Аспарагиназа медак 10000 ЕД

МНН: Аспарагиназа
Производитель: Киова Хакко Кирин Ко.Лтд.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Asparaginase
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№015040
Период регистрации: 14.05.2015 - 14.05.2020
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 29 159.47 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Аспарагиназа медак 5000 ӘБ

Аспарагиназа медак 10000 ӘБ

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Бұлшықет ішіне және көктамыр ішіне енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат

Құрамы

Бір құтының ішінде

белсенді зат – L-аспарагиназа 23.05 мг (5000 ӘБ) немесе 46.10 мг (10000 ӘБ).

Сипаттамасы

Ақ ұнтақ немесе сәл кеуекті масса

Фармакотерапиялық тобы

Ісікке қарсы препараттар. Ісікке қарсы басқа да препараттар. Аспарагиназа.

АТХ коды L01ХХ02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Плазмадағы ең жоғарғы концентрацияға көктамыр ішіне енгізгеннен кейінгі алғашқы минутта, бұлшықетке енгізгеннен кейін 14-24 сағаттан соң жетеді. Препараттың 30%-ы плазма ақуыздарымен байланысады. Енгізілген дозаның кем дегенде 1%-ы жұлын сұйықтығынан табылады.

Жартылай шығарылу кезеңі

Көктамыр ішіне енгізгеннен кейін жартылай шығарылу кезеңі 14 сағаттан 22 сағатқа дейінді құрайды.

Метаболизмі/элиминациясы

L-аспарагиназа ретикуло-эндотелиальді жүйеге өтеді, амин қышқылдары мен пептидтерге дейін ыдырайды. Препараттың шығарылу жолы анықталмаған. Несепте препарат жұғынды мөлшерде ғана байқалады.

Тәулік ішінде көп рет енгізгенде L-аспарагиназа жиналып қалуы мүмкін және препараттың белгілі концентрациялары қан плазмасынан бір аптадан аса уақыт табылуы мүмкін.

Фармакодинамикасы

Аспарагиназа медак L-аспарагин гидролизін L-аспаратин қышқылына және аммиакқа дейін катализдейді. 1 ӘБ аспарагиназа медак 370С-де 1 минут ішінде L-аспарагиннен 1 мкмоль аммиакты бөліп шығарады.

Аспарагиназаның әсері лейкемиялық ісік жасушаларында аспарагин деңгейінің төмендеуіне негізделген, оның қалыпты жасушалардан айырмашылығы өз аспарагинін синтездеуге қабілетсіз. Осы жасушаларда аспарагиннің тапшы болуы нәтижесінде ақуыз синтезі, сондай-ақ ДНҚ және РНҚ синтезі бұзылады. Аспарагиназаның ең жоғары тежегіш белсенділігі жасуша циклінің митоздан кейінгі G1-фазасының үлесіне тиеді.

Қолданылуы

  • балалар мен ересектердегі жедел лимфобластты лейкозда ісікке қарсы басқа дәрілермен біріктіріп емдеуге

  • балалардағы ходжкиндік емес лимфомаларда ісікке қарсы басқа дәрілермен біріктіріп емдеуге.

Қолдану тәсілі және дозалары

Аспарагиназа медакпен емдеуді ісікке қарсы химиялық ем жүргізу тәжірибесі бар дәрігердің бақылауымен жүргізу керек.

Асқын сезімталдықтың IgE-негізделген реакциясының пайда болу қаупін төмендету үшін ем басталғанға немесе қайта жалғастырылғанға дейін алдын ала прик-тест немесе теріішілік инъекция (концентрацияны арттыра және талапқа сай сұйылта отырып) жүргізу керек. Прик-тест: қолдануға дайын ерітіндінің бір тамшысын сүңгі тәрізді құралмен білектің ішкі бетіне тамызып, эпидермисті стерильді инемен тамшы арқылы тесу керек. Қанның пайда болуына жол бермеу керек. 3 минуттан соң препараттың тамшысын сүрткен жөн. Реакция нәтижесін 20 минуттан соң анықтау керек: гиперемия немесе есекжем пайда болған жағдайда Аспарагиназа медакпен емдеуді тоқтатқан жөн.

Асқын сезімталдық реакциялары IgE-мен ғана емес, сондай-ақ IgG және IgM арқылы да туындауы мүмкін болғандықтан, көктамыр ішіне енгізерден бұрын көктамырішілік сынама жүргізу керек (емдеуді бастардан 1 сағат бұрын көктамыр ішіне қысқа инфузия түрінде 1000 ӘБ енгізу керек).

Аспарагиназа медак 5000 ӘБ, 10000 ӘБ әдетте біріктірілген химиялық ем хаттамасына басқа цитостатиктермен бірге кіреді. Мұндайда енгізу тәсілі, бір реттік дозалар, емдеудің ұзақтығы тиісті хаттама арқылы анықталады.

Енгізу тәсілі

Аспарагиназа медак 5000 ӘБ, 10000 ӘБ тек тәжірибелі онколог-гематологтың көмегімен енгізілуі тиіс.

Үздіксіз тамшылатып енгізілетін инфузия үшін Аспарагиназа медактың есептелген мөлшерін натрий хлоридінің физиологиялық ерітіндісінің немесе глюкозаның 5% ерітіндісінің 250-500 мл-де ерітіп, оны бірнеше сағат бойы енгізу керек.

Бұлшықет ішіне енгізгенде бір жерге Аспарагиназа медактың 2 мл (5000 ӘБ) ерітіндісінен асырмай енгізген жөн. 5000 ӘБ асатын бір реттік дозасын енгізу қажет болғанда инъекция үшін бірнеше жерді пайдалану керек.

Ерітіндіні дайындау

Ұнтақты еріту үшін инъекцияға арналған 2,0 мл (5000 ӘБ Аспарагиназа медак үшін) және 4,0 мл (10000 ӘБ Аспарагиназа медак үшін) суды еккіштің жәрдемімен құтының ішкі бетіне сыздықтатып (су ағынын ұнтаққа тікелей бағыттауға болмайды) құю керек. Көбік пайда болуына жол бермеу үшін, инъекцияға арналған судың ағынын құтының ішкі бетіне баяу құю керек, еріту үшін құтыны шайқамай, баяу айналдыру керек. Дайындалған ерітінді аздап бозаңдануы мүмкін.

Осылайша дайындалған ерітінді бұлшықет ішіне енгізуге дайын деп есептеледі де, бұдан әрі ерітуді қажет етпейді.

Емдеу ұзақтығы

Аспарагиназа медакпен емдеу ұзақтығы тиісті хаттама бойынша анықталады. Жағымсыз әсерлер пайда болған немесе Аспарагиназа медакты тағайындауға қарсы көрсетілім ретінде ағзалық зақымдану болған жағдайда емдеуді тоқтату жағын қарастырған жөн.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі (>1/10)

- аллергиялық реакциялар (жергілікті эритема, есекжем, тыныстың тарылуы

- қан липидтерінің көп жағдайларда клиникалық белгілерсіз өзгеруі (холестериннің жоғарылауы немесе төмендеуі, триглицеридтердің жоғарылауы, тығыздығы өте төмен липопротеидтер деңгейінің жоғарылауы және тығыздығы төмен липопротеидтердің төмендеуі, липопротеинлипаза белсенділігінің жоғарылауы)

- тәбеттің жоғалуы, жүрек айнуы, құсу, іш тұсының түйіліп ауыруы,

диарея және дене салмағының кемуі

- бауыр функциясы көрсеткіштерінің өзгеруі (сілтілік фосфатазаның, сарысулық

трансаминазалардың, аммиактың, лактатдегидрогиназаның, сарысулық

билирубиннің жоғарылауы)

- бауырдың майлы инфильтрациясы, гипоальбуминемия, тіндердің ісінуі

- инъекция жасаған жердің ауыруы, ісіну

- терінің аса жоғары сезімталдық реакциялары

- преренальді метаболизмдік бұзылулар салдарынан қандағы мочевина азотының жоғарылауы

Жиі (> 1/ 100, <1/10)

- барлық үш жасушалық желінің миелосупрессиясы

- қан кету, қанның қантамырішілік диссеминирленген ұюы, қанның ұйығыштығының бұзылуы салдарынан болған тромбоздар

- инсульт, апоплексиялық соққы, ми қантамырларында қанның ұйығыштығының бұзылуы салдарынан есінен тану

- анафилактикалық шок, бронхтың түйілуі

- ұйқы безінің эндокриндік функциясы бұзылуы диабеттік кетоацидозбен бірге, гиперосмолярлы гипергликемия

- жедел ағымды панкреатит, ұйқы безінің экзокриндік функциясы бұзылуының диареямен қатарласа жүруі

- дене температурасының жоғарылауы, арқаның, буындардың, іш тұсының ауыруы

- қан амилазасының жоғарылауы

- орталық жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар (қозу, депрессия, елестеулер, сананың шатасуы, ұйқышылдық, сананың аздаған бұзылуы), электроэнцефалограммада өзгерулер (альфа-толқын белсенділігінің төмендеуі, тета- және дельта-толқындар белсенділігінің жоғарылауы), гипераммониемиямен байланысты болуы мүмкін

Жиі емес (>1/1 000, <1/100)

- қан мочевинасының жоғарылауы (гиперурекемия), гипераммониемия

Сирек (>1/10000, <1/1000)

- ұстамалар, сананың ауыр бұзылулары, кома

- геморрагиялық немесе некроздық панкреатит, паротит

- артқы қайтымды лейкоэнцефалопатия синдромы

- бүйрек функциясының жедел ағымды жеткіліксіздігі

- холестаз, сары ауру, бауыр жасушаларының некрозы және бауырдың өліммен аяқталуы мүмкіндігі потенциалды жеткіліксіздігі

Өте сирек (<1/10 000)

- гемолитикалық анемия

- екінші қайтара болған транзиторлы гипотиреоз, тироксинмен байланысатын глобулин деңгейінің төмендеуі, гипопаратиреоз

- саусақтардың аздап дірілдеуі

- ұйқы безінің псевдокистозы

- өліммен аяқталатын панкреатит

- жедел ағымды паротит қатарласа жүретін панкреатит

- уытты эпидермальді некролиз (Лайелл синдромы)

- өмірге қауіп төндіретін гипертермия

Белгісіз

- жұқпалар

Жеке-дара жағымсыз әсерлерінің сипаттамалары

Қан ағыны және лимфа жүйесі бұзылулары:

Гемопоэтиялық бұзылулар:

L-аспарагиназа гемопоэздық барлық үш өсіндісінде ауырлығы жеңілден орташа дәрежеліге дейінгі миелосупрессияны туындатуы мүмкін. Негізінен, бұның жүргізілетін ем үшін қандай да бір клиникалық маңызы жоқ.

Жеке-дара жағдайларда гемолитикалық анемия дамығаны анықталды.

Қан ұюының бұзылуы:

Ақуыз синтезі өзгерулері салдарынан қанағыштық және диссеминирленген тамырішілік қан ұюы (ДТҚҰ), болмаса тромбоз түріндегі қан ұюы бұзылуы жиі туындауы мүмкін. Тромбоз қаупі емнің ұзақтығына қарай жоғарылайды және ем аяқталғаннан кейін дамиды.

Алайда L-аспарагиназамен қатар, басқа миелосупрессиялық препараттармен бірге жүретін ем, сондай-ақ аурудың өзі қан ұю жүйесінде жоғарыда көрсетілген бұзылыстардың себебі болып табылуы мүмкіндігін есте ұстау керек.

Ауыр қан кету мен тромбоз жағдайларының жартысына жуығы ми тамырларында байқалады және ол инсульт, құрысулар немесе естен тануды туындатуы мүмкін.

Тромбоздың жоғары қаупі фактор V мутациясы, белсендірілген С протеиніне резистенттілігі немесе S протеині, III антитромбин немесе С протеинінің сарысулық деңгейі төмендеуі бар балаларда ALL-BFM95 зерттеулерінде сипатталған. Бұндай науқастарда мүмкіндігінше орталықтық көктамырлық катетерлер пайдаланудан аулақ болу керек, өйткені бұл бұрыннан бар тромбоэмболиялық бұзылыстар қаупін жоғарылатуы мүмкін. Жедел лимфобласты лейкозы бар науқастардағы емдеуде индукция сатысында орталықтық көктамырлық катетерлерді мүмкіндігінше L-аспарагиназа енгізу аяқталғаннан кейін қою керек.

Зертханалық талдауларда ұю бұзылуын және фибринолизді, мысалы фибриногеннің төмендеген деңгейі түрінде, фактор IX және XI, III антитромбині, С протеині және плазминоген, сондай-ақ Виллебранд факторының жоғарылауы, 1 типті плазминоген күшейткішінің тежегіші, протромбиннің 1 және 2 фрагменттері, және фибриноген ыдырауының өнімі (D-димерлер) түрінде анықтауы мүмкін.

Тромбоцитопения немесе сепсис қан кету қаупін арттыруы мүмкін.

Қан ұюы көрсеткіштерін ұдайы бақылау керек. Фибриногенді про- және антикоагуляциялық жүйенің бақылау көрсеткіші ретінде қарастыруға болады. Сондықтан фибриноген деңгейінің немесе III антитромбиннің елеулі төмендеуінде іріктеп орын басу емі жүргізілуі мүмкін. III антитромбин дене салмағының әр кг-на пайызда өлшенетін ағымдағы сарысу деңгейінен 100 минус дозада инфузия түрінде тағайындалады. Фибриноген жаңа мұздатылған плазма түрінде дене салмағына 10-15 мл/кг дозада енгізіледі.

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар:

L-аспарагиназа қозу, депрессия, елестеулер, сананың шатасуы, құрысулар, сомноленция түріндегі (сананың орташа бұзылуы) ОЖЖ функциясының жиі бұзылуына және ұстама түрінде сирек және команы қоса, сананың ауыр бұзылуына алып келуі мүмкін. ЭЭГ-дегі өзгерістерге альфа-белсенділігінің жалпы төмендеуі және тета- мен дельта- белсенділігінің жоғарылауы кіруі мүмкін.

Болжамды себебі гипераммониемия болуы мүмкін.

Өте сирек жағдайларда саусақтардың орташа треморы кездесті.

Сирек жағдайларда МРТ түсірілімдерінде диагностикаланатын зақымдану/ісіну сипаттарына тән, көбіне мидың артқы бөліктерінде орналасқан және бірнеше аптадан бірнеше айға дейінгі уақыт бойына өтпелі, қайтымды лейкоэнцефалопатиялық синдромы (RPLS) дамуы ықтимал. RPLS симптомдары, негізінен артериялық қысым жоғарылауы, ұстамалар, бас ауыруы, психикалық жай-күйдің өзгерістері және көрудің жедел бұзылуы (көбіне қыртыстық соқырлық немесе трактустық гемианопия) түрінде білінеді. L-аспарагиназа пайдалануы бар химиялық ем режимін қабылдаушы емделушілерде қайтымды лейкоэнцефалопатиялық синдром дамыған жағдайлары туралы хабарланған. Бұл жағдайларда қайтымды лейкоэнцефалопатиялық синдромының L-аспарагиназа әсерінен, бірге жүретін емнен немесе негізгі аурудан туындағаны түсініксіз болып қалады. RPLS емі симптоматикасына қарай жүргізіледі. Бұндай жағдайларда негізгі іс-шаралар гипертензияға қарсы ем және эпилепсияға қарсы препараттар арқылы ұстамаларды басу болып табылады. Сондай-ақ доза төмендету немесе иммуносупрессиялық емді толық тоқтату ұсынылады.

Асқазан-ішек жолдары тарапынан бұзылулар:

Тәбет жойылуы, жүрек айнуы, құсу, іш аумағындағы спазмдық ауырулар, диарея және салмақ жоғалту түріндегі орташа ауырлықтағы гастроинтестинальді симптоматика өте жиі (шамамен науқастардың жартысында) дамуы мүмкін.

Жедел панкреатит жиі туындауы мүмкін (10% жағдайларда).

Псевдоцист түзілуі туралы жеке хабарламалар бар (ем аяқталғаннан кейін ең көбі 4 айдан соң). Осыған байланысты емделуші тиісті, мысалы L-аспарагиназаны соңғы енгізуден кейін 4 ай ішінде ультрадыбыстық зерттеулер өтуі тиіс. Псевдоцист патогенезінің дәл түзілуі белгісіз болғандықтан тек демеуші ем ұсынылуы мүмкін.

Сирек жағдайларда геморрагиялық немесе некроздалған панкреатит,ал өте сирек жағдайларда өліммен аяқталуы туындауы мүмкін.

Панкреатиттің жедел паротитпен үйлесімінің бір жағдайы сипатталған.

Әдебиеттерде панкреатитпен байланыссыз, паротит дамуының 2 жағдайы туралы хабарланған. L-аспарагиназа енгізуді тоқтатқаннан кейін, бұзылулар бірнеше күн ішінде жойылған. Chan және бірлескен авторлықпен (2002) жүргізілген зерттеулерде, құрамында аспарагиназа бар емнің хаттамасы бойынша емдеуден кейін 4 балада паротит дамығаны анықталды.

Бүйрек функциясының бұзылуы:

Жедел бүйрек жеткіліксіздігі құрамында L-аспарагиназа бар емдеу режимін пайдалану уақытында дамуы мүмкін.

Тері тарапынан бұзылулар:

Аллергиялық реакциялардың теріде білінуі жиі болады. Сондай-ақ уытты эпидермалдық некролиздің бір жағдайы сипатталған (Лайелл синдромы).

Эндокриндік бұзылулар:

Ұйқы безінің эндокриндік функциясының өзгеруі салыстырмалы түрде жиі байқалады және негізінен глюкоза метаболизмінің бұзылуы түрінде анықталады. Бұл арада инсулин препараттарын енгізумен емдеуге болатын диабеттік кетоацидоз ретінде де, сондай-ақ гиперосмолярлық гипергликемия ретінде де туындауы мүмкін.

Глюкоза метаболизмі бұзылуының болжамды себебі бір жағынан L-аспарагиназа әсерімен ақуыз синтезінің төмендеуі салдарынан инсулин өндірілуінің төмендеуі, екінші жағынан инсулиндік рецепторлар саны азаюы болып табылады.

Гипергликемия даму қаупінің факторына 10 жастан асқан жас, дененің артық салмағы және Даун синдромы жатады.

L-аспарагиназамен емдегенде қандағы және несептегі қантты ұдайы бақылау ұсынылады.

Диарея ұйқы безінің экзокринді функциясы бұзылуынан туындауы мүмкін.

Аздаған шамадағы науқастарда транзиторлық және салдарлы гипотиреоз және тироксин-байланыстыратын ақуыз деңгейі төмендеуі байқалды. Сондай-ақ гипопаратиреоз жағдайы да сипатталған.

Метаболизм бұзылуы:

Қандағы мочевина азоты деңгейінің дозаға байланыссыз жоғарылауы әдетте бүйректен тыс метаболизмдік теңгерімсіздіктің білінуі болып табылады. Қанда несеп қышқылының деңгейінің (гиперурикемия) және аммонийдің (гипераммониемия) жоғарылауы анықталуы мүмкін.

Көп жағдайларда клиникалық білінусіз және емдеу тактикасының өзгерісі қажет болмайтын (мысалы, холестерин деңгейінің жоғарылауы немесе төмендеуі, тығыздығы өте төмен липопротеидтер фракциясының жоғарылауы және тығыздығы төмен липопротеидтер фракциясының төмендеуі және липопротеинлипаза белсенділігінің жоғарылауы) кейде сарысулық липидтер деңгейінің өзгерістері бақылануы мүмкін. Бұл өзгерістер сондай-ақ глюкокортикоидтарды бірге тағайындауға байланысты болуы да мүмкін.

Бұл көрсеткіштердің елеулі жоғарылауында (мысалы, триглицеридтердің деңгейі > 2000 мг/дл), панкреатит даму қаупі жоғары болуы себепті мұқият мониторинг жүргізу ұсынылады.

Жұқпалар және инвазиялар

L-аспарагиназа кіретін емдеу режимін қолданғанда жұқпалар қосылуы мүмкін. Бұның L-аспарагиназа әсерінен, бірге жүретін емнен немесе негізгі емнен туындағаны жиі түсініксіз болып қалады.

Жалпы бұзылулар:

Дене температурасының өздігінен өтпелі жоғарылауы көп жағдайларда инъекциядан кейін 2-3 сағат өткен соң жиі білінеді. Буындардың, арқаның, іш аумағының ауыруы аллергиялық реакциялармен және панкреатитпен бірге жиі байқалады. Сирек жағдайларда өмірге қауіп төндіретін гипертермия (гиперпирексия) байқалады.

Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар:

L-аспарагиназа болып табылатын басқа текті ақуызға спецификалық антидене түзілуі өте жиі құбылыс болып табылады, және L-аспарагиназаның белсенділігі жойылуына алып келуі мүмкін аса жоғары сезімталдық реакциялары түрінде клиникалық білінеді. Аса жоғары сезімталдық реакциялары L-аспарагиназамен емдеу үдерісінде өте жиі (емделушілердің 20-35%-да) дамиды және оқшау эритема, есекжем түрінде, сондай-ақ енгізу орнында ауырсыну түрінде білінуі мүмкін. 10% жағдайларда анафилактикалық шок және тыныс алу жеткіліксіздігі дамуы мүмкін.

Аса жоғары сезімталдық реакцияларының даму қаупі препарат дозасының енгізілу саны артуына қарай ұлғаяды. Сирек жағдайларда аллергиялық реакциялар L-аспарагиназаны бірінші енгізуде туындауы мүмкін.

Кейбір емделушілерде L-аспарагиназаны бейтараптандыратын антидене түзілуі аса жоғары сезімталдықтың клиникалық белгілерінсіз жүруі мүмкін. Дегенмен олардың әсері белсенділігі жойылуының азды-көпті жылдам болуына және L-аспарагиназаның организмнен жеделдетіп элиминациялануына («тыныш белсенділігі жойылуы») алып келуі мүмкін.

Сондықтан L-аспарагиназа деңгейін мезгіл-мезгіл өлшеу ұсынылады.

Тері ішіне тесттер жүргізудің теріс нәтижелері анафилактикалық реакциялар даму мүмкіндігін жоққа шығармайды.

Аллергиялық реакциялар дамыған жағдайда L-аспарагиназа енгізуді дереу тоқтату керек. Дамыған аллергиялық реакциялардың ауырлығына қарай тиісті реабилитациялық іс-шаралар жүргізу керек: антигистаминдік препараттарды, глюкокортикоидтерді және гемодинамикасын тұрақтандыратын препараттарды енгізу. Көп жағдайларда емді L-аспарагиназаның E.coli штаммдарынан алынбаған басқа препаратына өту жолымен жалғастыруға болады.

Гепато-билиарлық жүйенің бұзылулары:

Бауыр функциясы көрсеткіштерінің өзгерісі өте жиі кездеседі. Олар сарысулық трансаминаза деңгейінің, сілтілік фосфатазаның, ЛДГ, аммиак (гипераммониемия) және сарысулық билирубиннің дозаға байланыссыз жоғарылауымен білінуі мүмкін.

Бауырды май басуының өте жиі дамуы мүмкін.

Жеке-дара жағдайларда холестаз, сарғаю, бауыр жасушаларының некрозы және өліммен аяқталуы ықтимал бауыр жеткіліксіздігі орын алған. Протеиндер синтезінің бұзылуы сарысулық ақуыз деңгейінің төмендеуіне алып келуі мүмкін. Науқастардың көпшілігінде ем барысында сарысулық альбумин деңгейінің дозаға байланыссыз төмендеуі дамуы мүмкін. Бұзылудың көбірек үлесі альбуминнің α2 және β фракцияларын қозғайды, бұл арада α1 фракциясы өзгеріссіз қалады. Сарысулық альбумин деңгейі кейбір дәрілік заттардың байланысуы және тасымалы үшін маңызды болуы мүмкін болғандықтан, әсіресе біріктірілген химиялық ем жүргізгенде сарысулық альбуминге бақылау жүргізу керек. Ісінулер гипоальбуминемия нәтижесі ретінде туындауы мүмкін.

L-аспарагиназамен емдеудің немесе емдеу аяқталғаннан кейін сарысулық амилаза деңгейі жоғарылауы мүмкін. Бұндай жағдайларда L-аспарагиназамен одан әрі қарай емдеу тоқтатылуы тиіс.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- емдеуді бастаған сәтте немесе сыртартқыда панкреатит болса

- Аспарагиназа медак препаратына немесе құрамында E.coli штаммдарынан алынған L-аспарагиназасы бар басқа препараттарға бұрын анықталған аллергиялық реакциялар

- жүктілік және лактация кезеңі

- бауыр және бүйрек функциясының айқын бұзылулары

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Винкристин

Анафилактикалық реакциялардың жоғары уыттылығы және жоғары қаупі винкристинді бір мезгілде немесе аспарагиназаны енгізгенен кейін бірден тағайындаумен байланысты болуы мүмкін.

Преднизон

Преднизонды аспарагиназамен бір мезгілде тағайындау ұю параметрлерінің бұзылу қаупін арттыруы мүмкін (фибриноген және ІІІ антитромбин деңгейін төмендетуі мүмкін).

Метотрексат және цитарабин

Метотрексат және цитарабин аспарагиназамен әрқалай өзара әрекеттесуі мүмкін: мұның алдында осы екі препаратты енгізу аспарагиназаның әсерін күшейтуі мүмкін. Демек, осы препараттарды бір мезгілде тағайындау аспарагиназаның әсерін антагонистік тұрғыдан әлсіретуі мүмкін.

Жалпы

Аспарагиназа бауыр функциясына ықпалын тигізе отырып, басқа препараттардың уыттылығын күшейтуі мүмкін.

Антикоагулянттар

Аспарагиназа коагуляция факторларын өзгертуі мүмкін. Бұл қан кетудің немесе тромбоздың дамуына әкеп соқтыруы мүмкін. Аспарагиназа мен антикоагулянттарды, мысалы кумаринді, гепаринді, дипиридамолды, ацетилсалицил қышқылын немесе қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді бір мезгілде тағайындаған кезде жоғары сақтық таныту қажет.

Вакцинация

Химиялық емнің өте жиі қолданылатын біріктірулерінің, сондай-ақ аурудың өзінің әсерінің нәтижесі ретінде тірі вакциналармен вакцинациялауды қоса қабаттастыра жүргізу ауыр жұқпаны жұқтырып алу қаупін арттыруы мүмкін. Сондықтан тірі вакциналармен иммунизациялау лейкемияға қарсы емдеу курсын аяқтағаннан кейін 3 айдан соң жүргізілуі тиіс.

Айрықша нұсқаулар

Өмірге қауіп төндіретін келесі асқынулар Аспарагиназа медакпен емделу аясында пайда болуы мүмкін:

- анафилаксия

- инсулинмен емдеуге келетін гипергликемиялық жағдайлар

- қан кетудің даму қаупін қысқарту үшін жаңа алынған плазманың көмегімен қанның орнын алмастыруды қажет ететін қанның ұйығыштығының бұзылуы.

Ұсынылатын бақылау тексерістері мен сақтық шаралары

Аллергиялық реакциялар пайда болған жағдайда Аспарагиназа медакпен емдеуді дереу тоқтатқан жөн. Клиникалық көріністің айқындылығына қарай, антигистаминдік препараттарды, кортизонды және емделушілер жағдайын тұрақтандыруға арналған препараттарды қолдану керек.

Көптеген жағдайларда емдеуді құрамында E.coli штаммдарынан алынбаған L-аспарагиназа бар басқа препаратқа алмастыру арқылы жалғастыруға болады.

Коагуляция бұзылулары пайда болғанда, дәлірек айтқанда, фибриноген немесе ІІІ антитромбин деңгейі едәуір төмендеген кезде селективті орын басу емі жүргізілуі ықтимал. ІІІ антитромбин инфузия түрінде 100 минус дене салмағының әр кг-на шаққанда пайызбен өлшенетін сарысудағы ағымдық деңгейдегі дозада тағайындалады. Фибриноген жаңа мұздатылған плазма түрінде дене салмағының әр кг-на шаққанда 10-15 мл дозада енгізіледі.

Емдеуді бастардың алдында электролиттер деңгейін, бүйректе кідіру дәрежесін (ретенциялық индекс), трансаминазаларды, қандағы қант және ақуыз деңгейін анықтайтын зерттеулер жүргізу керек.

Аспарагиназа медакпен емдеу кезінде, қанға, электролиттерге, несеппен бөлініп шығатын заттарға, қан мен несептегі қантқа, гемостаз параметрлеріне, [ішінара белсендірілген тромбопластинді уақыт (ІБТУ) – протромбинді уақытқа, антитромбин және D-димер деңгейлеріне], қан амилазасы мен липазасына, сілтілік фосфатазаға, билирубинге, аммиакқа, триглицеридтерге, холестеринге, және қажет болған жағдайда тығыздығы өте төмен липопротеидтерге (ТӨТЛП) және тығыздығы төмен липопротеидтерге (ТТЛП), емдеуді бастаған сәттен бастап осы көрсеткіштер қалпына толық келгенге дейін, жалпы талдаманы жүйелі жасап отыру керек.

L-аспарагиназа деңгейі емдеудің тиімділігінің төмендеуін немесе «тыныш белсенділігі жойылуы» салдарынан болған асқын сезімталдықты анықтау үшін өлшенуі мүмкін.

Бүдан әрі тексеру клиникалық көріністеріне қарай ұсынылады.

Қан көрсеткіштерін бақылау және физикалық тексеру емдеу аяқталғанға дейін емдеудің алғашқы жылы ішінде әрбір 4 апта сайын, 2 және 3-ші жылдары тоқсан сайын, содан соң әр жарты жыл сайын орындалуы тиіс.

Жүктілік және бала емізу кезеңі

Ұрпақ өрбіту жасындағы науқастар контрацепцияны қолдануы керек немесе емдеу кезінде және химиялық ем аяқталғаннан кейін 3 ай бойы жыныстық қатынастан бас тартуы тиіс.

Дәрілік заттардың көлікті және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Аспарагиназа медак психомоторлы реакцияны төмендетуі мүмкін, әсіресе бір мезгілде алкоголь қабылдағанда машинаны басқару және жол қозғалысына қатысу қабілеті тиісінше төмендейді.

Артық дозалануы

Осы күнге дейін Аспарагиназа медактың артық дозалануы жөнінде мәлімделмеген.

Емдеу – симптоматикалық. Өзіне тән у қайтарғысы жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

21.6 г-нан 24.5 мг дейінгі (5000 ӘБ) және 43.2-ден 49.0 мг дейінгі (10000 ӘБ) препаратты түссіз мөлдір шыныдан жасалған шыны құтыларға салынады.

1 құтыдан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қаптамаға салынған.

Полиэтиленді үлбірдегі екінші қаптамаға 5 қаптамадан бірге салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 20С – 80С температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Ашылып және сұйылтылғаннан кейін 20С-ден – 80С-ге дейінгі температурада 24 сағаттан асырмай сақтау керек.

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Киова Хакко Кирин Ко.Лтд., Жапония

Тіркеу куәлігінің иесі және қаптаушы:

медак ГмбХ, Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«CHEMOTHERA» (ХЕМОТЕРА) ЖШС, Алматы, 050060, Гагарин даңғ. 258 В, «Азия» бизнес орталығы, кеңсе 318, телефон, факс: +7 727 3962037, +7 727 3912706, эл.поштасы: a.tyulembayeva@medac.de.

 

 

Прикрепленные файлы

609622681477976513_ru.doc 108 кб
532412651477977689_kz.doc 119.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники