Аскорутин №10 (Химфарм АО)

МНН: Аскорбиновая кислота, Рутозид
Производитель: Химфарм АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Аскорбиновая кислота в комбинации с другими препаратами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013785
Информация о регистрации в РК: 03.03.2014 - 03.03.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Аскорутин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: 50,0 мг аскорбин қышқылы, 50,0 мг рутин,

қосымша заттар: картоп крахмалы, қант, тальк, кальций стеараты

Сипаттамасы

Беті жалпақ, жасылдау-сары түсті таблеткалар. Таблетканың бір жағында ойығы мен сызығы, екінші жағында ойығы мен крест түріндегі фирмалық логотип бар. Таблеткалардың бетінде теңбілдер болуына жол беріледі.

Фармакотерапиялық тобы

Басқа препараттармен біріктірілген аскорбин қышқылы

АТХ коды А11GВ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Аскорбин қышқылы көбінесе он екі елі және аш ішектерде жылдам сіңеді (қабылданған дозасының 50-70%-ына дейін). Қабылдағаннан кейін 30 минуттан соң аскорбин қышқылының қандағы мөлшері елеулі артады, оның тіндермен қармалуы басталады, осы кезде ол алдымен дегидроаскорбин қышқылына өзгереді, ол жасуша жарғақшалары арқылы энергетикалық шығынсыз өтеді және жасушада жылдам қалпына келеді. Аскорбин қышқылы тіндерде іс жүзінде тек жасуша ішінде ғана болады, үш түрде – аскорбин, дегидроаскорбин қышқылдары және аскорбиген түрінде (аскорбин қышқылымен байланысты) анықталады. Ағзалар арасында біркелкі таралмайды. Ол ішкі секреция бездерінде, әсіресе бүйрекүсті бездерінде көп болады, мида, бүйректе, бауырда, жүрек және қаңқа бұлшықеттерінде – аз болады. Аскорбин қышқылының лейкоциттер мен тромбоциттердегі мөлшері қан плазмасындағыға қарағанда жоғары. 90%-ға дейін бүйрекпен оксалат түрінде метаболизденеді және шығарылады, ішінара – бос түрде нәжіспен және термен де бөлініп шығады. Жоғары дозаларын қолданғанда, қан плазмасындағы концентрациясы 1,4мг/дл асатын болса, шығарылуы күрт күшейеді.

Рутинді (рутозидті) ішке қабылдағанда қандағы ең жоғарғы концентрациясына 1-4 сағаттан соң жетеді. Рутин аскорбаттың тасымалдануына және жинақталуына ықпал етеді. Өзгеріссіз күйде және метаболиттер түрінде, көбінесе өтпен және азғантай дәрежеде несеппен шығарылады. Жартылай шығарылу кезеңі 10-25 сағатты құрайды.

Фармакодинамикасы

Біріктірілген дәрілік зат, оның әсер етуі құрамына кіретін компоненттерінің әсерлерімен байланысты. Препарат С және Р витаминдері тапшылығын қалпына келтіреді.

Аскорбин қышқылы тотығу-тотықсыздану үдерістерінің, көмірсу алмасуының, қан ұйығыштығының реттелуінде, тіндердің регенерациясында маңызды рөл атқарады, организмнің төзімділігінің артуына ықпал етеді.

Рутин Р витамині тобына жатады. Аскорбин қышқылымен бірге тотығу-тотықсыздану үдерістеріне қатысады, антиоксиданттық қасиеттері бар, тотығуды болдырмайды және аскорбин қышқылының тіндерде жинақталуына ықпал етеді. Қылтамырлар өткізгіштігінің жоғарылауын басады, тамыр қабырғасын нығайтады, оның ісінуі мен қабынуын азайтады. Антиагреганттық әсерге ие, бұл микроциркуляцияның жақсаруына ықпал етеді. Екі компоненті де тамыр қабырғасын нығайтады (жасушааралық заттың түзілуіне ықпал етеді, гиалуронидазаның белсенділігін төмендетеді), қылтамырлардың өткізгіштігі мен жарылғыштығын азайтады.

Рутин (Р витамині) аскорбин қышқылының дегидроаскорбин қышқылына айналуына ықпал етеді және соңғысының ары қарай дикетогулон қышқылына өзгеруіне бөгет болады. Сондықтан рутин әсерлерінің көпшілігі С витаминінің әсеріне негізделеді. Рутин аскорбин қышқылымен бірге қылтамырлардың өткізгіштігі мен жарылғыштығын төмендетеді, тамыр қабырғасын нығайтады, тромбоциттер агрегациясын азайтады, қабынуға қарсы әсері (соның ішінде гиалуронидаза белсенділігін бәсеңдету есебінен), антиоксиданттық қасиеттері бар, тотығу-тотықсыздану үдерістеріне қатысады. Бұдан өзге, рутинге плазманың сұйық бөлігінің экссудациясын және тамыр қабырғасы арқылы қан жасушалары диапедезін азайту; өт айдайтын және жеңіл антигипертензивтік сияқты әсерлер тән. Көктамырлардың созылмалы жеткіліксіздігі бар науқастарда рутин ісіну және ауыру синдромдарының, трофикалық бұзылулардың азаюына, парестезиялар мен құрысулардың азаюына немесе жоғалуына алып келеді. Сәулемен емдеудің жағымсыз әсерлерінің азаюына (цистит, энтеропроктит, дисфагия, тері эритемасы) ықпал етеді, сондай-ақ диабеттік ретинопатияның үдеуін баяулатады.

Қолданылуы

- С және Р гиповитаминозында және авитаминозында

Кешенді ем құрамында:

- ауыру және ісіну синдромдарымен жүретін көктамырлардың варикозды кеңеюінде

- беткейлік тромбофлебитте

- трофикалық бұзылулар және ойық жараларда

- созылмалы көктамыр жеткіліксіздігінде

- геморрагиялық диатезде

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке, ересектер күніне 2-3 рет 1 таблеткадан қабылдау керек, 6 жастан бастап балаларға – күніне ½ таблеткадан, ас ішу кезінде немесе ас ішкеннен кейін. Курсын емдеуші дәрігер белгілейді.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар

- бас ауыруы, қатты қозу, ұйқының бұзылуы

- артериялық қысымның жоғарылауы

- тромбоцитоз, лейкоцитоз

- жүрек айнуы, құсу, анорексия, эпигастрий тұсының ауыруы, ішек түйілулері, диарея.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- тромбофлебит

- қан гиперкоагуляциясымен және тромбоздарға бейімділікпен қатар жүретін жағдайлар

- қант диабеті (құрамында аскорбин қышқылы болғандықтан)

- гипероксалурия

- 6 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Аскорбин қышқылы сульфаниламидтік препараттардың уыттылығын азайтады, гепарин мен қосалқы антикоагулянттардың емдік әсерін төмендетеді, темірдің сіңірілуіне ықпал етеді, пенициллиннің сіңуін арттырады, салицилаттардың жағымсыз әсерін (кристалурияның туындау қаупін) күшейтеді.

В тобының витаминдерімен және құрамында мыс бар препараттармен қолдану ұсынылмайды.

Ұзақ уақыт (4 аптадан астам) қолданғанда рутинді жүрек гликозидтерімен, антигипертензивтік дәрілермен немесе қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен бір мезгіле тағайындамаған жөн, өйткені бұл олардың әсерін күшейтуі мүмкін.

Кумарин туындыларының антикоагулянттық әсерін азайтады. Ішекте пенициллин, темір препараттарының сіңуін жақсартады, оральді антикоагулянттардың сіңуін төмендетеді. Оральді контрацептивтерді пайдалану организмдегі С витаминінің деңгейін төмендетеді.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты сілтілік сұйықтықтарды ішумен, жаңа алынған жеміс немесе көкөніс шырындарын пайдаланумен бір мезгілде пайдалану С витаминінің сіңуін азайтады. Сондай-ақ, сіңуі энтериттер кезінде де бұзылуы мүмкін.

Қан ұйығыштығы жоғары, тромбофлебиттері, тромбоздарға бейім науқастарға, қант диабетінде (құрамында аскорбин қышқылы болғандықтан) препараттың жоғары дозаларын тағайындамау керек.

Аскорутиннің жоғары дозаларын қолданғанда бүйрек функциясы мен артериялық қысым деңгейін, сондай-ақ ұйқы безінің функциясын бақылау қажет. 

Препарат қандағы билирубин, глюкоза деңгейіне, трансаминазалар белсенділігіне, лактатдегидрогеназа және т.б. жүргізілетін зертханалық тестілердің нәтижелерін өзгертуі мүмкін.

Жүктілік және лактация кезеңі

С витаминінің жоғары дозалары эстрогендер синтезінің артуы салдарынан – жүктілікті үзуге қабілетті. Препарат құрамында рутин болғандықтан, оны жүктіліктің бірінші триместрінде қолданбау керек. 

Препаратты лактация кезінде қолдануға болады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Симптомдары: жүрек айнуы, құсу, іш өтуі, бас ауыруы, артериялық қысымның жоғарылауы, тромб түзілуі.

Емі: асқазанды шаю, сорбенттер, симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбір мен алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан.

Пішінді ұяшықты қаптамаларды картоннан жасалған қораптарға салады. Топтық қаптамаға қаптамалар саны бойынша медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықтар салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы,

Шымкент қ., Рашидов к-сі, н/ж, т/ф: 560882

Тіркеу куәлігінің иесі

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Химфарм» АҚ, Шымкент қ., ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ,

Рашидов к-сі, н/ж, т/ф: 560882

Телефон нөмірі 7252 (561342)

Факс нөмірі 7252 (561342)

Электронды поштасы standart@santo.kz

 

 

 

Прикрепленные файлы

791102431477976801_ru.doc 75.5 кб
437637451477977965_kz.doc 87.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники