Аскорутин №10 (Эйкос-Фарм ТОО)

МНН: Аскорбиновая кислота, Рутозид
Производитель: Эйкос-Фарм ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Аскорбиновая кислота в комбинации с другими препаратами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014642
Информация о регистрации в РК: 20.01.2017 - 20.01.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Аскорутин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: аскорбин қышқылы – 50 мг, рутин – 50 мг,

қосымша заттар: картоп крахмалы, кальций стеараты, тальк, қант.

Сипаттамасы

Болмашы теңбілдері, ойығы мен сызығы бар, жалпақ беткейлі, ашық жасылдау-сары түсті таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да препараттармен біріктірілген аскорбин қышқылы.

АТХ коды А11GВ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Аскорбин қышқылы көбінесе он екі елі ішек пен аш ішекте жылдам сіңеді. Енгізгеннен кейін 30 минуттан соң қанда аскорбин қышқылының құрамы айқын жоғарылайды, оның тіндерімен қармалуы басталады. Бұл ретте ол алдымен қуат шығындамай жасуша жарғақшалары арқылы өтетін дегидроаскорбин қышқылына өзгереді және жасушада жылдам қалпына келеді. Аскорбин қышқылы тіндерде тек қана жасуша ішінде орналасады, үш түрде – аскорбин, дегидроаскорбин қышқылы және аскорбиген (байланысқан аскорбин қышқылы) түрінде айқындалады. Ағзалар арасында біркелкі таралмайды. Ол ішкі секреция бездерінің құрамында, әсіресе бүйрек үсті безінде көп, аз мөлшерде - мида, бүйректе, бауырда, жүрек және қаңқа бұлшықеттерінде болады. Аскорбин қышқылының мөлшері қан плазмасына қарағанда лейкоциттер мен тромбоциттерде жоғарырақ. Ол бүйректе метаболизденеді және 90% дейін оксалат түрінде, ішінара - бос түрде бүйрек арқылы сыртқа шығарылады. Рутин ас қорыту жолында сіңе отырып, аскорбаттың тасымалдануына және жинақталуына жағдай туғызады. Өзгермеген күйде және метаболиттер түрінде негізінен өтпен сыртқа шығарылады және аз дәрежеде несеппен шығарылады. Жартылай шығарылу кезеңі 10-25 сағатты құрайды.

Фармакодинамикасы

Рутин аскорбин қышқылымен бірге тотығу-тотықсыздану үдерістеріне қатысады, антиоксиданттық қасиеті бар (атап айтқанда адреналинді тотығудан сақтайды), аскорбин қышқылының тотығуына жол бермейді және тіндерде жинақталуына ықпал етеді. Екі компонент те қан тамырлары қабырғаларын нығайтады (жасуша аралық заттардың түзілуіне ықпал етеді және гиалуронидазаның белсенділігін төмендетеді), қылтамырлар өткізгіштігін және сынғыштығын төмендетеді.

Қолданылуы

- С және Р гипо- және авитаминозын, тікелей емес антикоагулянттарды және салицилаттарды қолданумен байланысты қылтамырлар зақымдалуының алдын алуда және емдеуде

Кешенді ем құрамында:

- қан тамырлары өткізгіштігінің бұзылуы қатар жүретін ауруларда: геморрагиялық диатез, көз торқабығына қан құйылу, қылтамыртоксикозы, сәуле ауруы, сепсистік эндокардит, ревматизм, гломерулонефрит, арахноидит, бөртпелі сүзек, қызылша, жаншау, тромбоцитопениялық пурпура.

Қолданылу тәсілі және дозалары

Емдеу үшін ересектерге 1 таблеткадан күніне 2-3 рет, 6 жастан бастап балаларға ½ таблеткадан күніне 1-2 рет. Курсы дәрігермен жекелей анықталады.

Алдын алу үшін ересектерге 1 таблеткадан күніне 1-2 рет, 6 жастан бастап балаларға ½ таблеткадан күніне 1 рет.

Жағымсыз әсерлері

- тері бөртпесі түрінде аллергиялық реакциялар болуы мүмкін

- диспепсиялық бұзылыстар, жүрек айну, құсу, эпигастрий аймағының ауыруы

- бас ауыруы, жоғары қозғыштық

- артериялық қысымның жоғарылауы

- тромбоцитоз, лейкоцитоз

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттерінің біреуіне жоғары сезімталдық

- қан ұюының жоғарылауымен және тромбоздарға бейімділікпен қатар жүретін жағдайлар

- тромбофлебит

- қант диабеті (аскорбин қышқылының болуына байланысты)

- жүктіліктің І триместрі

- 6 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

В тобының витаминдерімен және құрамында мысы бар препараттармен бірге қолдануға болмайды. Ұзақ қолданған жағдайда (4 аптадан астам) рутинді жүрек гликозидтерімен, гипертензияға қарсы дәрілермен немесе стероидты емес қабынуға қарсы препараттармен бір мезгілде тағайындауға болмайды, себебі ол олардың әсерін күшейтуі мүмкін.

Аскорбин қышқылы пенициллин тобы, темір ДЗ-ның сіңуін жоғарылатады; гепарин және тікелей емес антикоагулянттардың клиникалық әсерін төмендетеді.

Айрықша нұсқаулар

Аскорутинді тамақтан кейін тағайындайды.

Препаратты жеміс немесе көкөніс шырындарын қолданумен, сілтілі сусынмен бір уақытта пайдалану С витаминінің сіңірілуін төмендетеді. Сонымен қатар, сіңірілуі энтериттер кезінде бұзылуы мүмкін.

Препараттың жоғары дозаларын қан ұюы жоғары науқастарға тромбофлебиттерде, тромбозға бейімділікте, қант диабетінде (құрамында аскорбин қышқылы болғандықтан) тағайындауға болмайды.

Аскорутиннің жоғары дозаларын қолданған кезде бүйрек қызметін және артериялық қысым деңгейін, сондай-ақ, ұйқы безінің қызметін бақылап отыру қажет.

Препарат қандағы билирубин, глюкоза деңгейін, трансаминазалар, лактатдегидрогеназа және т.б. белсенділігін анықтауға қатысты зертхана тестілерінің нәтижелерін өзгертуі мүмкін.

Жүктілік, лактация кезеңі

С витаминінің жоғары дозалары эстрогендер синтезінің артуына байланысты жүктілікті тоқтатуды тудыруы мүмкін. Препарат құрамында рутин болғандықтан, оны жүктіліктің алғашқы триместрінде қолдануға болмайды.

Препаратты лактация кезеңінде қолдануға болады.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Аскорутинді қолдану автомобиль немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Препарат артық дозаланғанда ұйқы безінің инсулярлы аппараты функциясының бәсеңдеуі, бүйрек функциясының бұзылуы, артериялық қысымның жоғарылауы мүмкін.

Емі: белсендірілген көмірі бар сумен асқазанды шаю; симптоматикалық ем жүргізу қажет.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан екі жағының полимерлік жабыны бар қаптама қағаздан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамада немесе 50 таблеткадан полипропиленнен жасалған қақпағы бар банкіде. 250 пішінді қаптамадан немесе 20 банкіден медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа (топтық қаптамаға) салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Эйкос-Фарм» ЖШС, Қазақстан, Алматы облысы, Боралдай кенті, 71- разъезд.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Эйкос-Фарм» ЖШС, Қазақстан.

Тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Алматы қ., Нүсіпбеков к-сі, 32

тел: 397 64 29, факс: 250 71 78

e-mail:pharm@eikos.kz

 

 

Прикрепленные файлы

174401041477976499_ru.doc 54 кб
435600111477977657_kz.doc 60.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники