Атокор (20 мг)

МНН: Аторвастатин
Производитель: Д-р Редди'с Лабораторис Лимитед
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Atorvastatin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№003026
Информация о регистрации в РК: 01.11.2022 - 01.11.2032
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)

Инструкция

Саудалық атауы

Атокор

Халықаралық патенттелмеген атауы

Аторвастатин

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған 10 мг, 20 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар - 10.84 мг, 21.68 мг кальций аторвастатині тригидраты (10.00 мг, 20.00 мг аторвастатинге баламалы)

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза 114, маннитол, натрий крахмалының гликоляты (А типі), гидроксипропилцеллюлоза (Клуцел -LF), полоксамер 40, меглюмин, магний стеараты, микрокристалды целлюлоза 102

қабықтың құрамы:

Опадрай ақ 03Н18479 (гипромеллоза 6 cП, пропиленгликоль, тазартылған тальк, титанның қостотығы Е 171)

Сипаттамасы

Ақтан ақ дерлік түске дейінгі үлбірлі қабықпен қапталған, үшбұрыш пішінді, екі жақ беті дөңес, бір жақ бетінде «А» деген жазуы және басқа жақ бетінде «10» деген жазуы бар, қалыңдығы (3.20  0.30) мм және үш бұрышының биіктігі (7.00  0.20) мм таблетка (10 мг доза үшін).

Ақтан ақ дерлік түске дейінгі үлбірлі қабықпен қапталған, үшбұрыш пішінді, екі жақ беті дөңес, бір жақ бетінде «А» деген жазуы және басқа жақ бетінде «20» деген жазуы бар, қалыңдығы (4.20  0.30) мм және үш бұрышының биіктігі (8.50  0.20) мм таблетка (20 мг доза үшін).

Фармакотерапиялық тобы

Гипохолестеринемиялық және гипотриглицеридемиялық препараттар. HMGCoA редуктоза тежегіштері. Аторвастатин.

ATХ коды С10АА05

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдағаннан кейін аторвастатин тез сіңіп, ең жоғары плазмалық концентрацияға 1-2 сағат ішінде жетеді. Сіңу дәрежесі препарат дозасының артуына пропорционалды түрде жоғарылайды. Атовастатиннің абсолютті биожетімділігі 14%-ға жуықты, ал гидрокси-3-метилглютарил- КоА(ГМГ-КоА) редуктазаға қатысты тежегіш белсенділігінің жүйелік биожетімділігі шамамен 30%-ды құрайды. Тамақтанған кезде препараттың сіңу жылдамдығы және сіңу дәрежесі, сәйкесінше, шамамен 25%-ға және 9%-ға төмендесе де, холестерин/тығыздығы өте төмен липопротеидтер (ТӨТЛП) деңгейі, аторвастатинді ашқарынға және тамақтану кезінде қабылдаған кезде бірдей дәрежеде төмендейді. Аторвастатин қан плазмасы ақуыздарымен 98%-ға байланысады. Орто- және парагидроксилденген туындыларға және бета-тотығудың әртүрлі өнімдеріне дейін белсенді түрде метаболизденеді. Плазмадағы гидрокси-3-метилглютарил-КоА (ГМГ-КоА) редуктазаға қатысты тежегіш белсенділігінің шамамен 70%-на белсенді метаболиттер себепші болады.

Аторвастатин және оның метаболиттері бауырдағы және бауырдан тыс метаболизмнен кейін, негізінен, өтпен бірге шығарылады; алайда аторвастатин, сірә, ішек-бауырлық қайта айналымға түспейді. Аторвастатиннің өзінің орташа жартылай шығарылу кезеңі 14 сағатқа жуықты, белсенді метаболиттерінің жартылай шығарылу кезеңі 20-30 сағатты құрайды. Аторвастатиннің пероральді дозасының 2%-дан азы несеппен бірге шығарылады.

Фармакодинамикасы

Аторвастатин – 3-гидрокси-3-метилглютарилкоэнзим А-ны мевалон қышқылына айналдыратын негізгі фермент – ГМГ-КоА редуктазаның селективті, бәсекеге қабілетті тежегіші – холестеринді қоса, стеролдардың ізашары.

Гомозиготалы және гетерозиготалы отбасылық гиперхолестеринемиясы, гиперхолестеринемияның отбасылық емес түрлері және аралас дислипидемиясы бар науқастарда Атокор жалпы холестерин (Хс), тығыздығы төмен липопротеидтер холестерині (ТТЛП-Хс) және В аполипопротеин деңгейлерін, сондай-ақ тығыздығы өте төмен липопротеидтер холестерині (ТӨТЛП-Хс) және триглицеридтер мөлшерін төмендетеді, тығыздығы жоғары липопротеидтер холестерині (ТЖЛП-Хс) деңгейін тұрақсыз шамаға арттырады.

Бауырда триглицеридтер мен холестерин тығыздығы өте төмен липопротеидтердің (ТӨТЛП) құрамына кіреді, плазмаға түседі және шеткергі тіндерге тасымалданады. ТӨТЛП-ден тығыздығы төмен липопротеидтер (ТТЛП) түзіледі, олар ТТЛП-нің жоғары аффинді рецепторларымен өзара әрекеттескен кезде катаболизденеді.

ТТЛП сияқты, холестеринмен байытылған және триглицеридтерге бай липопротеидтер (ТӨТЛП, аралық тығыздықтағы липопротеидтер және хиломикрондардың қалдығы) атеросклероздың да өршуіне мүмкіндік жасауы мүмкін. Қан плазмасында триглицеридтер деңгейінің жоғарылауы ТЖЛП-Хс деңгейінің төмендеуімен және аз өлшемді ТТЛП бөлшектерінің пайда болуымен, сондай-ақ ЖИА қаупінің липидтік емес басқа да метаболизмдік факторларымен жиі бірігеді. Осыған байланысты ЖИА қаупінің тәуелді емес факторы ретінде гипертриглицеридемияның өзіндік рөлі нақты дәлелденген жоқ. ТЖЛП деңгейі жоғарылауының немесе триглицеридтер деңгейі төмендеуінің коронарлық немесе жүрек-қантамырлық асқынуларға тәуелді емес әсері және осы себептен өлімге ұшырауы да анықталған жоқ.

Атокор қан плазмасында холестерин мен липопротеидтердің деңгейін төмендетіп, ГМГ-КоА-редуктазаны және бауырда холестерин синтезін тежейді және жасушалар бетінде ТТЛП «бауырлық» рецепторларының санын арттырады, бұл ТТЛП-Хс-тің қармалуын және катаболизмін күшейтеді. Аторвастатин ТТЛП-Хс пайда болуын және ТТЛП бөлшектерінің санын төмендетеді. ТТЛП-бөлшектердің жағымды сапалы өзгерулерімен қосылып, ТТЛП-рецепторларының белсенділігін айқын және тұрақты түрде арттырады. Гомозиготалы тұқым қуалайтын гиперхолестеринемиясы бар, басқа гиполипидемиялық дәрілермен емдеуге төзімді науқастарда ТТЛП-Хс деңгейін төмендетеді.

Аторвастатин 10-80 мг дозада жалпы холестериннің деңгейін 30-46%-ға, ТТЛП-Хс деңгейін 41-61%-ға, В аполипопротеинді 34-50%-ға және триглицеридтерді 14-33%-ға төмендетеді. Емдеу нәтижелері гетерозиготалы отбасылық гиперхолестеринемиясы, отбасылық емес түрдегі гиперхолестеринемиясы және аралас гиперлипидемиясы бар науқастарда, соның ішінде инсулинге тәуелді емес қант диабеті бар науқастарда ұқсас болады. Оқшауланған гипертриглицеридемиясы бар науқастарда аторвастатин жалпы холестериннің, ТТЛП-Хс, ТӨТЛП-Хс, В аполипопротеин, триглицеридтер және ТЖЛП емес-Хс деңгейлерін төмендетеді және ТЖЛП-Хс деңгейін арттырады. Дисбеталипопротеинемиясы бар науқастарда аралық тығыздықтағы липопротеидтер холестеринінің деңгейін төмендетеді.

Фредриксон жіктемесі бойынша IIа және IIb типті гиперлипопротеинемиясы бар науқастарда аторвастатинмен (10-80 мг) емдеген кезде ТЖЛП-Хс деңгейінің орташа артуының мәні, бастапқы көрсеткішпен салыстырғанда, 5.1-8.7% құрайды және дозаға тәуелді емес. Арақатынасының шамасы дозаға байланысты едәуір: жалпы холестерин/ТЖЛП-Хс және ТЖЛП-Хс/ТТЛП-Хс деңгейі, сәйкесінше, 29-44%-ға және 37-55%-ға төмендейді.

Аторвастатин 80 мг дозада 16 апталық курстан кейін ишемиялық асқынулар және өлім қаупін 16%-ға, ал миокард ишемиясының белгілерімен қатар жүретін стенокардияға байланысты қайтадан ауруханаға жатқызу қаупін 26%-ға нақты төмендетеді. ТТЛП-Хс бастапқы деңгейлері әртүрлі болатын науқастарда аторвастатин ишемиялық асқынулар мен өлім қаупін салыстырмалы түрде төмендетеді (Q тісшесіз миокард инфарктісі және тұрақсыз стенокардиясы бар науқастарда, еркектер мен әйелдерде, 65 жасқа толмаған және одан үлкен жастағы науқастарда).

Атокор (10 тәулік/мг) келесі асқынулардың пайда болу жиілігін едәуір: ЖИА (өліммен аяқталуы+ өліммен аяқталмайтын инфаркт) - 36%-ға, жүрек-қантамыр аурулары және реваскуляризация емшарасын қолдану - 20%-ға, ЖИА - 29%-ға, инсультті (соның ішінде өліммен аяқталатын) - 26%-ға төмендетеді.

Аторвастатинді қолданған кезде жалпы өлімнің және жүрек-қантамырлық асқынулардан болатын өлімнің мәнді төмендеуі байқалған жоқ, алайда өлімнің төмендеуінің үрдісі байқалды.

Қолданылуы

- алғашқы гиперхолестеринемияда, гетерозиготалы жергілікті және жергілікті емес гиперхолестеринемияда, біріктірілген гиперлипидемияда (Фредериксон бойынша ІІа және ІІв типтері), қан плазмасындағы триглицеридтердің жоғары мөлшерінде (Фредериксон бойынша ІV типі) холестериннің және тығыздығы төмен липопротеидтер (ТТЛП-Хс) холестеринінің, В аполипопротеиннің, ТТЛП-ХС (емдәммен емдеген кезде талапқа сай әсері жоқ болған жағдайда), триглицеридтердің жоғары деңгейлерін төмендету үшін емдәммен біріктіріп

- гомозиготалы отбасылық гиперхолестеринемиясы бар науқастың қан плазмасында жалпы холестерин және ТТЛП-ХС мөлшерін төмендету үшін (емдәммен емдеу және фармакологиялық емес басқа да емдеу әдістерінің тиімділігі жеткіліксіз болған жағдайда)

Қолдану тәсілі және дозалары

Атокорды науқасқа тағайындар алдында стандартты гипохолестеринемиялық емдәмді тағайындайды, ол әрі қарай емдеу кезінде де сақталуы тиіс. Дозаны, тығыздығы төмен липопротеидтер холестеринінің (ТТЛП-Хс) бастапқы деңгейін және емдеу мақсатын, емдеу әсерін есепке ала отырып, әр адамға жекелей белгілейді, ұсынылатын бастапқы дозасы тәулігіне 1 рет 10 мг құрайды. Препаратты тамақ ішуге қарамай-ақ, күннің кез келген уақытында қабылдай беруге болады. Препарат дозасын (тәулігіне 1 рет 10 мг-ден 80 мг-ге дейін) ТТЛП-Хс-нің бастапқы деңгейін, емдеу мақсатын және жекелей әсерін есепке ала отырып, таңдайды. Емнің басында және/немесе Атокор дозасын арттыру кезінде плазмадағы липидтердің деңгейін әрбір 2-4 апта сайын бақылап отыру және дозаны сәйкесінше түзетіп отыру қажет.

Алғашқы гиперхолестеринемияда және біріктірілген (аралас) гиперлипидемияда науқастардың көбісінде қажетті әсерге Атокорды тәулігіне 1 рет 10 мг дозада қолдану кезінде жеткізуге болады. Емдік әсері 2 апта ішінде білінеді және әдетте ең жоғары шегіне 4 апта ішінде жетеді. Ұзақ уақыт емдеген кезде әсері сақталады.

Гомозиготалы отбасылық гиперхолестеринемиясы бар науқастарға препаратты тәулігіне 1 рет 80 мг дозада тағайындайды (көптеген жағдайларда емдеу ТТЛП-Хс деңгейінің 18-45%-ға төмендеуіне әкелді).

Бүйрек функциясының бұзылуы Атокорды қолданған кезде плазмадағы аторвастатин деңгейіне немесе ТТЛП-Хс мөлшерінің төмендеу дәрежесіне ықпалын тигізбейді, сондықтан препараттың дозасын өзгертудің қажеті жоқ.

Препаратты егде жастағы емделушілерге қолданған кезде, жалпы популяциямен салыстырғанда, қауіпсіздігінде, тиімділігінде немесе гиполипидемиялық емдеу мақсатына жетуінде айырмашылықтар байқалған жоқ.

Жағымсыз әсерлері

- іш қатулар, іштің кебуі, диспепсия, іштің ауыруы, жүректің айнуы, гастроэнтерит, колит, құсу, гастрит, ауыздың құрғауы, ректальді қан кету, эзофагит, кекіру, глоссит, ауыздың ойық жаралануы, тәбеттің жоғалуы, тәбеттің артуы, стоматит, өт қалтасы тұсының ауыруы, он екі елі ішектің ойық жара ауруының өршуі, дисфагия, диарея, энтерит, қарамайға ұқсас нәжіс, іш қату, қызыл иектің қанағыштығы, асқазанның ойық жарасы, тенезмдер, ойық жаралы стоматит, гепатит, бауыр функциясының бұзылуы, панкреатит, холестаздық сарғаю

- назофарингит, бронхит, ринит, пневмония, ентігу, демікпе, мұрыннан қан кету

- ұйқысыздық, бас ауыру, бас айналу, парестезия, ұйқышылдық, амнезия, қорқынышты түстер, либидоның төмендеуі, эмоциональді тұрақсыздық, үйлесімнің бұзылуы, шеткергі нейропатия, қисық мойын, беттің салдануы, гиперкинезия, депрессия, гипостезия, гипотония

- артралгия, артрит, аяқтардың құрысуы, бурсит, тендовагинит, сіңірлердің үзілуі, миастения, миалгия, бұлшықет контрактурасы, бұлшықеттердің құрысуы, миозит, миопатия, рабдомиолиз

- қышыну, жанаспалы дерматит, шаштың түсуі, терінің құрғауы, қатты тершеңдік, уртикария, есекжем, экзема, себорея, терінің ойық жарасы

- несеп жолының жұқпасы, несептің жиі шығуы, цистит, гематурия, импотенция, дизурия, бүйректерде конкременттердің болуы, никтурия, эпидидимит, фиброзды-кистозды мастопатия, қынаптық қан кетулер, альбуминурия, кеуде қуысының гипертрофиясы, жатырдан ациклдік қан кету, нефрит, несепті ұстай алмау, несептің іркілуі, кіші дәретке отырғысы келу, мезгілінен бұрын болатын эякуляция, жатырдан қан кету

- амблиопия, құлақтың шыңылдауы, көздің құрғауы, рефракцияның бұзылуы, көзге қан кету, кереңдік, глаукома, паросмия, дәмнің жоғалуы, дәмнің бұзылуы

- жүректің қағуы, вазодилатация, естен тану, бас сақинасы, ортостатикалық гипотония, флебит, аритмия, стенокардия, гипертония

- шеткергі ісіну, гипергликемия, креатинин-фосфокиназа деңгейінің жоғарылауы, подагра, дене массасының жоғарылауы, гипогликемия

- импотенция, қанталаулар, анемия, лимфалық түйіндердің ұлғаюы, тромбоцитопения, нүктелі қанталаулар

- кеуденің ауыруы, арқаның ауыруы, беттің ісінуі, қызба, мойын бұлшықетінің сіресуі, бағыттан адасу, жоғары фотосезімталдық реакциясы, кең жайылған ісіну, анафилаксия, ангионевроздық ісіну, күлдір бөртпе (мультиформалы эритеманы, Стивенс-Джонсон синдромын және уытты эпидермальді некрозды қоса) және қаңқа бұлшықеттерінің жедел некрозы, Лайелл синдромы

- тромбоцитопения

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттерінің кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- бауырдың белсенді аурулары немесе этиологиясы айқын емес трансаминазаның сарысулық белсенділігінің жоғарылауы (норманың жоғарғы шегімен салыстырғанда 3 еседен астам);

- контрацепцияның талапқа сай әдістерін пайдаланбайтын ұрпақ өрбіте алатын жастағы әйелдер;

- сарысуда «бауырлық» трансаминаза белсенділігінің жоғарылауы

- жүктілік және лактация кезеңі

- балалар және 18 жасқа толмаған жасөспірімдер

- тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Лапп лактоза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорциясы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Аторвастатин АӨФ тежегіштерімен, кальций өзекшелерінің блокаторларымен, диуретиктермен, бета-блокаторлармен және гипогликемиялық препараттармен бір мезгілде пайдаланғанда клиникалық тұрғыдан маңызды өзара әрекеттесулерді туындатпайды.

Осы класқа жататын басқа препараттармен емдеу кезінде миопатия қаупі циклоспоринді, фиброй қышқылының туындыларын, эритромицинді, ниацинді (никотин қышқылы) немесе азольді фунгицидтерді бір мезгілде қабылдаумен жоғарылайды (Ескерту және сақтандыру шаралары, Қаңқа бұлшықетін қараңыз). Эритромицинмен бір мезгілде қабылдау плазмада аторвастатин концентрациясының жоғарылауына әкелуі мүмкін.

Дигоксин: Аторвастатиннің және дигоксиннің көп реттік дозасы бірге енгізілген кезде дигоксиннің плазмадағы концентрациясы тұрақты жағдайда артуы мүмкін.

Ішілетін контрацептивтер: Аторвастатинмен бірге енгізген кезде құрамында норэтистерон және этинилэстрадиол бар ішілетін контрацептивтердің сіңірілу жылдамдығы және сіңірілу дәрежесінің толықтығы артады.

Антацидтер: Антацидтермен бірге енгізген кезде аторвастатиннің плазмадағы концентрациясының төмендеуі мүмкін; алайда ТТЛП холестеринінің төмендеуі өзгермейді.

Колестипол: Плазмадағы аторвастатин концентрациясы азайса да, аторвастатинді және колестиполді, бірге енгізгенде, бөлек қабылданған қандай да болсын басқа препаратқа қарағанда, ТТЛП холестеринінің төмендеуі көбірек.

Тамақтану кезінде

Тамақтану препараттың сіңірілу жылдамдығын және дәрежесінің толықтығын шамамен 25%-ға және 9%-ға төмендетсе де, аторвастатиннің тамақтануға дейін немесе тамақтану кезінде қабылданғанына және препаратты қабылдау уақытына қарамай-ақ, ТТЛП төмендеуі ұқсас. Сондықтан, тамақтануға қарамай-ақ, аторвастатинді тәуліктің кез келген уақытында бір реттік доза түрінде қолдануға болады.

Айрықша нұсқаулар

Аторвастатинмен емдеуді бастамас бұрын екінші қайтара болған гиперхолистеринемияның себептерін (мысалы, қант диабетін жеткіліксіз емдеу, гипотиреоз, нефроздық синдром, диспротеинемиялар, бауырдың обструктивті аурулары, басқа дәрілік заттарды қабылдау және маскүнемдік), сондай-ақ липидтік құрамды – жалпы холестерин, ТТЛП/холестерин, ТЖЛП/холестерин және триглицеридтер деңгейлерін анықтау керек.

Педиатрияда қолданылуы: балалар іс-тәжірибесінде қолданылуы жөнінде деректер жоқ.

Егде жастағы адамдарға қолданылуы: Аторвастатиннің плазмалық концентрациялары егде жастағы (65 жастан асқан) емделушілерде шамамен 40%-ға жоғарылайды.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі: Бүйрек аурулары аторвастатинның плазмалық концентрацияларына немесе ТТЛП/холестериннің төмендеуіне ықпалын тигізбейді, сондықтан дозаны таңдаудың қажеті жоқ. Осы топтағы препараттарды қабылдаған кезде миоглобинурия салдарынан рабдомиолиздің және бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігінің дамығаны жөнінде мәлімделген. Сондықтан миопатияға күдіктенгенде ауыр жедел жағдайлардағы емделушілерде, сондай-ақ рабодомиолиз салдарынан бүйрек функциясының жеткіліксіздігі дамуы мүмкін қауіпті топтағы емделушілерде аторвастатинді уақытша тоқтата тұрған немесе емдеуді тоқтатқан жөн.

Бауыр аурулары: Аторвастатинді алкогольді шамадан тыс қолданатын емделушілерге және/немесе сыртартқысында бауыр аурулары бар емделушілерге абайлап тағайындаған жөн.

ГМГ-КоА редуктаза тежегіштері бауыр функциясының биохимиялық бұзылуларын туындатуы мүмкін. Сондықтан емдеуді бастамас бұрын және емдеуді бастағаннан кейін немесе дозаны арттырғаннан кейін 12 күннен соң, содан кейін жарты жылда бір рет бауыр функциясын бағалау қажет. Маскүнемдік аясында бауыр аурулары бар емделушілерде аторвастатиннің плазмалық концентрациялары елеулі артады. Препаратты уақытша немесе толық тоқтатқан кезде бауыр трансаминазасының белсенділігі бастапқы деңгейіне оралады. Емделушілердің көбісі аторвастатинді, қандай да болсын салдарсыз, төмен дозада қабылдауды әрі қарай жалғастырды.

Емдеуді бастағанға дейін, препаратты қолданғаннан кейін 6 апта және 12 аптадан соң немесе дозаны арттырғаннан кейін, сондай-ақ емдеу курсының барлық кезеңінде бауыр функциясының көрсеткіштерін бақылап отыру қажет. Бауыр функциясын бауырдың зақымдануының клиникалық белгілері пайда болған кезде де тексерген жөн. Бауыр трансаминазасы деңгейлері жоғарылаған жағдайда бұл қалыпқа келгенше олардың белсенділігін бақылауға алу керек. Егер АСТ немесе АЛТ белсенділігінің жоғарылауы, норманың жоғарғы шегімен салыстырғанда, 3 еседен астамға сақталса, дозаны төмендету немесе препаратты тоқтату ұсынылады.

Атровастатин қабылдап жүрген науқастарда миалгиялар байқалды. Миопатия диагнозын (бұлшықеттердегі ауыру және әлсіздік КФК белсенділігінің жоғарылауымен қосылғанда норманың жоғарғы шегінен 10 еседен астам) науқастарда кең таралған миалгиялар, бұлшықеттердің ауырғыштығы немесе әлсіздігі бар және/немесе КФК белсенділігі айқын жоғарылаған деп болжам жасаған жөн. КФК белсенділігі айқын жоғарылаған жағдайда немесе айғақталған немесе болжам жасалған миопатия бар болса, атровастатинмен емдеуді тоқтатқан жөн. Осы кластың басқа да препараттарымен емдеген кезде миопатия қаупі оларды циклоспоринмен, фибраттармен, эритромицинмен, никотин қышқылымен немесе зеңге қарсы азольді препараттармен бір мезгілде қолданған кезде жоғарылады. Осы препараттардың көбі Р450 цитохромы жүйесінің CYP3A4 изоферменттері арқылы метаболизмді және/немесе дәрілік заттардың тасымалдануын тежейді. Аторвастатин CYP3A4 әсерімен биотрансформацияланады. Атровастатинді фибраттармен, эритромицинмен, иммуносупрессанттармен, зеңге қарсы азольді препараттармен немесе никотин қышқылымен гиполипидемиялық дозаларда біріктіріп тағайындай отырып, емдеудің күтілетін пайдасы мен қаупін мұқият таразылаған және, әсіресе емдеудің алғашқы айларында және кез келген препараттың дозасын арттыру кезеңінде, бұлшықеттердегі ауыруды немесе әлсіздікті анықтау үшін науқасты ұдайы бақылау қажет. Осыған ұқсас жағдайларда КФК белсенділігін мезгіл-мезгіл анықтап отыруға болады, осындай бақылау ауыр миопатияның пайда болуын болдырмауға мүмкіндік бермесе де, аторвастатин КФК белсенділігін арттыруы мүмкін. Атровастатинді қолданған кезде, осы топтың басқа да препараттары сияқты, миоглобинурия себепші болған бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігімен бірге рабдомиализ жағдайлары болғаны сипатталған. Рабдомиолиз аясында миопатияның белгілері пайда болса немесе бүйрек функциясының жеткіліксіздігінің даму қаупі бар болса (мысалы, ауыр жедел жұқпа, артериялық гипотензия, күрделі операция, жарақат, метаболизмдік, эндокриндік және электролиттік бұзылулар және бақылауға келмейтін құрысулар), атровастатинмен емдеуді уақытша немесе түпкілікті тоқтатқан жөн.

Емделушілерге, егер бұлшықеттерде түсініксіз ауырсынулар немесе әлсіздік пайда болса, әсіресе олар дімкәстікпен немесе қызбамен қатар жүрсе, дереу дәрігерге қаралу керектігін ескерту қажет.

Көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері

Препарат бас айналуды және ұйқышылдықты тудыруы мүмкін, сондықтан емдеу кезеңінде емделушілер көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқармауы тиіс.

Артық дозалануы

Симптомдары: сананың шатасуы, ұйқышылдық, бас ауыру, көрудің бұзылуы, тахикардия, ауыздың құрғауы, жүректің айнуы, терлеудің күшеюі.

Емі: асқазанды шаю, белсенділендірілген көмір қабылдау, симптоматикалық ем жүргізу.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан.

Қораптық картон қорапшаға медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге пішінді ұяшықты 1 қаптамадан салынған.

Топтамалық картон қорапшаға 10 картон қорапшадан салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Д-р Редди’с Лабораторис Лимитед», Үндістан

Тіркеу куәлігі Иесінің атауы: «Д-р Редди’с Лабораторис Лимитед», Үндістан

Тұтынушылардан өнім сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасындағы «Д-р Редди’с Лабораторис Лимитед» компаниясының өкілдігі: 050057 Алматы қ., 22 линия к-сі, 45, абоненттік жәшік 7, тел: 8(701)7633805 факс: 8(727)3941294

 

 

Прикрепленные файлы

947407611477977081_ru.doc 85.5 кб
216087631477978245_kz.doc 112 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники