Аронамин Голд

МНН: Аскорбиновая кислота, Витамин E, Пиридоксин, Рибофлавин, Тиамин, Цианокобаламин
Производитель: ИЛДОНГ ФАРМАЦЕВТИКАЛ КО ЛТД
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021332
Период регистрации: 22.04.2015 - 22.04.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Аронамин Голд

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар

Құрамы

Белсенді заттар: фурсултиамин (В1 витамині) 50 мг, рибофлавин бутираты (В2 витамині) 2,5 мг, пиридоксаль фосфаттың гидраты (В6 витамині) 2,5 мг, гидроксокобаламин (В12 витамині) 5,22 мг, тура қысуға арналған аскорбин қышқылы (С витамині) 72,2 мг (аскорбин қышқылы секілді 70 мг), токоферол ацетаты 50 % (Е витамині) 40 мг (токоферол ацетаты секілді 20 мг),

қосымша заттар: LSP түйіршіктер, лактоза гидраты, коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты,

құрамы

Описание

Сопақша пішінді, қызыл түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Витаминдер. В тобы витаминдерінің басқа да препараттармен біріктірілімдерді қоса алғандағы кешені. В тобы витаминдері басқа да препараттармен біріктірілімде.

АТХ коды A11EX

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препараттың компоненттері суда еритін витаминдер болып табылады, бұл организмде олардың жинақталу мүмкіндігін жоққа шығарады.

Фурсультиамин және пиридоксин ішектің жоғарғы бөлімінде сіңіріледі, сіңірілу дәрежесі дозаға байланысты болады.

Препарат құрамына кіретін барлық витаминдер бауырда метаболизденеді.

Фурсультиамин және пиридоксиннің организмнен шығарылуы бүйрекпен (8-10% жуығы өзгермеген түрде шығарылады) жүзеге асырылады.

Фармакодинамикасы

Арономин Голд фармакологиялық қасиеттері препарат құрамына кіретін витаминдер қасиеттерімен анықталады.

Фурсультиамин (В1 витамині) адам организмінде фосфорлану үдерістері нәтижесінде көптеген ферменттік реакциялардың коферменті болып табылатын кокарбоксилазаға айналады. Тиамин көмірсулар, ақуыз және май алмасуында маңызды рөл атқарады. Синапста жүйке қозуын өткізу үдерістеріне белсенді түрде қатысады.

Рибофлавин (В2 витамині) — тотығу үдерістеріне қатысатын көптеген флавопротеинді ферменттердің ауыстыруға болмайтын компоненті. Ауыз қуысы, көз, тері шырышты қабығының жағдайы жақсаруына ықпалын тигізеді, жүйке жүйесі жағдайын жақсартады.

Пиридоксин (В6 витамині) орталық және шеткергі жүйке жүйесінің қалыпты жұмыс істеуіне қажетті. Фосфорланған түрінде амин қышқылдары метаболизмінің (декарбоксилдену, қайта аминдену және т.б.). коферменті болып табылады. Жүйке тіндерінде әсер ететін маңызды ферменттердің коферменті ретінде жүреді. Глутамин қышқылы алмасуына қатыса отырып, допамин, норадреналин, адреналин, гистамин және ГАМҚ секілді – көптеген нейромедиаторлардың биосинтезіне қатысады.

Цианокобаламин (В12 витамині) миелинді қабық синтезіне қатысады, гемопоэзды көтермелейді, шеткергі жүйке жүйесінің зақымдануымен байланысты ауыруды сезінуді азайтады, фолий қышқылын белсендіру арқылы нуклеиндік алмасуды көтермелейді.

Аскорбин қышқылы (С витамині) – бірқатар биологиялық белсенді заттардың тотығуын, дәнекер тіндердегі алмасуды, көмірсу алмасуын, қан ұйығыштығын және тіндер регенерациясын реттеуге қатысады, стероидты гормондардың түзілуін көтермелейді, қылтамырлар өткізгіштігін қалыпқа түсіреді, организмнің жұқпаларға төзімділігін арттырады, қабыну реакцияларын азайтады.

Токоферол ацетаты (Е витамині) - табиғи антиоксидант болып табылады –липидтердің асқын тотықты тотығуын болғызбайды. Ақуыздар (коллаген, жиырылу ақуыздары, шырышты қабық), коэнзим Q синтезіне, тіндік тыныс алуға, тіндік басқа да маңызды үдерістерге қатысады, қылтамырлардың жоғары өткізгіштігі мен үзілгіштігіне кедергі болады.

Қолданылуы

  • ұзақ аурулардан кейін қалпына келу кезеңінде, дене және ақыл-ой жүктемесі жоғары болғанда

  • невралгияда

  • артралгияда (люмбаго, иық буынының ауыруы)

  • астенияда

  • стоматитте

  • глосситте

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер: 1 таблеткадан тәулігіне 2 рет. Ең жоғары тәуліктік доза - 2 таблетка.

Таблеткаларды тамақтанудан кейін, шайнамай және жеткілікті сұйықтық мөлшерімен ішіп қабылдау керек. Емдеу ұзақтығы мен қайталану курстары – дәрігердің ұсынымы бойынша.

Жағымсыз әсерлері

  • диарея

  • іш қату

  • бөртпе, қышыну, Квинке ісінуі түріндегі тері реакциялары

  • мезгілсіз ерте етеккір

  • бауыр функциясының бұзылуы

  • несептің күңгірт түске боялуы

  • терлеудің күшеюі

  • тахикардия

  • нейропатия

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • туа біткен лактаза жеткіліксіздігі, глюкоза/галактоза мальабсорбциясы, тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы

  • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

  • жедел тромбоэмболия

  • эритроцитоз, эритремия

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

В1 витамині кейбір адренолитиктер мен симпатолитиктердің гипотензиялық әсерін, барбитураттар мен глютетимидтің ұйықтататын әсерін азайтады. Хлорпромазин В2 витаминінің несеппен бөлінуін арттырады. Пробенецид өзекшелік секреция мен В2 қайта сіңірілуін тежейді. В6 витамині антипаркинсондық L-допаның әсерін азайтады. Пероральді контрацептивтермен, изониазидпен, пеницилламинмен, циклосеринмен бір мезгілде қолданғанда қанда В6 витаминінің концентрациясы азаяды.

Артық дозалануды болдырмас үшін бір мезгілде басқа да поливитамин кешендерін қабылдау ұсынылмайды.

Колхицин, этанол және неомицин В12 витаминінің сіңірілуін басады. В12 витаминінің сіңірілуін пероральді бигуанидті диабетке қарсы препараттар мен пара-аминосалицил қышқылы, сондай-ақ хлорамфеникол және С витамині нашарлатады.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты көрсетілген дозада қабылдаған жөн. Егер препаратты қолданудан емдік әсеріне қол жеткізілмесе, дәрігерге қаралған жөн. Қатерлі ісіктер кезінде ісік жасушалары тесілуін күшейтуі мүмкін болғандықтан, декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігінің ауыр және жедел түрлері мен стенокардиясы бар науқастарда сақтықпен қолдану керек.

Педиатрияда қолданылуы. Қолдану тәжірибесі жоқ.

Жүктілік және лактация кезеңі. Қолдану тәжірибесі жоқ.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: қозу, тремор, ұйқысыздық, бас ауыру, құрысулар.

Емі: симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

10 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25 °С -ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

ИЛДОНГ ФАРМАЦЕВТИКАЛ КО ЛТД, Корея Республикасы

25, Gongdan 1-ro, Anseong-si, Gyeonggi-do, Корея

Тел/факс: 8225263114, www.ildong.com

Тіркеу куәлігінің иесі

ИЛДОНГ ФАРМАЦЕВТИКАЛ КО ЛТД, Корея Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«РОТО-ПРАЙМ» ЖШС, Қазақстан Республикасы

Шымкент қ., Қапал батыр к-сі, индустриялық аймақ №19

тел.: 8(7252)43-12-78,

факс: 8(7252)43-12-78,

info@roto-prime.kz

Прикрепленные файлы

897566591477976522_ru.doc 177.5 кб
665417051477977686_kz.doc 71.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники