Асинис®
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Асинис®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Гомеопатиялық тамшылар, 20 және 50мл
Құрамы
100 мл препараттың құрамында
белсенді заттар: Armoraciа rusticana D1 (кәдімгі ақжелкек) – 10 мл, Kalium bichromicum D6 (Калий дихроматы) – 10 мл, Hydrastis canadensis D6 (Канада Гидрастисі) – 10 мл, Calcium sulfuricum D12 (Кальций сульфаты) – 10 мл, Cinnabaris D12 (Циннабар) – 10 мл
қосымша заттар: этил спирті 43%, тазартылған су.
Сипаттамасы
Әлсіз иісі және ақжелкектің дәмі бар түссізден сәл сарғыш түске дейінгі мөлдір сұйықтық.
Фармакотерапиялық тобы
Басқа да терапиялық өнімдер.
Басқа да дәрілік препараттар.
АТХ коды V03AX
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Қазіргі уақытқа олардың жоғары сұйылтылу нәтижесінде гомеопатиялық медициналық препараттардың фармакокинетикалық қасиеттері туралы хабарланған жоқ.
Фармакодинамикасы
Асинис® - тамшылары – бұл бірнеше гомеопатиялық дәрілердің спецификалық біріктірілімі. Бірін-бірі толықтыратын ингредиенттердің спецификалық біріктірілімі олардың тиімділігінде және бір бағыттық әсер береді.
Гомеопатиялық емдеу жедел және созылмалы ауруларды емдеуде қажетті организмнің қорғаныс күштерін нығайтуға ықпал ететін ем болып табылады.
Кәдімгі ақжелкек өте бағалы, пайдалы және емдік шөп. Оның тамырлары витаминге, әсіресе С витаминіне, эфир майына, ферменттерге, гликозидтерге бай, құрамында калий, кальций, магний, фосфор тұзы бар, сондай-ақ, қант, ақуыздар, крахмал, ащы заттар, қыша майы және шайыр бар.
Жаңа піскен ақжелкекте ақуыздық зат лизоцим бар, ол бактериялардың жасушалық қабықтарын бұзады, ол микробқа қарсы қасиеттерді негіздейді.
Кәдімгі ақжелкек шырышты қабықтардың қабыну үдерістерінде емдік әсер береді.
Калий дихроматы айтарлықтай дәрежеде жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабығымен байланысады, шырышты қабықтың секрециясын және экссудациясын төмендетеді.
Канада гидрастисі құрамында изохинолин алкалоидтары, ең бастысы бета-гидрастин, берберин және канадин бар. Берберин обладает антихолинергиялық, антисекреторлық және микробқа қарсы әсерге ие, бета-гидрастин тұтқыр әсерге ие.
Гидрастис шырышты қабыққа әсер етеді, шырышты қабықтың секрециясын және экссудациясын төмендетеді, олардың ісінуінің азаюына ықпал етеді, сол арқылы мұрынмен тыныс алуды айтарлықтай жеңілдетеді.
Гидрастис мұрынның, тамақтың шырышты қабығының созылмалы қабынуын емдеу үшін пайдаланылады.
Кальций сульфаты көп мөлшердегі, сарғыш және іріңді бөліністермен қатар жүретін жағдайларда тиімді. Ол ортаңғы құлақтың іріңдеуі, мұрын қойнауларының іріңді қабынулары, бадамша без абсцестері сияқты жағдайларда пайдаланылады.
Циннабар (сынаптың қызыл сульфиді) бас ауыруы, көзден жас ағу сияқты мұрын маңайы қойнауларының өзіне тән қабыну симптомдарын жояды.
Қолданылуы
- риносинуситтердің жедел (кешенді емдеуде) және созылмалы түрлері, созылмалы ринит пен ларинготрахеиті бар емделушілерді емдеуге арналған; - препаратты ортаңғы құлақтың қабыну ауруларымен зардап шегетін емделушілерді кешенді емдеуде қолданады
Қолдану тәсілі және дозалары
Жасы |
Дозалануы |
Дозалануды қолдану |
Ересектер мен 12 жастан асқан балалар |
10 тамшы |
7 күн бойы күніне 3 рет |
2 жастан асқан балалар |
5 тамшы |
Емнің басында 10 тамшыдан (ересектер мен 12 жастан асқан балаларға) немесе 5 тамшыдан (2 жастан асқан балаларға) әр 30-60 минут сайын (күніне 8 реттен көп емес) қабылдауға болады. Жағдайының жақсару белгілері пайда болған кезде қабылдау жиілігі күніне 3 ретке дейін азайтылуы тиіс.
Толық тиімділікті қамтамасыз ету үшін Асинис® - тамшыларын тамақтанғанға дейін 30 минут бұрын немесе тамақтанғаннан кейін кемінде 1 сағаттан соң қабылдау керек. Асинис® - тамшылары таза күйде тамшыларды тікелей тілге тамызу арқылы немесе балалар үшін суда аздап еріте отырып, тек сұйылтылған күйде қабылдануы мүмкін.
Жағымсыз әсерлері
Анықталмаған.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- белсенді заттарға немесе толықтырғыштардың кез келгеніне жоғары сезімталдық
- 2 жасқа дейінгі балалар
- жүктілік және лактация кезеңі
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Қазіргі уақытта басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі туралы ешқандай ақпарат жоқ.
Айрықша нұсқаулар
Құрамында 43 % спирт барын есепке ала отырып, препарат маскүнемдігі, бауыр ауруы немесе эпилепсиясы бар емделушілерге сақтықпен тағайындалады.
Гомеопатиялық дәрілік заттармен емдей бастағанда организмнің иммундық жүйесін көтермелеу салдарынан бұрыннан бар аурулардың бастапқы асқынуы болуы мүмкін. Ұзаққа созылған талапқа сай емес емдеу зерттелетін препаратқа реакция тудыруы мүмкін (жаңа белгілер).
Асинис® - тамшылары құрамында өсімдік тектес және басқа да табиғи материалдар бар, сондықтан олар дәміне және иісіне қарай ерекшеленуі және біршама күңгірт болуы мүмкін. Бұл препараттың сапасы мен тиімділігіне ешқандай әсер етпейді.
Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Асинис® - тамшылары автокөлік құралын басқару қабілетіне әсер етпейді. Бірақ препарат құрамында спирттің болуы зейін шоғырландыруды, жылдам қозғалысты және психикалық реакцияны қажет ететін жұмыстарды атқарғанда сақ болуды қажет етеді.
Артық дозалануы
Ешбір артық дозалану жағдайлары туралы хабарланған жоқ.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Полиэтиленнен жасалған тамшылатқышпен пропиленнен жасалған бұралатын қақпағы бар қоңыр шыныдан жасалған құтыларға 20 немесе 50 мл препараттан салынған. Құтыға заттаңба жапсырылады.
1 құты медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.
Сақтау шарттары
Жарықтан және күшті электромагнитті өрістен қорғалған жерде, 30º С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
Рихард Биттнер АГ
Фельдкирхен, Австрия.
Тіркеу куәлігінің иесі
Рихард Биттнер АГ
Вена, Австрия.
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Хербс Трэйдинг ГмбХ» ҚР өкілдігі, Алматы қ., Бегалин к-сі, 115
Телефон. тел +7(727) 390-98-93 факс (727) 291-85-34
Электронды поштасы: www.omegapharma.kz