Аскорутин №50 (Марбиофарм ОАО)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Аскорутин
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: аскорбин қышқылы – 50 мг,
рутозид (рутин) – 50 мг
қосымша заттар: сахароза (қант), картоп крахмалы, кальций стеараты моногидраты (1- сулы кальций стеараты), тальк.
Сипаттамасы
Дөңгелек пішінді және жайпақ беткейлі жасыл, қоңыр және ақ түсті ұсақ теңбілдері бар ашық жасылдау-сарғыш түсті таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Рутозидтер басқа препараттармен біріктірілімде.
АТХ коды С05СА 51
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Препарат құрамына кіретін әр компонент оған тән өзгеруге төзе алады. Аскорбин қышқылы тез сіңеді, әсіресе он екі елі және аш ішекте. Енгізгеннен кейін 30 минуттан соң қандағы аскорбин қышқылының құрамы айтарлықтай жоғарылайды, тіндердің оны қармауы басталады. Мұнымен бірге, ол алдымен энергетикалық шығынсыз жасуша жарғақшалары арқылы өтетін дегидроаскорбин қышқылына айналады және жасушада тез қалпына келеді. Аскорбин қышқылы тіндерде тек қана дерлік жасуша ішінде болады, үш формада - аскорбин, дигидроаскорбин қышқылы және аскорбиген (аскорбин қышқылымен байланысқан) түрінде анықталады. Мүшелер арасында әркелкі таралады. Оның құрамы ішкі секреция бездерінде, әсіресе бүйрек үсті безінде көп, мида, бүйректе, бауырда жүрек және қаңқа бұлшықеттерінде аз. Аскорбин қышқылының лейкоциттер мен тромбоциттердегі құрамы қан плазмасына қарағанда жоғары. Ол оксалат түрінде 90 % -ға дейін бүйрекпен метаболизденеді және шығарылады, ішінара – бос түрінде. Ас қорыту өзегінде сіңіріле отырып, рутин аскорбаттың тасымалдануына және депонирленуіне ықпал етеді. Өзгермеген күйде және метаболиттер түрінде көбіне өтпен және аз дәрежеде несеппен шығарылады. Жартылай шығарылу кезеңі – 10-25 сағат.
Фармакодинамикасы
Метаболизмдік үдерістерді реттейтін дәрілер, витаминдік препарат. Аскорутин – капиллярлардың өткізгіштігі мен сынғыштығын төмендететін С және Р витаминдерінің жетіспеушілігін толықтыратын препарат, антиоксидантты қасиеттерге ие.
Аскорбин қышқылы (С витамині) тотығу-тотықсыздану үдерістерін, көмірсу алмасуы, қан ұю, тіндердің регенерациясы коллаген, протеогликандар синтезін ретке келтіруге қатысады, организмнің қарсыласуының жоғарылауына ықпал етеді.
Рутин (Р витамині) капиллярлардың өткізгіштігін, ісіну мен қабынуды төмендетеді, тамыр қабырғаларын нығайтады. Агрегацияны тежейді және эритроциттердің деформациялану дәрежесін арттырады. Антиагрегациялық әсерге ие, бұл микроайналымды жақсартуға ықпал етеді.
Қолданылуы
-
С және Р гипо- және авитаминоздың алдын алу және емдеуде
-
капиллярлардың жоғары өткізгіштігі мен сынғыштығымен қатар жүретін аурулар мен жағдайларда: геморрагиялық диатездер, капилляротоксикоздар, сәулелік ауру, сепсистік эндокардит, ревматизм, гломерулонефрит, гипертониялық ауру, арахноидит, жұқпалы аурулар (бөртпе сүзегі, қызылша, скарлатина)
-
антикоагулянттарды (неодикумарин, фенилин және олардың баламалары), салицилаттарды қолдануға байланысты капиллярлардың зақымдануларында алдын алу және емдік мақсатта.
Қолдану тәсілі мен дозалары
Ішке, ересектерге 1 таблеткадан күніне 2-3 рет, 6 жастан жоғары балаларға –тамақтану кезінде немесе одан кейін күніне ½ таблеткадан. Курс жекелей дәрігермен анықталады.
Жағымсыз әсерлері
-
аллергиялық реакциялар
-
бас ауыруы, жоғары қозғыштық, ұйқының бұзылуы
-
артериялық қысымның жоғарылауы
-
тромбоцитоз, лейкоцитоз
-
жүрек айнуы, құсу, анорексия, эпигастрий аумағының ауыруы, ішек түйілулері, диарея
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
-
тромбофлебит
-
қандағы гиперкоагуляциямен және тромбоздарға бейімділікпен қатар жүретін жағдайлар
-
қант диабеті (құрамында аскорбин қышқылы болғандықтан)
-
гипероксалурия
-
жүктіліктің I триместрі
-
6 жасқа дейінгі балаларға.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
В тобының витаминдерімен және құрамында мыс бар препараттармен қолдану ұсынылмайды.
Ұзақ қолданған жағдайда (4 аптадан астам) рутинді жүрек гликозидтерімен, гипертензияға қарсы дәрілермен немесе стероидты емес қабынуға қарсы препараттармен бір уақытта тағайындауға болмайды, себебі ол олардың әсерін күшейтуі мүмкін.
Аскорбин қышқылы салицилаттармен үйлескенде олардың сарысудағы концентрациясын жоғарылатады және кристаллурия қаупін арттырады. Кумарин туындыларының антикоагулянтты әсерін төмендетеді. Ішекте пенициллин, темір препараттарының сіңірілуін жақсартады, оральді коагулянттардың сіңірілуін төмендетеді. Оральді контрацептивтерді пайдалану организмдегі С витаминінің деңгейін төмендетеді.
Айрықша нұсқаулар
Препаратты жеміс немесе көкөніс шырындарын қолданумен, сілтілі сусынмен бір уақытта пайдалану С витаминінің сіңірілуін төмендетеді. Сонымен қатар, сіңірілуі энтериттер кезінде бұзылуы мүмкін.
Препараттың жоғары дозаларын қан ұюы жоғары науқастарға тромбофлебиттерде, тромбозға бейімділікте, қант диабетінде (құрамында аскорбин қышқылы болғандықтан) тағайындауға болмайды.
Аскорутиннің жоғары дозаларын қолданған кезде бүйрек қызметін және артериялық қысым деңгейін, сондай-ақ, ұйқы безінің қызметін бақылап отыру қажет. Препарат қандағы билирубин, глюкоза деңгейін, трансаминазалар, лактатдегидрогеназа және басқалардың белсенділігін анықтауға қатысты зертхана тестілерінің нәтижелерін өзгертуі мүмкін.
Жүктілік және лактация
С витаминінің жоғары дозалары эстрогендер синтезінің артуына байланысты жүктілікті тоқтатуды тудыруы мүмкін. Препарат құрамында рутин болғандықтан, оны жүктіліктің алғашқы триместрінде қолдануға болмайды.
Препаратты лактация кезеңінде қолдануға болады.
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Артық дозалануы
Симптомдары: жүрек айнуы, құсу, іш өту, бас ауыруы, артериялық қысымның жоғарылауы, тромб түзілуі.
Емі: асқазанды шаю, сорбенттер, симптоматикалық ем.
Шығарылу түрі мен қаптамасы
10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.
5 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге тұтынушы ыдысына арналған картон пәшкеге салынған.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Марбиофарм» ААҚ
Ресей Федерациясы, 424006, Марий Эл Республикасы, Йошкар-Ола қ.,
К.Маркс к-сі, 121.
Тел.: (8362) 42-03-12, факс: (8362) 45-00-00
e-mail: marbiopharm@marbiopharm.ru
Тіркеу куәлігінің иесі
«Марбиофарм» ААҚ, Ресей Федерациясы
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнімнің (тауардың) сапасы жөніндегі шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«Марбиофарм» ААҚ
Ресей Федерациясы, 424006, Марий Эл Республикасы, Йошкар-Ола қ.,
К.Маркс к-сі, 121.
Тел.: (8362) 42-03-12, факс: (8362) 45-00-00
e-mail: marbiopharm@marbiopharm.ru