АС-тромбин

МНН: Ацетилсалициловая кислота
Производитель: Абди Ибрахим Глобал Фарм ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Acetylsalicylic acid
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010463
Период регистрации в РК: 10.11.2017 - 10.11.2027
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 7.35 KZT
Предельная цена реализации в РК: 916.75 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

АС-тромбин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Ацетилсалицил қышқылы

Дәрілік түрі

Ішекте еритін қабықпен қапталған таблеткалар, 100 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат 100 мг ацетилсалицил қышқылы,

қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, тальк,

қабығы: пропиленгликоль, гипромеллоза фталаты, титанның қостотығы (Е 171).

Сипаттамасы

Ішекте еритін қабықпен қапталған, ақ түсті, екі жақ беті дөңес, дөңгелек пішінді таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Антикоагулянттар. Тромбоциттер агрегациясының тежегіштері, гепаринді қоспағанда. Ацетилсалицил қышқылы

АТХ коды B01AC06

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдағаннан кейін ацетилсалицил қышқылы (АСҚ) АІЖ-нан жылдам және толық сіңіріледі.

Сіңірілу кезеңінде және одан кейін бірден ацетилсалицил қышқылы негізгі белсенді метаболитке – салицил қышқылына айналады.

Қан плазмасында ацетилсалицил қышқылы ең жоғарғы концентрациясына 10-20 минуттан кейін, салицил қышқылы ең жоғарғы концентрациясына 0.3-2 сағаттан соң жетеді.

АС-тромбин таблеткаларының ішекте еритін қабығының қышқыл әсеріне төзімділігінің арқасында, белсенді субстанцияның шығуы асқазанда емес, ішектің сілтілік ортасында жүреді. Осының есебінен ацетилсалицил қышқылының сіңірілуі, ішекте еритін қабықпен қапталмаған таблеткалармен салыстырғанда, 3-6 сағатқа кейінге қалдырылады.

Ацетилсалицил және салицил қышқылдары плазма ақуыздарымен елеулі дәрежеде байланысады және тіндерге жылдам таралады.

Салицил қышқылы емшек сүтіне бөлінеді және плаценталық кедергі арқылы өтеді.

Салицил қышқылы салицилурат, салицилфенолды глюкуронид, салицилацил глюкурониді, гентизинді және гентизур қышқылдары метаболиттерін түзе отырып, негізінен, бауырда метаболизденеді.

Салицил қышқылының бөлініп шығуы дозаға байланысты деп саналады. Жартылай шығарылу кезеңі препаратты аз дозаларда қабылдағанда 2-3 сағатты, препаратты жоғары дозаларда қабылдағанда 15 сағатты құрайды. Салицил қышқылы және оның метаболиттері, негізінен, бүйрек арқылы шығарылады.

Фармакодинамикасы

Ацетилсалицил қышқылының әсер ету механизмінің негізінде циклооксигеназаның (ЦОГ-1) қайтымсыз тежелуі жатыр, соның нәтижесінде А2 тромбоксанының синтезі бөгеледі және тромбоциттер агрегациясы бәсеңдейді. Антиагреганттық әсер тромбоциттерде мейлінше айқын білінеді, өйткені олар циклооксигеназаны қайталап синтездеуге қабілетсіз.

Ацетилсалицил қышқылының тромбоциттер агрегациясын бәсеңдететін басқа да механизмдері бар деп саналады, олар әртүрлі тамыр аурулары кезінде оның қолданылу аймағын кеңейтеді.

Ацетилсалицил қышқылы қабынуға қарсы стероидты емес препараттар тобына жатады, және ауыруды басатын, ыстықты түсіретін және қабынуға қарсы әсер иеленген.

Жоғарырақ дозалары ауыруды басу үшін және суық тию мен тұмау сияқты елеусіз қызба ахуалдарында, температураны түсіру, бұлшықет және буын ауруларын азайту үшін, сондай-ақ ревматоидтық артрит, остеоартрит және шорбуынданған спондилит сияқты жедел және созылмалы қабыну ауруларында қолданылады.

Қолданылуы

  • цереброваскулярлық және кардиоваскулярлық аурулар кезінде және шунттау бойынша операциялардан кейін тромбоэмболияның екіншілік профилактикасы.

Қолдану тәсілі және дозалары

Цереброспинальдік және кардиоваскулярлық ауруларды емдеу үшін:

Алғаш рет емді бастар алдында дәрігерден кеңес алу керек. Ұзақ мерзімді ем үшін әдеттегі доза бір рет тәулігіне 75-150 мг құрайды. Кейбір жағдайларда жоғары дозалар талап етілуі мүмкін, әсіресе қысқа мерзімде емде және дәрігердің ұсыныстары бойынша күніне 300 мг дейін жоғарылатуға болады. Тұтастай алғанда, ацетилсалицил қышқылы жағымсыз реакциялардың дамуына бейім егде пациенттерде сақтықпен қолданылуы тиіс. Ауыр бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі жоқ болғанда әдеттегі ұсынылған дозалар («Қолдануға болмайтын жағдайлар», «Айрықша нұсқаулар» қара). Емдеу режимін жүйелі жиілікпен қарастырып отыру керек.

Таблеткаларды пероральді түрде, сумен ішіп қабылдайды.

Балалар:

АС-тромбин 100 мг таблеткаларын балалар мен 16 жасқа толмаған жас адамдарға қолдануға болмайды («Айрықша нұсқаулар» қара).

Жағымсыз әсерлері

Жағымсыз реакциялардың даму жиілігі келесідей жіктеледі: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100, <1/10), жиі емес (≥1/1 000, <1/100), сирек (≥1/10 000, <1/1 000), өте сирек (<1/10 000), белгісіз (қолда бар деректерден жиілікке талдау жүргізу мүмкін емес).

Қан түзу және лимфа жүйесі тарапынан:

Жиі: қан кетуге бейімділіктің жоғарылауы

Сирек: тромбоцитопения, гранулоцитоз, апластикалық анемия

Белгісіз: эпистаксис, қызыл иектің қанағыштығы сияқты қан ағу уақытынының ұзаруымен қан кету жағдайлары. Симптомдар ацетилсалицил қышқылын қабылдауды тоқтатқаннан кейін 4-8 күн бойы сақталады. Хирургиялық процедуралар кезінде қан кетудің даму қаупі жоғарылайды. Темір тапшылықты анемияға әкелуі мүмкін бұрыннан бар (гематемезис, Мелена) немесе жасырын асқазан-ішектен қан кетулер (жоғарғы дозаларды қабылдағанда жиі дамиды).

Иммундық жүйе тарапынан:

Сирек: аса жоғары сезімталдық реакциялары, ангионевроздық ісіну, аллергиялық ісіну, ісінуді қоса анафилаксиялық реакциялар.

Метаболизмдік бұзылыстар және тамақтану бұзылыстары тарапынан:

Белгісіз: гиперурикемия

Жүйке жүйесі тарапынан:

Сирек: бассүйекішілік қан құйылу

Белгісіз: бас ауыруы, вертиго

Вестибулярлық аппарат тарапынан:

Белгісіз: естудің нашарлауы, тиннит

Васкулярлық бұзылыстар:

Сирек: геморрагиялық васкулит

Респираторлық жол тарапынан:

Жиі емес: ринит, диспноэ

Сирек: бронхоспазм, демікпе ұстамасы

Ұрпақ өрбіту жүйесі және сүт безі тарапынан:

Сирек: моноррагия

Асқазан-ішек жолы тарапынан:

Жиі: диспепсия

Сирек: ауыр асқазан-ішектен қан кету, жүрек айнуы, құсу

Белгісіз: асқазан мен ішектің жаралануы және тесілуі, диарея

Гепатобилиарлық бұзылыстар:

Белгісіз: бауыр жеткіліксіздігі

Тері және тері асты тіндері тарапынан:

Жиі емес: есекжем

Сирек: Стивен-Джонс синдромы, Лайелл синдромы, пурпура, түйінді эритема, мультиформалы эритема

Несеп шығару жүйесі тарапынан:

Белгісіз: бүйрек жеткіліксіздігі, су мен тұздардың кідіруі.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- салицил қышқылының компоненттеріне немесе простагландин-синтетаза тежегіштеріне, сондай-ақ препараттың кез келген компонентіне аса жоғары сезімталдық (мысалы, бронх демікпесі бар кейбір пациенттерде ұстамаға түрткі болуы мүмкін және кейбір пациенттерде бронх түйілуі, ринит және есекжем дамуы мүмкін);

- болатын немесе анамнезде бар ішектің жаралануы және/немесе асқазан-ішектен қан кету, сондай-ақ цереброваскулярлық қан кету сияқты қан кетудің басқа түрлері;

- геморрагиялық диатез, гемофилия және тромбоцитопения сияқты коагуляцияның бұзылуы;

- подаградан зардап шегетін пациенттер;

- ауыр бауыр жеткіліксіздігі;

- ауыр бүйрек жеткіліксіздігі;

- жүктіліктің III триместрінде тәулігіне 100 мг жоғары дозаны қабылдау;

- метотрексатты аптасына ˃15 мг дозада қабылдау;

- 16 жасқа дейінгі балалар.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Қолдануға болмайтын біріктірілімдер

Метотрексатпен біріктірілімде (аптасына 15 мг артық дозада қабылдағанда)

Метотрексат пен ацетилсалицил қышқылын бірге қабылдағанда ацетилсалицил қышқылымен индукцияланған бүйректік клиренстің төмендеуі салдарынан метотрексаттың гематологиялық уыттылығы жоғарылайды. Демек, метотрексатты (аптасына ˃15 мг дозада) ацетилсалицил қышқылымен бірге қолдануға болмайды.

Ұсынылмаған біріктірілімдер

Урикозириялық препараттар, мысалы, пробенецид.

Салицилаттар пробенецидтің тиімділігін төмендетеді. Ацетилсалицил қышқылын пробенецидпен бір уақытта қабылдау ұсынылмайды.

Сақтықты және назар аударуды талап ететін біріктірілімдер

Антикоагулянттар, оның ішінде кумарин, гепарин, варфарин және фениндион

Антикоагулянттармен бірге қолданғанда тромбоциттер функциясына, ішектің шырышына зақымдаушы әсердің және пероральді қолданылатын антикоагулянттарды плазма ақуыздарымен байланыстан ығыстыруы салдарынан қан кетудің даму қаупі жоғарылайды.

Антиагреганттар (клопидогрель, дипиридамол) және серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштері (сертралин және пароксетин сияқты СКҚСТ)

Асқазан-ішектен қан кетудің даму қаупінің ұлғаюы

Диабетке қарсы препараттар, оның ішінде сульфонилмочевина препараттары

Салицилаттар сульфонилмочевина препараттарының гипогликемиялық әсерін жоғарылатуы мүмкін.

Дигоксин және литий

Ацетилсалицил қышқылы дигоксин мен литийдің бүйрекпен шығарылуын бұзады, бұл олардың плазмалық концентрацияларының жоғарылауына әкеледі. Ацетилсалицил қышқылымен емдеудің басында және соңында дигоксин мен литийдің плазмалық концентрацияларының деңгейіне мониторинг жүргізу қажет. Қажет жағдайда дозаны өзгертуге болады.

Диуретиктер және гипертензияға қарсы препараттар

ҚҚСП диуретиктер мен басқа да гипертензияға қарсы препараттардың гипертензияға қарсы әсерін төмендетуі мүмкін. Басқа да ҚҚСП жағдайдағыдай АӨФ тежегіштерімен қатар қолдану кезінде жедел бүйрек жеткіліксіздігінің даму қаупі жоғарылайды.

Диуретиктер

Жедел бүйрек жеткіліксіздігінің даму қаупі бүйректегі простагландин синтезінің төмендеуі арқылы шумақтық сүзілістің төмендеуі салдарынан болады. Пациентке гидратация және емнің басында бүйрек функциясына мониторинг жүргізу ұсынылады.

Карбоангидраза тежегіштері

Бірге қабылдау ауыр ацидозға және орталық жүйке жүйесіндегі уыттылықтың ұлғаюына әкелуі мүмкін.

Жүйелік глюкокортикостероидтар

Ацетилсалицил қышқылы мен глюкокортикостероидтарды бір уақытта қабылдағанда асқазан-ішек жолының жаралануы және қан кету қаупі артады.

Метотрексат (аптасына ˂15 мг дозада)

Метотрексат пен ацетилсалицил қышқылын бірге қолданғанда ацетилсалицил қышқылының ықпалымен оның бүйректік клиренсі төмендеуі салдарынан метотрексаттың гематологиялық уыттылығы жоғарылауы мүмкін. Метотрексатпен біріктіріп қабылдаудың бірінші аптасында қан көрінісін мониторингілеу қажет. Бүйрек функциясының елеусіз ауытқуы дамыған жағдайда да, оның ішінде егде жастағы пациенттерге мұқият мониторинг жүргізу қажет.

Басқа ҚҚСП

Синергиялық әсер салдарынан асқазан-ішек жаралануы және қан кетуі қаупінің ұлғаюы.

Ибупрофен

Экспериментальді деректер ибупрофен ацетилсалицил қышқылының төменгі дозаларының бірге қабылдағанда тромбоциттер агрегациясына ықпалын тежейтінін болжайды. Алайда, бұл деректердің шектеулілігі және ex vivо деректерінің клиникалық жағдайға экстраполяциясына қатысты екіұштылығы ибупрофенді тұрақты қабылдауға қатысты анық қорытындылар жасауға болмайтынын болжайды. Клиникалық тұрғыдан маңызды ықпалы ибупрофенді кездейсоқ қолдануға қатысты екендігі ықтимал.

Циклоспорин, такролимус

ҚҚСП мен циклоспоринді немесе такролимусты бірге қолдану циклоспорин мен такролимустың нефроуытты әсерін жоғарылатуы мүмкін. Олардың ацетилсалицил қышқылымен бірге қолданғанда бүйрек функциясына мониторинг жүргізу қажет.

Вальпроаттар

Ацетилсалицил қышқылы вальпроаттардың сарысулық альбуминмен байланысын төмендетеді, осылайша олардың еркін плазмалық тепе-тең концентрациясын ұлғайтады.

Фенитоин (эпилепсия кезінде)

Салицилаттар фенитоинның плазмадағы альбуминмен байланысу дәрежесін төмендетеді, бұл фенитоинның плазмадағы жалпы деңгейінің төмендеуіне әкеледі, алайда оның еркін фракциясы жоғарылайды. Байланыспаған концентрациясы және осылайша, емдік әсері айтарлықтай өзгермейді.

Алкоголь

Алкоголь мен ацетилсалицил қышқылын бірге қолдану асқазан-ішектен қан кету қаупін арттырады.

Антацидтер эффект ацетилсалицил қышқылының әсерін төмендетеді.

Ацетилсалицил қышқылы темір тұздарымен, карбонаттармен және сілтілік металдардың гидроксидтерімен үйлеспейді.

Айрықша нұсқаулар

АС-тромбин 100 мг таблеткалары қабынуға қарсы/анальгетикалық/ыстық түсіретін дәрі ретінде қолдануға келмейді.

Ересектер мен 16 жастан асқан балаларға қолдану үшін ұсынылған дозалар

Аталған дәрілік препарат тек оның пайдасы қолдану қаупінен басым жағдайда болмаса ересектерге/16 жасқа толмаған балаларға қолдануға ұсынылмайды. Ацетилсалицил қышқылы кейбір балаларда Рей синдромының (жедел бауыр энцефалопатиясы) дамуына түрткі болатын фактор ретінде жүреді. Геморрагияның даму қаупі жоғарылайды, атап айтқанда операциялар кезінде немесе одан кейін (тіпті елеусіз жағдайларда, мысалы, тіс жұлғанда). Емді уақытша тоқтату қажет болуы мүмкін.

АС-тромбин 100 мг таблеткаларын меноррагия кезінде қабылдау ұсынылмайды, өйткені бұл етеккірлік қан кетуді күшейтуі мүмкін.

АС-тромбин 100 мг таблеткаларын гипертензия жағдайында, сондай-ақ анамнезде асқазан-ішек жолының жаралануы, геморрагиялық эпизодтарда және антикоагулянттық ем қабылдау жағдайында сақтықпен қодану керек.

Пациенттерге барлық әдеттен тыс қан кетулер туралы дәрігерге хабарлау керек. Асқазаннан немесе ішектен қан кету дамыған жағдайда емді тоқтату керек.

Ацетилсалицил қышқылын орташа дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі немесе бауыр жеткіліксіздігімен пациенттерде (ауыр дәрежесінде қолдануға болмайды), сондай-ақ дегидратациясы бар пациенттерде қолданғанда сақтық таныту керек, өйткені ҚҚСП қабылдау бүйрек функциясының нашарлауына әкелуі мүмкін. Жеңіл және орташа дәрежедегі бауыр жеткіліксіздігімен пациенттерде жүйелі түрде бауырдың функционалдық көрсеткіштерін анықтау қажет.

Ацетилсалицил қышқылы бронх түйілуіне және демікпе ұстамасына, сондай-ақ басқа да аса жоғары сезімталдық реакцияларына түрткі болуы мүмкін. Қауіп факторларына мыналар жатады: демікпе, пішен қызбасы, мұрын полипозы және созылмалы респираторлық аурулар. Тура осы басқа компоненттерге аллергиялық реакциялары бар пациенттерге де жарамды (мысалы, тері реакциялары, қышыну, есекжем).

Ацетилсалицил қышқылын қолданумен байланысты күрделі тері реакциялары, оған қоса Стивен-Джонс синдромының даму жағдайлары туралы хабарланды. АС-тромбин таблеткаларын қабылдауды тері бөртпесі, шырыштың жаралануы немесе басқа да аса жоғары сезімталдық реакциялары алғаш пайда болғанда тоқтату керек.

Асқазан-ішектен қан кету және тесілу жағдайлары жағымсыз реакцияларға сезімтал егде жастағы пациенттерде ацетилсалицил қышқылын қоса, ҚҚСП қабылдағанда фатальді болуы мүмкін. Ұзақ мерзімді ем қажет жағдайда пациент жүйелі түрде тексеріліп отыруы тиіс.

АС-тромбин 100 мг таблеткаларын гемостазды зақымдайтын басқа препараттармен (оның ішінде антикоагулянттар, варфарин, тромболитиктер және антиагреганттар, қабынуға қарсы препараттар және серотонинті кері қармаудың селективті тежегіштері) аса қажеттілік туындамағанша қатар қолдану ұсынылмайды, өйткені олар геморрагияның даму қаупін күшейтуі мүмкін. Аталған біріктірілімдерді қабылдау қажет болғанда қан кету белгілерін мұқият қадағалау керек.

Пероральді кортикостероидтар, серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштері және деферазирокс сияқты ойықжараның түзілу қаупін жоғарылатуы мүмкін препараттармен қабылдау кезінде сақ болу керек.

Ацетилсалицил қышқылын төменгі дозаларда қабылдау несеп қышқылының шығарылуын төмендетеді.

Аталған фактіге байланысты несеп қышқылының шығарылуын төмендету үрдісі бар пациенттерде подагра ұстамасының дамуы мүмкін.

Емдік дозалардан жоғары дозаларды қабылдау кезінде АС-тромбин таблеткалары сульфонилмочевина және инсулин препараттарының гипогликемиялық әсерін күшейтуі мүмкін.

Ацетилсалицил қышқылын жүктіліктің кеш кезеңдерінде, сондай-ақ лактация кезінде қабылдаудан аулақ болу керек.

АС-тромбин таблеткаларының құрамында лактоза моногидраты бар. Сирек туа біткен галактоза жақпаушылығы, Лапп лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге аталған препаратты қабылдамау керек.

АС-тромбин таблеткаларының құрамында сахароза бар. Сирек тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы және сахараза-изомальтаза жеткіліксіздігі бар пациенттер бұл препаратты қолданбаулары керек.

Жүктілік

Төменгі дозалар (тәулігіне 100мг дейін)

Клиникалық зерттеулер тәулігіне 100мг дейінгі дозада қабылдау акушерствода шектеулі пайдалану үшін қауіпсіз екенін көрсетті.

Тәулігіне 100-500 мг/ дозалар

Тәулігіне 100 мг-ден тәулігіне 500мг дейінгі дозада қолданудың клиникалық тәжірибесі шектеулі. Демек, аталған дозалар диапазоны үшін төмен ұсынымдарды басшылыққа алу қажет.

Тәулігіне 500мг және одан жоғары дозалар

Простагландиндер синтезін басу жүктілікке және/немесе эмбрион/шарана дамуына жағымсыз ықпал етуі мүмкін. Эпидемиологиялық зерттеу деректері жүктіліктің ерте мерзімдерінде простагландиндер синтезінің тежегішін пайдаланғаннан кейін түсік тастау және жүректің даму кемістіктері, гастрошизис дамуының жоғарғы қаупін көрсетеді. Кардиоваскулярлық кемістіктердің абсолюттік даму қаупі 1%-дан кемнен шамамен 1,5%-ға дейін жоғарылады. Қауіп дозаның және емдеу ұзақтығының ұлғаюымен өсуі ықтимал. Жануарларда простагландин синтезінің тежегіштерін тағайындау пре- және пост-имплантациялық түсік тастаудың артуына, эмбрион мен шарананың өліміне әкелді. Қосымша ретінде органогенез кезеңінде простагландин синтезінің тежегіштерін тағайындағанда жануарларда түрлі кемістіктердің, кардиоваскулярлық кемістіктердің даму жағдайлары ұлғайды. Осылайша, ацетилсалицил қышқылын анық қажеттілік туындамағанша жүктіліктің I және II триместрінде тағайындамаған жөн. Ацетилсалицил қышқылын жүктілікті жоспарлап жүрген әйелдің немесе жүктіліктің I және II триместрінде қолданған жағдайда ацетилсалицил қышқылының ең төменгі дозаларын қабылдау қажет және ем ұзақтығы барынша қысқа болуы тиіс.

Простагландин тежегіштерін жүктіліктің III триместрінде қабылдау шаранаға келесі ықпалдарды тигізуі мүмкін:

- кардио- және пульмоуыттылық (артериялық арнаның уақытынан бұрын жабылуымен және өкпе гипертензиясымен);

- олигогидроамниозы бар бүйрек жеткіліксіздігіне дейін өршуі мүмкін бүйрек дисфункциясы;

анаға және нәрестеге:

- өте төмен дозаларды қабылдағанда қан кету уақытының ұзаруы, антиагреганттық әсері дамуы мүмкін;

- жатыр жиырылуының тежелуі, бұл ұзақ босануға әкеледі.

Демек, ацетилсалицил қышқылын тәулігіне 100мг және одан жоғары дозада III триместр кезінде қолдануға болмайды.

Лактация

Салицилаттар мен олардың метаболиттерінің аздаған мөлшері емшек сүтіне өтеді. Нәрестелерде жағымсыз реакциялардың жағдайлары туралы осы уақытқа дейін хабарланбағандықтан ацетилсалицил қышқылын ұсынылған дозаларда қысқа мерзімді қолдану лактацияны тоқтатуды керек етпейді. Жоғарғы дозаларды ұзақ қолдану және/немесе тағайындау жағдайында лактацияны тоқтату керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Ықпалы анықталмаған

Артық дозалануы

Салицилаттық уыттану (350 мг/л (2.5ммоль/л) артық дозада АСҚ қабылдағанда дамиды).

Өліммен аяқталған жағдайлардың көпшілігі пациенттер 700 мг/л (5.1ммоль/л) артық дозаны қабылдағанда байқалған. 100мг/кг дозаны бір рет қабылдау ауыр уыттану туындататыны екіталай. Ауырлығы жеңіл дәрежедегі созылмалы артық дозалану әдетте препараттың үлкен дозаларын бірнеше рет пайдаланғаннан кейін ғана дамиды.

Симптомдары: жалпы симптомдар, оған қоса бас айналуы, құсу, сусыздану, құлақтың шулауы, вертиго, кереңдік, тершеңдік, тамырдың әлсіз соғуымен жылы аяқ-қол, тыныс алу жиілігінің ұлғаюы және гипервентиляция. Көптеген жағдайларда біраз дәрежеде қышқылдық-сілтілік тепе-теңдіктің бұзылуы болады. Аралас респираторлық алкалоз және рН мәні қалыпты немесе жоғары метаболизмдік ацидоз (сутегі иондарының қалыпты немесе төмендеген концентрациясы) ересектер мен төрт жастан асқан балаларда қалыпты күй болып табылады. Төрт жасқа дейінгі балаларда көбінесе артериялық рН деңгейі төмен (сутегі иондарының жоғары концентрациясы) метаболизмдік ацидоз дамиды. Ацидоз салицилаттардың гематоэнцефалдық кедергі арқылы өтуін жоғарылатуы мүмкін. Кейбір жағдайларда гематемезис, гиперпирексия, гипертермия, гипогликемия, гипокалиемияны қоса симптомдар, тромбоцитопения, протромбиндік уақыттың ұзаруы, интраваскулярлық коагуляция, бүйрек жеткіліксіздігі, этиологиясы жүрекпен байланысты өкпенің ісінуі дамыды.

Орталық жүйке жүйесі тарапынан болған ерекшеліктер, оған қоса сананың шатасуы, бағдарсыздық, кома және конвульсия балаларға қарағанда ересектерде сирек дамыған.

Емі: 250 мг/кг артық дозаны бір сағат ішінде қабылдаған жағдайда белсендірілген көмір қабылдау. Ауырлық дәрежесін бағалау клиникалық және биохимиялық белгілерді қоспағанда, тек осы деректерге сүйене отырып жүргізілуі мүмкін екеніне қарамастан қан плазмасындағы салицилаттар деңгейін өлшеу керек. Элиминациясы несептің сілтілену жолымен жақсарады, оған натрий бикарбонатының 1,26% ерітіндісін енгізу арқылы жетеді. Несептің рН мониторинг жүргізу керек. Метаболизмдік ацидозды натрий бикарбонатының 8.4% ерітіндісін көктамыр ішіне енгізу (осының алдында плазмадағы калий мөлшерін өлшеу керек) арқылы түзетеді. Қарқынды диурез жүргізбеу керек, өйткені ол салицилаттар экскрециясын ұлғайтпайды және өкпе ісінуін туындатуы мүмкін. Гемодиализ қатты улану кезіндегі таңдау терапиясы болып табылады, оны қан плазмасындағы салицилаттар концентрациясы 700 мг/л артық пациенттерде немесе ауыр клиникалық және метаболизмдік белгілермен астасқан төменгі концентрацияларда жүргізу керек. 10 жасқа толмаған және 17 жастан асқан пациенттер салицилатпен уыттанудың жоғарғы қаупінде тұр, оларға ерте сатысында диализ керек болуы мүмкін.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

3 пішінді ұяшықты қаптама медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС

Қазақстан Республикасы, Алматы обл., Іле ауд., Өндірістік аймақ 282

тел.: +7 (727) 232-44-85

Тіркеу куәлігінің иесі

«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС

Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы обл., Іле ауд., Өндірістік аймақ 282, тел.: +7 (727) 232-44-85,

электрондық поштасы: info@aigp.kz

Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік зат қауіпсіздігін тіркеуден кейінгі қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы обл., Іле ауд., Өндірістік аймақ 282, тел.: +7 (727) 232-44-85,

электрондық поштасы: info@aigp.kz

Прикрепленные файлы

969971111477976984_ru.doc 95.5 кб
382687331477978149_kz.doc 59.49 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники