Арипегис® (10 мг) (Aripiprazole)

МНН: Арипипразол
Производитель: ЗАО "Фармацевтический завод ЭГИС"
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Aripiprazole
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021474
Период регистрации в РК: 25.06.2015 - 25.06.2020
Номер регистрации в РБ: 10581/17
Период регистрации в РБ: 03.08.2017 - 03.08.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Арипегис®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Арипипразол

Дәрілік түрі

10 мг, 15 мг, 30 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - арипипразол 10 мг, 15 мг, 30 мг

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, желатинделген крахмал, магний стеараты, кремнийдің коллоидты сусыз қостотығы.

Сипаттамасы

Дөңгелек, екі беті дөңес, иіссіз немесе иіссіз дерлік, таблетканың бір жағында Е әрпі және 562 саны ойылып жазылған ақ немесе дерлік ақ түсті таблеткалар (10 мг доза үшін).

Дөңгелек, жайпақ, иіссіз немесе иіссіз дерлік, таблетканың бір жағында Е әрпі және 563 саны ойылып жазылған ақ немесе дерлік ақ түсті таблеткалар (15 мг доза үшін).

Дөңгелек, екі беті дөңес, иіссіз немесе иіссіз дерлік, таблетканың бір жағында Е әрпі және 564 саны ойылып жазылған ақ немесе дерлік ақ түсті таблеткалар (30 мг доза үшін).

Фармакотерапиялық тобы

Психотропты препараттар. Басқа да нейролептиктер. Арипипразол

ATХ коды N05AX12

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Арипипразол ішке қабылдағаннан кейін жақсы сіңеді. Қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясына препаратты қабылдағаннан кейін 3-5 сағаттан соң жетеді. Ішке қабылдағанда препараттың абсолютті биожетімділігі 87% құрайды. Ас қабылдау (майлы тағам) арипипразолдың фармакокинетикасына әсер етпейді. Арипипразол организмде жақсы таралады, болжамды таралу көлемі 4,9 л/кг құрайды, ол тамыр сыртындағы қарқынды таралуын білдіреді. Емдік концентрацияларда арипипразол мен дегидроарипипразол қан плазмасы ақуыздарымен, негізінен альбуминмен 99%-дан астамға байланысады. Арипипразол жүйеалдылық метаболизмге тек аз дәрежеде ұшырайды. Арипипразол үш әдіспен бауырда белсенді метаболизденеді: дегидрирлену, гидроксилдену және N-дезалкилдену. in vitro жағдайында арипипразолдың дегидрирлену, гидроксилденуі CYP3A4 және CYP2D6 изоферменттердің әсерімен жүреді, ал N-дезалкилденуі CYP3A4 ферментімен катализденеді. Арипипразол дәрілік препаратының көп бөлігі жүйелі қан ағымына түседі. Тепе-тең жағдайда препараттың белсенді метаболиті дегидроарипипразолдың «дәрілік зат концентрациясы – уақыт» (AUC) қисығы астындағы ауданы плазмада арипипразолдың AUC-ның 40% - ға жуығын құрайды.

Арипипразолдың жартылай шығарылуының орташа кезеңі CYP2D6 әсерімен белсенді метаболизденуінде 75 сағатқа жуықты және CYP2D6 метаболизденетін белсенділігі төмен болғанда 146 сағатқа жуықты құрайды. Арипипразолдың жалпы клиренсі, негізінен бауыр арқылы шығарылуы есебінен 0,7 мл/мин/кг құрайды. Бір рет пероральді енгізгеннен кейін таңбаланған [14C] арипипразолдың шамамен 27% радиоактивтілігі несепте және 60% жуығы нәжісте анықталады. Өзгермеген арипипразолдың 1% кемі несеппен және қабылданған дозаның шамамен 18% өзгермеген түрінде нәжіспен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Шизофренияда және I типтегі биполярлы бұзылыста арипипразолдың тиімділігіне D2-дофаминді және 5HT1a-серотонинді рецепторлар деңгейіндегі ішінара агонистік белсенділігі және 5HT2a- серотонинді рецепторлар деңгейіндегі антагонистік белсенділігінің біріктірілімі есебінен қол жетеді деп болжамданады. Зерттеулерде арипипразол дофаминергиялық гипербелсенділікке қатысты антагонизм және дофаминергиялық гипобелсенділікке қатысты агонизм білдірді.

Арипипразол in vitro D2- және D3 дофаминді рецепторларға, 5-HT1a- және 5-HT2a серотонинді рецепторларға жоғары афинділік және D4 дофаминді, 5-HT2c- және 5-HT7 серотонинді, α1-адренорецепторлар мен H1 гистаминді рецепторларға орташа афинділік иеленген. Арипипразол сондай-ақ серотонинді кері қармаудың бөліктеріне орташа афинділікпен және мускаринді рецепторларға байқалатын афинділіктің болмауымен сипатталады.

Арипипразолдың кейбір басқа да клиникалық әсерлерін препараттың дофамин және серотонин қосалқы типтерінен ерекшеленетін рецепторлармен өзара әрекеттесуімен түсіндіруге болады.

Қолданылуы

- ересектер мен 15 жастағы және одан асқан жасөспірімдерде шизофренияны емдеуде

- I типтегі биполярлы бұзылыстарда орташа және ауыр дәрежедегі маниакальді эпизодтарды емдеуде, сондай-ақ арипипразолмен емге жауап беретін негізінен маниакальді эпизодтармен зардап шегетін ересектерде жаңа маниакальді эпизодтардың пайда болуының алдын алу үшін

- 13 жастағы және одан асқан жасөспірімдерде I типтегі биполярлық бұзылыстарда орташа және ауыр дәрежедегі маниакальді эпизодтарды емдеуде. Емдеу ұзақтығы 12 аптадан аспауы керек.

Қолдану тәсілі және дозалары

Арипегис препараты ас қабылдауға байланыссыз ішке қабылдауға тағайындалады.

Ересектер

Шизофрения: препараттың ұсынылған бастапқы дозасы - тәулігіне 15 мг демеуші дозамен, тәулігіне 10 немесе 15 мг ол ас қабылдауға байланыссыз күніне 1 рет тағайындалады.

Арипегис тәулігіне 10-нан 30 мг дейінгі дозада тиімді. Препаратты тәулігіне 15 мг асатын дозада тағайындағанда, тиімділігінің жоғарылауы байқалған жоқ. Әйтсе де жеке пациенттерде жоғарырақ дозаны тағайындағанда жақсы әсерге қол жетеді.

Ең жоғары тәуліктік доза 30 мг аспауы керек.

I типті биполярлы бұзылыстарда маниакальді эпизодтар: ұсынылатын бастапқы доза монотерапия ретінде немесе біріктірілген емде ас қабылдауға байланыссыз тәулігіне бір рет 15 мг құрайды. Кейбір пациенттерде жоғарырақ дозаны тағайындағанда жақсы әсерге қол жетеді. Ең жоғары тәуліктік доза 30 мг аспауы керек.

I типті биполярлы бұзылыстарда маниакальді эпизодтардың қайталануының алдын алуда: арипипразолды монотерапия ретінде немесе біріктірілімде қабылдаған пациенттерде маниакальді эпизодтардың қайталануын алдын алу үшін, дозасын өзгертпей, препаратты қабылдауды жалғастыру керек.

Дозаны төмендетуді қоса, тәуліктің дозаны түзетуді пациенттің клиникалық статусының негізінде қарастыру керек.

Бауыр функциясының бұзылуымен пациенттер: бауыр функциясының жеңіл және орташа дәрежедегі ауырлықтағы бұзылуымен пациенттерде препарат дозасын түзету талап етілмейді. Бауырдың ауыр жеткіліксіздігімен пациенттер үшін дозаны сақтықпен таңдау керек. Әйтсе де бауырдың ауыр жеткіліксіздігімен пациенттерде 30 мг ең жоғары тәуліктік дозаны сақтықпен қабылдау керек.

Бүйрек функциясының бұзылуымен пациенттер: препарат дозасын түзету талап етілмейді.

Егде жастағы пациенттер: Шизофрения мен I типті биполярлы бұзылыспен 65 жастан асқан пациенттерде препаратты қолдану тәжірибесі шектеулі. Аталған популяцияның жоғары сезімталдығын ескеріп, егер оны клиникалық факторлар талап етсе, емді төмен дозалардан бастау керек.

Балалар мен жасөспірімдер

15 жастағы және одан үлкен жасөспірімдердегі шизофрения: препараттың ұсынылған бастапқы дозасы ас қабылдауға байланыссыз тәулігіне бір рет - 10 мг/тәулік. құрайды. Емді 2 күн ішінде 2 мг (құрамында арипипразол бар ішуге арналған ерітіндіні қолдану керек) бастау керек, содан кейін 10 мг ұсынылған тәуліктік дозаға жеткенге дейін дозаны 2 күн ішінде 5 мг дейін титрлеу керек. Қажет болған жағдайда, 30 мг ең жоғары тәуліктік дозадан асырмай дозаны 5 мг-ға біртіндеп жоғарылатуға болады.

Арипегис тәулігіне 10-нан 30 мг дейінгі дозаларда тиімді. Препаратты тәулігіне 10-нан асатын дозаларда тағайындағанда жасөспірімдерде тиімділігінің жоғарылауы анықталған жоқ. Әйтсе де жекелеген пациенттерде жоғарырақ дозаларды тағайындағанда жақсы әсерге қол жетті.

Арипегисті шизофрениямен 15 жасқа толмаған пациенттерде препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігіне қатысты деректердің жеткіліксіз болуына байланысты қолдануға болмайды.

13 жастағы және одан үлкен жасөспірімдердегі I типті биполярлы бұзылыстардағы маниакальді эпизодтарда: препараттың ұсынылған дозасы ас қабылдауға байланыссыз тәулігіне бір рет - 10 мг/ тәулік. құрайды. Емді 2 күн ішінде 2 мг (құрамында арипипразол бар ішуге арналған ерітіндіні қолдану керек) бастау керек, содан кейін 10 мг ұсынылған тәуліктік дозаға жеткенге дейін дозаны тағы 2 күн ішінде 5 мг дейін титрлеу керек.

Емнің ұзақтығы барынша қысқа, бірақ симптомдарын қадағалау үшін жеткілікті болуы және 12 аптадан аспауы керек. Препаратты тәулігіне 10 мг асатын дозаларда тағайындағанда, жасөспірімдерде тиімділігінің жоғарылауы анықталған жоқ, ал тәулігіне 30 мг дозада экстрапирамидті бұзылыстармен байланысты реакцияларды, ұйқышылдық және дене салмағының артуын қоса, ауыр жағымсыз реакциялардың айтарлықтай жоғарылауы байқалды.

Сондықтан тәулігіне 10 мг асатын дозаларды тек қатаң медициналық бақылаумен, сирек жағдайларда тағайындау керек. Жасырақ пациенттерде арипипразолмен байланысты жағымсыз реакциялар даму қаупі жоғары. Сондықтан Арипегис 13 жасқа толмаған пациенттерге ұсынылмайды.

Аутизмдегі жоғары қозғыштық: арипипразолдың балалар мен 18 жасқа толмаған жасөспірімдердегі тиімділігі мен қауіпсіздігі әзірге анықталған жоқ. Дозалануына қатысты ұсынымдар жоқ.

Туретта синдромындағы тики: арипипразолдың 6-дан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердегі тиімділігі мен қауіпсіздігі әзірге анықталған жоқ.

Жағымсыз әсерлері

Жиі (≥1/100 – <1/10)

- мазасыздық, ұйқысыздық, үрей

- бас ауыруы, бас айналуы, ұйқышылдық, тыныштандыратын әсер, экстрапирамидті бұзылыстар, акатизия, тремор

- көрудің бұлыңғырлануы

- жүрек айнуы, құсу, сілекейдің гиперсекрециясы, диспепсия, іш қату

- шаршау сезімі

Жиі емес (≥1/1000 – <1/100)

- депрессия*

- тахикардия*

- ортостаздық гипотензия*

- гиперсексуальділік

- қосарланып көру

Басқа да жағымсыз құбылыстар

Антипсихоздық препараттарға тән сондай-ақ арипипразолды қолданғанда байқалатын жағымсыз реакцияларға қатерлі нейролептикалық синдром (ҚНС), кеш дискинезия, құрысулар, цереброваскулярлық жағымсыз реакциялар, ақыл кемістігімен егде жастағы пациенттер арасында кездесетін жоғары өлім жағдайлары, гипергликемия, қант диабеті.

Маркетингтен кейінгі бақылаулар

Маркетингтен кейінгі бақылаулар кезінде даму жиілігі белгісіз келесі жағымсыз реакциялар туралы хабарланды (бар деректер бойынша анықтау мүмкін емес):

-лейкопения, нейтропения, тромбоцитопения

-аллергиялық реакциялар (мысалы, анафилаксиялық реакция, тілдің үлкеюін, тілдің ісінуін, беттің ісінуін, қышыну немесе есекжемді қоса, ангионевроздық ісіну)

- гипергликемия, қант диабеті, диабеттік кетоацидоз, диабеттік гиперосмолярлық кома

- дене салмағының артуы/азаюы, анорексия, гипонатриемия

- ажитация, ашушаңдық, құмар ойындарға патологиялық бейімділік, суицидальді іс- әрекеттер, суицидальді ойлар және аяқталған суицид,

озбыр мінез-құлық

- сөйлеудің бұзылуы, қатерлі нейролептикалық синдром (ҚНС), үлкен эпилепсия ұстамасы

- QT аралығының ұзаруы, қарыншалық аритмиялар, кенеттен өлім, жүректің тоқтап қалуы, полиморфты қарыншалық тахикардия (torsades de pointes), брадикардия

- синкопальді жағдайлар, артериялық гипертензия, көктамырлық тромбоэмболия (өкпе эмболиясы мен терең көктамырлар тромбозын қоса)

- орофарингеальді спазм, ларингоспазм, аспирациялық пневмония

- панкреатит, дисфагия, іштегі жағымсыз сезімдер, асқазандағы жайсыздық, диарея

- бауыр жеткіліксіздігі, сарғаю, гепатит, аланинаминотрансферазаның (АЛТ), аспартатаминотрансферазаның (АСТ) жоғарылауы, гамма-глутамилтрансферазаның (ГГТ) жоғарылауы, сілтілі фосфатаза деңгейінің жоғарылауы

- бөртпе, жарыққа сезімталдық реакциясы, алопеция, гипергидроз

- рабдомиолиз, миалгия, сіресу

- несепті ұстай алмау, несеп шығарудың бұзылуы

- жаңа туғандарда дәрілік затты қабылдауды тоқтату синдромы

- приапизм

- терморегуляцияның бұзылуы (мысалы, гипотермия, пирексия), кеуде тұсының ауыруы, шеткергі ісіну

- креатинфосфокиназа деңгейінің жоғарылауы, қандағы глюкоза деңгейінің жоғарылауы, қандағы глюкоза деңгейінің ауытқуы, гликолизденген гемоглобин концентрациясының жоғарылауы

Болжамды жағымсыз әсерлері туралы хабарлар

Препараттың болжамды жағымсыз реакциялары туралы берілген деректер дәрілік заттың пайда/қауіп арақатынасына ұдайы мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретін маңызды кезең болып табылады.

Медицина қызметкерлері кез келген болжамды жағымсыз реакциялар туралы ақпаратты нұсқаулықтың соңында берілген байланысу деректері, сондай-ақ ақпаратты жинаудың ұлттық жүйесі арқылы хабарлау керек.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- белсенді затына немесе қосымша заттарының кез келгеніне жоғары сезімталдық

- 15 жасқа дейінгі балаларға (шизофренияда)

- 13 жасқа дейінгі балаларға (I типті биполярлы бұзылыстардағы маниакальді эпизодтарда)

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Біріктірілген еммен байланысты дәрілік өзара әрекеттесуде дозалау режимі:

CYP3A4 немесе CYP2D6 күшті тежегіштерін Арипегиспен бір мезгілде тағайындағанда, соңғысының дозасын төмендету керек. Арипегиспен біріктірілген емде қолданылған CYP3A4 немесе CYP2D6 тежегіштерін қабылдауды тоқтатқанда, Арипегистің дозасын жоғарылату керек.

Арипегистің дозасын CYP3A4 күшті индукторымен бір мезгілде тағайындағанда жоғарылату керек. Арипипразолмен біріктірілген емде қолданылған CYP3A4 индукторларын қабылдауды тоқтатқан жағдайда Арипегистің дозасын ұсынылғанға дейін төмендету керек.

Арипипразол альфа-1-адренергиялық рецепторлардың антагонисі болғандықтан, ол кейбір антигипертензивтік препараттардың әсерін күшейтуге қабілетті.

Арипегис негізінен орталық жүйке жүйесіне әсер ететін болғандықтан, седативті жағымсыз реакциялар туындататын, басқа да орталықтық әсерімен препараттармен, сондай-ақ алкогольмен біріктірілімде оны сақтықпен қолдану керек.

Арипегисті QT аралығының ұзаруын или электролиттер теңгерімінің бұзылуын туындататын дәрілік заттармен бір мезгілде қолданғанда сақтық шараларын сақтау керек.

Басқа дәрілік препараттардың арипипразолға әсер ету қабілеті:

Фамотидин, тұз қышқылының өндірілуін бөгейтін H2-гистаминді рецепторлар антогонисі, арипипразолдың сіңу жылдамдығын төмендетеді. Әйтсе де аталған әсердің клиникалық мәні жоқ деп болжамданады.

Арипипразолдың метаболизміне CYP1A емес, CYP2D6 және CYP3A4 ферменттерін қамтитын биотрансформацияның бірнеше жолдары қатысады. Осылайша, темекі шегетін пациенттер үшін препараттың дозасын түзету қажет етілмейді.

Дені сау адамдарды зерттеуде CYP2D6 ферментінің күшті тежегіші (хинидин) арипипразолдың AUC 107%-ға жоғарылатты, бұл кезде Cmax өзгермеген күйінде қалды. Арипипразолдың белсенді метаболиті дегидроарипипразолдың AUC және Cmax мәні 32% және 47% төмендеді.

Хинидинді арипипразолмен бір мезгілде қолданғанда соңғысының дозасын шамамен жартылай азайту керек. Флуоксетин және пароксетин секілді CYP2D6 басқа да күшті тежегіштері ұқсас әсерлер иеленген деп күтуге болады, соның салдарынан Арипегистің дозасын төмендету керек.

Дені сау адамдарды зерттеуде CYP3A4 ферментінің күшті тежегіші (кетоконазол) арипипразолдың AUC және Cmax сәйкесінше 63% және 37% жоғарылатты. Дегидроарипипразолдың AUC және Cmax мәні, сәйкесінше 77% и 43% жоғарылады. CYP2D6 ферментінің нашар метаболизмдік белсенділігінде CYP3A4 күшті тежегіштерін бір мезгілде қолдану, CYP2D6 жақсы метаболизмдік белсенділігінде қол жетімді концентрациясымен салыстырғанда арипипразолдың қан плазмасындағы концентрациясының жоғарылауына әкелуі мүмкін. Кетоконазолды немесе басқа да CYP3A4 күшті тежегіштерін арипипразолмен бір мезгілде тағайындау туралы шешім қабылданған жағдайда, потенциальді пайдасы пациент үшін болуы мүмкін қаупінен жоғары болуы мүмкін. Кетоконазолды арипипразолмен бір мезгілде қабылдағанда соңғысының дозасын ұсынылғаннан шамамен жартылай азайту керек.

Итраконазол және АИВ-протеаза тежегіштері секілді, басқа да CYP3A4 күшті тежегіштері ұқсас әсерлер иеленеді деп күтуге болады, осылайша арипипразолдың дозасын төмендету керек.

CYP2D6 және 3А4 тежегіштерін тағайындауды тоқтатқаннан кейін, Арипегис препаратының дозасын біріктірілген емді бастар алдында қолданылған деңгейге дейін жоғарылату керек.

CYP3A4 (мысалы, дилтиазем немесе эсциталопрам) немесе CYP2D6 әлсіз тежегіштерін Арипегиспен бір мезгілде тағайындалғанда арипипразолдың концентрациясының аздап жоғарылауы байқалуы мүмкін.

CYP3A4 күшті тежегіші болып табылатын карбамазепинді Арипегиспен бір мезгілде тағайындағаннан кейін, арипипразолдың Cmax және AUC орташа геометриялық мәні Арипегиспен монотерапиямен (30 мг) салыстырғанда сәйкесінше 68% және 73%-ға төмендеді. Карбамазепинді дегидроарипипразолмен бір мезгілде қолданғанда соңғысының Cmax және AUC орташа геометриялық мәні арипипразолмен монотерапиямен салыстырғанда сәйкесінше 69% және 71%-ға төмендеді.

Карбамазепинмен бір мезгілде тағайындағанда Арипегистің дозасын екі есе жоғарылату керек. CYP3A4 басқа күшті тежегіштері (рифампицин, рифабутин, фенитоин, фенобарбитал, примидон, эфавиренз, невирапин мен шайқурай секілді) ұқсас әсерлер иеленеді деп күтуге болады, осылайша Арипегистің дозасын жоғарылату керек. CYP3A4 индукторларын қабылдауды тоқтатқаннан кейін, Арипегистің дозасын ұсынылған мөлшерге дейін төмендету керек.

Вальпроат немесе литийді Арипегиспен бір мезгілде тағайындағанда арипипразолдың концентрациясының клиникалық мәні бар өзгеруі байқалған жоқ.

Арипипразол қабылдайтын пациенттерде серотониндік синдром жағдайлары туралы хабарланды: осы жағдайдың байқалуы мүмкін белгілері мен симптомдарының дамуы арипипразолды серотонинді кері қармаудың іріктелген тежегіштері және серотонинді кері қармаудың тежегіштері секілді басқа да серотонинергиялық препараттармен және норадреналинмен (SSRI/SNRI) немесе арипипразолдың қандағы концентрациясын жоғарылататын дәрілік заттармен бір мезгілде қолданғанда байқалуы мүмкін.

Арипегистің басқа дәрілік препараттарға әсер ету қабілеті:

Арипегис тәулігіне 10-30 мг дозада CYP2D6 (декстрометорфан/3-метоксиморфинан арақатынасы), 2C9 (варфарин), 2C19 (омепразол), және 3A4 (декстрометорфан) ферменттері субстраттарының метаболизміне айтарлықтай әсер еткен жоқ. Одан басқа, in vitro зерттеулерде арипипразол мен дегидроарипипразолдың CYP1A2 ферменті арқылы метаболизмді өзгертетін қабілеті анықталған жоқ. Осылайша, арипипразолдың осы ферментер арқылы басқа препараттарға клиникалық мәнді әсер ету қабілетінің мүмкіндігі төмен.

Арипегиспен бір мезгілде қолданғанда вальпроат, литий және ламотриджин концентрациясының клиникалық мәнді өзгерістері анықталған жоқ.

Айрықша нұсқаулар

Психозға қарсы дәрілерді қолдану аясында пациенттің клиникалық жағдайының жақсаруы бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін созылуы мүмкін. Осы кезең бойы пациенттің жағдайын мұқият бақылау ұсынылады.

Суицид әрекеттері

Психикалық аурулар мен аффективті бұзылыстар Арипегисті қабылдауды қоса, психозға қарсы емнің басында немесе оны ауыстырғанда суицидальді мінез құлықтармен сипатталған. Сондықтан дәрілік ем медициналық мұқият бақылаумен қатар жүруі керек.

Эпидемиологиологиялық зерттеулер нәтижесінде шизофрениямен немесе биполярлы бұзылыстармен пациенттерде басқа психозға қарсы препараттармен салыстырғанда Арипегисті қабылдағанда жоғары суицидальдік қауіп анықталған жоқ.

18 жасқа толмаған пациенттерде осы қауіпті бағалау үшін педиатриялық деректер ауқымы жеткіліксіз, әйтсе де суицидальді қауіптің атипиялық психозға қарсы дәрілермен, оның ішінде арипипразололмен де емдеудің алғашқы 4-аптасынан кейін сақталатыны туралы деректер бар.

Жүрек-қантамырлық аурулар

Белгілі жүрек-қантамырлық аурулармен (жүректің ишемиялық ауруларымен немесе бастан өткерген миокард инфарктісімен, жүрек жеткіліксіздігімен және анамнезінде өткізгіштіктің бұзылуымен), цереброваскулярлы аурулармен, артериялық гипотензиямен (сусыздану, гиповолемия және гипотензивті препараттарды қабылдау), қатерлі немесе үдемеліні қоса, артериялық гипертензияға немесе артериялық гипотензияға бейімдейтін жағдайлармен пациенттерге Арипегисті сақтықпен тағайындау керек.

Психозға қарсы дәрілерді қабылдау көктамырлық тромбоэмболияның (КТЭ) даму қаупімен жиі байланысты болғандықтан, Арипегиспен емді бастар алдында және ем кезінде КТЭ дамуының барлық қауіп факторларын анықтау, одан кейін профилактикалық шараларын қабылдау керек.

Жүрек өткізгіштігінің бұзылуы

Басқа психозға қарсы дәрілерді қабылдағандағы жағдайдағыдай, отбасылық сыртартқысында Арипегисті QT аралығының ұзаруымен пациенттерге сақтықпен тағайындау керек.

Кеш дискинезия

Бір жыл немесе одан аз кезеңдегі клиникалық зерттеулер кезінде сирек жағдайларда арипипразол қабылдағанда кенеттен дискинезия дамуы туралы хабарлар болды.

Арипегис қабылдаған пациенттерде кеш дискинезияның белгілері мен симптомдары пайда болған жағдайда, дозаны төмендету немесе емді тоқтату туралы мәселені қарастыру керек. Емді тоқтатқаннан кейін бұл симптомдар уақытша күшеюі немесе алғаш рет байқалуы мүмкін.

Басқа экстрапирамидті симптомдар

Арипипразолдың педиатриялық клиникалық зерттеулерінде акатизия және паркинсонизм байқалды. Басқа да экстрапирамидті белгілер мен симптомдар пайда болған жағдайда дозаны төмендету және пациентті мұқият медициналық бақылау туралы мәселені қарастыру керек.

Қатерлі нейролептикалық синдром (ҚНС):

Арипегиспен емдеуде, «қатерлі нейролептикалық синдром» (ҚНС) деген атпен белгілі өмірге қауіп төндіретін симптомдар кешені сипатталған.

Арипегисті қолданғандағы клиникалық зерттеуде ҚНС сирек байқалды.

Бұл синдром гиперпирексиямен, бұлшықеттің сіресуімен, психикалық жағдайының өзгеруімен және вегетативті жүйке жүйесінің бұзылуының пайда болуымен (тұрақсыз пульс немесе артериялық қысым, тахикардия, қатты терлеу, жүрек ырғағының бұзылуы) байқалады.

Қосымша белгілері креатинфосфокиназа деңгейінің жоғарылауын, миоглобинурияны (рабдомиолиз) және жедел бүйрек жеткіліксіздігін қамтуы мүмкін. Одан басқа, әрдайым ҚНС байланысты емес креатинфосфокиназа деңгейінің жоғарылауы, миоглобинурия (рабдомиолиз) пайда болады. Егер пациентде ҚНС көрсететін белгілер мен симптомдар пайда болған жағдайда немесе ҚНС қосымша клиникалық белгілерінсіз температураның түсініксіз жоғарылауы байқалғанда, арипипразолды қоса барлық психозға қарсы дәрілік заттарды қабылдауды тоқтату керек.

Құрысулар:

Арипегисті сыртартқысында эпилепсия бар немесе құрысулармен қатар жүретін аурулармен пациенттерге сақтықпен тағайындау керек.

Гипергликемия және қант диабеті

Арипегисті қоса атипиялы психозға қарсы препараттарды қабылдайтын пациенттерде кейбір жағдайларда айқын және кетоацидозбен, гиперосмолярлы комамен немесе өліммен байланысты гипергликемия байқалды. Ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін қауіп факторлары отбасылық сыртартқысында диабет пен семіруді қамтиды. Арипипразолдың клиникалық зерттеулерінде плацебомен салыстырғанда гипергликемиямен байланысты жағымсыз реакциялардың (диабетті қоса) немесе қандағы қалыптан тыс қант деңгейінің даму жиілігінде айтарлықтай айырмашылық анықталған жоқ. Арипегис және басқа да атипиялық психозға қарсы дәрілер қабылдайтын пациенттерде гипергликемиямен байланысты жағымсыз реакциялар даму қаупі дәл бағаланған жоқ. Сондықтан тікелей салыстыру мүмкін емес.

Гипергликемияның (полидипсия, полиурия, полифагия және әлсіздік секілді) симптомдары мен белгілерін уақытылы анықтау үшін Арипегисті қоса, атипиялық психозға қарсы дәрілер қабылдайтын пациенттерді бақылау керек. Сондай-ақ қант диабеті немесе қант диабеті дамуының қауіп факторы бар пациенттерде де глюкоза деңгейін ұдайы бақылау керек.

Аса жоғары сезімталдық

Арипегисті тағайындағанда басқа дәрілік препараттарды қабылдаған жағдайдағыдай аллергия симптомдарымен білінетін аса жоғары сезімталдық реакциялары пайда болуы мүмкін.

Дене салмағының жоғарылауы

Дене салмағының жоғарылауын туындататын психозға қарсы дәрілерді қолданудың коморбидтілігі салдарынан, шизофрениямен және биполярлы маниакальді бұзылыстармен пациенттерде дене салмағының жоғарылауы жиі байқалады. Осының барлығы елеулі асқынуларға әкелуі мүмкін. Маркетингтен кейінгі бақылаулар кезінде арипипразол қабылдаған пациенттерде дене салмағының жоғарылау жағдайлары туралы хабарланды. Әдетте, осындай жағдайлар диабет, қалқанша без аурулары немесе сыртартқысында гипофиз аденомасы секілді айтарлықтай қауіп факторларымен пациенттерде пайда болды.

Ересектердегі клиникалық зерттеулерде, Арипегисті қабылдаумен туындаған дене салмағының клиникалық мәні бар жоғарылауы анықталған жоқ. Биполярлық бұзылыстарда маниямен жасөспірімдерді клиникалық зерттеулерде дене салмағының жоғарылауы арипипразолмен 4 апта емделгеннен кейін байқалды. Дене салмағының клиникалық мәні бар жоғарылауында дозаны төмендету туралы мәселені қарастыру керек.

Дисфагия

Арипипразолды қоса, психозға қарсы препараттарды қабылдау өңештің моторикасы мен аспирацияның бұзылуымен қатар жүрді. Аспирациялық пневмонияның даму қаупімен пациенттерге арипипразол және психозға қарсы белсенділігімен басқа да белсенді заттарды сақтықпен тағайындау керек.

Құмар ойындарға патологиялық бейімділік

Тіркеуден кейінгі кезеңде арипипразол қабылдаған пациенттерде анамнезінде осы бейімділіктің болуына байланыссыз құмар ойындарға патологиялық бейімділік туралы хабарлар болды. Сыртартқысында құмар ойындарға патологиялық бейімділікпен пациенттер жоғары қауіп тобына жатады және мұқият медициналық бақылауды қажет етеді.

I типтегі биполярлы бұзылыстарда коморбидті бұзылыстармен пациенттер (СДВГ)

I типті және СДВГ биполярлық бұзылыстардың коморбидтілігінің жоғары жиілігіне қарамастан арипипразол мен стимулянттарды бір мезгілде қолданудың қауіпсіздігіне қатысты шектелген деректер ғана бар. Осылайша, осындай препараттарды біріктіргенде ерекше сақтық білдіру керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүкті әйелдерде арипипразолдың талапқа сай және жақсы бақыланатын зерттеулері жоқ. Туа біткен ақаулар туралы хабарлар түскеніне қарамастан, аталған ақаулардың арипипразолды қабылдаумен себеп-салдарлы байланысы анықталған жоқ. Арипипразолды қабылдау барысында жүктілік расталған жағдайда немесе ол жоспарланған жағдайда дәрігерге қаралу керек. Препаратты қабылдаудың қауіпсіздігі туралы хабарлар жеткіліксіз болғандықтан, препаратты жүктілік кезінде қабылдауға болмайды. Анасы үшін емнің пайдасы ұрық үшін болуы мүмкін қаупінен жоғары болған жағдайларды қоспағанда.

Психозға қарсы дәрілермен (арипипразолды қоса) экспозицияда жүктіліктің III триместрі кезінде жаңа туғандарда экстрапирамидті және/немесе тоқтату симптомы секілді жағымсыз реакциялар даму қаупі бар, босанғаннан кейін ауырлығы және ұзақтығы ауытқуы мүмкін.

Сондай-ақ ажитация, гипертония, гипотония, тремор, ұйқышылдық, респираторлы дистресс және тамақтанудың бұзылуы байқалды. Осының салдарынан жаңадан туғандарды мұқият бақылау керек.

Арипипразолдың адамда сүтпен бөлінуі белгісіз. Арипегисті қабылдауда пациенттерге емшекпен қоректендіруден бас тарту керек.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.

Басқа да психозға қарсы дәрілерді қабылдағандағы сияқты пациенттерге көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқаруда сақтық шараларын сақтау керек.

I типтегі биполярлы бұзылыстармен балалар мен жасөспірімдерде ұйқышылдық пен шаршағыштықтың даму жиілігі жоғарылады.

Артық дозалануы

Клиникалық зерттеулерде және маркетингтен кейінгі бақылауда ересек пациенттерде арипипразолмен кездейсоқ немесе әдейі жедел артық дозалануы туралы (басқа препараттарсыз) хабарланды. Бұл кезде дозасы 1,260 мг дейін жетті, өліммен аяқталуы туралы хабарланған жоқ.

Симптомдары: мәңгіру, артериялық қысымның жоғарылауы, ұйқышылдық, тахикардия, жүрек айнуы, құсу, диарея. Одан басқа, балаларда өлім жағдайынсыз, арипипразолмен кездейсоқ артық дозалану (195 мг дейін) туралы хабарланды. Балаларда артық дозаланғанда, ұйқышылдық, қайтымды естен тану мен экстрапирамидті симптомдарды қамтитын, медициналық тұрғыдан потенциалды елеулі белгілері мен симптомдары байқалған.

Емі: артық дозаланғанда тыныс жолдарының талапқа сай өткізгіштігін қамтитын демеуші ем, оксигенация, өкпені тиімді желдету және симптоматикалық ем талап етіледі. Аритмияны анықтау үшін ЭКГ тіркеумен дереу жүрек жұмысының көрсеткіштерін мониторлауды бастау керек.

Расталған немесе болжамды артық дозаланудан кейін барлық симптомдары жоғалғанға дейін негізгі физиологиялық функцияларын мониторлау және мұқият медициналық бақылау керек. Арипипразолды қабылдағаннан кейін бір сағаттан соң тағайындалған белсенділендірілген көмір (50 г), арипипразолдың Cmax шамамен 41%-ға, ал AUC 51%-ға азайтты, сондықтан артық дозаланғанда оны қабылдауды ұсыну керек. Артық дозаланғанда гемодиализді қолдануға қатысты жеткілікті деректердің болмауына қарамастан, осы тәсілдің жағымды әсері мардымсыз, өйткені препарат бүйректермен өзгермеген түрінде шығарылмайды және айтарлықтай дәрежеде қан плазмасы ақуыздарымен байланысады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

14 таблеткадан «cold» (полиамид/алюминий фольга /ПВХ// алюминий фольга) біріктірілген үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

1 (14 таблетка) немесе 2 (28 таблетка) немесе 4 (56 таблетка) пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

25° C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«ЭГИС Фармацевтикалық зауыты» ЖАҚ, Венгрия

Тіркеу куәлігінің иесі

«ЭГИС Фармацевтикалық зауыты» ЖАҚ, Венгрия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы:

«ЭГИС Фармацевтикалық зауыты» ЖАҚ ҚР өкілдігі

050060, Алматы қ-сы, Жароков к-сі 286 Г

тел: + 7 (727) 247 63 34, + 7 (727) 247 63 33, факс: + 7 (727) 247 61 41,

e-mail: egis@egis.kz

 

Прикрепленные файлы

008850481477976425_ru.doc 120.5 кб
479786321477977684_kz.doc 152.5 кб
10581_17_p.pdf 0.43 кб
10581_17_s.pdf 1.72 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники