Аспаркам

МНН: Калия, магния аспарагинат
Производитель: Ирбитский химико-фармацевтический завод ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Препараты прочих минеральных веществ

Инструкция

Саудалық атауы

Аспаркам

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар – 175.0 мг магний аспарагинаты тетрагидраты

175.0 мг калий аспарагинаты гемигидраты

қосымша заттар: картоп крахмалы, стеарин қышқылы, макрогол-4000, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы

Сипаттамасы

Ойығы мен сызығы бар жалпақ цилиндр пішінді, ақ түсі таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Минералды қоспалар. Басқа да минералды заттар.

АТХ коды А12СХ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдаған кезде жылдам сіңеді және салыстырмалы түрде бүйрекпен жылдам шығарылады.

Фармакодинамикасы

Аспаркам калий мен магний иондарының көзі болып табылады, метаболизмдік үдерістерді реттейді. Әсер ету механизмі болжамды түрде аспарагинаттардың магний мен калий иондарын жасушаішілік кеңістікке тасымалдаушы рөлімен және аспарагинаттың метаболизмдік үдерістерге қатысуымен байланысты. Аспаркам электролиттер теңгерімсіздігін жояды, миокардтың қозғыштығы мен өткізгіштігін (аритмияға қарсы орташа әсерін) төмендетеді.

Қолданылуы

Кешенді ем құрамында:

  • жүрек жеткіліксіздігі кезінде, жүректің ишемиялық ауруында

  • гипокалиемияда

  • жүрек ырғағының бұзылуында (оның ішінде миокард инфарктісінде, жүрек гликозидтерінің артық дозалануы кезінде)

Қолдану тәсілі және дозалары

Аспаркамды ішке, тамақтанудан кейін тағайындайды.

Әдетте ересектерге 1-2 таблеткадан күніне 3 рет тағайындайды. Емдеу курсы - 3-4 апта. Қажет болғанда курс қайталанады.

Жағымсыз әсерлері

- жүрек айнуы, құсу, диарея, ұйқы безі аумағында жайсыздықты немесе ашытуды сезіну (анацидті гастриті немесе холециститі бар науқастарда)

- атриовентрикулярлық блокада

- парадоксальді реакция (экстрасистола санының ұлғаюы)

- гиперкалиемия (жүрек айну, құсу, диарея, парастезия)

- гипермагниемия (беттің қызаруы, шөлдеу сезімі, артериялық қысымның төмендеуі, гипорефлексия, бұлшықеттің әлсіздігі, қатты шаршағыштық, тыныс алудың бәсеңдеуі, құрысу, парез, кома).

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа жоғары сезімталдық

- амин қышқылдары алмасуының бұзылуы

- артериялық гипотензия

- жедел және созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі

- гиперкалиемия

- гипермагниемия

- атриовентрикулярлық өткізгіштіктің (AV I-III дәрежелі) бұзылуы

- ауыр миастения

- жедел метаболизмдік ацидоз

- сусыздану (эксикоз)

- гемолиз

- Аддисон ауруы

- олигурия

- анурия.

Сақтықпен: жүктілік (әсіресе I триместр), лактация кезеңі, гипофосфатемия, несеп-тас диатезі (кальций, магний және аммоний фосфаты алмасуы бұзылуымен байланысты).

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Фармакодинамикалық: калий жинақтаушы диуретиктермен (триамтерен, спиронолактон), бета-андреноблокаторлармен, циклоспориндермен, гепаринмен, ангиотензин-өзгертуші ферменті (АӨФ) тежегіштерімен, қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен бір мезгілде қолдану гиперкалиемияның даму қаупін аритмия және асистолия дамуына дейін жоғарылатады. Калий препараттарын глюкокортикостероидтармен бірге қолдану соңғысы туындататын гипокалиемияны қайтарады. Калийдің әсерімен жүрек гликозидтерінің жағымсыз әсерлері азаяды. Магний неомицин, В полимиксині, тетрациклин және стрептомициннің әсерін төмендетеді. Анестетиктер магний препараттарының орталық жүйке жүйесіне бәсеңдетуші әсерін арттырады; атракурониймен, декаметониймен, сукцинилхлорид және суксаметониймен бір мезгілде қолданғанда жүйке-бұлшықет блокадасы күшеюі мүмкін; кальцитриол қан плазмасында магний құрамын арттырады, кальций препараттары магний препараттарының әсерін төмендетеді.

Аритмияға қарсы дәрілердің жағымсыз дромо- және батмотропты әсерін күшейтеді.

Фармакокинетикалық: тұтқыр және бүркемелейтін дәрілер препараттың асқазан-ішек жолында сіңуін азайтады.

Айрықша нұсқаулар

Қан плазмасындағы калий иондарының құрамын бақылау қажет.

Балаларға

Препаратты балаларда қолдану туралы деректер жоқ, сондықтан препаратты 18 жасқа дейінгі балаларға қолданбайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты егер әйел үшін күтілетін пайдасы ұрыққа төнетін ықтимал қауіптен асып түскен жағдайда ғана жүктілік кезеңінде қолдануға болады. Препаратты емшек емізу кезеңінде қолданған жағдайда бала емізуді тоқтату ұсынылады.

Препаратты автокөлік құралына немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Аспаркам автокөлік құралдарын басқару немесе басқа механизмдермен жұмыс істеу кезінде реакция жылдамдығына әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: гиперкалиемия, гипермагниемия.

Емі: симптоматикалық ем (көктамыр ішіне минутына 100 мг дозада кальций хлоридінің ерітіндісін енгізу, қажет болған кезде – геомдиализ және перитонеальді диализ).

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден мен басаплы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан.

Полиэтиленді жабыны бар қағаздан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамада10 талеткадан.

Полимерлі материалдан жасалған банкада 50 таблеткадан.

5 пішінді ұяшықты қаптамадан немесе полимерлі материалдан жасалған 1 банкадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтармен бірге картон қорапшаға салады.

Пішінді қаптамалар медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтардың тең санымен немесе қорапшаларды топтық қаптамаға салады.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардан қорғау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Ирбит химиялық - фармацевтикалық зауыты» ААҚ,

623856, Ресей, Свердлов облысы, Ирбит қаласы, Киров көшесі, 172

Тел/факс (34355) 3-60-90

Тіркеу куәлігінің иесі

«Ирбит химиялық - фармацевтикалық зауыты» ААҚ, Ресей

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Ирбит химиялық - фармацевтикалық зауыты» ААҚ,

623856, Ресей, Свердлов облысы, Ирбит қаласы, Киров көшесі, 172

Тел/факс (34355) 3-60-90

Электронды поштасы: info@ihfz.ru

 

Прикрепленные файлы

128514511477976312_ru.doc 75 кб
141936251477977556_kz.doc 60.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники