Аскорбиновая кислота (витамин С)

МНН: Аскорбиновая кислота
Производитель: Химфарм АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ascorbic acid
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010541
Информация о регистрации в РК: 01.03.2018 - 01.03.2023
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 14.06 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Аскорбин қышқылы (С витамині)

Халықаралық патенттелмеген атауы

Аскорбин қышқылы

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған 5% ерітінді, 2 мл

Құрамы

2 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат - аскорбин қышқылы – 100.00 мг,

қосымша заттар: натрий гидрокарбонаты, сусыз натрий сульфиті, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз немесе сәл боялған сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Витаминдер. Аскорбин қышқылы.

АТХ коды А11GA01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Аскорбин қышқылы организм тіндерінде жақсы таралады, плацентарлық бөгет арқылы және емшек сүтіне өтеді. Плазма ақуыздарымен байланысуы - 25%. Плазмадағы аскорбин қышқылының концентрациясы нормада шамамен 10-20 мкг/мл құрайды. Лейкоциттерге, тромбоциттерге, содан соң – барлық тіндерге жеңіл өтеді; анағұрлым жоғары концентрациясына безді ағзаларда, лейкоциттерде, бауырда және көз бұршағында жетеді; плацента арқылы өтеді. Аскорбин қышқылының концентрациясы эритроциттер мен плазмаға қарағанда лейкоциттер мен тромбоциттерде жоғары. Тапшылық жағдайында лейкоциттердегі концентрация кешірек әрі баяулау төмендейді және плазмадағы концентрацияға қарағанда тапшылықты бағалаудың ең жақсы критерийі болып табылады.

Көбіне бауырда дезоксиаскорбин және одан әрі қарай қымыздық-сірке қышқылына және аскорбат-2-сульфатқа метаболизденеді.

Өзгермеген түрде және метаболиттер түрінде бүйрекпен, ішек арқылы, термен, емшек сүтімен шығарылады.

Жоғары дозаларда тағайындағанда шығарылу жылдамдығы күрт күшейеді. Темекі тарту және этанол қолдану организмнің қорын кенет төмендете отырып, аскорбин қышқылының бұзылуын (белсенді емес метаболитке айналуы) жеделдетеді.

Гемодиализде шығарылады.

Фармакодинамикасы

Аскорбин қышқылы (С витамині) адам организмінде түзілмейді, тек аспен түседі. Фармакологиялық әсерлері: тәуліктік қажеттіліктен (90 мг) едәуір асып түсетін мөлшерде, гипо- және авитаминоз (цинга) симптомдарын жылдам қайтаруын қоспағанда, мүлдем дерлік әсер етпейді. Физиологиялық қызметтері: кейбір гидроксилдену және амидтену реакцияларының кофакторы болып табылады - электрондарды оларды қалпына келтіру эквивалентімен қамсыздандыру арқылы ферменттерге тасымалдайды. Гидроксипролин және гидроксилизин түзе отырып (коллагеннің пострансляциялық модификациясы) проколлагеннің пролинді және лизинді қалдықтарының гидроксилденуі, гидрокситриметиллизин түзу арқылы лизин бүйір тізбектерінің ақуыздарда тотықтануы (карнитин синтезі үдерісінде), фолий қышқылының фолин қышқылына дейін тотықтануы, бауыр микросомаларындағы дәрілік заттардың метаболизмі мен дофаминнің норадреналин түзу арқылы гидроксилдену реакцияларына қатысады. Окситоцин, антидиуретикалық гормон және холицистокинин процессингісіне қатысатын амидтеуші ферменттердің белсенділігін арттырады. Бүйрек үсті бездерінің стероидогенезіне қатысады. Тіндердегі негізгі рөлі - коллагеннің, протеогликандар мен тіс, сүйек және қылтамырлар эндотелийінің басқа органикалық компоненттерінің синтезіне қатысу.

Иммунологиялық реакцияларды реттейді (антидене синтезін, комплементтің, интерферонның С3-компонентін белсенділендіреді), фагоцитозға ықпал етеді, организмнің жұқпаларға қарсыласуын арттырады. Гистаминнің босап шығуын тежейді және деградациясын тездетеді, простагландиндер мен басқа да қабыну медиаторларының түзілуін бәсеңдетеді.

Қолданылуы

- С витаминінің гиповитаминозы мен авитаминозының (цинга) алдын алуда және емдеуде

- геморрагиялық диатезде, капилляротоксикозда, қан кетулерде (мұрыннан, тісті жұлудан кейін, өкпеден, жатырдан, сәуле ауруынан туындаған) кешенді ем құрамында

- организмнің өсу, жүктілік, лактация, дене және психикалық жүктемелері кезеңіндегі қажеттілігі артқанда

- өткерген жұқпалы аурулардан және интоксикациядан кейінгі реконвалесценцияда

- бауыр ауруларының кешенді емі құрамында (созылмалы гепатит пен цирроз)

- созылмалы бүйрек үсті бездері жеткіліксіздігінде (Аддисон ауруы), Аддисон ауруы кезіндегі бүйрек үстілік кризде

- гипоацидті гастритте, асқазан және он екі елі ішектің ойық жара ауруында, асқазан резекциясынан кейінгі жағдайда, энтеритте, колитте

- баяу жазылатын жаралар мен ойық жараларда, сүйек сынғанда

Қолдану тәсілі және дозалары

Көктамыр ішіне, бұлшықет ішіне (баяу), ересектерге тәулігіне 100-ден 500 мг дейін (5% 2 - 10 мл), цинганы емдеу кезінде – тәулігіне 1000 мг дейін.

Жасы 6 айлыққа дейінгі балаларға 20-30 мг/тәулігіне (0,4-0,6 мл 5% ерітінді), 6-12 айлық жаста – 35 мг/тәулігіне (0,7 мл 5% ерітінді), 1-3 жаста – 40 мг/тәулігіне (0,8 мл 5% ерітінді), 4-10 жас – 45мг/тәулігіне (0,9 мл 5% ерітінді), 11-14 жас – 50 мг/ тәулігіне (1 мл 5 % ерітінді), 15 жастан асқан балаларға 60-100 мг (1,2-2 мл 5% ерітінді) тәулігіне 1 рет тағайындайды. Балалардағы цинганы емдеу кезінде – тәулігіне 500 мг дейін (10 мл 5%).

Бүйрек үсті бездері кризі кезінде көктамыр ішіне әр 3-4 сағат сайын баяу 250- 500 мг (5-10 мл 5% ерітінді) енгізеді.

Жағымсыз әсерлері

  • бас ауыруы, шаршау сезімі

  • артериялық қысымның көтерілуі, миокардиодистрофия

  • ұйқы безі эндокриндік қызметінің бәсеңдеуі (гипергликемия, глюкозурия)

  • тромбоцитоз, анемия, нейтрофилез, гипокалиемия

  • гиперпротромбинемия, тромбоз, қылтамырлар өткізгіштігінің төмендеуі және тін трофикасының нашарлауы

  • аллергиялық реакциялар (оның ішінде анафилактикалық шок)

  • бүйрек қызметінің бұзылуы (гломерулопатия), несеп-тас ауруы, оксалаттық тастардың түзілуі

  • үлкен дозаларды ұзақ қолданғанда: натрий және сұйықтық іркілісі, микроангиопатияның дамуы, нейроуытты әсерді туындататын мырыш, мыс алмасуының бұзылуында (ОЖЖ қозғыштығының жоғарылауы, ұйқының бұзылуы)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- гиперкоагуляция

- тромбоздарға бейімділік, тромбофлебит

- қант диабеті, гипероксалатурия, нефролитиаз

- гемохроматоз, талассемия

- глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы

Сақтықпен

- сидеробластты анемия

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Құрамында алюминий бар антацидтер мен аскорбин қышқылын бір мезгілде, әсіресе бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарға, алюминийдің бүйрек арқылы сыртқа шығарылуы ұлғаюы мүмкін екендігіне байланысты қолдану ұсынылмайды. Қанда салицилаттар концентрациясын жоғарылатады және оксалатурияның даму қаупін арттырады.

Этинилэстрадиол, тетрациклин және пенициллиндердің сіңуін жоғарылатады.

Темірдің қорытылуына және оның қалыпқа келген түрде жиналуы ықпал етеді.

Аскорбин қышқылы және біріктірлеген ауыз арқылы қабылданатын контрацептивтер өзара бір-бірінің концентрациясын төмендетеді. Барбитураттар мен примидон аскорбин қышқылының несеппен шығарылуын күшейтеді.

Аскорбин қышқылы жоғары дозаларда амфетамин мен үшциклдік антидепрессанттардың сыртқа шығарылуын ұлғайтады.

Дефероксаминмен бір мезгілде қолданғанда оның әсерін үдетеді және темір экскрециясын арттырады.

Тікелей емес антикоагулянттар (фениндион, варфарин, неодикумарин) және гепариннің әсерін әлсіретеді.

Ұзақ уақыт қолданған кезде хинолондар, кальций хлориді, салицилаттар мен глюкокортикостероидтар плазмада аскорбин қышқылының деңгейін және оның организмдегі құрамын төмендетеді.

Темекі тарту және этил спирті аскорбин қышқылы метаболизмін тездетіп, организмдегі оның құрамын төмендетеді.

Айрықша нұсқаулар

Препарат қосымша дәрі ретінде кеңінен қолданылатындықтан, жай-күйдің жақсаруының алғашқы белгілері аурудың сипаты мен ағынына және емдеудің тиімділігіне байланысты.

Жоғары дозаларда қолданылғанда, бүйректердің қызметі мен артериялық қан қысымын (аскорбин қышқылының кортикостероидтар түзілуін көтермелеуі), сондай-ақ ұйқы безінің қызметін бақылап отыру қажет (инсулярлық аппараттың бәсеңдеуі).

Аскорбин қышқылын тәулігіне 500 мг артық дозада қолдану глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы, орақ тәрізді жасушалы анемиеясы бар адамдарда гемолитикалық кризге түрткі болуы, жедел сол жақ қарыншалық жеткіліксіздіктің дамуына әкелуі мүмкін.

Несеп тас ауруына шалдыққан емделушілерге ерекше сақтықпен тағайындайды, жоғары дозаларын ұзақ уақыт қабылдау ұсынылмайды.

Препаратты гиперкоагуляция, тромбофлебит және қазіргі уақыттағы немесе сыртартқысындағы тромбоэмболиялық жағдайлар кезінде сақтақпен тағайындаған жөн.

Онкологияда қолданылуы

Аскорбин қышқылын жылдам ұлғаятын және кең диссеминацияланған ісіктер бар емделушілерде жоғары дозаларда қолдану үдеріс ағымын ушықтырып жіберуі мүмкін. Сондықтан аскорбин қышқылын емделушілердің бұл тобында сақтықпен қолдану керек.

Зертханалық көрсеткіштерге әсер етуі.

Аскорбин қышқылын жоғары дозаларда қолдану қан мен несепте глюкоза деңгейін анықтау нәтижелеріне әсер етуі мүмкін.

Жүктілік және лактация кезеңі

Аскорбин қышқылы плацента арқылы өтеді және емшек сүтімен шығарылады. Аскорбин қышқылын жүктілік және лактация кезеңінде жоғары дозаларда (1 г) қолдану ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Емделу кезеңінде автокөлікті жүргізу және зейінді жұмылдыруды және психомоторлы реакциялардың шапшаңдығын қажет ететін қауіпті қызмет түрлерімен айналысқанда сақ болу қажет.

Артық дозалануы

Симптомдары: : диарея, жүрек айну, құсу, спастикалық сипаттағы абдоминальді ауыру, несеп шығарудың жиілеуі, бас ауыру, нефролитиаз, гипогликемия, глюкозурия, метаболикалық ацидоз.

Емі: препаратты тоқтату, симптоматикалық ем жүргізу, қарқынды диурез.

Шығарылу түрі және қаптамасы

2 мл-ден бейтарап шыны ампулада.

Әр ампулаға заттаңбалық қағаздан жасалған заттаңба жапсырылады немесе шыны бұйымдарға арналған терең баспа бояуымен мәтін тікелей ампулаға жазылады.

5 және 10 ампуладан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға қапталған.

10 ампуладан гофрланған аралық бөлгіші бар картон қорапқа салынады. Әр қаптамаға ампула скарификаторы салынған.

Бандероль қораптар немесе пішінді ұяшықты қаптамалар медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Нұсқаулықтар саны қаптамалар саны бойынша салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

1 жыл

Препаратты жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Химфарм» АҚ, Қазақстан,

Шымкент қ., Рашидов к-сі, н/ж, т/ф: 560882

Тіркеу куәлігінің иесі

«Химфарм» АҚ, Қазақстан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Химфарм» АҚ, Қазақстан,

Шымкент қ., Рашидов к-сі, н/ж, т/ф: 560882

Телефон нөмірі 7252 (561342)

Факс нөмірі 7252 (561342)

Электронды поштасы standart@santo.kz

 

 

 

Прикрепленные файлы

681597291477976928_ru.doc 66 кб
494849051477978088_kz.doc 105 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники