзгермеді.

Антипирин: аторвастерол антипирин фармакокинетикасына әсер етпейді, сондықтан цитохромның сол изоферменттерімен метаболизденетін басқа препараттармен өзара әрекеттесулері күтілмейді.

Koлестипол: aторвастатинді колестиполмен бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде плазмадағы аторвастатин концентрациясының және оның белсенді метаболиттерінің (шамамен 25%) төмендеуі жүреді. Алайда гиполипидемиялық әсері әр дәрілік препаратты жеке қолданғанға қарағанда аторвастатин мен колестиполды бір мезгілде енгізген жағдайда айқынырақ болды.

Дигоксин: Дигоксиннің көп реттік дозасы және 10 мг аторвастеролды бір мезгілде қолданғанда тепе-теңдік күйдегі дигоксин концентрациясы елеусіз артады. Дигоксин қабылдайтын пациенттерге мұқият бақылау жүргізу керек.

Азитромицин: аторвастеролды (тәулігіне бір рет 10 мг) және азитромицинді (500 мг тәулігіне бір рет) бір мезгілде қолданғанда плазмадағы аторвастатин концентрациясы өзгермеді.

Колхицин: Аторвастатин және колхицинді бір мезгілде қолданғанда миопатия даму жағдайлары тіркелді. Аторвастатинді колхицинмен бірге тағайындағанда сақ болу керек.

Фузидий қышқылы: аторвастатин және фузидий қышқылының өзара әрекеттесулері бойынша зерттеулер жүргізілмеген, алайда маркетингтен кейінгі зерттеулерде оларды бір мезгілде қолданғанда рабдомиолиз жағдайлары туралы хабарланды. Сондықтан пациенттер бақылауда болуы тиіс және қажет болған жағдайда аторвастеролмен ем уақытша тоқтатылуы мүмкін.

Пероральді контрацептивтер: аторвастатинді және пероральді контрацептивтерді бір мезгілде қолдану плазмадағы норэтистерон және этинилэстрадиолдың концентрациясы артуын туындатады, бұны аторвастерол қабылдайтын әйелдер үшін пероральді контрацептивтерді таңдағанда ескеру керек.

Варфарин: варфаринмен ұзақ ем қабылдаған пациенттердегі клиникалық зерттеулерде тәулігіне 80 мг дозада аторвастатинді варфаринмен үйлестіріп қолдану емнің алғашқы 4 күні ішінде аторвастатин емінің 15 күні ішінде қайта қалпына келетін протромбиндік уақыттың шамамен 1,7 секундқа аздап төмендеуін туындатты. Кумариндік антикоагулянттар қабылдайтын пациенттерде антикоагулянттармен клиникалық елеулі өзара әрекеттесулерінің тек өте сирек жағдайлары ғана тіркелсе де, протромбиндік уақыттың елеулі өзгерістері жоқтығына көз жеткізу үшін

протромбиндік уақытты аторвастатинмен ем бастар алдында және емнің ерте сатыларында жеткілікті түрде жиі анықтау керек. Әдетте кумариндік антикоагулянттар қабылдайтын пациенттер үшін ұсынылатын тұрақты протромбиндік уақыт тіркелгеннен кейін оны мезгіл-мезгіл бақылауға болады. Осындай емшараны аторвастатин дозасын өзгерткенде немесе оны тоқтатқанда қайталау керек. Антикоагулянттар қабылдамаған пациенттерде аторвастатинмен ем қан кету жағдайларымен немесе протромбиндік уақыттың өзгерістерімен бірге жүрмеді.

Амлодипин: аторвастатин 80 мг және амлодипин 10 мг бір мезгілде қолданғанда аторвастатин фармакокинетикасы тепе теңдік жай-күйде өзгермеген.

Басқа қатарлас ем: клиникалық зерттеулерде аторвастатин антигипертензивтік дәрілермен және орын басу мақсатында тағайындалған эстрогендермен үйлесімде қолданылды; клиникалық елеулі қолайсыз өзара әрекеттесулердің белгілері анықталмады.

Айрықша нұсқаулар

Бауыр тарапынан әсерлер

Қан сарысуындағы трансаминаза белсенділігі деңгейін және басқа да бауыр ферменттерін бауыр зақымдануының клиникалық белгілеріне қарап,

статиндармен ем басталғанға дейін және емдеу курсының барлық уақыты бойына бақылау керек. Егер клиникалық симптомдары бар күрделі бауыр зақымдануы және/немесе гипербилирубинемия, немесе сарғаю қабылдау кезінде пайда болса, статиндер қабылдауды тоқтату керек. Егер қалыптың жоғарғы шегімен салыстырғанда АСТ немесе АЛТ белсенділігі жоғарылауы 3 еседен астам болса, дозасын азайту немесе препаратты тоқтату ұсынылады.

Алкогольді көп мөлшерде тұтынатын және/немесе сыртартқысында бауыр аурулары бар пациенттерде Аторвастеролды сақтықпен пайдалану керек.

Холестерин деңгейін күрт төмендетумен инсульт профилактикасы

Жуырда инсульт немесе өтпелі ишемиялық шабуыл (ӨИШ) өткерген Жүректің ишемиялық ауруы жоқ (ЖИА) пациенттерде инсульттің қосалқы типтерінің ретроспективті талдауының деректері бойынша плацебо тобымен салыстырғанда 80 мг дозасында аторвастатин қабылдаған пациенттерде геморрагиялық инсульт даму жиілігі жоғары болды. Жоғары қауіп, атап айтқанда, зерттеуге қосылғанға дейін геморрагиялық инсульт немесе лакунарлық инфаркт өткерген пациенттерде анықталды. Геморрагиялық инсульт немесе лакунарлық инфаркт өткерген пациенттер үшін 80 мг аторвастатин қабылдағанда пайда/қауіп арақатынасы белгісіз болады, сондықтан геморрагиялық инсульт дамуының потенциалды қаупіне ем басталғанға дейін мұқият баға берілуі тиіс.

Тірек-қимыл аппараты тарапынан әсері

Аторвастатин, басқа да ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштері сияқты, сирек жағдайларда қаңқа бұлшықеттеріне әсер етуі мүмкін және креатинфосфокиназаның (КФК) (> 10 есе қалыптың жоғары шегімен салыстырғанда) жоғары деңгейімен, бүйрек жеткіліксіздігіне әкелуі мүмкін миоглобинемиямен және миоглобинуриямен сипатталатын өміріне аса зор қауіпті жай-күй - рабдомиолизге үдейтін миалгия, миозит және миопатия туындатуы мүмкін.

Аторвастатин креатинфосфокиназа белсенділігінің артуын туындатуы мүмкін.

Емдеуді бастар алдында

Аторвастатинді рабдомиолизге бейімділік факторы бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек. Келесі жағдайларда ем бастар алдында креатинфосфокиназа деңгейін (КФК) өлшеу талап етіледі:

- бүйрек жеткіліксіздігі

- гипотиреоз

- жеке немесе отбасылық сыртартқысында тұқым қуалайтын бұлшықет бұзылулары болуы

- статиндерді немесе фибраттарды пайдаланғанда сыртартқысында бұлшықет уыттануы болуы

- сыртартқысында бауыр аурулары және/немесе алкогольді шамадан тыс пайдалану болуы

- егде жастағы пациенттерде (>70 жас) рабдомиолизге бейімдейтін басқа да факторларға байланысты бұндай өлшем қажеттігін бағалау керек

- басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесу сияқты қан плазмасындағы аторвастатин концентрациясы артуы бақыланатын жағдайлар және генетикалық қосалқы топтарды қоса, тұрғын халықтың ерекше топтары

Бұндай жағдайларда болжамды пайдасы емдеу қаупі ескеріле отырып, бағалануы тиіс, клиникалық мониторинг ұсынылады. КФК бастапқы деңгейі елеулі жоғары (қалыптың жоғары шегінен 5 есе жоғары) болған жағдайда препаратпен ем бастауға болмайды.

Науқасқа арналған ақпарат: науқастарға түсініксіз ауырулар немесе бұлшықет әлсіздігі пайда болғанда, әсіресе егер олар дімкәстікпен немесе қызбамен қатарлас жүрсе, дереу дәрігерге қаралу керектігі туралы ескерту керек.

Өкпенің интерстициальді ауруы

Кейбір статиндерді қолданғанда, әсіресе ұзақ мерзімді емде, өкпенің интерстициальді ауруының ерекше сирек жағдайлары тіркелді. Білінетін белгілеріне диспноэ, өнімсіз жөтел және денсаулықтың жалпы жай-күйі нашарлауы (қажу, дене салмағын жоғалту және қызба) жатуы мүмкін. Пациентте өкпенің интерстициальді ауруының дамығаны туралы күдік болғанда статиндермен емді тоқтату керек.

Қант диабеті

Кейбір деректер статиндердің қандағы глюкоза деңгейін жоғарылатуға ықпалы барын және қант диабеті даму қаупі деңгейі жоғары кейбір пациенттерде болашақта қант диабетін емдеуді бастау дұрыс болатын гипергликемия деңгейіне алып келуі мүмкіндігін айғақтайды. Дегенмен, бұл қауіп статиндер пайдаланғанда тамырлар үшін қауіп төмендеуінен пайдасымен басым түседі және сондықтан бұл статиндермен емдеуді тоқтатуға себеп болмауы тиіс. Қауіп тобындағы пациенттер (глюкозаның аш қарындағы деңгейі 5,6–6,9 ммоль/л, ДСИ > 30 кг/м2, триглицеридтердің жоғары деңгейі, артериялық гипертензия) ұлтына қарай ұсыныстарға сәйкес клиникалық және биохимиялық бақылауда болуы тиіс.

Жүктілікте және бала емізудегі қолданылуы

Ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдер ем кезінде контрацепцияның талапқа сай әдістерін пайдалануы тиіс. Аторвастеролды ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдерге тек оларда жүкті болу ықтималдығы өте төмен болса ғана, ал пациент әйел ем кезіндегі ұрық үшін болжамды қауіп туралы хабардар болса ғана тағайындауға болады.

Автокөлікті басқаруға және қозғалыстағы механизмдермен қызмет ету қабілетіне әсері

Препараттың жағымсыз әсерлерін ескеріп, автокөлік және басқа қауіптілігі зор механизмдерді басқарған кезде сақтық шарасын қадағалау керек.

Артық дозалануы

Емі: арнайы у қайтарғысы жоқ, симптоматикалық ем жүргізіледі.

Бауыр функциясы көрсеткіштерінің талдауын жүргізеді және сарысулық КФК деңгейіне мониторинг жасалады. Аторвастатиннің плазма ақуыздарымен күшті байланысуынан гемодиализ кезінде аторвастатиннің елеулі клиренсіне әкелмейді деп болжамданады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

3 пішінді қаптамадан қолдануы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Balkanpharma – Dupnitsa AD, Болгария

Қаптаушы

«Польфарма» АҚ» фармацевтикалық зауыты,

Пельплиньска к-сі 19, 83-200 Старогард Гданьски, Польша

Тіркеу куәлігінің иесі

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Рашидов к-сі, 81

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы,

Шымкент қ., Рашидов к-сі, 81

Телефон нөмірі +7 7252 (561342) Факс нөмірі +7 7252 (561342)

Электронды поштасы infomed@santo.kz

 

Прикрепленные файлы

688476861477976316_ru.doc 121 кб
624213361477977560_kz.doc 136.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники