Атоксилин (Амоксициллин)

МНН: Амоксициллина тригидрата (эквивалентно амоксициллина)
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Amoxicillin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№025986
Информация о регистрации в РК: 16.09.2022 - 16.09.2027

Инструкция

Саудалық атауы

Атоксилин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Амоксициллин

Дәрілік түрі, дозасы

Ішке қабылдау үшін суспензия дайындауға арналған ұнтақ 250 мг/5 мл

Фармакотерапиялық тобы

Инфекцияға қарсы жүйелі пайдалануға арналған препараттар. Бактерияға қарсы жүйелі қолданылатын препараттар. Бактерияға қарсы бета-лактамдық препараттар, пенициллиндер. Әсер ету ауқымы кең пенициллиндер. Амоксициллин.

АТХ коды J01CA04

Қолданылуы

Атоксилин ересектер мен балаларда келесі инфекцияларды емдеу үшін қолданылады:

  • жедел бактериялық синуситте

  • жедел ортаңғы отитте

  • жедел стрептококтық тонзиллит пен фарингитте

  • созылмалы бронхиттің өршуінде

  • ауруханадан тыс пневмонияда

  • жедел циститте

  • жүктілік кезіндегі симптомсыз бактериурияда

  • жедел пиелонефритте

  • іш сүзегі мен паратифте

  • таралған целлюлитпен дентальді абсцесте

  • протезделген буындардың инфекцияларында

  • Helicobacter Pylori эрадикациясы үшін

  • Лайм ауруында

Сонымен қатар, Атоксиллин эндокардиттің профилактикасы үшін де қолданылады.

Бактерияға қарсы дәрілік препараттарды тиісінше қолдану жөніндегі ресми нұсқауларды ескеру керек.

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- амоксициллинге, пенициллин тобының препараттарына немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- басқа бета-лактамдық препаратқа (мысалы, цефалоспорин, карбапенем немесе монобактам) анамнездегі дереу типті аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциясы (мысалы, анафилаксия)

- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы, сукраза-изомальтаза ферментінің тапшылығы (құрамында сукрозаның болуына байланысты)

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Аса жоғары сезімталдық реакциялары

Емдеуді бастағанға дейін пациенттің анамнезінде пенициллиндерге, цефалоспориндерге немесе басқа бета-лактамдық препараттарға аса жоғары сезімталдық реакцияларының болған-болмағандығын нақты біліп алу қажет.

Пенициллинмен ем қабылдаған пациенттерде елеулі, кейде өлімге соқтырған аса жоғары сезімталдық реакциялары (анафилактоидтық реакциялар) туралы хабарланған. Ондай реакциялар, анамнезінде пенициллинге аса жоғары сезімталдық болған пациенттерде және атопиялық жай-күйлері бар пациенттерде жиі кездеседі. Аллергиялық реакция туындаған жағдайда, амоксициллинмен емдеуді тоқтату және тиісінше баламалы емін тағайындау керек.

Сезімтал емес микроорганизмдер

Құжат түрінде қоздырғышының сезімталдығы расталған немесе сезімтал ретінде белгілі немесе қоздырғышының амоксициллинге сезімтал болу ықтималдылығы жоғары жағдайлардан басқасында, амоксициллин кейбір инфекцияларды емдеуге жарамайды. Мұны несеп шығару жолдарының инфекцияларын, құлақтың, мұрынның және тамақтың ауыр инфекцияларын емдегенде ескеру керек.

Құрысулар

Құрысулар бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде немесе жоғары дозаларын қабылдап жүрген пациенттерде, сондай-ақ, бейімділік факторлары (мысалы, анамнездегі құрысулар, эпилепсия немесе менингеальді бұзылыстар) бар пациенттерде туындауы мүмкін.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозасын бұзылу дәрежесіне сәйкес түзету қажет.

Тері реакциялары

Емдеудің басында пустуламен байланысты, қызбамен жүретін жайылған эритеманың туындауы жедел жайылған экзантемалық пустулездің (AEGP) симптомы болуы мүмкін. Бұл реакция амоксициллинді қабылдауды тоқтату талап етеді және болашақта препаратты қолдануға болмайды.

Инфекциялық мононуклеозға күдіктенген жағдайда, амоксициллинді қолданбаған дұрыс, өйткені аталған ауру кезінде амоксициллинді қолданғаннан кейін қызылша тәрізді бөртпе пайда болған жағдайлар орын алған.

Яриш-Герксгеймер реакциясы

Лайм ауруын амоксициллинмен емдегеннен кейін Яриш-Герксгеймер реакциясы байқалған. Бұл амоксициллиннің Лайм ауруын қоздырғышқа, Borrelia burgdorferi спирохетасына бактерицидтік әсерінің тікелей салдары болып табылады. Пациенттер бұл Лайм ауруын антибиотиктермен емдеудің кеңінен таралған және әдетте, өздігінен басылатын салдары екендігінен хабардар болуы тиіс.

Сезімтал емес микроорганизмдердің көбеюі

Препаратты ұзақ уақыт қолдану кейде сезімтал емес микроорганизмдердің көбеюінің күшеюіне алып келуі мүмкін.

Бактерияға қарсы препараттардың барлығын дерлік қолданғанда антибиотикпен астасқан колит туралы хабарланған, ол айқындық дәрежесі жағынан орташадан өмірге қауіп төндіретінге дейін ауытқып отыруы мүмкін. Сондықтан, антибиотиктердің кез келгенін қолдану кезінде немесе қолданғаннан кейін диарея туындаған пациенттерде осы диагноздың ескерілуі маңызды. Антибиотикпен астасқан колит дамыған жағдайда, амоксициллинді қабылдауды дереу тоқтатып, дәрігермен кеңесу інен және тиісінше емін бастау керек. Бұл жағдайда перистальтиканы тежейтін препараттарды қолдануға болмайды.

Ұзақ емдеу

Ұзақ емдеу кезінде жүйелер мен ағзалардың; соның ішінде, бүйрек, бауыр және қан түзу функцияларын функциясын жүйелі түрде бағалап отыру ұсынылады. Бауыр ферменттері мөлшерінің жоғарылағаны және қан көрсеткіштерінің өзгерістері туралы хабарланды.

Антикоагулянттар

Сирек жағдайларда, амоксициллинді қабылдап жүрген пациенттерде протромбиндік уақыттың ұзарғаны туралы хабарланған. Антикоагулянттарды бір мезгілде қолданғанда тиісінше мониторинг жүргізу керек. Антикоагулянттардың қалаған деңгейін ұстап тұру үшін, пероральді антикоагулянттардың дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Кристаллурия

Диурезі төмен пациенттерде, көбінесе парентеральді ем кезінде кристаллурия өте сирек байқалған. Амоксициллиннің жоғары дозаларын енгізген кезде, амоксициллиндік кристаллурияның дамуы ықтималдығын азайту үшін, сұйықтықты талапқа сай тұтыну мен диурезді ұстап тұру ұсынылады. Қуық катетерлері бар пациенттерде катетерлердің өткізгіштігін жүйелі түрде тексеріп отыру қажет.

Диагностикалық тестілерге ықпалы

Сарысу мен несептегі амоксициллин деңгейінің жоғарылығы кейбір зертханалық тестілерге әсер етуі мүмкін. Амоксициллиннің несептегі концентрациясының жоғарылығына байланысты, химиялық әдістерді пайдаланғанда көбіне жалған оң нәтижелер туындайды.

Амоксициллинмен емдеу кезінде несепте глюкозаның бар-жоқтығын анықтау үшін ферменттік глюкозооксидаза әдісін пайдалану ұсынылады.

Амоксициллиннің болуы жүкті әйелдердегі эстрадиол бар-жоқтығын талдаудың нәтижелерін бұрмалауы мүмкін.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Пробенецид

Пробенецидті бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды. Пробенецид амоксициллиннің өзекшелік секрециясын азайтады. Пробенецидті бір мезгілде қабылдау амоксициллиннің қандағы деңгейінің артуына және ұзақ сақталуына алып келуі мүмкін.

Аллопуринол

Амоксициллинмен емдеу кезінде аллопуринолды бір мезгілде қабылдау терінің аллергиялық реакцияларының ықтималдылығын арттыруы мүмкін.

Тетрациклиндер

Тетрациклиндер мен басқа бактериостатикалық антибиотиктер амоксициллиннің бактерицидтік әсеріне ықпал етуі мүмкін.

Пероральді антикоагулянттар

Пероральді антикоагулянттар мен пенициллиндік антибиотиктер тәжірибеде өзара әрекеттесуі туралы хабарларсыз кеңінен қолданылып келеді. Алайда, әдебиеттерде аценокумаролды немесе варфаринді қабылдаған және амоксициллин курсын қолданған пациенттерде халықаралық қалыптастырылған қатынас жоғарылаған жағдайлар сипатталған. Антикоагулянттарды амоксициллинмен бір мезгілде қолданған кезде протромбиндік уақытты немесе халықаралық қалыптастырылған қатынасты мониторингілеу қажет, сондай-ақ, антикоагулянттардың дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Метотрексат

Пенициллиндер метотрексаттың экскрециясын төмендетіп, уыттылығының артуы ықтималдылығын тудыруы мүмкін.

Арнайы ескертулер

Қосымша заттар туралы арнайы ақпарат

Бұл препараттың құрамында бір реттік дозасында 1 ммольден (23 мг) аз натрий бар, яғни, іс жүзінде натрийсіз.

Атоксилиннің құрамында әр 5 мл-сінде 18,041 г қант бар. Сирек тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе сукраза-изомальтаза тапшылығы бар пациенттер бұл препаратты қолданбауы тиіс.

Бұл препараттың құрамында бір реттік 5 мл дозасында 1 ммольден (39 мг) аз калий бар, яғни, іс жүзінде калийсіз.

Педиатрияда қолдану

Төмендегі кестеде келтірілген, балалар үшін ұсынылған дозасы дене салмағы 40 кг аз балалар үшін қолданылады.

Дене салмағы 40 кг және одан үлкен балаларда ересектерге арналған дозаларын қолдану керек.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік

Зерттеулер репродуктивтік уыттылыққа қатысты тікелей немесе жанама зиянды әсерін көрсетпеді. Амоксициллиннің адамда жүктілік кезінде қолданылуы жөніндегі шектеулі деректер дамудағы туа біткен ақаулар қаупінің жоғарылығын көрсетпеді. Амоксициллинді жүктілік кезінде, ықтимал пайдасы еммен байланысты ықтимал қаупінен асып түсетін болса ғана қолдануға болады.

Бала емізу

Амоксициллин емшек сүтіне аздаған мөлшерлерде, сенсибилизация қаупінің мүмкіндігімен бөлініп шығады. Соның салдары ретінде, емшек еміп жүрген балада диарея, шырышты қабықтардың зеңдік инфекциясы, бөртпе пайда болуы мүмкін. Сондықтан, амоксициллин бала емізіп жүрген әйелдерге тек, дәрігер пайдасы/қаупінің арақатынасын бағалағаннан кейін ғана қолданылады.

Фертильділік

Зерттеулерде фертильділікке жағымсыз әсері анықталған жоқ. Клиникалық зерттеулердің деректері жеткіліксіз.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Автомобиль басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне ықпалын зерттеулер жүргізілмеді. Алайда, автомобиль басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етуі мүмкін жағымсыз әсерлер (мысалы, аллергиялық реакциялар, бас айналуы, құрысулар) туындауы мүмкін.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалану режимі

Амоксициллиннің нақты бір инфекцияны емдеу үшін таңдалатын дозасында келесілер ескерілуі тиіс:

- ықтимал патогендері және олардың бактерияға қарсы препараттарға сезімталдығының болуы мүмкіндігі

- инфекцияның ауырлық дәрежесі мен орналасуы

- пациенттің жас шамасы, дене салмағы және бүйрек функциясыны жай-күйі.

Емдеу ұзақтығы инфекцияның типіне және пациенттің реакциясына байланысты анықталады, және әдетте, барынша қысқа болуы тиіс. Кейбір инфекциялар ұзағырақ емдеуді қажет етеді (ұзаққа созылатын емге қатыстысын қараңыз).

Ересектер және салмағы > 40 кг балалар

Көрсетілімдер*

Дозасы*

Жедел бактериялық синусит

Әр 8 сағат сайын 250 мг-ден 500 мг дейін немесе әр 12 сағат сайын 750 мг-ден 1 г дейін

Жүктілік кезіндегі симптомсыз бактериурия

Жедел пиелонефрит

Ауыр инфекциялар үшін әр 8 сағат сайын 750 мг-ден 1 г дейін

Таралған целлюлитпен дентальді абсцесс

Жедел цистит

Жедел циститті бір күн бойы тәулігіне екі рет 3 г қолданып емдеуге болады

Жедел ортаңғы отит

Жедел стрептококтық тонзиллит және фарингит

Созылмалы бронхиттің өршуі

Әр 8 сағат сайын 500 мг, әр 12 сағат сайын 750 мг-ден 1 г дейін

Ауыр инфекциялар кезінде 10 күн бойы әр 8 сағат сайын 750 мг-ден 1 г дейін

Ауруханадан тыс пневмония

Әр 8 сағат сайын 500 мг-ден 1 г дейін

Іш сүзегі және паратиф

Әр 8 сағат сайын 500 мг-ден 2 г дейін

Протезделген буындардың инфекциялары

Әр 8 сағат сайын 500 мг-ден 1 г дейін

Эндокардиттің профилактикасы

2 г пероральді, емшараға дейін 30–60 минут бұрын бір рет

Helicobacter pylori эрадикациясы

7 күн бойы протондық помпа тежегішімен (мысалы, омепразол, лансопразол) және басқа антибиотикпен (мысалы, кларитромицин, метронидазол) біріктіріп тәулігіне екі рет 750 мг-ден 1 г дейін

Лайм ауруы

Бастапқы сатысы: 14 күн бойы (10 күннен 21 күнге дейін) бірнеше қабылдауға бөліп әр 8 сағат сайын 500 мг-ден 1 г дейін, ең жоғары дозасы тәулігіне 4 г дейін,

Кейінгі сатысы (жүйелі зақымдану): 10-30 күн бойы бірнеше қабылдауға бөліп әр 8 сағат сайын 500 мг-ден 2 г дейін, ең жоғары дозасы тәулігіне 6 г дейін

* әр көрсетілім үшін тиісінше емдеу жөніндегі ресми нұсқауларды ескеру керек.

Пациенттердің ерекше топтары

Салмағы < 40 кг балалар

Төмендегі кестеде келтірілген, балалар үшін ұсынылған дозасы дене салмағы 40 кг аз балалар үшін қолданылады.

Дене салмағы 40 кг және одан үлкен балаларда ересектерге арналған дозаларын қолдану керек.

Ұсынылатын дозалары:

Көрсетілімдер+

Дозасы+

Жедел бактериялық синусит

Жедел ортаңғы отит

Ауруханадан тыс пневмония

Жедел цистит

Жедел пиелонефрит

Таралған целлюлитпен дентальді абсцесс

Тәулігіне бірнеше қабылдауға бөлінген 20-90 мг/кг *

Жедел стрептококтық тонзиллит және фарингит

Тәулігіне бірнеше қабылдауға бөлінген 40-90 мг/кг *

Іш сүзегі және паратиф

Тәулігіне 3 қабылдауға бөлінген 100 мг/кг.

Эндокардиттің профилактикасы

50 мг/кг пероральді, хирургической процедуры однократно за 30-60 мин до проведения.

Лайм ауруы

Бастапқы сатысы: 10-21 күн бойы тәулігіне 3 қабылдауға бөлінген 25-50 мг/кг.

Кейінгі сатысы (жүйелі зақымдану): 10-30 күн бойы тәулігіне 3 қабылдауға бөлінген 100 мг/кг.

+ - әр көрсетілім үшін тиісінше емдеу жөніндегі ресми нұсқауларды ескеру керек.

* - егер препараттың тәуліктік дозасы ұсынылған ең жоғарғысына жуық болса, оны 2 қабылдауға бөлу ұсынылады.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттерде дозасын түзету қажет емес.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Атоксиллин препаратын сақтықпен қолдану керек. Бауыр функциясын жүйелі уақыт аралықтары сайын бақылап отыру қажет.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Креатинин клиренсі (мл/мин)

Ересектер және балалар

(дене салмағы 40 кг артық)

Балалар (дене салмағы 40 кг аз)#

> 30

дозасын түзету қажет емес

дозасын түзету қажет емес

10-30

ең көбі тәулігіне 2 рет 500 мг

тәулігіне 2 рет 15 мг/кг (ең көбі тәулігіне 2 рет 500 мг)

< 10

ең көбі тәулігіне 500 мг

тәулігіне бір рет 15 мг/кг (ең көбі тәулігіне 500 мг)

# көпшілік жағдайларда парентеральді емдеу қолайлырақ болып табылады

Гемодиализ қабылдап жүрген пациенттер

Амоксициллинді организмнен гемодиализдің көмегімен шығаруға болады.

Гемодиализ

Ересектер және балалар

(дене салмағы 40 кг артық)

Әр 24 сағат сайын 500 мг

Гемодиализдің алдында қосымша 500 мг дозасы енгізілуі тиіс. Гемодиализ сеансынан кейін препараттың айналымдағы деңгейін қалпына келтіру үшін қосымша 500 мг дозасын енгізу керек.

Дене салмағы 40 кг дейінгі балалар

Тәулігіне бір рет 15 мг/кг (ең жоғарғысы 500 мг)

Гемодиализдің алдында қосымша 15 мг/кг дозасы енгізілуі тиіс. Гемодиализ сеансынан кейін препараттың айналымдағы деңгейін қалпына келтіру үшін қосымша 15 мг/кг дозасын енгізу керек.

Перитонеальді диализ қабылдап жүрген пациенттер үшін

Амоксициллиннің ең жоғары дозасы тәулігіне 500 мг құрайды.

Енгізу әдісі және жолы

Ішке қабылдауға арналған.

Ас ішу амоксициллиннің сіңуіне әсер етпейді.

250 мг Атоксилин қалпына келтірілгеннен кейін суспензия түрінде қолданылады.

Қолдануға дайын Атоксилин суспензиясын тікелей суспензия түрінде де қолдануға да, сүтке, жеміс шырынына, суға немесе салқын сусындарға қосуға да болады. Оларды дереу қолдану керек. Бала қажетті дозаны қабылдағанына көз жеткізу үшін, ол препарат қосылған тамақты түгелдей ішуі тиіс.

Суспензияны дайындау үшін ұнтақпен араластыру мақсатында аздаған қайнап салқындатылған су құю қажет, содан кейін құтыны шайқау керек, одан кейін құтыдағы белгіге дейін су қосу, құтыны жабу және мұқият шайқау керек.

Әр қолданар алдында құтыны мұқият шайқау керек.

Қалпына келтірілген суспензия 2 ºС-ден 8 ºС-ге дейінгі температурада сақтағанда 7 күн бойы өз белсенділігін сақтайды.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Симптомдары

Асқазан-ішек симптомдары (жүрек айнуы, құсу және диарея сияқты) және су-электролит теңгерімінің бұзылуы байқалуы мүмкін. Амоксициллинді қабылдағанда, бірқатар жағдайларда бүйрек жеткіліксіздігіне алып келген кристаллурия байқалған. Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде немесе жоғары дозаларын қабылдап жүрген пациенттерде құрысулар туындауы мүмкін.

Емі

Асқазан-ішек симптомдарын симптоматикасына қарай, су-электролит теңгерімін түзетуге көңіл бөле отырып емдеуге болады.

Амоксициллинді қаннан гемодиализдің көмегімен шығаруға болады.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған жағдайда қажет болатын шаралар

Препараттың өткізіп алған қабылдануының орнын толтыру үшін екі есе дозасын қабылдамау керек.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға бару жөнінде нұсқаулар

Осы дәрілік препаратты қолдану жөнінде қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, дәрігердің немесе фармацевттің кеңесіне жүгіну керек.

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар

Жиі

- жүрек айнуы, диарея*

- тері бөртпесі

Жиі емес

- құсу*

- есекжем, қышыну*

Өте сирек

- тері мен шырышты қабықтардың кандидозы

- қайтымды лейкопения (соның ішінде, ауыр нейтропения немесе агранулоцитоз), қайтымды тромбоцитопения, гемолиздік анемия, қан кету уақыты мен протромбиндік уақыттың ұзаруы

- ангионевроздық ісінуді, анафилаксияны, сарысу құю ауруын және сезімталдығы аса жоғары васкулитті қоса, ауыр аллергиялық реакциялар

- гиперкинезия, бас айналуы, құрысулар.

- антибиотикпен астасқан колит (жалғанжарғақшалы колит пен геморрагиялық колитті қоса), қара «түкті» тіл, тіс эмалі түсінің беткейлік өзгеруі #

- гепатит және холестаздық сарғаю, АСТ және/немесе АЛТ орташа жоғарылауы

- мультиформалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз, буллездік және эксфолиативтік дерматит, жедел жайылған экзантемалық пустулез (AGEP) сияқты тері реакциялары және эозинофилиямен және жүйелі симптомдармен жүретін дәрілік реакция (DRESS)

- интерстициальді нефрит, кристаллурия

Белгісіз (қолда бар деректердің негізінде бағалау мүмкін емес)

- Яриш-Герксгеймер реакциясы

* Аталған жағымсыз реакциялардың туындау жиілігі амоксициллинді қабылдаған 6000-ге жуық ересек адам мен баланың қатысуымен жүргізілген клиникалық зерттеулердің барысында анықталған.

# Балаларда тіс эмалі түсінің беткейлік өзгеруі туралы хабарланды. Ауыз қуысының гигиенасын мұқият сақтау тіс эмалі түсінің өзгеруінің алдын алуға көмектесуі мүмкін, өйткені әдетте оны тіс щеткасының көмегімен кетіруге болады.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

5 мл құрамында

белсенді зат – Амоксициллин тригидраты - 301.90 мг (250.00 амоксициллинге баламалы)

қосымша заттар: сукроза, кристалды натрий сахаринаты, натрий цикламаты, натрий карбоксиметилцеллюлозасы, натрий цитраты, калий сорбаты, аэросил 200, таңқурай ұнтағы.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Сарғыштау-ақ түсті, біртекті, сусымалы, таңқурай иісі бар ұнтақ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Препарат сыйымдылығы 100 мл, янтарь түстес шыны құтыға салынады.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған, УК–лакты қорапшаға салады.

Сақтау мерзімі

4 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25ºС-ден аспайтын бөлме температурасында сақтау керек.

Дайын суспензияны тоңазытқышта сақтау керек.

Дайын суспензия тоңазытқышта сақтағанда 7 күн бойы белсенділігін жоғалтпайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші туралы мәліметтер

АТАБАЙ КИМЬЯ САН. ВЕ ТИДЖ. А.С

Dilovası Organize Sanayi Bölgesi

Kısım Sakarya Caddesi No:28, Коджаэли, Түркия

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

АТАБАЙ КИМЬЯ САН. ВЕ ТИДЖ. А.С

Acibadem, Koftuncu sok. No:1 34718 Kadıkoy/Стамбул, Түркия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«Управляющая компания WHITE SAIL» ЖШС

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 1 ш. а., 61/1 үй,

Тел/факс: +7 777 727 27 07

Электронды пошта: whitesail20@mail.ru

Прикрепленные файлы

2._Атоксилин_порошок_для_суспензии_250_мг_ЛВ_кз_2408_.docx 0.08 кб
2._Атоксилин_порошок_для_суспензии_250_мг_5_мл_ЛВ_ru_2408_.docx 0.07 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники