Аскорбиновая кислота (5%)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Аскорбин қышқылы
Халықаралық патенттелмеген атауы
Аскорбин қышқылы
Дәрілік түрі
Көктамыр ішіне және бұлшықет ішіне енгізуге арналған 5 % ерітінді
Құрамы
1 мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат: аскорбин қышқылы – 50.00 мг,
қосымша заттар: натрий гидрокарбонаты, натрий сульфиті, көміртегі қостотығымен қанықтырылған инъекцияға арналған су.
Сипаттамасы
Мөлдір сәл боялған сұйықтық.
Фармакотерапиялық тобы
Витаминдер.
Аскорбин қышқылы.
АТЖ коды А 11 GA01
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Плазма ақуыздарымен байланысуы - 25%. Плазмадағы аскорбин қышқылының концентрациясы нормада шамамен 10-20 мкг/мл құрайды. Лейкоциттерге, тромбоциттерге, содан соң – барлық тіндерге жеңіл өтеді; анағұрлым жоғары концентрациясына безді ағзаларда, лейкоциттерде, бауырда және көз бұршағында жетеді; плацента арқылы өтеді. Аскорбин қышқылының концентрациясы эритроциттер мен плазмадағыға қарағанда лейкоциттер мен тромбоциттерде жоғары. Тапшылық жағдайында лейкоциттердегі концентрация кешірек әрі баяулау төмендейді және плазмадағы концентрацияға қарағанда тапшылықты бағалаудың ең жақсы критерийі болып табылады.
Көбіне бауырда дезоксиаскорбинді және одан әрі қарай қымыздық-сірке қышқылына және аскорбат-2-сульфатқа метаболизденеді.
Өзгермеген түрде және метаболиттер түрінде бүйрекпен, ішек арқылы, термен, емшек сүтімен шығарылады. Жоғары дозаларда тағайындағанда шығарылу жылдамдығы күрт күшейеді. Темекі тарту және этанол қолдану организмнің қорын күрт төмендете отырып, аскорбин қышқылының бұзылуын (белсенді емес метаболитке айналуы) жеделдетеді. Гемодиализде шығарылады.
Фармакодинамикасы
Аскорбин қышқылы (С витамині) адам организмінде түзілмейді, тек аспен түседі. Фармакологиялық әсерлері: тәуліктік қажеттіліктен (90 мг) едәуір асып түсетін мөлшерде, гипо- және авитаминоз (цинга) симптомдарын жылдам қайтаруын қоспағанда, мүлдем дерлік әсер етпейді. Физиологиялық қызметтері: кейбір гидроксилдену және амидтеу реакцияларының кофакторы болып табылады - электрондарды оларды қалпына келтіру эквивалентімен қамсыздандыру арқылы ферменттерге тасымалдайды. Гидроксипролин және гидроксилизин түзе отырып (коллагеннің пострансляциялық модификациясы) проколлагеннің пролинді және лизинді қалдықтарының гидроксилденуі, гидрокситриметиллизин түзу арқылы лизин бүйір тізбектерінің ақуыздарда тотығуы (картинит синтезі үдерісінде), фолий қышқылының фолин қышқылына дейін тотықтануы, дәрілік заттардың бауыр микросомалары метаболизмі мен дофаминнің норадреналин түзу арқылы гидроксилдену реакцияларына қатысады. Окситоцин, антидиуретикалық гормон және холицистокинин процессингісіне қатысатын амидтеуші ферменттердің белсенділігін арттырады. Бүйрек үсті бездерінің стероидогенезіне қатысады. Тіндердегі негізгі рөлі - коллагеннің, протеогликандар мен тіс, сүйек және қылтамырлар эндотелиясының басқа органикалық компоненттерінің синтезіне қатысу.
Қолданылуы
- C гиповитаминозында (С витаминін жылдам толықтыру қажет болғанда және ішу арқылы қабылдау мүмкін болмағанда)
- C авитаминозында (цинга)
- өткерген жұқпалы аурулардан және интоксикациядан кейінгі реконвалесценцияда
- посттрансфузиялық асқынуларда
- бауыр ауруларының кешенді емі құрамында (созылмалы гепатит пен цирроз)
- гипоацидті гастритте, энтеритте, колитте
- баяу жазылатын жаралар мен ойық жараларда, сүйек сынғанда
- жіңішке ішек резекциясында
- пептикалық ойық жарада
- гастроэктомияда
- созылмалы бүйрек үсті бездері жеткіліксіздігінде (Аддисон ауруы), Аддисон ауруы кезіндегі бүйрек үстілік кризде
- зертханалық тәжірибеде: эритроциттерді таңбалау үшін (Cr51 натрий хроматымен бірге).
Қолдану тәсілі және дозалары
Көктамыр ішіне, бұлшықет ішіне (баяу), ересектерге тәулігіне 100-ден 500 мг дейін (5% 2 - 10 мл), цинганы емдеу кезінде – тәулігіне 1000 мг дейін.
Жасы 6 айлыққа дейінгі балаларға 20-30 мг/тәулігіне (0,4-0,6 мл 5% ерітінді), 6-12 айлық жаста – 35 мг/тәулігіне (0,7 мл 5% ерітінді), 1-3 жаста – 40 мг/тәулігіне (0,8 мл 5% ерітінді), 4-10 жас – 45мг/тәулігіне (0,9 мл 5% ерітінді), 11-14 жас – 50 мг/ тәулігіне (1 мл 5 % ерітінді), 15 жастан асқан балаларға 60-100 мг (1,2-2 мл 5% ерітінді) тәулігіне 1 рет. Балалардағы цинганы емдеу кезінде – тәулігіне 500 мг дейін (10 мл 5%).
Бүйрек үсті бездері кризі кезінде көктамыр ішіне әр 3-4 сағат сайын баяу 250- 500 мг (5 -10 мл 5% ерітінді) енгізеді.
Эритроциттерді таңбалау үшін (Cr51 натрий хроматпен бірге) - 100 мг аскорбин қышқылын Cr51 натрий хроматы бар құтыға инъекциялайды.
Жағымсыз әсерлері
-
артериялық қысымның көтерілуі
-
ұйқы безі эндокриндік қызметінің бәсеңдеуі (гипергликемия, глюкозурия)
-
тромбоцитоз, анемия, нейтрофилез
-
гиперпротромбинемия, тромбофилия
-
аллергиялық реакциялар (оның ішінде анафилактикалық шок)
-
бүйрек қызметінің бұзылулары (гломерулопатиялар)
-
ұзақ қолданғанда нейроуытты әсерді туындататын мырыш пен мыс алмасуының бұзылуларында (қозудың жоғарылауы, ұйқының бұзылуы)
-
миокардиодистрофия
-
несеп-тас ауруы (оксалаттық тастардың түзілуі).
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- жоғары сезімталдық
- үлкен дозада ұзақ қолданғанда (500 мг астам) – қант диабеті, гипероксалурия, нефролитеаз, гемохроматоз, талассемия, глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы
- инсулинге тәуелді емес қант диабеті
Сақтықпен
- сидеробластты анемия
- бүйрек-тас ауруы
- гипероксалурия
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Аминофиллинмен, блеомицинмен, цефазолинмен, цефапиринмен, хлордиазепоксидпен, эстрогендермен, декстрандармен, доксапраммен, эритромицинмен, метициллинмен, нафциллинмен, бензилпенициллинмен, варфаринмен фармацевтикалық тұрғыда үйлесімсіз.
Қандағы бензилпенициллин және тетрациклиндер концентрациясын жоғарылатады; тәулігіне 1 г дозада этинилэстрадиол (оның ішінде ішке қабылдауға арналған контрацептивтер құрамына кіретін) биожетімділігін жоғарылатады.
Гепарин мен тікелей емес антикоагулянттардың тиімділігін төмендетеді. Ацетилсалицил қышқылымен бір мезгілде қолданғанда аскорбин қышқылының несеппен шығарылуы жоғарылап, ацетилсалицил қышқылының шығарылуы төмендейді.
Салицилаттармен және қысқа әсері бар сульфаниламидтермен емдеуде кристаллурияның даму қаупін ұлғайтады, қышқылдардың бүйрекпен шығарылуын баяулатады, сілтілік реакциясы бар (соның ішінде, алкалоидтардың) дәрілік заттардың шығарылуын арттырады, қандағы пероральді контрацептивтердің концентрациясын төмендетеді.
Этанолдың жалпы клиренсін арттырады, ол өз кезегінде организмдегі аскорбин қышқылының концентрациясын төмендетеді.
Хинолиндік қатардың дәрілік заттары, кальций препараттары, салицилаттар, глюкокортикостероидтар ұзақ қолданғанда аскорбин қышқылының қорын тауысады.
Бір мезгілде қолданылғанда изопреналиннің хронотропты әсерін азайтады. Ұзақ қолданғанда немесе жоғары дозаларда қолданғанда дисульфирам мен этанолдың өзара әрекеттесуіне кедергі келтіруі мүмкін.
Жоғары дозаларда мексилетиннің бүйрекпен шығарылуын жоғарылатады. Барбитураттар мен примидон аскорбин қышқылының несеппен шығарылуын арттырады.
Антипсихотикалық дәрілік заттар (нейролептиктер) – фенотиазин туындылары, амфетаминнің өзекшелік реабсорбциясы және үшциклдық антидепрессанттардың емдік әсерін азайтады.
Айрықша нұсқаулар
Аскорбин қышқылының кортикостероидты гормондар синтезін көтермелеуші әсеріне байланысты бүйрек үсті бездерінің қызметі мен артериялық қысымды қадағалау қажет. Аскорбин қышқылының жоғары дозалары бүйректе тастың түзілуіне ықпал ете отырып, оксалаттардың сыртқа шығарылуын күшейтеді. Аналары аскорбин қышқылының жоғары дозаларын қабылдаған жаңа туған нәрестелерде және жоғары дозаларды қабылдаған ересектерде "рикошетті" цинга байқалуы мүмкін. Үлкен дозаларды ұзақ қолданғанда ұйқы безі инсулярлық аппаратының қызметі бәсеңдеуі мүмкін, сондықтан емдеу үдерісінде оны ұдайы бақылап отыру қажет. Организмде темір құрамы жоғарылаған емделушілерге аскорбин қышқылын ең төменгі дозада қолданған жөн. Аскорбин қышқылы, қалпына келтіруші ретінде әр түрлі зертханалық тестілерінің нәтижелерін бұрмалауы мүмкін (қан және несеп құрамында глюкоза, билирубиннің, "бауыр" трансаминазалары және лактатдегидрогеназа белсенділігінің болуы).
Жүктілік және лактация кезеңінде қолданылуы
Жүктілік және лактация кезеңінде, егер анасы үшін пайдасы ұрық пен балаға төнетін ықтимал қатерден асып түсетін жағдайда ғана қолданылады. Жүктіліктің II-III триместрінде аскорбин қышқылының ең төменгі күнделікті қажеттілігі - 60 мг жуық. Ұрық жүкті әйел қабылдайтын аскорбин қышқылының жоғары дозаларына бейімделуі мүмкін екендігін, сонан соң жаңа туған нәрестеде "тоқтату" синдромы дамуының мүмкіндігін ескерген жөн. Лактация кезеңінде төменгі күнделікті қажеттілігі - 80 мг. Құрамында аскорбин қышқылының барабар мөлшері болатын ана емдәмі оның емшектегі балада тапшылығының алдын алу үшін жеткілікті. Теориялық тұрғыдан алғанда анасы аскорбин қышқылын жоғары дозада қолданудың бала үшін қауіптілігі бар (емшек емізетін аналарға аскорбин қышқылына күнделікті қажеттіліктен асырмау ұсынылады).
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Емделу кезеңінде зейінді жұмылдыруды және психомоторлы реакциялардың шапшаңдығын қажет ететін автокөлік жүргізуден және қауіпті қызмет түрлерімен айналысқанда сақ болу қажет.
Артық дозалануы
Симптомдары: нефролитиаз, ұйқысыздық, ашушаңдық, гипогликемия.
Емі: симптоматикалық, қарқынды диурез.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Көктамыр ішіне және бұлшықет ішіне енгізуге арналған 5 % ерітінді.
Ампулаға 2 мл-ден құйылады.
Поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 5 ампуладан салынған.
2 пішінді ұяшықты қаптамадан картон пәшкеге салынады.
10 ампуладан гофрланған бөліктері бар картон қорапқа салынады.
Әр пәшкеге немесе қорапқа қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулық, ампула пышағы немесе скарификатор (сындыру сақинасы, кертігі және нүктесі бар ампулалар қапталғанда ампула пышағы немесе скарификатор салынбайды) салынған.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 150С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
1 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
«Биосинтез» ААҚ, Ресей Федерациясы
440033, Пенза қ., Дружба к-сі, 4, тел/факс (8412) 57-72-49,
e-mail: certificate@biosintez.com
Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі
«Биосинтез» ААҚ, Ресей Федерациясы
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Биосинтез» ААҚ, Ресей Федерациясы
440033, Пенза қ., Дружба к-сі, 4, тел/факс (8412) 57-72-49,
e-mail: certificate@biosintez.com