Аскорил Экспекторант (сироп)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Аскорил Экспекторант
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
100 мл және 200 мл шәрбат
Құрамы
10 мл шәрбаттың құрамында
белсенді заттар: сальбутамол сульфаты
(сальбутамолға баламалы) – 2.00 мг
бромгексин гидрохлориді - 4.00 мг
гвайфенезин - 100.00 мг
ментол (левоментол) - 1.00 мг,
қосымша заттар: натрий бензоаты, лимон қышқылы моногидраты, сорбитол, глицерин, пропиленгликоль, сансет сары бояғышы FCF, ананас хош иістендіргіші, қара қарақат хош иістендіргіші ID20158, сорбин қышқылы, сахароза, тазартылған су.
Сипаттамасы
Дәмі тәтті, қызыл-сары түсті, қою, мөлдір, хош иістендірілген тұтқыр сұйықтық.
Фармакотерапиялық тобы
Жүйелік пайдалануға арналған симпатомиметиктер. Тыныс алу жолдарының обструкциялық ауруларын емдеуге арналған басқа препараттармен біріктірілімдегі симпатомиметиктер.
АТХ коды R03СК
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Сальбутамол 50 % - 85 % биожетімділігімен асқазан-ішек жолдарында жақсы сіңеді. Плазмалық концентрациясының (Cmax) ең жоғарғы шегіне сальбутамолды пероральді қабылдағаннан кейін 1-4 сағаттан (Tmax) соң жетеді. Тамақ ішу сальбутамолдың биожетімділігіне әсер етпейді. Плазма ақуызымен байланысуы 10 %-ды құрайды және таралу көлемі (Vd) 156 +/-38 литр. Сальбутамол белсенді метаболит - 4-O-сульфат күрделі эфирге бауырда метаболизденеді. Сальбутамол 64 % несеппен және өтпен шығарылады. Сальбутамолдың жартылай ыдырау кезеңі 3 - 6.5 сағатты құрайды.
Бромгексин асқазан-ішек жолдарында жақсы сіңеді. Плазмадағы (Cmax) жоғары концентрациясы ішу арқылы қабылдағаннан кейін 1 сағаттан соң байқалады. Бромгексин белсенді метаболит амброксолға бауырда метаболизденеді. Бромгексин метаболит түрінде негізінен несеппен шығарылады. Тек азғантай көлемі өзгермеген түрде шығарылады. Бромгексиннің жартылай ыдырау кезеңі Т ½ 6.5 сағатты құрайды.
Гвайфенезин асқазан-ішек жолдарында жақсы сіңеді. Гвайфенезиннің 60 %-ы ß-2-methoxyphenoxy-lactic қышқылын түзу арқылы 7 сағат бойы қанда гидролизденеді. Гвайфенезиннің артық дозалануы несептас ауруын туындатуы мүмкін; тастарда гвайфенезиннің метаболиті: ß-2 – метоксифенол-сүт қышқылы бар. Гвайфенезин метаболит түрінде несеппен шығарылады. Жартылай ыдырау Т ½ кезеңі 1 сағатты құрайды.
Абсорбциядан соң ментол глюкуронид түрінде несеппен және өтпен шығарылады.
Фармакодинамикасы
Аскорил экспекторант – бронхты кеңейтетін, муколитикалық және қақырық түсіретін әсері бар біріктірілген препарат. Сальбутамолдың, бромгексин гидрохлоридінің, гвайфенезиннің және ментолдың рационалды біріктірілімінің арқасында тыныс алу жүйесі тарапынан қызметтік бұзылу айқындылығы жедел және тиімді түрде азаяды.
Сальбутамол —β2-адренорецепторлардың іріктелген агонисі, бронхолитикалық әсер етеді, бронхтың түйілуін қайтарады.
Бромгексин гидрохлориді муколитикалық әсер етеді. Қышқыл полисахаридтерді деполяризациялау және бронхтың шырышты қабаты секреторлы жасушаларын көтермелеу есебінен бронхиалдық секреттің тұтқырлығын төмендетеді.
Гвайфенезин қақырықтың адгезивтік қасиеті мен беткейлік тартылуын азайтады, қақырық шығаруға ықпал етеді.
Ментол спазмолитикалық әсер етеді, бронх бездерінің секрециясын жеңіл көтермелейді, антисептикалық қасиеті бар, тыныштандыратын әсер береді және тыныс алу жолдарының шырышты қабатының тітіркенуін төмендетеді.
Қолданылуы
- бөлінуі қиын тұтқыр секрет түзілуімен қатар жүретін жедел және созылмалы бронх-өкпе ауруларында (бронх демікпесі, трахеобронхит, обструктивті бронхит, пневмония, өкпе эмфиземасы, көкжөтел, пневмокониоз және басқалар), (біріктірілген ем құрамында)
- ЖРА кезіндегі жөтелде
Қолдану тәсілі және дозалары
Ішке. Ересектерге 10 мл (2 шай қасық) сиропты тәулігіне 3 рет.
Емдеу ұзақтығы әр адамға жеке анықталады.
Жағымсыз әсерлері
Ұзақ қабылдаған кезде
- жүрек айну, құсу, диспепсиялық құбылыстар, диарея, асқазан және он екі елі ішектің ойық жара ауруларының асқынуы
Сирек
- шеткергі қан тамырларының уақытша кеңеюі, артериялық қысымның төмендеуі, коллапс, бас ауруы, бас айналу, орташа тахикардия
- жүйкенің жоғары қозғыштығы
- тремор, бұлшық ет құрысулары, ұйқының бұзылуы
- аллергиялық реакциялар, оның ішінде ангионевротикалық ісіну, тері бөртпесі, есекжем, парадоксальді бронх түйілуі
- гипокалиемия
- несептің қызғылт түске боялуы
Өте сирек
- трансаминазалар белсенділігінің артуы
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препараттың белсенді және қосымша заттарына жоғары сезімталдық
- жөтелге қарсы дәрілерді, бета-адренорецепторлардың іріктелмеген блокаторларын, МАО тежегіштерін бір мезгілде қолдану
- тахикардия, миокардит, жүрек ақаулары
- қант диабеті
- асқазан, он екі елі ішектің ойық жарасы (өршу кезеңінде)
- асқазаннан қан кету
- гипертиреоз
- глаукома
- жүктілік, лактация кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балаларға және жасөспірімдерге
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Басқа бета2-адреномиметикалық дәрілер мен теофиллин сальбутамолдың әсерін күшейтеді және жағымсыз әсерлердің пайда болу мүмкіндігін арттырады.
Аскорил экспекторант құрамында кодеині бар препараттармен және басқа да жөтелге қарсы дәрілермен бір уақытта тағайындалмайды, себебі бұл сұйылған қақырықтың шығарылуын қиындатады.
Препаратты пропранолол сияқты бета-адренорецепторлардың іріктелмеген блокаторларымен бір уақытта қолдану ұсынылмайды. Аскорил Экспекторант препаратының құрамына кіретін сальбутамолды моноаминооксидазаның тежегіштерін қабылдайтын емделушілерге қабылдауға болмайды.
Диуретиктер және глюкокортикостероид препараттары сальбутамолдың гипокалиемиялық әсерін күшейтеді.
Айрықша нұсқаулар
Препараттың құрамына кіретін бромгексин антибиотиктердің (эритромицин, цефалексин, окситетрациклин) өкпе тініне енуіне ықпал етеді.
Препаратпен бір уақытта сілтілік ішімдіктер қабылдауға болмайды.
Диуретиктер және глюкокортикостероидтар сальбутамолдың гипокалиемиялық әсерін күшейтеді. Құрамында кодеин бар препараттармен және басқа да жөтелге қарсы дәрілермен бір уақытта тағайындау сұйылған қақырықтың шығарылуын қиындатады.
Гвайфенезин несепті қызғылт түске бояйды.
Дәрілік заттың көлік құралын және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Сезімтал науқастарда қабылдаған кезде тахикардия, қолдың дірілі, бұлшық ет құрысулары туындауы мүмкін екенін ескере келе, препаратты қабылдаған уақытта көлік құралдары мен механизмдерді басқарудан, назар аударуды талап ететін жұмыстарды атқарудан бас тартқан жөн.
Артық дозалануы
Симптомдары – жағымсыз әсерлерінің күшеюі мүмкін.Емі - симптоматикалық.
Шығарылу түрі және қаптамасы
100 мл немесе 200 мл шәрбаттан 10 мл өлшеуіш қақпағы бар полиэтиленнен жасалған құтыда.
1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханадан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
Гленмарк Фармасьютикалз Лтд, ПЛОТ № Е 37,39, МИДС Ареа, Саптур, Насик – 422007, Махараштра, Үндістан.
Тіркеу куәлігінің иесі
Гленмарк Фармасьютикалз Лтд, Үндістан
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
ҚР-дағы Гленмарк Фармасьютикалз ЛТД өкілдігі, 050005, Алматы қ., Әл-Фараби даңғ.,7, «Нұрлы Тау» бизнес орталығы, 4 А блогы, 7 кеңсе.
тел: + 7(727) 311 04 41.