Аскорбиновая кислота №10 (таблетки, 50 мг)

МНН: Аскорбиновая кислота
Производитель: Химфарм АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Аскорбиновая кислота
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018311
Информация о регистрации в РК: 02.09.2014 - 02.09.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Аскорбин қышқылы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Аскорбин қышқылы

Дәрілік түрі

50 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 50.0 мг аскорбин қышқылы,

қосымша заттар: глюкоза моногидраты, натрий крахмалы гликоляты, кальций стеараты.

Сипаттамасы

Жалпақ цилиндр пішінді, ақ немесе ақ дерлік түсті таблеткалар, таблетканың бір жағында ойығы мен сызығы, келесі жағында – ойығы мен крест түріндегі фирмалық логотип бар.

Фармакотерапиялық тобы

Витаминдер. Басқа препараттармен біріктірілімдерін қоса, аскорбин қышқылы. Таза күйдегі аскорбин қышқылы.

АТХ коды А11GА

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы Аскорбин қышқылы көбінесе он екі елі ішекте және аш ішекте жақсы сіңеді. Енгізгеннен кейін 30 минуттан соң қандағы аскорбин қышқылының құрамы едәуір артады, бастапқыда дегидроаскорбин қышқылына айналуының есебінен оның тіндермен қарқынды қармалуы басталады, ол энергия жұмсамай-ақ жасуша жарғақшалары арқылы өтуге қабілетті және жасушада тез қалпына келеді. Жасуша ішінде аскорбин қышқылы үш түрде анықталады — аскорбин, дегидроаскорбин қышқылдары және аскорбиген (байланысқан аскорбин қышқылы). Ағзалар арасындағы таралуы біркелкі емес: ол ішкі сөлініс бездерінде, әсіресе бүйрек үсті бездерінде көп, аз мөлшерде - мида, бүйректе, бауырда, жүрек және қаңқа бұлшықеттерінде. Аскорбин қышқылы ішінара метаболизденеді және 90%-ға дейін бүйрекпен оксалат түрінде, ішінара — бос күйде шығарылады.

Фармакодинамикасы Құрамында диеноль тобы бар аскорбин қышқылының айқын қалпына келтіргіштік қасиеттері бар. Бұл оның тотығу-тотықсыздану үдерістеріне қатысуына, көмірсулар алмасуының реттелуіне, қанның ұю үдерісіне, стероидтық гормондардың биосинтезіне, тіндердің регенерациясына, коллаген және проколлаген синтезіне, қылтамырлар өткізгіштігінің қалыпқа түсуіне қатысуына байланысты. Организмде синтезделмейтін аскорбин қышқылының тағамдағы жеткіліксіздігі С авитаминозының немесе гиповитаминозының дамуына ықпал етеді.

Организмнің жұқпаларға төзімділігін арттырады.

Қолданылуы

- С гипо– және авитаминозында

- қан кетулерде (жатырдан, өкпеден, мұрыннан және т.б.)

- геморрагиялық диатезде

- түрлі уыттануларда

- ауыр аурулардан кейінгі реконвалесценция кезеңінде

- жұқпалы ауруларда

- антикоагулянттармен артық дозалануда

- баяу жазылатын жараларда, ойық жараларда, сүйектер сынуында

- дистрофияда

- дене және ақыл-ой жүктемесінде

- жүктілік және лактация кезеңінде

Қолдану тәсілі мен дозалары

Тамақтан кейін ішке.

Алдын алу мақсатында ересектерге тәулігіне 1-2 таблеткадан тағайындайды; жүктілік кезеңінде, босанғаннан кейін және бала емізетін аналардың сүтінің құрамында С витамині төмен болғанда тәулігіне 3 таблеткадан 10-15 күн бойы, содан кейін алдын алу үшін күніне 1 таблеткадан барлық лактация кезеңі бойына тағайындайды.

Ересектерге арналған емдік дозалары күніне 3 рет 1–2 таблетканы құрайды.

Ең жоғарғы бір реттік дозасы – 50-100 мг.

Ең жоғарғы тәуліктік дозасы – 300 мг.

Балаларға 6 жастан бастап алдын алу мақсатында тәулігіне 1/2 таблеткадан, емдік мақсатта - күніне 2-3 рет 1/2–1 таблеткадан тағайындайды.

Емдеу мерзімдері аурудың сипаты мен ағымына байланысты болады.

Жағымсыз әсерлері

- бас ауыруы, шаршау сезімі

- артериялық гипертензия

- қыжыл, жүрек айнуы, құсу, диарея, эпигастрийдегі спастикалық ауырулар

- әлсіздік

- тері бөртпесі, қышыну, анафилактикалық шок, аллергиялық реакциялар

- несептегі рН транзиторлық төмендеуі

- бүйрек функциясының бәсеңдеуі

- гипервитаминоз

- бүйректе несептастардың түзілуі (ұзақ уақыт қабылдағанда)

- тромбоцитоз

- эритроцитопения, нейтрофильдік лейкоцитоз, тромб түзілуі, гиперпротромбинемия, гипокалиемия

- ОЖЖ қозғыштығының жоғарылауы, ұйқының бұзылуы

- ұйқы безінің инсулярлық аппараты функциясының бәсеңдеуі (гипергликемия, глюкозурия)

- бүйректе несептік, цистиндік және оксалаттық тастардың түзілуі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- қан ұйығыштығының жоғарылауы

- тромбофлебиттер, тромбоздарға бейімділік

- қант диабеті

- үдемелі қатерлі аурулар

- глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы.

- бүйрек жеткіліксіздігі

- гемохроматоз

- талассемия

- 6 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Аскорбин қышқылы бензилпенициллин мен тетрациклиннің қандағы концентрациясын арттырады.

Эстрогендермен бір мезгілде қолданғанда – қан сарысуындағы гормон деңгейін арттырады, құрамында эстрогендер бар оральді контрацептивтермен бір мезгілде қолданғанда – контрацептивтік әсерін азайтады. Тетрациклиндік қатардың антибиотиктерімен (доксициклиннен басқа) бір мезгілде қолдану ұсынылмайды, оларды қабылдау аралығы кемінде 2 сағатты құрауы тиіс. Аскорбин қышқылы глюкозамен бірігіп салицилаттардың, бензилпенициллин мен тетрациклиндердің қан сарысуындағы концентрациясын арттырады.

Құрамында алюминий бар антацидтер

Құрамында алюминий бар антацидтер мен аскорбин қышқылын бір мезгілде қолдану ұсынылмайды, өйткені сүйек тіні мен орталық жүйке жүйесінде уыттылықтың жинақталуына алып келуі мүмкін.

Салицилаттар

Салицилаттардың қандағы концентрациясын арттырады және оксалатурияның даму қаупін арттырады.

Дисульфирам

Жекелеген жағдайларда, аскорбин қышқылы этанолдың дисульфираммен өзара әрекеттесу симптомдарын басуға арналған арнайы у қайтарғы ретінде пайдаланылуы мүмкін. Абстиненттік синдромы бар емделушілерде қолданылғанда аскорбин қышқылын бір мезгілде қолдану дисульфирамның тиімділігін тежеуі мүмкін екендігі күтіледі.

Несептің қышқылдылығына әсер ететін препараттар (мысалы, амфетамин, мексилетин)

Аскорбин қышқылымен несеп қышқылдылығының арттуы цистеиннің, несеп қышқылының немесе оксалаттық тастардың шөгуін туғызуы мүмкін және бір мезгілде қолданылатын кейбір басқа препараттардың экскрециясын өзгертеді. Кейбір препараттардың бөлініп шығуы несеп қышқылдылығының артуы есебінен жоғарылауы мүмкін. Емделушінің жағдайын үнемі қадағалап отыру керек. Егер өзара әрекеттесу реакциясы байқалса, аскорбин қышқылын тоқтату немесе дозасын түзету мәселесін шешіп алу қажет.

Гепарин мен тікелей емес антикоагулянттардың тиімділігін төмендетеді.

ВарфаринАскорбин қышқылының жоғары дозалары антикоагулянт варфариннің әсерін азайтады. Аскорбин қышқылын күнделікті 5 г немесе одан көп дозада қабылдап жүрген емделушілерде коагуляция көрсеткіштерін бақылауға алу және варфариннің дозасын сәйкесінше таңдау қажет.

Аскорбин қышқылы кумарин туындыларының антикоагуляциялық әсерін азайтады.

Этинилэстрадиолдың, тетрациклиннің және пенициллиндердің сіңуін арттырады.

Темірдің сіңуі мен оның қалпына келтірілген түрде жинақталуына ықпал етеді.

Амфетамин / декстроамфетамин/ бензфетамин

Аскорбин қышқылын декстроамфетаминмен, амфетаминмен немесе бензфетаминмен бірге пайдалану аталған препараттардың әсерін төмендетуі мүмкін.

Дефероксаминмен бір мезгілде қолданғанда оның әсерін әлеуеттендіреді және темірдің экскрециясын арттырады.

Шылым шегу және этил спирті аскорбин қышқылының метаболизмін жеделдетеді және оның организмдегі мөлшерін төмендетеді.

Хинолиндік қатардың препараттары, кальций хлориді, салицилаттар, кортикостероидтар ұзақ уақыт қолданылғанда C витаминінің қорын тауысады.

Айрықша нұсқаулар

С витамині организмде жиналмайды. Организмнің С витаминіне күнделікті қажеттелігінен артық дозада қолданғанда, ол несеппен шығарылады.

Аскорбин қышқылын тәулігіне 500 мг асатын дозаларда қолдану глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы, орақ тәрізді жасушалы анемиясы бар адамдарда гемолитикалық кризге түрткі болуы, сол жақ қарыншаның жедел жеткіліксіздігінің дамуына әкелуі мүмкін.

Несептас ауруы бар емделушілерге ерекше сақтықпен тағайындайды, жоғары дозаларын ұзақ уақыт қолдану ұсынылмайды.

Зертханалық көрсеткіштерге әсері.

Аскорбин қышқылы күшті қалпына келтіргіш болып табылады, бұл тотығу-тотықсыздану реакциялары негізінде жүзеге асатын зертханалық тестілердің көптеген көрсеткіштеріне әсер етеді. Диабеттен зардап шегетін, аскорбин қышқылын күніне 500 мг артық қабылдайтын емделушілерде несептегі глюкоза тестісі кезінде жалған көрсеткіштер алынуы мүмкін. Нәжісте жасырын қанды анықтау кезінде жалған теріс нәтижелерді болдырмас үшін, зерттеуге дейін 48 - 72 сағатқа дейінгі аралықта аскорбин қышқылын қабылдамау қажет.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік кезінде сақтықпен қолдану керек, өйткені С витаминінің жоғары дозалары (тәулігіне 1 г асатын) эстрогендер синтезінің жоғарылауына байланысты жүктіліктің үзілуін туындатуы мүмкін. Жүктілік және лактация кезеңінда дәрігермен кеңескеннен кейін ғана қолдану керек.

Педиатрияда қолданылуы

Препараттың аталған дәрілік түрі 6 жасқа дейінгі балаларда қолданылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Симптомдары: жүрек айнуы, тері бөртпесі, қышыну, ұйқы безінің инсулярлық аппараты функциясының бәсеңдеуі, бүйрек функциясының бұзылуы, АҚ жоғарылауы.

Емі: препаратты қабылдауды тоқтату, асқазанды шаю, науқасқа сілтілі сұйықтық ішкізу, белсендірілген көмір немесе басқа адсорбенттер беру және дәрігерге көрсету қажет. Қажет болса симптоматикалық ем жүргізіледі.

Шығарылу түрі

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

Пішінді ұяшықты қаптамалар қораптық немесе гофрланған картон қораптарға салынады. Топтық қаптамаға қаптамалар санына сәйкес медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықтар салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

1 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы,

Шымкент қ., Рашидов к-сі, 81, т/ф: 560882

Тіркеу куәлігінің иесі

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Химфарм» АҚ, Шымкент қ., ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ,

Рашидов к-сі, 81, т/ф: 560882

Телефон нөмірі 7252 (561342)

Факс нөмірі 7252 (561342)

Электронды поштасы standart@santo.kz

 

 

Прикрепленные файлы

718583641477976687_ru.doc 80 кб
568598061477977825_kz.doc 103.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники