Аспирин® С

МНН: Аскорбиновая кислота, Ацетилсалициловая кислота
Производитель: Байер Биттерфельд ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ацетилсалициловая кислота в комбинации с другими препаратами (исключая психолептики)
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№011195
Информация о регистрации в РК: 05.03.2018 - 05.03.2023

Инструкция

Саудалық атауы

Аспирин® С

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Көпіршитін таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар - 400 мг ацетилсалицил қышқылы; 240 мг аскорбин қышқылы (витамин С)

қосымша заттар: сусыз натрий цитраты, натрий гидрокарбонаты, сусыз лимон қышқылы, сусыз натрий карбонаты.

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, тегіс беткейлі, бір жағында фирмалық байерлік крест түріндегі ойылған өрнегі бар және екінші жағы тегіс, ақ түсті таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да аналгетиктер-антипиретиктер. Салицил қышқылы және оның туындылары. Басқа препараттармен біріктірілген ацетилсалицил қышқылы.

АТХ коды N02BA51

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ацетилсалицил қышқылын ішке қабылдағанда асқазан ішек жолынан жылдам сіңеді. Асқазанда тамақтың болуы ацетилсалицил қышқылының сіңуін елеулі түрде өзгертеді.

Ацетилсалицил қышқылы организмнің көптеген тіндері мен сұйық орталарына жақсы тарайды. Гематоэнцефалдық бөгет (ГЭБ) арқылы өтеді.

Бауырда соңынан глицинмен немесе глюкуронидпен конъюгациялану арқылы салицил қышқылын түзе отырып, гидролиздену жолымен метаболизденеді. Салицил қышқылының 80% жуығы қан плазмасы ақуыздарымен байланысады.

Ацетилсалицил қышқылының Т1/2 шамамен 15 минут, салицил қышқылынікі - 3 сағатқа жуық уақытты құрайды. Салицил қышқылы түрінде негізінен бүйрекпен шығарылады.

Аскорбин қышқылы ішке қабылдағаннан кейін натрийге тәуелді тасымалдау жүйесінің қатысумен аш ішекте сіңеді; сіңуі мен енгізілген доза арасында пропорционалдық жоқ. Ішке қабылдағаннан кейін Сmax 4 сағаттан кейін жетеді.

Лейкоциттерге, тромбоциттерге, мұнан соң – бүкіл тінге жеңіл енеді, гипофиздің артқы бөлігінде, бүйрекүсті безінің қыртысында, бауырда, мида, өкпеде, ішек қабырғаларында, жүректе, бұлшық еттерде, көк бауырда, ұйқы безінде жиналады. Көбінесе бауырда метаболизденеді. Аскорбин қышқылының негізгі метаболиттері несеппен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Ацетилсалицил қышқылы (АСҚ) қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП) тобына жатады әрі оның ауруды басатын, қызуды түсіретін және қабынуға қарсы әсері бар, сондай-ақ тромбоциттер агрегациясын бәсеңдетеді. Әсер ету механизмі ЦОГ - простагландиндер ізашары болып саналатын арахидон қышқылы метаболизмі негізгі ферментінің белсенділігін бәсеңдетумен байланысты, бұл қабыну патогенезінде, ауыру мен қызбада басты рөл атқарады.

Ацетилсалицил қышқылының ауруды басатын әсері қос механизмге негізделген: шеткергі (жанама түрде, простогландиндердің синтезін басу арқылы) және орталықтан (орталық және шеткергі жүйке жүйесінде простагландиндер синтезін тежеу арқылы) әсер ету.

Простагландин өнімдерінің азаюына байланысты олардың жылу реттейтін орталыққа қатысты әсері төмендейді.

Тромбоксан А2-нің тромбоциттерде синтезінің қайтымсыз бұзылуы ацетилсалицил қышқылының антиагрегаттық әсеріне себепші болады.

Артық дозада қолданған кезде ацетилсалицил қышқылы бауырдағы протромбин синтезін тежеп, протромбиндік уақытты ұлғайтуы мүмкін.

Аскорбин қышқылы - суда еритін витамин, ол тотығу-тотықсыздану үдерістерін реттеуде, көмірсу алмасуында, қан ұюында, тіндердің жаңаруы кезінде, ағзаның ауруға қарсы тұра алу қасиеттерін арттыруда маңызды рөл атқарады.

Аскорбин қышқылы ағзаны бос радикалдар және басқа да оксиданттардың зиянды әсерінен қорғайтын жүйенің бір бөлігі болып табылады, сондай-ақ қабыну үдерістері кезінде және лейкоциттердің әсер ету механизімінде маңызды рөл атқарады.

Аскорбин қышқылы жасушаішілік мукополисахаридтердің синтезі үдерісінде маңызды рөл атқарып, коллаген талшықтарымен қатар қылтамыр қабырғаларының беріктігін қамтамасыз етеді.

Қолданылуы

  • ересектер арасында әртүрлі себептерден туатын ауыру синдромында (бас ауыру, тіс ауыру, тамақ ауыру, бас сақинасы, бұлшық ет және буын ауыруы, арқаның ауыруы, етеккір кезіндегі ауырулар)

  • тұмау мен басқа да жұқпалы - қабынбалы аурулар кезінде ересектер мен 16 жастан асқан балалардың дене температурасы көтерілгенде.

Қолдану тәсілі мен дозалары

Ішке қабылданады. Көпіршитін таблеткаларды бір стақан суға ерітіп ішу керек. Ауыру синдромы әлсіз және орташа деңгейде және қызба жағдайында ересектерге 4-8 сағат аралықпен бір реттік доза 1-2 көпіршитін таблетканы, ең жоғары бір реттік доза 2 көпіршитін таблетканы құрайды; тәуліктік ең жоғары доза 10 көпіршитін таблеткадан аспауы тиіс.

Жағымсыз әсерлері

  • тері бөртпесі, анафилактикалық реакциялар, бронхтың түйілуі, Квинке ісінуі

  • диарея, жүрек айнуы, құсу, эпигастрий тұсының ауыруы, тәбеттің төмендеуі; асқазан-ішектен қан кету («кофе қоюы» типті құсу, қара «қарамай секілді» нәжіс), бауыр жеткіліксіздігі

  • геморрагиялық синдром (мұрыннан қан кету, қызыл иектің қанағыштығы), қан ұю уақытының ұлғаюы, тромбоцитопения, анемия, лейкопения, қан кету уақытының ұзаруы

  • етеккір циклінің ұзаруы

  • Рейе/Рея синдромы (үдемелі энцефалопатия: жүрек айну және іркілусіз құсу, тыныс алудың бұзылуы, ұйқышылдық, құрысулар; бауырдың майлы инфильтрациясы, гипераммониемия, АСТ, АЛТ деңгейінің жоғарылауы)

  • интерстициальді нефрит, қандағы креатининнің жоғарылауымен және гиперкальциемиясы бар преренальді азотемия, жедел бүйрек жеткіліксіздігі, нефротикалық синдром

  • несеп шығару жүйесі жағынан болатын бұзылыстар (оксалатты, цистинді және/немесе уратты тастардың түзілуі)

  • ұйқы безі инсулярлық аппаратының бәсеңдеуі, глюкозурия, гликоген синтезінің бәсеңдеуі

Қандай да бір жағымсыз әсерлер пайда болған кезде, препарат қабылдауды тоқтатып, емдеуші дәрігерге хабарлау керек.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- АСҚ-ға, басқа да салицилаттарға немесе препараттың кез келген қосымша заттарына жоғары сезімталдық

- асқазан-ішек жолдарының ойық жаралы зақымдануы

- геморрагиялық диатез, геморрагияларға бейімділік, қанағыштықтың артуы, қан ұюдың бұзылуы (гемофилия, Виллебранд ауруы, телеангиоэктазиялар, К витамині тапшылығы, тромбоцитопения)

- салицилаттарды немесе ҚҚСП қабылдаудан кейін пайда болған бронх

демікпесі

- метотрексатпен аптасына 15 мг немесе одан да көп дозада біріктіріп қолдану

- жүктілік және лактация кезеңі

- антикоагулянттармен қатар емдеу

- Рейе синдромы даму қатеріне байланысты (энцефалопатия және жедел бауыр жеткіліксіздігі дамуымен бауырдың жедел дамитын майлы дистрофиясы) вирус жұқпаларынан туындаған жедел респираторлық аурулары бар 16 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Қабынуға қарсы препараттар метотрексаттың бүйректік клиренсін төмендетіндіктен және олардың плазма ақуыздарымен байланысуын бұзатындықтан ацетилсалицил қышқылы мен метотрексатты аптасына >15мг дозада қолдануға болмайды.

Ацетилсалицил қышқылын антикоагулянттармен (кумарин, гепарин) бірге қолданғанда тромбоциттер қызметінің бұзылуына және асқазан ішек жолдарының шырышты қабаты зақымдануына байланысты қан кету қатері арта түседі.

Құрамында салицилаттар бар басқа да ҚҚСП үлкен дозада (тәулігіне

3 > г) қолданғанда, өзара әсерлері күшейетіндіктен, ойық жаралы зақымданулар мен асқазан-ішек қан кетулері қатері артады.

Урикозуриялық препараттармен (бензбромарон, пробеницид) қоса қолданғанда урикозуриялық (несеп қышқылының бүйрек арқылы бәсекелес шығарылуына байланысты) әсерінің төмендеуі байқалуы мүмкін.

Ацетилсалицил қышқылы қан плазмасындағы дигоксиннің концентрациясын жоғарылатады.

Ацетилсалицил қышқылының жоғары дозасы антидиабеттік препараттардың (инсулин, сульфонильмочевина препараттары) гипогликемиялық әсерін күшейтеді.

Басқа да антиагрегатты/тромболитикалық препараттармен (тиклопидинмен) үйлестіре тағайындағанда кан кету қатері арта түседі.

Ацетилсалицил қышқылын тәулігіне > 3 г дозада диуретиктермен бірге қолданғанда шумақтық сүзілу үрдісі (бүйректе простагландиндер синтезінің азаюына байланысты) төмендейтіні анықталған.

Жүйелік глюкокортикоидтар (Аддисон ауруы кезінде орын басатын ем ретінде қолданылатын гидрокортизоннан басқасы) қан плазмасындағы салицилаттардың концентрациясын төмендетеді, бұл глюкокортикостероидтармен емдеуді тоқтатқаннан кейінгі артық дозалану қатерін арттырады.

Тәулігіне > 3г дозасындағы ацетилсалицил қышқылы мен ангиотензин өзгертуші фермент (АӨФ) тежегіштерін үйлестіре қабылдау аясында АӨФ тежегіштері шумақтық сүзілуінің төмендеуі байқалады, бұл олардың антигипертензивті әсерінің азаюымен ілесе жүреді.

Ацетилсалицил қышқылы вальпрой қышқылының уытты әсерін күшейтеді.

Алкоголь қан кету уақыты мен ацетилсалицил қышқылының АІЖ шырышты қабатына зақымдаушы әсерін ұлғайтады.

Аскорбин қышқылы қандағы салицилаттардың (кристаллурия қатерін арттырады), этинилэстрадиол, бензилпенициллин мен тетрациклиннің концентрациясын жоғарылатады, ішу арқылы қолданатын контрацептивтердің әсерін төмендетеді.

Кумарин туындыларының антикоагуляциялық әсерін төмендетеді.

Темір препараттарының ішектегі сіңуін жақсартады.

Этил спиртінің жалпы Cl ұлғайтады.

Хинолин қатарының препараттары, кальций хлориді, салицилаттар, кортикостероидтар ұзақ қолданғанда аскорбин қышқылының қорын азайтады.

Айрықша нұсқаулар

Ацетилсалицил қышқылы бронх демікпесі ұстамасын немесе басқа да аллергиялық реакцияларды туындатуы мүмкін. Мұндай қатердің факторлары сыртартқысында бронхтық демікпе, пішен қызбасы, мұрын полипозы, тыныс алу ағзаларының созылмалы аурулары, сондай-ақ басқа препараттарға деген аллергиялық реакциялардың болуы деп саналады (мысалы, қышыну, есекжем, басқа да тері реакциялары).

Ацетилсалицил қышқылының тромбоциттер агрегациясын бәсеңдетуге қабілеттілігі хирургиялық араласу уақытында және одан кейін көп қан кетуге әкелуі мүмкін (тіпті аздаған араласулардың өзі, мысалы тісті жұлу). АСҚ жоғары дозада қолданған жағдайда қан кету қатері арта түседі.

Ацетилсалицил қышқылы төменгі дозада несеп қышқылының экстракциясын төмендетеді, бұл экскрециясы бастапқы деңгейі төмен подаграға бейім емделушілерде подагра жедел ұстамасының орын алуына себеп болуы мүмкін.

Препараттың бір дозасында 933 мг натрий бар, сондықтан тұзсыз емдәм ұстанып жүрген емделушілердің мұны ескергені дұрыс.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Симптомдары: құлақтың шуылдауы, нашар естуді сезіну, бас ауыруы, вертиго. Кейіннен қызба, гипервентиляция, кетоза, респираторлық алкалоз, метаболикалық ацидоз, кома, қантамырлық жеткіліксіздік, тыныс алу жеткіліксіздігі және айқын гипогликемияның дамуы мүмкін.

Емі: құстырту немесе асқазанды шаю, белсенділендірілген көмір және іш жүргізгіштерді тағайындау керек. Емдеуді бұдан әрі мамандандырылған бөлімшелерде жүргізген жөн.

Шығарылу түрі және қаптамасы

2 таблеткадан алюминий фольгамен ламинацияланған қағаздан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамада.

5 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Байер Биттерфельд ГмбХ, Германия

ОТ Греппин, Салегастер Шоссе 1, 06803 Биттерфельд-Вольфен, Германия.

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

Байер Консьюмер Кэр АГ, Швейцария

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Байер КАЗ» ЖШС

Тимирязев к-сі, 42, «Экспо-Сити» бизнес орталығы, 15 пав.

050057, Алматы қ., Қазақстан Республикасы

Tel.: + 7 (727) 258 80 40

 

Факс: + 7 (727) 244 70 01

e-mail: kz.claims@bayer.com

 

7

 

Прикрепленные файлы

661507041477976921_ru.doc 66 кб
902808781477978086_kz.doc 80.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники