Аскорбиновая кислота (витамин С) (5 %) (Аскорбиновая кислота)

МНН: Аскорбиновая кислота
Производитель: Химфарм АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ascorbic acid
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-0№026365
Информация о регистрации в РК: 13.11.2024 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Аскорбин қышқылы (С дәрумені)

Халықаралық патенттелмеген атауы

Аскорбин қышқылы

Дәрілік түрі, дозалануы

Инъекцияға арналған ерітінді 5%, 2 мл

Фармакотерапиялық тобы

Ас қорыту жолы және зат алмасу. Дәрумендер. Аскорбин қышқылы (С дәрумені), басқа препараттармен біріктірілімдерін қоса. Аскорбин қышқылы (С дәрумені), қарапайым. Аскорбин қышқылы (С дәрумені).

АТХ коды А11GА01

Қолданылуы

  • цинга, сондай-ақ, С дәруменін қабылдауды қажет ететін басқа жағдайлардың профилактикасы және емі үшін, оның жедел тапшылығында немесе пероральді қабылдау қиын болған кезде

Қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • әсер етуші затқа немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

  • қазіргі кездегі немесе анамнездегі гиперкоагуляция, тромбофлебит және тромбоэмболия жағдайлары

  • 2 типті қант диабеті

  • гипероксалурия

  • бүйрек жеткіліксіздігі

  • үдемелі қатерлі аурулар

  • гемохроматоз

  • талассемия

  • полицитемия

  • лейкемия

  • сидеробластық анемия

  • орақ тәрізді жасушалы анемия

  • глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Препарат қосымша дәрі ретінде кеңінен қолданылатындықтан, жағдайдың жақсаруының алғашқы белгілері аурудың сипаты мен ағымына және емдеудің тиімділігіне байланысты.

Үлкен дозаларда қолданғанда бүйрек функциясы мен артериялық қысымды (аскорбин қышқылының кортикостероидтар түзілуін стимуляциялауы), сондай-ақ, ұйқы безінің функциясын (инсулярлық аппараттың бәсеңдеуі) бақылау қажет.

Аскорбин қышқылын тәулігіне 500 мг-ден асатын дозаларда қолдану глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы, орақ тәрізді жасушалы анемиясы бар адамдарда гемолиздік кризге түрткі болуы, сол жақ қарыншаның жедел жеткіліксіздігінің дамуына әкеліп соқтыруы мүмкін.

Онкологияда қолданылуы

Жылдам пролиферацияланатын және кеңінен диссеминацияланатын ісіктері бар пациенттерде жоғары дозалардағы аскорбин қышқылын қолдану үдеріс ағымын ушықтыруы мүмкін. Сондықтан, пациенттердің бұл тобында аскорбин қышқылын сақтықпен қолдану керек.

Зертханалық көрсеткіштерге әсері

Аскорбин қышқылының үлкен дозаларын қолдану қан мен несептегі глюкоза деңгейін анықтаудың нәтижелеріне әсер етуі мүмкін. Аскорбин қышқылы қалпына келтіргіш ретінде билирубин деңгейін, трансаминаза белсенділігін және ЛДГ анықтау нәтижелеріне әсер етуі мүмкін.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Аскорбин қышқылының жоғары дозаларын қолдану несептегі рН төмендеуіне алып келуі мүмкін, ол қышқылдарға жататын дәрілік препараттардың өзекшелік кері сіңірілуінің және кумуляциясының жоғарылауына әкеліп соқтыруы ықтимал, сонымен қатар, негіздерге жататын қосылыстардың өзекшелік кері сіңірілуі төмендеуі мүмкін, бұл олардың фармакологиялық белсенділігінің төмендеуіне алып келеді.

Аскорбин қышқылы тотығу-тотықсыздану реакциялары негізіндегі түрлі зертханалық тестілердің нәтижелерін бұрмалауы мүмкін екендігін ескеру қажет. Темірдің қан плазмасындағы концентрациясы шамадан тыс пациенттерде оның бүйректік экскрециясын стимуляциялау үшін аскорбин қышқылы мен дефероксаминді бір мезгілде тағайындау темірдің кардиоуытты әсерінің жоғарылауына алып келуі мүмкін. Сондықтан, жүрек функциясы қалыпты пациенттерге десфероксаминді енгізудің алғашқы айы ішінде аскорбин қышқылын тағайындауға болмайды, ал жүрек аурулары бар пациенттерде аскорбин қышқылы мен дефероксаминді бір мезгілде тағайындауға болмайды.

Аскорбин қышқылының инъекциялық ерітіндісін аминофиллинмен, блеомицин сульфатымен, эритромицин лактобионатымен, нафциллинмен, нитрофурантоинмен, конъюгацияланған эстрогендермен, натрий бикарбонатымен, сульфафуразол диэтаноламинмен, темір тұздарымен, ауыр металдардың тотықтырғыштарымен және тұздарымен, әсіресе мыспен араластыруға болмайды.

Сондай-ақ, ерітінділердің концентрациясына және еріткіштегі pH байланысты, хлорамфеникол натрий сукцинатымен үйлесімсіз болуы мүмкін.

Салицилаттардың қандағы концентрациясын жоғарылатады және оксалурияның даму қаупін арттырады.

Этинилэстрадиолдың, тетрациклиннің және пенициллиндердің сіңірілуін арттырады.

Темірдің сіңірілуіне және оның қалпына келген күйде жинақталуына ықпал етеді.

Аскорбин қышқылы мен біріктірілген оральді контрацептивтер өзара бір-бірінің концентрациясын төмендетеді.

Барбитураттар мен примидон аскорбин қышқылының несеппен экскрециялануын күшейтеді.

Жоғары дозаларында аскорбин қышқылы амфетамин мен трициклдық антидепрессанттардың экскрециясын артырады.

Дефероксаминмен бір мезгілде қолданғанда оның әсерін күшейтеді және темірдің экскрециясын арттырады.

Тікелей емес антикоагулянттардың (фениндионның, варфариннің, неодикумариннің) және гепариннің әсерлерін әлсіретеді.

Ұзақ уақыт қолданғанда хинолондар, кальций хлориді, салицилаттар және глюкокортикостероидтар аскорбин қышқылының плазмадағы деңгейін және оның организмдегі мөлшерін төмендетеді.

Шылым шегу мен этил спирті аскорбин қышқылының метаболизмін жеделдетеді және оның организмдегі мөлшерін төмендетеді.

Құрамында қияр, кәді және ақжелкен бар тағам өнімдері аскорбин қышқылының емдік әсерін әлсіретеді.

Арнайы сақтандырулар

Препараттың құрамында қосымша заттар ретінде әрбір ампулада 47,7 мг натрий гидрокарбонаты, 4,0 мг натрий сульфиті және 0,5 мг динатрий эдетаты бар. Сондықтан, тұзсыз диетаны ұстанатын адамдарға тағайындаған кезде сақ болған жөн.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Аскорбин қышқылы плацента арқылы өтеді және ана сүтіне бөлініп шығады. Жүктілік және лактация кезеңінде аскорбин қышқылын жоғары дозаларында пайдалану жаңа туған нәрестелерде тоқтату реакциясы ретінде аскорбин ауруының (цинга тәрізді жағдайдың) дамуына алып келуі мүмкін. Жүктілік (тәулігіне 60 –70 мг) және лактация (тәулігіне 80 –90 мг) кезінде аскорбин қышқылын қажеттілік нормасынан асырмау ұсынылады.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Бір реттік және тәуліктік дозалар. Балаларға арналған ең жоғары бір реттік және тәуліктік дозалар жасын, салмағын және (немесе) дене беткейін ескере отырып көрсетіледі.

Дәрігердің тағайындауы бойынша қолданылады.

Ересектерге күніне 1-2 рет 50–250 мг-ден (1-5 мл).

Ең жоғары тәуліктік доза –1000 мг.

Пациенттердің ерекше топтары

Балалар

6 айға дейінгі балаларға тәулігіне 20-30 мг (0,4-0,6 мл), 6-12 айлық балаларға – тәулігіне 35 мг (0,7 мл), 1-3 жастағыларға – тәулігіне 40 мг (0,8 мл), 4-10 жастағыларға – тәулігіне 45 мг (0,9 мл), 11-14 жастағыларға – тәулігіне 50 мг (1 мл), 15 жастан асқан балалар үшін тәулігіне 1 рет 60-100 мг (1,2-2 мл) тағайындалады.

Енгізу әдісі және жолы

Бұлшықет ішіне және вена ішіне қолданылады

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Симптомдары: диарея, жүрек айнуы, құсу, түйілу сипатындағы абдоминальді ауырсыну, несеп шығарудың жиілеуі, бас ауыруы, нефролитиаз, гипогликемия, глюкозурия, метаболизмдік ацидоз.

Емі: препаратты тоқтату, симптоматикалық ем, қарқынды диурез.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозаларын өткізіп алғанда қажет болатын шаралар

Препараттың өткізіп алған дозасының орнын толтыру үшін қосарлы дозаны қабылдамау керек.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар

Егер препаратты қолдану туралы сұрақтар туындаса, емдеуші дәрігерге жүгініңіз.

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар

Белгісіз (қолда бар деректер негізінде баға беру мүмкін емес)

  • анафилаксиялық шок дамуына дейін аллергиялық реакциялар

  • вена ішіне жылдам енгізгенде – бас айналуы, шаршау сезімі, үлкен дозаларын (1 г артық) ұзақ уақыт қолданғанда – бас ауыруы, орталық жүйке жүйесі қозғыштығының артуы, ұйқысыздық

  • үлкен дозаларын ұзақ уақыт қолданғанда - капиллярлар өткізгіштігінің төмендеуі (тіндердің трофикасы нашарлауы, артериялық қысымның жоғарылауы, гиперкоагуляция, микроангиопатия дамуы мүмкін)

  • үлкен (1 г артық) дозаларын ұзақ уақыт қолданғанда – ұйқы безінің инсулярлық аппараты функциясының бәсеңдеуі (гипергликемия, глюкозурия)

  • ұзақ уақыт бойы жоғары дозада қолданғанда және кейіннен аскорбин қышқылын әдеттегі дозаға дейін азайтқанда С дәрумені тапшылығының симптомдары дамуы мүмкін

  • миокардиодистрофия

  • орташа поллакиурия (тәулігіне 600 мг асатын дозасын қолданғанда), үлкен дозаларын ұзақ уақыт қолданғанда - гипероксалурия, нефролитиаз (кальций оксалатынан), бүйректің гломерулярлық аппаратының зақымдануы

  • вена ішіне енгізгенде – жүктіліктің үзілу қаупі (эстрогенемия салдарынан), эритроциттер гемолизі

  • бұлшықет ішіне енгізген жердің ауыруы

  • тромбоцитоз, гиперпротромбинемия, эритропения, нейтрофилдік лейкоцитоз, гипокалиемия, глюкозурия

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медицина қызметкеріне, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және

фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препарат құрамы

2 мл препараттың құрамында

белсенді зат - 100.0 мг аскорбин қышқылы,

қосымша заттар: натрий гидрокарбонаты, натрий сульфиті, динатрий эдетаты, натрий гидроксидінің 1 М ерітіндісі, инъекцияға арналған су

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Түссізден сарғыштау түске дейінгі мөлдір ерітінді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

2 мл препараттан сындыру нүктесі немесе сақинасы бар шприцпен толтырылатын шыны ампулаларға құйылады.

Әр ампулаға заттаңба жапсырылады.

5 немесе 10 ампуладан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға қапталады. Фольгасыз қаптауға рұқсат етіледі: 10 ампуладан поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға қапталады.

Препараты бар 10 ампуладан 1 пішінді ұяшықты қаптамада медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Дәрілік препараты бар қорапшалар картон қораптарға салынады.

Қорапшаға салмай қаптауға рұқсат етіледі: пішінді ұяшықты қаптамалар медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықтармен бірге картон қораптарға салынады, нұсқаулықтар саны қаптамалардың санына қарай қоса салынады.

Сақтау мерзімі

1 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші туралы мәліметтер

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Рашидов көш., 81

Телефон нөмірі +7 7252 (610151)

Автожауапбергіш нөмірі +7 7252 (561342)

Электрондық пошта complaints@santo.kz

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Рашидов көш., 81

Телефон нөмірі +7 7252 (610151)

Автожауапбергіш нөмірі +7 7252 (561342)

Электрондық пошта complaints@santo.kz

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электрондық пошта)

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Рашидов көш., 81

Телефон нөмірі +7 7252 (610150)

Электрондық пошта phv@santo.kz

Прикрепленные файлы

ИМП_Аскорбиновая_кислота_СВП_каз_16082024.docx 0.05 кб
Проект_2_ИМП_Аскорбиновая_кислота_13.08_.2024_.docx 0.03 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту