Аскорбиновая кислота №200 (50 мг, Алтайвитамины ЗАО)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Аскорбин қышқылы
Халықаралық патенттелмеген атауы
Аскорбин қышқылы
Дәрілік түрі
50 мг драже
Құрамы
Бір драже құрамында
белсенді зат – 50 мг аскорбин қышқылы (C витамині),
қосымша заттар: сахароза (қант), крахмал сірнесі, бидай ұны, тальк, «Лимон» тағамдық хош иістендіргіші, күнбағыс майы, араның балауызы.
Сипаттамасы
Ақтан ашық крем түске дейінгі, шар сияқты пішінді драже.
Фармакотерапиялық тобы
Витаминдер. Таза түрінде аскорбин қышқылы. Аскорбин қышқылы.
АТХ коды А11GА01
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Аш ішектен сіңеді. Дозаны 200 мг-ге дейін арттырғанда 140 мг-ге (70%) дейін сіңеді; дозаны әрі қарай арттырғанда сіңу азаяды (50-20%). Қан плазмасының ақуыздарымен байланысуы -25%. Асқазан-ішек жолдарының ауруларында (асқазан және он екі елі ішектің ойық жара ауруы, іш қатулар немесе диарея, ішек-құрт инвазиясы, лямблиоз), жаңа сығылған жеміс және көкөніс шырындарын, сілтілі сусындарды ішу аскорбонаттың ішекте сіңуін азайтады.
Қан плазмасындағы аскорбин қышқылының концентрациясы қалыпты жағдайда шамамен 10-20 мкг/мл, күнделікті ұсынылатын дозада организмдегі қоры шамамен 1,5г, және тәулігіне 200 мг қабылдағанда 2,5г. Ішке қабылдағаннан кейін ең жоғары концентрациясына (Тmax) - 4 сағаттан кейін жетеді.
Лейкоциттерге, тромбоциттерге, содан соң барлық тіндерге оңай өтеді; безді ағзаларда, лейкоциттерде, бауырда және көз бұршағында ең жоғары концентрациясына жетеді; гипофиздің артқы бөлігінде, бүйрек үсті безі қыртысында, көз эпителийінде, ана бездердің тұқымдық жасушаларында, бауырда, көкбауырда, ұйқы безінде, өкпе, бүйрек, ішек қабырғасында, жүрек, бұлшықеттер, қалқанша бездерде жинақталады; плацента арқылы өтеді. Лейкоцитер мен тромбоцитердегі аскорбин қышқылының концентрациясы эритроциттер мен қан плазмасындағыдан жоғары.
Тапшылық жағдайында аскорбин қышқылының лейкоцитердегі концентрациясы кейіннен және баяуырақ төмендейді және сондықтан да қан плазмасындағы аскорбин қышқылының концентрациясына қарағанда тапшылықты бағалаудың сенімді критерийі болып қарастырылады. Негізінен бауырда дезоксиаскорбин қышқылына және әрі қарай қымыздықсірке және дикетогулон қышқылына метаболизденеді. Бүйрек, арқылы, ішек арқылы, термен, емшек сүтімен өзгермеген аскорбат және метаболит түрінде шығарылады. Жоғары дозаларды тағайындағанда шығарылу жылдамдығы бірден күшейеді. Темекі шегу және этанолды қолдану организмдегі аскорбин қышқылының қорын бірден төмендете отырып, оның ыдырауын жылдамдатады (белсенді емес метболиттерге айналады).
Гемодиализ кезінде шығарылады.
Фармакодинамикасы
Аскорбин қышқылы - адам организмінде түзілмейтін, тек тағаммен ғана организмге түсетін витамин. Ол тотығу- қалпына келу үдерістерін, көмірсу алмасуын, қан ұйығыштығын, тіндердің регенерациясын, стероидті гормондардың синтезін реттеуге қатысады; организмнің жұқпаларға төзімділігін арттырады, қан тамырлық өткізгіштікті азайтады, В1, В2, А, Е витаминдеріне, фолий қышқылы, пантотен қышқылына қажеттілікті төмендетеді. Фенилаланин, тирозин, фолий қышқылына, норэпинефрин, гистамин, бездер метаболизміне, карбогидратты жоюға, липидтердің, протеиндердің, карнитиннің синтезіне, иммундық реакцияларға, серотониннің гидроксилирленуіне қатысады, геминді емес темірдің сіңуін күшейтеді. Антиагрегантты және айқын антиоксидантты қасиеттері бар.
Жасушааралық заттың коллоидты жай-күйін және қылтамырлардың қалыпты өткізгіштігін демейді. Имунологиялық реакцияларды (антиденелердің синтезін, комплементтің С3-компонентін, интерферонды белсенділендіреді), фагоцитозға ықпал етеді, организмнің жұқпаларға қарсыластығын арттырады. Гистаминнің босап шығуын тежейді және деградациясын жеделдетеді, простогландиндер түзілуін және қабынудың басқадай медиаторларын бәсеңдетеді.
Қолданылуы
- С витаминінің гипо- және авитаминозын алдын алу, емдеуде
- балалардың қарқында өсу, жүктілік, емшекпен қоректендіру кезеңіндегі организмнің С витаминіне жоғары қажеттілігінде
- жоғары дене және ой жүктемесінде, қатты шаршағанда, стресс жағдайында
- ұзақ және ауыр аурулардан кейінгі сауығу кезеңінде
- Қолдану тәсілі және дозалары
-
Ішке, аурудың алдын алу мақсатында тәулігіне 50 мг – 100 мг (1 - 2 драже); жүктілік және лактацияда – 10-15 күн бойы 300 мг-ден (3 драже), әрі қарай – тәулігіне 100 мг (2 драже), 6 жастағы және одан асқан балаларда – күніне 50 мг – 100 мг (1 - 2 драже).
Емдік мақсатта: ересектерге күніне 50 мг-100 мг-ден (1-2 драже) 3- 5 рет, балаларға 6 жастан бастап күніне 50 мг -100 мг-ден (1-2 драже) 2-3 рет.
-
Емдеудің ұзақтығы аурудың сипатына және ағымына байланысты, дәрігермен тағайындалады.
Жағымсыз әсерлері -
- бас ауыруы, шаршау сезімі
-
- үлкен дозаларды ұзақ уақыт қабылдағанда – ОЖЖ қозғыштығының жоғарылауы, ұйқының бұзылуы
-
- асқазан-ішек жолдарының шырышты қабатының тітіркенуі, жүрек айнуы, құсу,
-
диарея, асқазанның түйілуі
- артериялық қысымның төмендеуі, микроангиопатияның дамуы
-
- ұйқыасты безінің инсулярлық аппараты қызметінің бәсеңдеуі
-
(гипергликемия, глюкозурия)
-
- капиллярлар өткізгіштігінің төмендеуі және тіндер трофикасының нашарлауы, жоғары дозаларды қабылдағанда тромбоз
-
- аллергиялық реакциялар: тері бөртпесі, сирек – анафилактикалық шок
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
- тромбофлебит
- тромбозға бейімділік
- қант диабеті
- 6 жасқа дейінгі балаларда
- жоғары қан ұйығыштық
- үдемелі қатерлі аурулар
- гипероксалатурия
- бүйрек жеткіліксіздігі
- гемохроматоз
- талассемия
- глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы
- гипероксалурия және кальций оксалаттарынан несеп тастарының түзілуі,
бүйректің гломерулярлық аппаратының зақымдануы
- тромбоцитоз, гиперпротромбинемия, эритропения
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Қанда салицилаттар (кристаллурия қаупін арттырады), этинилэстрадиол, бензилпенициллин және тетрациклиндер концентрациясын арттырады, оральді котрацептивтерді төмендетеді. Кумарин туындыларының антикоагулянты әсерін азайтады. Темір препараттарының ішекте сіңуін жақсартады. Хинолинді қатардың препараттары, кальций хлориді, салицилаттар, кортикостероидтар ұзақ уақыт қолданғанда С витаминінің қорын азайтады.
Ацетилсалицил қышқылы (АСҚ), пероральді контрацептивтер, жаңадан сығылған шырындар, сілтілі сусындарды ішу сіңуі мен қорытылуын азайтады.
Өз кезегінде организмде аскорбин қышқылының концентрациясын төмендететін, этанолдың жалпы клиренсін жоғарылатады.
Барбитураттар және примидон аскорбин қышқылының несеппен шығарылуын жоғарылатады.
Антипсихотроптық дәрілердің (фенотиазин туындылары) терапиялық әсерін, амфетамин және трициклдік антидепрессанттардың өзекшелік реабсорбциясын азайтады.
Айрықша нұсқаулар
Аскорбин қышқылының үлкен дозаларымен емдегенде бүйрек қызметін, артериялық қысымды (АҚ) және ұйқы безінің қызметін бақылау керек. Аскорбин қышқылы, қалпына келтіргіш ретінде әр түрлі зертханалық тестердің нәтижесін дұрыс көрсетпеуі мүмкін (қандағы глюкоза, билирубин, трансаминазалар белсенділігінің құрамы).
Организмінде темірдің жоғары құрамымен емделушілерге аскорбин қышқылын ең төмен дозаларда қабылдау керек. Жоғары дозаларда ұзақ уақыт қабылдағанда ұйқы безінің инсулярлы аппаратының қызметінің бәсеңдеуі мүмкін, сондықтан емдеу барысында оны үнемі бақылау керек.
Жүктілік және лактация
Жүктілік және лактация кезеңінде егер анаға деген күтілген пайдасы ұрық пен балаға деген қаупінен жоғары болғанда ғана қолдануға болады.
Лактация кезінде ең төмен күнделікті қажеттілік – 80 мг.
Автокөлік және басқадай қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсері
Әсер етпейді.
Артық дозалануы
Қазіргі кезде препараттардың артық дозалануы жағдайлары жайлы хабарланбаған.
Кездейсоқ артық дозаланғанда мындай симптомдары пайда болуы мүмкін: қыжыл, диарея, тері бөртпесі, қышыма, ұйқы безі инсулярлы аппараты қызметінің бәсеңдеуі, бүйрек қызметінің бұзылуы, АҚ артуы.
Емдеу: препаратты қабылдауды тоқтату, симптоматикалық емдеу.
Шығарылу түрі және қаптамасы
200 дражеден қақпақпен жабылған полимер банкіге салынған. Банкілерді санына сәйкес медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге топтық қаптамаға немесе тасымалдау ыдысына салады.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
1 жыл 6 ай
Қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін, қолдануға болмайды.
Дәріханадан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Алтайвитамины» ЖАҚ
Мекенжайы: 659325, Ресей Федерациясы, Алтай өлкесі, Бийск қ-сы, Заводская к-сі, 69
Телефон: (3854) 326-946, 338-719
Факс: (3854) 327-640
Тіркеу куәлігінің иесі
«Алтайвитамины» ЖАҚ, Ресей Федерациясы
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Алтайвитамины» ЖАҚ
Мекенжайы: 659325, Ресей Федерациясы, Алтай өлкесі, Бийск қ-сы, Заводская к-сі, 69
Телефон: (3854) 326-946, 338-719
Факс: (3854) 327-640