Аскорбиновая кислота (таблетки, 100 мг)

МНН: Аскорбиновая кислота
Производитель: Химфарм АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ascorbic acid
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-3№020378
Информация о регистрации в РК: 21.02.2014 - 21.02.2017

Инструкция

Саудалық атауы

Аскорбин қышқылы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Аскорбин қышқылы

Дәрілік түрі

100 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат: аскорбин қышқылы – 100 мг

қосымша заттар: глюкоза моногидраты, кальций стеараты, повидон, натрий крахмалы гликоляты.

Сипаттамасы

Тегіс беткейлі, ойығы мен сызығы бар, ақ немесе ақ дерлік түсті таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Витаминдер. Аскорбин қышқылы.

АТХ коды А11GА01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы Аскорбин қышқылы негізінен он екі елі ішекте және аш ішекте жақсы сіңеді. Енгізгеннен кейін 30 минуттан соң қандағы аскорбин қышқылының құрамы едәуір артады, бастапқы дегидроаскорбин қышқылына айналуының есебінен оның тіндермен қарқынды қармалуы басталады, ол энергия жұмсамай-ақ жасуша жарғақшалары арқылы өтуге қабілетті және жасушада тез қалпына келеді. Жасуша ішінде аскорбин қышқылы үш түрде анықталады — аскорбин, дегидроаскорбин қышқылдары және аскорбиген (байланысқан аскорбин қышқылы). Тіндер арасындағы таралуы біркелкі емес: ол ішкі сөлініс бездерінде көп, әсіресе бүйрек үсті бездерінде, аз мөлшерде - мида, бүйректе, бауырда, жүрек және қаңқа бұлшықеттерінде. Аскорбин қышқылы ішінара метаболизденеді және 90%-ға дейін бүйрекпен оксалат түрінде, ішінара — бос күйде шығарылады.

Фармакодинамикасы Құрамында диеноль тобы бар аскорбин қышқылының айқын қалпына келтіру қасиеттері бар. Бұл оның тотығу-тотықсыздану үдерістеріне қатысуына, көмірсулар алмасуының реттелуіне, қанның ұю үдерісіне, стероидтық гормондардың биосинтезіне, тіндердің регенерациясына, коллаген және проколлаген синтезіне, капиллярлар өткізгіштігінің қалыпқа түсуіне қатысуына байланысты. Ағзада синтезделмейтін аскорбин қышқылының тағамдағы жеткіліксіздігі С авитаминозының немесе гиповитаминозының дамуына ықпал етеді.

Қолданылуы

- С витамині гипо– және авитаминозында

- қан кетулерде (жатырдан, өкпеден, мұрыннан және т.б.)

- геморрагиялық диатезде

- түрлі уыттанулар мен жұқпалы ауруларда

- антикоагулянттармен артық дозалануда

- баяу жазылатын жараларда, ойық жараларда, сүйектер сынуында

- дистрофияларда

- дене және ақыл-ой жүктемесінде

- жүктілік және лактация кезеңінде

Қолдану тәсілі мен дозалары

Тамақтан кейін ішке.

Алдын алу мақсатында ересектерге 1/2 – 1 таблеткадан тәулігіне 1 рет;

Жүктілік кезеңінде, босанғаннан кейін және бала емізетін аналардың сүтінің құрамында С витамині төмен болғанда тәулігіне 3 таблеткадан 10-15 күн бойы тағайындайды, содан кейін алдын алу үшін күніне 1 таблеткадан. Ересектерге арналған емдік дозалары тәулігіне 300 мг (3 таблетканы) құрайды.

Балаларға 6 жастан бастап алдын алу мақсатында тәулігіне 1/4 таблеткадан, емдік мақсатта - 1/2–1 таблеткадан күніне 2-3 рет тағайындайды.

Емдеу мерзімдері аурудың сипаты мен ағымына байланысты болады.

Жағымсыз әсерлері

- гипергликемия

- глюкозурия, гликоген синтезінің бәсеңдеуі

- артериялық гипертензия

- жүрек айнуы, құсу, қыжыл, диарея эпигастрийдегі спастикалық ауыру

- бас ауыру, шаршау сезімі

- тері бөртпесі

- несептің рН транзиторлық төмендеуі

- ұйқы безі инсулярлық аппараты қызметінің бәсеңдеуі

- бүйрек қызметінің бәсеңдеуі

- аллергиялық реакциялар

- гипервитаминоз

- үлкен дозаларды ұзақ қолданғанда – ОЖЖ қозғыштығының артуы, ұйқының бұзылуы

Зертханалық көрсеткіштер

- тромбоцитоз

- гиперпротромбинемия

- эритропения

- нейтрофильді лейкоцитоз

- гипокалиемия

- бүйректе несеп, цистин және оксалат тастарының түзілуі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- қан ұюының жоғарылауы

- тромбофлебиттер, тромбозға бейімділік

- қант диабеті

- глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы.

- бүйрек жеткіліксіздігі

- гемохроматоз

- талассемия

- 6 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Құрамында алюминий бар антацидтер

Құрамында алюминий бар антацидтер мен аскорбин қышқылын бір мезгілде қолдану ұсынылмайды, бұл сүйек тіні мен орталық жүйке жүйесінде уыттылықтың жиналуына әкелуі мүмкін.

Салицилаттар

Қанда салицилаттар концентрациясын жоғарылатады және оксалатурияның даму қаупін арттырады.

Дисульфирам

Жекелеген жағдайларда аскорбин қышқылы этанолдың дисульфираммен өзара әрекеттесу симптомдарын жою үшін арнайы у қайтарғы ретінде пайдаланылуы мүмкін. Аскорбин қышқылын бір мезгілде қолдану абстинентті синдромы бар емделушілерде қолданғанда дисульфирамның тиімділігін тежеуі мүмкін екендігін күтуге болады.

Несеп қышқылдығына әсер ететін препараттар (мысалы, амфетамин, мексилетин)

Аскорбин қышқылының несеп қышқылдығын жоғарылатуы цистеиннің, несеп қышқылы немесе оксалат тастарының шөгуін туғызуы мүмкін және бір мезгілде қолданылатын кейбір басқа препараттардың сыртқа шығарылуын өзгертеді. Кейбір препараттардың шығарылуы несеп қышқылдығының артуы есебінен жоғарылауы мүмкін. Емделушінің жағдайын ұдайы бақылап отыру қажет. Өзара әрекеттесу реакциясы байқалатын болса, аскорбин қышқылын тоқтату немесе дозаны түзету жөніндегі мәселені шешіп алған жөн.

Варфарин

Аскорбин қышқылының үлкен дозалары варфарин антикоагулянтының әсерін азайтады. Аскорбин қышқылын күнделікті 5 г немесе одан артық дозада қабылдайтын емделушілерде коагуляция көрсеткіштеріп бақылап, варфарин дозасын сәйкесінше таңдау қажет.

Этинилэстрадиол, тетрациклин және пенициллиндер сіңуін арттырады.

Темірдің сіңуіне және оның қалпына келген түрде жиналуына ықпал етеді.

Амфетамин / декстроамфетамин/ бензфетамин

Аскорбин қышқылын декстроамфетаминмен, амфетамин немесе бензфетаминмен бірге пайдалану осы препараттардың әсер етуін төмендетуі мүмкін. Препаратты пайдалануды дәрігердің кеңесінсіз тоқтатуға болмайды.

Аскорбин қышқылы және біріктірілген ішілетін контрацептивтер өзара бір-бірінің концентрациясын төмендетеді.

Дефероксаминмен бір мезгілде қолданғанда оның әсерін күшейтеді және темірдің сыртқа шығарылуын арттырады.

Темекі шегу мен этил спирті аскорбин қышқылының метаболизмін жылдамдатады және оның организмдегі мөлшерін төмендетеді.

Айрықша нұсқаулар

С витамині организмде жиналмайды. Организмнің С витаминіне күнделікті қажеттелігінен артық дозада қолданғанда, ол несеппен шығарылады. Аскорбин қышқылын тәулігіне 500 мг дозадан артық қолдану глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы, орақ тәрізді жасушалық анемиясы бар адамдарда гемолитикалық кризге түрткі болуы, сол жақ қарыншалық жеткіліксіздіктің дамуына әкелуі мүмкін.

Несеп-тас ауруы бар емделушілерге сақтықпен тағайындайды, үлкен дозада ұзақ қолдану ұсынылмайды.

Зертханалық көрсеткіштерге әсері.

Аскорбин қышқылы күшті қалпына келтіргіш болып табылады, бұл тотығу-тотықсыздану реакциялары негізінде орындалатын зертханалық тестілердің көптеген көрсеткіштеріне әсер етеді. Диабетпен зардап шегетін, аскорбин қышқылын күніне 500 мг артық қабылдайтын емделушілер глюкозаға несеп тестісі кезінде жалған көрсеткіштерін алуы мүмкін. Нәжісте жасырын қанды анықтау кезінде жалған теріс нәтижелерді болдырмас үшін зерттеуге дейін 48-ден 78 сағатқа дейінгі аралықта аскорбин қышқылын қабылдамау қажет.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік кезінде сақтықпен қолдану керек, өйткені С витаминінің тәулігіне 1 г артық жоғары дозалары эстрогендер синтезінің жоғарылауына байланысты жүктіліктің үзілуін туындатуы мүмкін. Жүктілік және лактация кезеңінда дәрігер кеңесінен соң қолдану керек.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Артық дозалану симптомдары препаратты үлкен дозада немесе ұзақ уақыт бойы қабылдағанда туындайды.

Симптомдары: диарея, жүрек айнуы, құсу, спастикалық сипаттағы абдоминальді ауыру, несеп шығарудың жиілеуі, бас ауыруы, нефролитиаз, гипогликемия, глюкозурия, метаболикалық ацидоз.

Емі: препаратты тоқтату, симптоматикалық ем, қарқынды диурез.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден, алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

Пішінді ұяшықты қаптамалар қораптық немесе гофрленген картон қораптарға салынады.

Қаптамалар санына қарай медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықтар топтамалық қаптамаға салынады.

Топтамалық қаптамаға қаптама парағы салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

1 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Химфарм» АҚ, Қазақстан,

Шымкент қ., Рашидов к-сі, 81, т/ф: 560882

Тіркеу куәлігінің иесі

«Химфарм» АҚ, Қазақстан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Химфарм» АҚ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ,

Шымкент қ., Рашидов к-сі, 81, т/ф: 560882

Телефон нөмірі 7252 (561342)

Факс нөмірі 7252 (561342)

Электронды поштасы standart@santo.kz

 

 

Прикрепленные файлы

002644371477976826_ru.doc 66.5 кб
506041961477977996_kz.doc 70.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники