Аскорил

МНН: Бромгексин, Гвайфенезин, Сальбутамол
Производитель: Гленмарк Фармасьютикалз Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Симпатомиметики в комбинации с другими препаратами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021601
Период регистрации: 28.08.2015 - 28.08.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Аскорил

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: сальбутамол сульфаты

(сальбутамолға баламалы) - 2 мг

бромгексин гидрохлориді - 8 мг

гвайфенезин - 100 мг

қосымша заттар: сусыз кальций гидрофосфаты, жүгері крахмалы, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, тазартылған тальк, коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, тазартылған су.

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, тегіс беткейлі, бір жағында сызығы бар, ақ түсті таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Тыныс алу жолдарының обструкциялық ауруларын емдеуге арналған препараттар. Жүйелік пайдалануға арналған симпатомиметиктер. Тыныс алу жолдарының обструкциялық ауруларын емдеуге арналған басқа препараттармен біріктірілімдегі симпатомиметиктер.

АТХ коды R03СК

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сальбутамол асқазан-ішек жолында сіңеді. Биожетімділігі 50-85 % құрайды. Тамақтану сальбутамолдың биожетімділігіне әсер етпейді. Ішке қабылдағаннан кейін қан плазмасында сальбутамолдың ең жоғары концентрациясына 1 - 4 сағаттан кейін жетеді. Плазма ақуыздарымен байланысуы 10 % және таралу көлемі (Vd) 156 ± 38 литрді құрайды. Бауырда 4-о-сульфат эфиріне дейін метаболизденеді. Жартылай шығарылу кезеңі Т ½ - 3-6.5 сағатты құрайды. Несеппен (64 %-98 %) және өтпен шығарылады.

Бромгексин асқазан-ішек жолында жақсы сіңеді. Қан плазмасындағы (Cmax) ең жоғары концентрациясы (Сmax) ішке қабылдағаннан кейін 1 сағаттан соң байқалады. Белсенді метаболит амброксолға бауырда метаболизденеді. Жартылай шығарылу кезеңі (Т ½) 6.5 сағатты құрайды Негізінен метаболиттер түрінде несеппен шығарылады, бромгексиннің болмашы мөлшері өзгермеген күйде шығарылады.

Гвайфенезин асқазан-ішек жолында жақсы сіңеді. Бауырда метаболизденеді. Т ½ - 1 сағат. Белсенді емес метаболиттер түрінде несеппен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Аскорил – бронхты кеңейтетін, муколитикалық және қақырық түсіретін әсері бар біріктірілген препарат.

Сальбутамол — β2-адренорецепторлардың селективті агонисі, бронхтардың, қантамырлардың және миометрияның β2-адренорецепторларын көтермелейді; бронхолитикалық әсер етеді, бронх түйілуін бәсеңдетеді.

Бромгексин муколитикалық және қақырық түсіретін әсер береді. Бронхиалдық секреттің серозды компонентін ұлғайтады, қақырық тұтқырлығын төмендетеді, жыпылықтайтын эпителий белсенділігін және өкпе сурфактанты өндірілуі белсенділігін көтермелейді.

Гвайфенезин – қақырық түсіретін дәрі, қақырықтың адгезивтік қасиеттерін төмендетеді, бронхтар шырышты қабығының секреторлық жасушаларын көтермелейді, қақырық тұтқырлығын төмендетеді, бронхтың цилиарлы аппаратын белсендіреді.

Қолданылуы

Бронх түйілуімен қатар жүретін өнімді жөтелді симптоматикалық емдеу үшін.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке.

Ересектерге және 12 жастан асқан балаларға 1 таблеткадан тәулігіне 2 рет тағайындайды.

6-12 жастағы балалар: 1/2-ден тәулігіне 2 рет.

Емдеу курсы – 7-10 күн.

Жағымсыз әсерлері

- бас ауыру, бас айналу

- жүйкенің жоғары қозғыштығы, күйгелектік, діріл

- ұйқының бұзылуы, ұйқышылдық, тремор, құрысулар

- жүрек айну, құсу, диарея

- несептің қызғылт түске боялуы

- асқазан мен он екі елі ішек ойық жара ауруының өршуі

- эпигастрийдегі ауыруы

- коллапс, бронх түйілуі

- гипокалиемия

- жүрек қағуының жиілеуі

- несеп шыарудың қиындауы

- уролитиаз

- аллергиялық реакциялар (бөртпе, есекжем), көмейдің ісінуі

- кеуде тұсындағы жайсыздық

- артериялық қысымның көтерілуі, стенокардия

- ауыздың құрғауы немесе тітіркену

- дәмнің бұзылуы

- «бауыр» сынамалары деңгейінің жоғарылауы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- жүктілік, лактация кезеңі

- жөтелге қарсы дәрілерді, β-адренорецепторлардың селективті емес блокаторларын, МАО тежегіштерін бір мезгілде қолдану

- тахикардия, аритмиялар

- миокардит, жүрек ақаулары

- декомпенсацияланған қант диабеті

- тиреотоксикоз

- глаукома

- асқазаннан қан кету

- артериялық гипертензия

- бауыр немесе бүйрек жеткіліксіздігі

- асқазан, он екі елі ішек ойық жарасының өршуі кезеңінде

- 6 жасқа дейінгі балалар (тұншығу қаупінен)

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа бета 2-адреномиметикалық дәрілер және теофиллин сальбутамолдың әсерін күшейтеді және жағымсыз әсерлердің пайда болу мүмкіндігін арттырады.

Аскорилді құрамында кодеин бар препараттармен және басқа да жөтелге қарсы дәрілермен бір мезгілде тағайындамайды, өйткені бұл сұйылтылған қақырықтың шығуын қиындатады.

Препарат құрамына кіретін бромгексин антибиотиктердің (эритромицин, цефалексин, окситетрациклин) өкпе тініне өтуіне ықпал етеді.

Препаратты пропранолол сияқты бета-адренорецепторлардың селективті емес блокаторларымен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Аскорил препаратының құрамына кіретін сальбутамол моноаминооксидаза тежегіштерін алатын емделушілерге ұсынылмайды.

Диуретиктер және глюкокортикостероид препараттары сальбутамолдың гипокалиемиялық әсерін күшейтеді.

Аскорил таблеткаларын сілтілі сұйықтықпен бір мезгілде қабылдауға болмайды.

Айрықша нұсқаулар

Сальбутамол, барлық басқа симпатомиметикалық аминдер секілді конвульсивті бұзылыстары, гипертиреоз, қант диабеті бар науқастарда және симпатомиметикалық аминдерге сезімталдығы жоғары емделушілерде сақтықпен пайдаланылуы тиіс.

Сальбутамол, барлық басқа β-адренергиялық агонистер секілді кейбір емделушілерде жүрек-тамыр өзгерістерін туындатуы мүмкін: тамыр соғуының жиілеуі, артериялық қысым, электрокардиограмманың өзгеруі: T толқынының теңесуі, QT аралығының ұзаруы және ST сегментінің төмендеуі. Сондықтан сальбутамол жүрек-тамыр бұзылулары, әсіресе, коронарлық жеткіліксіздігі, жүрек аритмиялары мен артериялық гипертониясы бар емделушілерде сақтықпен пайдаланылуы тиіс.

Аскорил қабылдаған кезде 1 сағат бойы немесе бірнеше күннен кейін (демікпе тұрақсыздығы) байқалатын бронх демікпесі бар науқастың жағдайының нашарлауы – емдеуге қайта баға беруді кортикостероидтармен мүмкін болатын емді қажет етеді.

Сальбутамол парадоксальді бронх түйілуін туындатуы мүмкін, Аскорил қабылдауды тоқтату және талапқа сай емді бастау керек.

Аллергиялық реакциялар сальбутамолды қолданғаннан кейін туындауы мүмкін: сирек есекжем жағдайлары, Квинке ісінуі, бөртпе, бронх түйілуі, көмейдің ісінуі; сирек: мультиформалы эритема және Стивенс-Джонсон синдромы.

Шырыштың көп мөлшерімен қатар жүретін жөтелді, темекі шегумен, демікпемен, созылмалы бронхитпен немесе эмфиземамен байланысты тұрақты немесе созылмалы жөтелді емдеген кезде гвайфенезин қолданғанда сақтық таныту қажет. Гвайфенезин несепті қызғылт түске бояйды.

Бромгексин асқазан немесе дуоденальді ойық жарасы бар емделушілерде сақтықпен пайдаланылуы тиіс.

Аскорилді құрамында кодеин бар препараттармен және басқа да жөтелге қарсы дәрілермен бір мезгілде тағайындау сұйылтылған қақырықтың шығуын қиындатады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты қабылдаған кезеңде автокөлікті және дәл үйлестіруді, реакция жылдамдығы мен зейін шоғырландыруды қажет ететін өзге қызметтен тартына тұрған дұрыс.

Артық дозалануы

Симптомдары: жағымсыз әсерлері көріністелуінің күшеюі мүмкін.

Емі: симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамаға салынады. 2 пішінді ұяшықсыз қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші ұйымның атауы мен елі

Гленмарк Фармасьютикалз Лтд, Үндістан

Вилэдж Кишанпура, Бадди –Налагарх Роуд, Техсил Налагарх, Дистт. Солан ( HP)-173205

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

Гленмарк Фармасьютикалз Лтд, Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Гленмарк Фармасьютикалз ЛТД ҚР өкілдігі, 050005, Алматы қ.,

Әл-Фараби даңғылы,7, «Нұрлы Тау» бизнес орталығы, 4 А блок, 7 кеңсе.

тел: + 7(727) 311 04 41.

 

Прикрепленные файлы

142672621477976377_ru.doc 61 кб
915940241477977570_kz.doc 70.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники