Астродал (250 мг)

МНН: Темозоломид
Производитель: ЭйрДжен Фарма Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Temozolomide
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020511
Информация о регистрации в РК: 18.04.2014 - 18.04.2019
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 17 598.84 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Астродал

Халықаралық патенттелмеген атауы

Темозоломид

Дәрілік түрі

100 мг және 250 мг капсулалар

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді зат - 100 мг немесе 250 мг темозоломид бар,

қосымша заттар: сусыз лактоза, натрий крахмалының гликоляты, шарап қышқылы, стеарин қышқылы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы

капсула корпусының құрамы:

титанның қостотығы (Е 171), желатин

капсула қақпағының құрамы:

100 мг үшін: желатин, титанның қостотығы (Е171), темірдің қызыл тотығы (Е 172), көгілдір индиготин 2 - FD&C (Е132)

250 мг үшін: желатин, титанның қостотығы (Е171);

Қара сия 1014 құрамы: шеллак, пропиленгликоль, тазартылған су, аммиактың концентрацияланған ерітіндісі, калий гидроксиді, темірдің қара тотығы (Е 172).

Сипаттамасы

Ақ корпусы және күлгін түсті қақпақшасы бар өлшемі № 0, мөлдір емес қатты желатинді капсулалар. Капсулаға 100 саны қара сиямен жазылған (100 мг үшін).

Ақ түсті корпусы және қақпақшасы бар өлшемі № 0, мөлдір емес қатты желатинді капсулалар. Капсулаға 250 саны қара сиямен жазылған (250 мг үшін).

Фармакотерапиялық тобы

Ісікке қарсы препараттар. Алкилдеуші препараттар. Алкилдеуші басқа да препараттар. Темозоломид.

АТХ коды L01AХ03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Темозоломид физиологиялық рН деңгейінде көбінесе белсенді зат 3-метил-(триазен-1-ил) имидазол-4-карбоксамидке (МТИК) дейін өздігінен гидролизденеді. МТИК пуриндер мен нуклеин қышқылдарының био- синтезінің белгілі аралық өнім 5-амино-имидазол-4-карбоксамидке (АИК), және белсенді алкилдеуші түр болуы мүмкін метилгидразинге дейін өздігінен гидролизденеді. МТИК-тің цитоуыттылығы, ең алдымен, ДНҚ алкилденуімен, негізінен, гуаниннің О6 және N7 күйінде жүзеге асады деп есептеледі. Темозоломидтің AUC қатысты, МТИК және АИК экспозициясы шамамен, сәйкесінше, 2.4% және 23% құрайды. In vivo, МТИК T1/2 көрсеткіші темозоломидтің көрсеткішіне ұқсас - 1.8 сағат.

Сіңірілуі. Ішке қабылдағаннан кейін ересек пациенттерде темозоломид тез сіңіп, ең жоғары концентрацияға дозаны қабылдағаннан кейін 20 минуттан соң тез жетеді (орташа уақыты 0.5-тен 1.5 сағатқа дейін). 14С-таңбаланған темозоломидті ішу арқылы қабылдаудан кейін 7 күн бойы нәжіспен бірге 14С орташа шығарылуы 0.8% құрады, бұл толық сіңгенін айғақтайды.

Таралуы. Темозоломид ақуызбен нашар (10-нан 20%-ға дейін) байланысатынын көрсетті, сондықтан ақуыздармен жоғары дәрежеде байланысатын заттармен өзара әрекеттесуі күтілмейді. Адамдарда позитронды-эмиссиялық томографияны (ПЭТ) пайдаланып жүргізілген зерттеулер және клиникаға дейінгі деректер темозоломидтің гематоэнцефалдық бөгет арқылы тез өтетіндігін және жұлын-ми сұйықтығына (ЖМС) түсетіндігін көрсетеді. Бір пациентте ЖМС-де препараттың бар екендігі дәлелденді; темозоломидтің AUC көрсеткішін негізге алар болсақ, ЖМС-дағы экспозициясы қан плазмасындағы экспозицияның шамамен 30%-ын құрады, бұл жануарларға жүргізілген зерттеулерден алынған деректермен ұқсас.

Шығарылуы. Қан плазмасынан жартылай шығарылу кезеңі (Т1/2) 1.8 сағатты құрайды. 14С негізгі шығарылу жолы – бүйрек арқылы. Ішу арқылы қабылдаудан кейін дозаның шамамен 5-10%-ы өзгермеген күйінде несеппен бірге 24 сағат ішінде шығарылады, ал қалған мөлшері темозоломид қышқылы, 5-аминоимидазол-4-карбоксамид немесе сәйкестендірілмеген полярлы метаболиттер түрінде шығарылады. Қан плазмасындағы концентрациясы дозаға байланысты жоғарылайды. Плазма клиренсі, таралу көлемі және жартылай шығарылу кезеңі дозаға байланысты емес.

Пациенттердің жекелеген топтары. Темозоломидтің популяциялық фармакокинетикасын талдау темозоломидтің плазмалық клиренсінің жасқа, бүйрек функциясына немесе никотинге тәуелділігіне байланысты еместігін көрсетті. Жекелеген фармакокинетикалық зерттеуде препараттың плазмалық фармакокинетикалық бейіндері бауыр функциясының ауырлығы жеңіл немесе орташа дәрежедегі бұзылуы бар пациенттерде бауыр функциясы қалыпты пациенттердегі сияқты болды. Балаларда AUC көрсеткіші ересектерге қарағанда жоғары; алайда, ең жоғары жағымды доза (ЖЖД) балаларда және ересектерде бір циклге 1,000 мг/м2 құрады.

Фармакодинамикасы

Темозоломид – физиологиялық рН мәндерінде белсенді монометил триазеноимидазол карбоксамидке (МТИК) тез химиялық айналуға ұшырайтын триазен. МТИК цитоуыттылығы, ең алдымен, гуаниннің О6 күйінде алкилденуімен және N7 күйінде қосымша алкилденуімен жүзеге асады деп саналады. Шамасы, осының салдарынан туындайтын цитоуыттық зақымдану метил қалдығының аберранттық қалпына келу механизмін қамтуы мүмкін.

Қолданылуы

Астродал мыналарды емдеу үшін қолданылады:

˗ мультиформалы глиобластомасы алғаш анықталған ересек пациенттерде сәулелік ем (СЕ) қолданылатын біріктірілген ем құрамында және одан кейінгі монотерапияда;

˗ мультиформалы глиобластома немесе анапластикалық астроцитома түрінде қатерлі глиомасы бар 3 жастағы және одан үлкен балаларда, жасөспірімдерде және ересек пациенттерде стандартты емнен кейін ауру қайталанғанда немесе өршігенде.

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты мидың қатерлі ісігін емдеу тәжірибесі бар дәрігерлер тағайындауы тиіс. Құсуға қарсы препараттарды тағайындау мүмкіндігін қарастырған жөн.

Мультиформалы глиобластомасы алғаш диагностикаланған ересек пациенттер. Астродалды фокальді сәулелік еммен біріктіріп (біріктірілген фаза) қолданады, одан кейін темозоломидпен монотерапияның 6 циклін жүргізеді (монотерапия фазасы).

Біріктірілген фаза. Темозоломидті ішке 42 күн бойы тәулігіне 75 мг/м2 дозада фокальді сәулелік ем жүргізумен бір мезгілде қолданады (30 фракцияда 60 Гр қолданылады). Дозаны төмендету ұсынылмаған, алайда апта сайын уыттылығының гематологиялық және гематологиялық емес критерийлеріне байланысты темозоломидті қабылдауды кейінге қалдыру немесе тоқтату жөніндегі мәселені қараған жөн. Темозоломидті қолдануды, егер төменде берілген шарттар сақталса, біріктірілген емнің барлық 42 күндік кезеңі бойы (49 күнге дейін) жалғастыруға болады:

- нейтрофилдердің абсолютті саны ≥1.5 × 109/л;

- тромбоциттер саны ≥100 × 109/л;

- ≤1-ші дәрежелі гематологиялық емес уыттылық үшін жалпы уыттылық критерийлері (ЖУК) (алопецияны, жүректің айнуы, құсуды қоспағанда).

Емдеу кезінде апта сайын қанға толық талдау жүргізген жөн. Темозоломидті қолдануды емдеудің біріктірілген фазасы кезінде 1 кестеде көрсетілгендей уыттылығының гематологиялық және гематологиялық емес критерийлеріне сәйкес уақытша доғару немесе толық тоқтату керек.

1 кесте. Біріктірілген ем (сәулелік ем және темозоломид) кезінде темозоломидті қолдануды уақытша тоқтату немесе тоқтату

Уыттылығы

Темозоломидті қолдануды уақытша тоқтатуа

Темозоломидті қолдануды тоқтату

Нейтрофилдердің абсолютті саны

0.5 және <1.5 × 109/л

<0.5 × 109/л

Тромбоциттердің саны

10 және <100 × 109/л

<10 × 109/л

Гематологиялық емес уыттылық ЖУК (алопецияны, жүректің айнуын және құсуды қоспағанда)

2 дәрежелі ЖУК

3 немесе 4 дәрежелі ЖУК

а - темозоломидті бір мезгілде қолданып емдеуді төменде берілген барлық шарттарға сәйкес жалғастыруға болады: нейтрофилдердің абсолютті саны 1.5 × 109/л; тромбоциттер саны 100 × 109/л; ≤1-ші дәрежелі гематологиялық емес уыттылықтың ЖУК (алопецияны, жүректің айнуын және құсуды қоспағанда)

Монотерапия фазасы. Темозоломид + сәулелік емімен емдеудің біріктірілген фазасы аяқталғаннан кейін 4 аптадан соң, темозоломид монотерапияның 6 циклі үшін қолданылады. 1 цикл кезіндегі (монотерапия) доза 5 күн бойы тәулігіне 1 рет 150 мг/м2 құрайды, әрі қарай емдеусіз 23 күндік үзіліс жасалады. 2 цикл үшін, егер 1 цикл кезінде гематологиялық емес ЖУК ≤2-ші дәрежені (алопецияны, жүректің айнуын және құсуды қоспағанда), нейтрофилдердің абсолютті саны 1.5 × 109/л, тромбоциттер саны 100 × 109/л құраса, Астродал препаратының дозасы 200 мг/м2 дейін жоғарылайды. Егер дозаны 2 Циклде жоғарылатпаса, кейінгі циклдерде де дозаны жоғарылатпайды. Егер доза жоғарыласа, уыттылықтың даму жағдайларынан басқасында, препаратты әрбір кейінгі циклдің алғашқы 5 күн бойы 200 мг/м2 дозада қолданады. Монотерапия фазасы кезінде Астродал препаратының дозасын төмендетуді немесе қолданылуын тоқтатуды 2 және 3 кестелерге сай жүргізу керек.

Емдеу кезінде 22-ші күні (темозоломидтің алғашқы дозасын қабылдағаннан кейін 21 күннен соң) қанға жалпы толық талдау жасаған жөн. Астродал препаратының дозасын төмендетуді немесе қолданылуын тоқтатуды 3 кестеге сай жүргізу керек

2 кесте. Монотерапия кезіндегі темозоломид дозасының деңгейлері

Дозалар деңгейі

Доза (мг/м2/тәул.)

Ескерту

- 1

100

Бұған дейін уыттылық болса төмендету

 

150

1 Цикл кезіндегі доза

1

200

Уыттылық жоқ болғанда 2-6 Цикл кезіндегі доза

3 кесте. Монотерапия кезіндегі темозоломидтің дозасын төмендету немесе қолдануды тоқтату

Уыттылық

Темозоломид дозасын 1 деңгейгеа төмендету

Темозоломид қолдануды тоқтату

Нейтрофилдердің абсолютті саны

<1.0  109/л

b сілтемені қараңыз

Тромбоциттердің саны

< 50  109/л

b сілтемені қараңыз

Гематологиялық емес уыттылық ЖУК (алопецияны, жүректің айнуын және құсуды қоспағанда)

3 дәрежелі ЖУК

4 b дәрежелі ЖУК

а - темозоломид дозасының деңгейлері 2 Кестеде көрсетілген;

b – темозоломидті тоқтатады, егер:

  • 1 (100 мг/м2) - доза деңгейінің қолайсыз уыттылықпен қатарласуы жалғасса

  • 3 дәрежелі гематологиялық емес уыттылық (алопецияны, жүректің айнуын және құсуды қоспағанда) дозаны төмендеткеннен кейін қайталанса

Қатерлі глиомасы қайталанған немесе өршіген ересек пациенттер және 3 жастағы және одан үлкен балалар. Емдеу циклі 28 күнді құрайды. Бұрын химиотерапия жүргізілмеген пациенттерге, темозоломидті 5 күн бойы тәулігіне 1 рет 200 мг/м2 дозада пероральді түрде тағайындайды, кейін емсіз 23 күндік үзіліс жасайды (жалпы 28 күн). Бұрын химиотерапия жүргізілген пациенттер үшін, бастапқы доза тәулігіне 1 рет 150 мг/м2 құрайды; екінші циклде, гематологиялық уыттылық жоқ болғанда, 5 күн бойы тәулігіне 1 рет доза 200 мг/м2 дейін арттырылуы мүмкін.

Пациенттердің жекелеген топтары

Балалар. 3 жастағы және одан үлкен пациенттерге темозоломидті қатерлі глиома қайталанғанда немесе өршігенде ғана тағайындауға болады. 3 жасқа толмаған балаларда темозоломидті қолданудың клиникалық тәжірибесі жоқ. Препаратты үлкен балаларға қолдану тәжірибесі өте шектеулі.

Бауыр немесе бүйрек бұзылулары бар пациенттер. Бауыр функциясы қалыпты және бауыр функциясының ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі бұзылуы бар пациенттерде темозоломидтің фармакокинетикасы ұқсас. Бауыр функциясының ауыр түрдегі бұзылулары (Чайлд-Пью бойынша С класс) бар немесе бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде темозоломидті қолдануға қатысты деректер жоқ. Темозоломидтің фармакокинетикалық қасиеттерін негізге алсақ, бауыр функциясы бұзылуларының ауыр түрі немесе бүйрек функциясының ауырлығы кез келген дәрежедегі бұзылуы бар пациенттер үшін дозаны төмендетудің қажет болуы екіталай. Алайда осы пациенттерге темозоломидті қолданған кезде сақтық шараларын жүргізген жөн.

Егде жастағы пациенттер. 19-78 жастағы пациенттерге қатысты популяциялық фармакокинетикалық талдауды негізге алсақ, темозоломидтің клиренсі жасқа байланысты өзгермейді. Алайда егде жастағы (70 жастан асқан) пациенттерде нейтропенияның және тромбоцитопенияның пайда болу қаупі жоғары болуы мүмкін.

Қолдану тәсілі

Астродал препараты, капсулаларын, ашқарынға стакан сумен ішіп, бүтіндей жұтқан жөн. Капсуланы ашуға немесе шайнауға болмайды.

Егер дозаны қабылдағаннан кейін құсатын болса, сол күні екінші дозаны қабылдамаған жөн.

Препаратты сақтау және онымен жұмыс жасау жөнінде арнайы нұсқаулар

Капсуланы ашуға болмайды. Капсула бүлінген жағдайда оның ішіндегісін (ұнтақты) теріге немесе шырышты қабыққа тигізіп алмаған жөн. Астродал препараты теріге немесе шырышты қабыққа тиіп кеткен жағдайда осы жерді дереу сабындап сумен жуып-шаю керек.

Пациенттер капсулаларды балалардың қолы жетпейтін жерде, дұрысы құлыпталатын шкафта сақтауы тиіс. Сәби препаратты байқамай қабылдап қойса, өлімге әкеп соғуы мүмкін.

Пайдаланылмаған препаратты немесе қалдықтарды жергілікті талаптарға сай жойған жөн.

Жағымсыз әсерлері

Клиникалық сынақтар

Темозоломид қабылдайтын пациенттер, сәулелік еммен біріктірілімде немесе мидың алғаш диагностикаланған мультиформалы глиобластомасындағы сәулелік емнен кейінгі монотерапияда болсын немесе қайталанатын немесе үдемелі қатерлі глиомада монотерапия ретінде Темозоломид қабылдаған пациенттер болсын, жүрек айнуы, құсу, іш қатуы, анорексия, бас ауыруы және қажығыштық сияқты жағымсыз реакциялар туралы хабарлаған. Монотерапия қабылдайтын мидың алғаш диагностикаланған мультиформалы глиобластомасы бар пациенттерде құрысулар өте жиі бақыланды және Темозоломидті сәулелік еммен бір мезгілде қабылдайтын, сондай-ақ монотерапия ретінде және әдетте қайталанатын глиомада, мидың алғаш білінген мультиформалы глиобластомасы бар пациенттерде бөртпе өте жиі бақыланды. Гематологиялық жағымсыз реакциялардың көпшілігі екі жағдайда да жиі немесе өте жиі бақыланды (4 және 5 кесте); ауырлығы 3-4 дәрежелі зертханалық сынақтардың жиілігі әр кестеден кейін берілген.

Кестелерде жағымсыз әсерлері ағзалар жүйесінің класына және біліну жиілігіне қарай жіктеледі. Жиілік тобы келесі параметрлерге сәйкес анықталады: өте жиі (≥ 1/10); Жиі (≥ 1/100 -<1/10 дейін); Жиі емес (≥ 1/1, 000 - <1/100 дейін); Сирек (≥ 1/10 000 - <1/1000 дейін); Өте сирек (<1/10000).

4 кесте

Бірінші анықталған мультиформалы глиобластоманы емдеудегі болжамды жағымсыз әсерлер

Ағзалар жүйесінің класы

Пациенттер арасында (n=288*) бір мезгілде ТМЗ + сәулелік ем пайдалану

Пациенттер арасында (n=224) ТМЗ пайдаланылған монотерапия

Инфекциялық асқынулар

Жиі

Ауыз қуысының кандидозы, қарапайым герпес, инфекция, фарингит, жарақатты инфекция

Ауыз қуысының кандидозы, инфекциясы

Жиі емес

 

Қарапайым герпес, белдемелі герпес, тұмауға ұқсас симптомдар

Қан және лимфа жүйесінің бұзылуы

Жиі

Нейтропения, тромбоцитопения, лимфопения, лейкопения

Фебрильді нейтропения, тромбоцитопения, анемия, лейкопения

Жиі емес

Фебрильді нейтропения, анемия

Лимфопения, петехиялар

Эндокриндік жүйенің бұзылуы

Жиі емес

Кушингоид

Кушингоид

Метаболизм және қоректенудің бұзылуы

Өте жиі

Анорексия

Анорексия

Жиі

Гипергликемия, салмақ төмендеуі

Салмақ төмендеуі

Жиі емес

Гипокалиемия, сілтілік фосфатаза жоғарылауы, салмақ артуы

Гипергликемия, салмақ артуы

Психикалық бұзылыстар

Жиі

Мазасыздық, көңіл-күй тұрақсыздығы, ұйқысыздық

Мазасыздық, депрессия, көңіл-күй тұрақсыздығы, ұйқысыздық

Жиі емес

Қозу, апатия, мінез-құлық бұзылыстары, депрессия, елестеулер

Елестеулер, амнезия

Жүйке жүйесі бұзылуы

Өте жиі

Бас ауыруы

Бас ауыруы, құрысулар

Жиі

Бас айналуы, афазия, теңгерім бұзылуы, зейін қою бұзылуы, сананың бәсеңдеуі, құрысулар, есте сақтаудың бұзылуы, нейропатия, парестезия, ұйқышылдық, сөйлеудің бұзылыстары, тремор

Бас айналуы, афазия, теңгерім бұзылуы, зейін қою бұзылуы, сананың бәсеңдеуі, дисфазия, гемипарез, есте сақтаудың бұзылуы, неврологиялық бұзылыстар, нейропатия, шеткері невропатия, парестезия, ұйқышылдық, сөйлеудің бұзылыстары, тремор

Жиі емес

Атаксия, когнитивтік функция бұзылуы, дисфазия, экстрапирамидалық бұзылыстар, жүрістің бұзылуы, гемипарез, гиперестезия, гипестезия, шеткері невропатия, неврологиялық бұзылу, эпилепсиялық статус

Атаксия, тепе-теңдік бұзылуы, жүрістің бұзылуы, бір жақты салдану, гиперестезия, сенсорлық бұзылу

Көру мүшелерінің бұзылуы

Жиі

Көрудің бұлыңғырлануы

Көрудің бұлыңғырлануы, диплопия, көру аумағының ақауы

Жиі емес

Көз ауыруы, гемианопия, көрудің бұзылуы, көру өткірлігінің төмендеуі, көру аумағының ақауы

Көздің ауыруы, көздегі құрғақтық, көру өткірлігінің төмендеуі

Есту мүшелерінің бұзылуы

Жиі

Естудің бұзылуы

Естудің бұзылуы, құлақтағы шуыл

Жиі емес

Құлақтың ауыруы, гиперакузия, құлақтағы шуыл, ортаңғы құлақ отиті

Кереңдік, құлақтың ауыруы, вестибулярлық бас айналуы

Жүрек қызметінің бұзылуы

Жиі емес

жүрек қағуы

 

Қан тамырларының бұзылыстары

Жиі

Ісіну, аяқтың ісінуі, қан кетулер

Аяқтың ісінуі, қан кетулер, терең веналар тромбозы

Жиі емес

Гипертония, церебральді қан кетулер

Ісіну, шеткері ісінулер, өкпелік эмболия

Тыныс алу жүйесі, көкірек ортасы және кеуде тарапынан бұзылулар.

Жиі

Жөтел, диспноэ

Жөтел, диспноэ

Жиі емес

Пневмония, жоғарғы тыныс жолдарының инфекциясы, мұрын бітелуі

Пневмония, синусит, жоғарғы тыныс жолдарының инфекциясы, бронхит

Асқазан-ішек бұзылыстары

Өте жиі

Жүрек айнуы, құсу, іш қатуы

Жүрек айнуы, құсу, іш қатуы

Жиі

Іш аумағының ауыруы, диарея, диспепсия, дисфагия, стоматит

Диарея, диспепсия, дисфагия, ауыз құрғауы, стоматит

Жиі емес

 

Іштің кебуі, нәжіс ұстамау, асқазан-ішек бұзылыстары, гастроэнтерит, геморрой

Тері және тері асты тіндері аурулары

Өте жиі

Алопеция, бөртпе

Алопеция, бөртпе

Жиі

Дерматит, терінің құрғауы, эритема, қышыну

Терінің құрғауы, қышыну

Жиі емес

Жарыққа сезімталдық реакциясы, пигментация бұзылуы, тері қабыршақтануы

Эритема, пигментация бұзылуы, қатты тершеңдік

Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тіндер аурулары

Жиі

Артралгия, бұлшықет әлсіздігі

Артралгия, сүйек-бұлшықет ауыруы, миалгия, бұлшықет әлсіздігі

Жиі емес

Арқаның ауыруы, сүйек-бұлшықет ауыруы, миалгия, миопатия

Арқаның ауыруы, миопатия

Бүйректің және несеп шығару жолдарының бұзылыстары

Жиі

Жиі несеп бөлу, несеп ұстамау

Несеп ұстамау

Жиі емес

 

Дизурия

Ұрпақ өрбіту жүйесінің және сүт безінің аурулары

Жиі емес

Импотенция

Аменорея, сүт безінің ауыруы, меноррагия, қынаптан қан кету, вагинит

Жалпы сипаттағы бұзылыстар және препарат енгізу орнындағы реакциялар

Өте жиі

Қажығыштық

Қажығыштық

Жиі

Ысыну, ауыру, аллергиялық реакция, радиациялық зақымдану, беттің ісінуі, дәм сезудің бұрмалануы

Ысыну, ауыру, аллергиялық реакция, радиациялық зақымдану, дәм сезудің бұрмалануы

Жиі емес:

Гиперемия, қан кернеулері, астения, жай-күйдің нашарлауы, сіресу, тілдің депигментациясы, паросмия, шөлдеу

Астения, жай-күйдің нашарлауы, ауыру сіресу, тістің ақауы, беттің ісінуі, дәм сезудің бұрмалануы

Зерттеу нәтижелері

Жиі:

АЛТ деңгейі жоғарылауы (аланинаминотрансфераза)

АЛТ (аланинаминотрансфераза) деңгейі жоғарылауы

Жиі емес:

Бауыр ферменттерінің артуы, гамма-ГТ деңгейі жоғарылауы (гамма-глютамилтрансфераза), АСТ деңгейі жоғарылауы (аспартатаминотрансфераза)

 

Зертханалық талдау нәтижелері.

Темозоломидті қоса, цитоуытты препараттардың көпшілігінің белгілі доза лимиттеуші уыттылығы болып табылатын миелосупрессия (нейтропения және тромбоцитопения) бақыланды. Біріктірілген емде және монотерапия барысында екі топтағы пациенттер арасындағы зертханалық өзгерістерді және жағымсыз реакцияларды салыстырғанда, нейтропенияны қоса, нейтрофилдердің тарапынан 3-4 дәрежелі өзгерістері пациенттердің 8 % анықталды. Тромбоциттер тарапынан 3-4 дәрежелі өзгерістері тромбоцитопенияны қоса, темозоломид қабылдаған пациенттердің 14 %-да бақыланды.

Қайталанатын немесе үдемелі қатерлі глиома

Клиникалық сынақтар кезінде емге байланысты көбірек жиілікте туындайтын жағымсыз реакциялар асқазан-ішек бұзылыстары, атап айтқанда жүрек айнуы (43%) және құсу (36%) болды. Бұл реакциялар әдетте 1-ші немесе 2-ші дәрежелі түрде болды (24 сағаттан кейін 0 – 5 құсу көріністері) және өздігінен тоқтатылды, немесе құсуға қарсы стандартты ем көмегімен жеңіл бақыланды. Жиілігі ауыр жүрек айнуы және құсу 4% құрады.

5 кесте: Үдемелі немесе қайталанатын қатерлі глиоманы емдегенде болуы мүмкін жағымсыз әсерлер

Инфекциялық асқынулар

Жиі

Pneumocystis jirovecii пневмониясын қоса, оппортунистік инфекциялар

Қан және лимфа жүйесінің бұзылуы

Өте жиі

Нейтропения немесе лимфопения (3-4 дәрежелі)

Тромбоцитопения (3-4 дәрежелі)

Жиі емес

Панцитопения, анемия (3-4 дәрежелі), лейкопения

Метаболизм және тамақтану бұзылуы

Өте жиі

Анорексия

Жиі

Салмақ төмендеуі

Жүйке жүйесі бұзылуы

Өте жиі

Бас ауыруы

Жиі

Ұйқышылдық, бас айналуы, парестезия

Тыныс алу жүйесі, көкірек ортасы және кеуде тарапынан бұзылулар

Жиі

Диспноэ

Асқазан-ішек бұзылыстары

Өте жиі

Жүрек айнуы, құсу, іш қатуы

Жиі

Іш аумағының ауыруы, диарея, диспепсия, дәм сезу бұрмалануы

Тері және тері асты тіндері аурулары

Жиі

Бөртпе, қышыну, алопеция

Өте сирек

Мультиформалы эритема, эритродермия, есекжем, экзантема

Жалпы сипаттағы бұзылыстар және препарат енгізу орнындағы реакциялар

Өте жиі

Қажығыштық

Жиі

Қызба, астения, қалтырау, дімкәстік, ауыру

Өте сирек

Анафилаксия және Квинке ісінуін қоса, аллергиялық реакциялар

Зертханалық талдау нәтижелері.

3-ші немесе 4-ші дәрежелі тромбоцитопения мен нейтропения қатерлі глиомаға байланысты ем қабылдаған пациенттердің, сәйкесінше, 19 және 17%-да байқалды. Бұл пациенттердің, сәйкесінше, 8 және 4%-да ауруханаға жатқызуға және/немесе Астродал препаратын тоқтатуға әкеп соқты. Миелосупрессия болжамды болды (әдетте алғашқы бірнеше циклде, 21 Күн мен 28 Күн арасында ең төмен деңгейде) және жағдай әдетте 1-2 апта ішінде тез жақсарды. Жинақталған миелосупрессия қаупінің қандай да болсын белгілері байқалған жоқ. Тромбоцитопенияның болуы қан кетудің туындау қаупін арттыруы мүмкін, ал нейтропенияның немесе лейкопенияның болуы инфекцияның даму қаупін ұлғайтуы мүмкін.

Постмаркетингтік зерттеу нәтижелері

Жиі

- бауырлық энзимдер деңгейінің жоғарылауы

Жиі емес

- гипербилирубинемия, холестаз, гепатит, бауыр функциясының жеткіліксіздігін * қоса, бауырдың зақымдануы

- цитомегаловирустық инфекция және инфекцияның реактивациясы, мысалы, цитомегаловирустық инфекция және В вирустық гепатит* сияқты

- қантсыз диабет

Өте сирек

- ұзақ панцитопения, апластикалық анемия*,

- миелодисплазиялық синдромның дамуы, миелоидты лейкемияны қоса, салдарлық қатерлі жаңа түзілімдер

- интерстициальді пневмонит/пневмонит, өкпе фиброзы, тыныс алу функциясының жеткіліксіздігі*

- уытты эпидермальді некролиз және Стивенс-Джонсон синдромы

*өліммен аяқталатын жағдайларды қоса

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • темозоломидке немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • дакарбазинге жоғары сезімталдық

  • сүйек кемігі функциясын бәсеңдетудің ауыр дәрежесі

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • 3 жасқа дейінгі балалық (қайталанатын немесе үдемелі қатерлі глиома) немесе 18-ге дейінгі жас (алғаш анықталған мультиформалы глиобластома немесе қатерлі меланома)

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Өзара әрекеттесуіне зерттеулер ересектердің қатысуымен ғана жүргізілді.

I фазаны жеке зерттегенде темозоломидті ранитидинмен бірге қолдану темозоломидтің сіңірілу дәрежесінің өзгеруіне немесе оның белсенді метаболиті - монометил триазеноимидазол карбоксамид (МТИК) экспозициясының өзгеруіне әкелген жоқ.

Темозоломидті тамақпен бірге тағайындау Cmax мәнінің 33%-ға артуына және қисық астындағы ауданның AUC 9%-ға артуына әкелді, сондықтан темозоломидті тамақсыз тағайындау ұсынылады.

II Фазада жүргізілген зерттеулерде популяциялық фармакокинетиканы талдауды негізге алсақ, дексаметазонмен, прохлорперазинмен, фенитоинмен, карбамазепинмен, ондансетронмен, Н2-рецепторлардың антагонистерімен немесе фенобарбиталмен бір мезгілде қолданған кезде темозоломидтің клиренсі өзгермейді. Вальпрой қышқылымен бір мезгілде қолдану темозоломид клиренсінің әлсіз білінетін, бірақ статистикалық тұрғыдан маңызды төмендеуін туындатады.

Темозоломидтің басқа препараттардың метаболизміне немесе шығарылуына ықпалын анықтауға зерттеулер жүргізілген жоқ. Алайда, темозоломид бауырда метаболизденбейтін және ақуыздармен әлсіз байланысын көрсететін болғандықтан, оның басқа дәрілік заттардың фармакокинетикасына ықпалын тигізуі екіталай.

Темозоломидті сүйек кемігінің функциясын бәсеңдететін басқа препараттармен біріктіріп пайдалану миелосупрессияның ықтималдылығын арттыруы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Оппортунистік инфекциялар және инфекциялық аурулардың реактивациясы. Темозоломидпен емдеген кезде оппортунистік инфекциялар (Pneumocystis jirovecii әсерінен туындаған пневмония сияқты) және инфекциялар реактивациясы (В вирустық гепатиті және цитомегаловирустық инфекция сияқты) жағдайлар байқалды.

Pneumocystis jirovecii әсерінен туындайтын пневмония. 42 күндік емдеу сызбасы бойынша іс-тәжірибелік зерттеулерде бір мезгілде темозоломидті және сәулелік емін қабылдаған пациенттерде Pneumocystis jirovecii әсерінен туындайтын пневмония дамуының айырықша қатері болды. Сондықтан, лимфоциттер санына қарамай-ақ, 42 күндік (ең көп дегенде 49 күндік) сызба бойынша бір мезгілде темозоломидті және сәулелік емін қабылдап жүрген пациенттерде Pneumocystis jirovecii әсерінен туындайтын пневмонияға профилактика жүргізген жөн. Егер лимфопения пайда болса, профилактиканы ≤1 дәрежесіне жеткенше жалғастыру қажет.

Pneumocystis jirovecii әсерінен туындайтын пневмонияның даму жиілігі, егер темозоломид емдеудің өте ұзақ сызбасы бойынша қолданылса, жоғары болуы мүмкін. Темозоломид қабылдап жүрген барлық пациенттер, әсіресе стероидты препараттарды қабылдап жүрген пациенттерде, емдеу сызбасына қарамай-ақ, Pneumocystis jirovecii әсерінен туындайтын пневмонияның дамуына қатысты жиі тексерген жөн. Темозоломидті, атап айтқанда, дексаметазонмен немесе басқа стероидтармен біріктіріп қабылдағанда өліммен аяқталатын тыныс алу функциясының жеткіліксіздігі жағдайлары жөнінде мәлімделді.

В вирусты гепатит. Кейбір жағдайларда өлімге әкеп соғуы мүмкін В гепатиті вирусының реактивациясы жөнінде мәлімдемелер бар. В гепатиті вирусының бар-жоқтығына серологиялық тестінің оң нәтижелері бар пациенттерді, белсенді фазадағы ауруы бар пациенттерді қоса, темозоломидпен емдеуді бастар алдында тиісті мамандардан кеңес алу қажет. Емдеу кезінде пациент дәрігердің бақылауында болуы тиіс.

Гепатоуыттылық. Темозоломид қабылдаған пациенттерде өліммен аяқталатын бауыр функциясының жеткіліксіздігін қоса, бауырдың зақымдану жағдайлары жөнінде мәлімдемелер бар. Әрбір емдеу курсын бастар алдында, бастапқы жағдайды анықтау үшін, бауыр функциясының көрсеткіштерін анықтаған жөн. Өліммен аяқталатын бауыр функциясының жеткіліксіздігінің пайда болуы мүмкін екендігін ескеріп, мұндай пациенттерде емдеуді бастағанға дейін пайда/қаупі арақатынасына баға берген жөн. 42 күндік емдеу циклінің ортасында бауыр функциясын бақылау қажет. Әрбір емдеу курсын аяқтағаннан кейін барлық пациенттерде бауырлық тестілерді бақылау қажет. Бауыр функциясының елеулі ауытқулары бар пациенттерде емдеуді жалғастыру үшін пайда/қаупі арақатынасына баға беру қажет. Гепатоуыттылық темозоломидпен емдеу курсы аяқталғаннан кейін бірнеше және одан көбірек аптадан кейін көрініс беруі мүмкін.

Қатерлі жаңа түзілімдер.

Миелоидті лейкозды қоса, миелодисплазиялық синдром немесе салдарлы қатерлі жаңа түзілімдер жағдайлары жөнінде өте сирек мәлімделді.

Құсуға қарсы ем.

Жүректің айнуы және құсу темозоломидті қолданумен өте жиі астасады. Құсуға қарсы емді темозоломидті қолдануға дейін және қолданудан кейін жүргізуге болады.

Алғаш диагностикаланған мультиформалы глиобластомасы бар ересек пациенттер.

Құсудың профилактикасын біріктірілген ем фазасында алғашқы дозаны қабылдар алдында және монотерапияның фазасы ішінде жүргізу қатаң түрде ұсынылады.

Қайталанатын немесе өршитін қатерлі глиомасы бар пациенттер. Құсуға қарсы ем емдеудің бұрынғы циклдерінде ауыр (3-ші немесе 4-ші дәрежелі) құсу болған пациенттерге қажет болуы мүмкін.

Зертханалық көрсеткіштер.

Астродал препаратын қабылдаған пациенттерде ұзақ панцитопенияны қоса, миелосупрессия дамуы мүмкін, ол апластикалық анемияға әкеп соғуы мүмкін, ал бірнеше жағдайларда өліммен аяқталуға әкелді. Кейбір жағдайларға баға беру аплазиялық анемияны емдеуге арналған препараттарды қатарластыра қолданумен қиындады, олардың ішінде карбамазепин, фенитоин және сульфаметоксазол/триметоприм болды.

Препаратты қолданар алдында келесі зертханалық көрсеткіштер талаптарға сәйкес келуі тиіс: нейтрофилдердің абсолютті саны ≥1.5 × 109/л және тромбоциттер саны ≥100 × 109/л. 22-ші күні (алғашқы дозаны қабылдағаннан кейін 21 күннен соң) немесе осы күннен кейін 48 сағат ішінде қанға толық талдау жүргізу қажет, оны нейтрофилдердің абсолютті саны > 1.5 × 109/л және тромбоциттер саны >100 × 109/л жеткенше апта сайын жүргізген жөн. Егер кез келген циклде нейтрофилдердің абсолютті саны <1.0 × 109/л дейін немесе тромбоциттер саны <50 × 109/л дейін төмендейтін болса, келесі циклге дейін дозаны бір деңгейге түсірген жөн. Дозалар деңгейлері 100 мг/м2, 150 мг/м2 және 200 мг/м2 қамтиды Ең төмен ұсынылған доза 100 мг/м2 құрайды.

Балалар.

Темозоломидті 3 жасқа толмаған балаларға қолданудың клиникалық тәжірибесі жоқ. Препаратты үлкен балаларға қолдану тәжірибесі өте шектеулі.

Егде жастағы (>70 жас) пациенттер.

Егде жастағы пациенттерде, жасырақ пациенттермен салыстырғанда, нейтропенияның және тромбоцитопенияның даму қаупі жоғары болады. Сондықтан темозоломидті егде жастағы пациенттерге қолданғанда сақтық шараларын жүргізген жөн.

Лактозаның жақпаушылығы және лактаза жеткіліксіздігі.

Астродал құрамында лактоза бар, сондықтан ол галактозаның жақпаушылығымен, Лапп лактаза жеткіліксіздігімен немесе глюкоза-галактозаның сіңуінің бұзылуымен байланысты сирек тұқым қуалайтын аурулары бар пациенттерге тағайындалмауы тиіс.

Жүктілік және лактация кезеңі

Астродалды жүкті әйелдерге қолдануға болмайды. Препаратты жүкті әйелдерге қолдану жөнінде деректер жоқ. Клиникаға дейінгі зерттеулерде темозоломидті 150 мг/м2 дозада енгізгенде егеуқұйрықтарда және үй қояндарында тератогенділік және/немесе фетальді уыттылық байқалды.

Пациентке шарана үшін зор қаупі жөнінде айту қажет. Бала көтере алатын жастағы әйелдерге темозоломидпен емделу кезінде жүктілікке жол бермеу үшін контрацепцияның тиімді әдістерін пайдалануды ұсыну қажет.

Лактация кезеңі.

Темозоломидтің емшек сүтімен бірге бөлініп шығатын-шықпайтындығы белгісіз, сондықтан темозоломидпен емделу кезінде бала емізуді тоқтатқан жөн.

Еркектердегі фертильділік.

Темозоломид геноуытты әсер беруі мүмкін. Сондықтан темозоломидпен ем қабылдап жүрген еркектер препараттың соңғы дозасын қолданғаннан кейін 6 ай бойы бала ұрықтандыруды жоспарламауы тиіс. Емдеуді бастар алдында сперманы криоконсервациялауға қатысты кеңес алғаны жөн, өйткені темозоломидпен емделу аясында қайтымсыз белсіздік дамуы мүмкін.

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері

Препараттың ұйқышылдық және шаршау сезімі сияқты кейбір жағымсыз әсерлері көлік құралдарын басқару немесе зейінділікті және психомоторлы реакциялардың шапшаңдығын қажет ететін қауіпті қызмет түрлерін атқару қабілетіне теріс ықпалын тигізуі мүмкін.

Артық дозалануы

Симптомдары: Пациенттерде препараттың 500 мг/м2, 750 мг/м2, 1 000 мг/м2 и 1 250 мг/м2 дозаларына (емнің 5 күндік циклында алынған қосынды доза) клиникалық баға берілді. Доза лимиттеуші уыттылығы - гематологиялық уыттылық болды, бұл кез келген дозасын қабылдағанда байқалды, бірақ жоғарырақ дозаларында айқындау білінген. 10 000 мг (емнің 5 күндік бір циклында алынған қосынды доза) қабылдағанда артық дозалану жағдайы сипатталған, нәтижесінде панцитопения, пирексия, полиағзалық жеткіліксіздік және өлім жағдайы болды. Кейбір жағдайларда ұзақ және айқынырақ болған, өлімге соқтырған сүйек кемігі бәсеңдеуін қоса, асқынған немесе асқынбаған инфекциясы болған, жағымсыз реакциялар туындауымен бірге жүрген препараттың ұсынылған дозасын 5 күннен астам (64 күнге дейін жететін) қабылдаған пациенттер туралы деректер бар.

Емі: Артық дозаланған жағдайда гематологиялық статусын бағалау талап етіледі. Қажет болғанда демеуші ем талап етіледі.

Шығарылу түрі және қаптамасы

5 капсуладан тығыздығы жоғары төменгі қысымды полиэтиленнен (ПЭТҚ) жасалған құтыда бұралып жабылатын пластмасса қалпақшамен тығындалған. Құты медициналық қолдануы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

1 капсуладан ламинацияланған сашеге қаптайды. 5 саше медициналық қолдануы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 300С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Препаратты қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші-ұйымның атауы мен елі

ЭйрДжен Фарма Лтд, Ирландия

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

Алвоген ИПКо С.ар.л Люксембург

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың қауіпсіздігіне тіркеуден кейінгі бақылауға жауапты ұйымның мекенжайы

«Алвоген Фарма Трейдинг Юроп ЕООД» өкілдігі

050026, Алматы қ., Бөгенбай батыр к-сі 241, «Ордабасы» бизнес орталығы, 507 кеңсе

тел: 378 22 82, факс: 378 21 55

Электрондық поштасы: Sholpan.Yensebayeva@alvogen.com;

сайт: www.alvogen.com

Прикрепленные файлы

081419651477976714_ru.doc 174.5 кб
382857151477977858_kz.doc 184.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники