Ардейседон® Нахт

МНН: Валерианы лекарственной корневища с корнями
Производитель: Виевелхофе ГмбХ & Ко. КГ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие снотворные и седативные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№016733

Инструкция

Саудалық атауы

Ардейседон® Нахт

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: 200.0 мг шүйгіншөп тамырының құрғақ сығындысы

68.0 мг құлмақ бүртігінің құрғақ сығындысы

қосымша заттар: лактоза моногидраты, декстрин, кремнийдің коллоидты қостотығы, микрокристалды целлюлоза, целлюлоза ұнтағы, натрий карбоксиметилкрахмалы (А түрі), стеарин қышқылы, магний стеараты,

қабық құрамы: эудрагит Е 100, сахароза, тальк, кальций карбонаты, гуммиарабик, трагакант, титанның қостотығы (Е 171), поли (О-ацетил) крахмал, монтангликоль балауызы.

Сипаттамасы

Шүйгіншөптің өзіне тән иісі бар, қант қабығымен қапталған, ақ дөңгелек жылтыр таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Психотропты препараттар. Ұйықтататын және тыныштандыратын дәрілер. Ұйықтататын және тыныштандыратын басқа да препараттар.

АТХ коды N05CМ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ардейседон® Нахт әсері шүйгіншөп және құлмақ дәрілік өсімдіктер компоненттерінің тұтастай әсері болып табылады, сондықтан фармакокинетикалық зерттеулер жүргізу мүмкін емес.

Фармакодинамикасы

Ардейседон® Нахт препаратының фармакологиялық қасиеттері оның компоненттерінің құрамына кіретін белсенді заттармен шартталған.

Шүйгіншөп (тамырлары): құрамында эфир майы (борнилизовалерианат, борнеол, камфен, пинен), алкалоидтар (валерин, хатинин), иіткіш заттар, сапониндер, қант, валепотриаттар (валтрат, ацетоксивалтрат), органикалық қышқылдар (алма, сіркесу, құмырсқа), қарамайлы және иіткіш заттар, селен, темір бар. Шүйгіншөп орталық жүйке жүйесінің қозғыштығын азайтады, коронарлық қан айналымын жақсартады, өт бөлінуін және асқазан-ішек жолы бездерінің сөлінісін күшейтеді, спазмолитикалық, гипотензиялық әсер етеді.

Құлмақ (бүртігі): құрамында эфир майы, ащы зат липулин, аскорбин, иіткіш құлмақ, гумулен және шүйгіншөп қышқылы, триметиламин, қарамай, шайыр, бояғыш және иіткіш заттар, холин, ащы, гипоксантин, балауыз, фитонцидтер бар. Құлмақ қозу, ұйқысыздық және жеңіл депрессия кезінде тыныштандыратын әсер етеді.

Қолданылуы

- ұйқының бұзылуында

- жүйке қозғыштығы артқанда

- мазасыздықта

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке қабылданады. Ересектер және 12 жастан үлкен балалар:

- жоғары жүйке қозғыштығы және мазасыздық жағдайы кезінде күніне 1 таблеткадан 3 ретке дейін;

- ұйқысыздық кезінде ұйықтағанға дейін ½-1 сағат бұрын 1 таблетка. Қажет болған кезде кешке қарай тағы 1 таблеткадан қосымша қолдануға болады.

Жатып қабылдауға болмайды. Таблеткаларды шайнамай және судың жеткілікті мөлшерімен бірге (дұрысы 1 стақан ауыз сумен) ішу керек.

Емдеу курсы - 2-4 апта. Қажет болған кезде емдеу курсын қайталап жүргізуге болады.

Жағымсыз әсерлері

Жағымсыз реакциялар пайда болу жиілігіне байланысты төмендегідей жіктеледі:

Өте жиі (≥ 1/10)

Жиі (≥ 1/100 – < 1/10)

Жиі емес (≥ 1/1 000 – < 1/100)

Сирек (≥ 1/10.000 – < 1/1.000)

Өте сирек (< 1/10.000)

Жиілігі белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)

Өте сирек

- терінің аллергиялық реакциялары

Жағымсыз әсерлер қайту үшін препарат қабылдауды тоқтатқан жеткілікті.

Жиілігі белгісіз

- шүйгіншөп тамырынан жасалған препараттарды қабылдаудан кейін асқазан-ішек жолы тарапынан жағымсыз әсерлері (мысалы, жүрек айну, іштің түйіліп ауыруы) болуы мүмкін.

Нұсқаулықта көрсетілмеген жағымсыз әсерлер байқалған кезде дәрігерге көріну керек.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- 12 жасқа дейінгі балаларға

- жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

ОЖЖ бәсеңдететін дәрілік заттармен, оның ішінде тыныштандыратын және ұйықтататын дәрілермен біріктіріп қолданғанда соңғысының әсерін күшейтуге әкеледі.

Алкогольмен бір мезгілде қабылдауға болмайды, өйткені алкоголь препараттың әсерін көтермелейді.

Кез келген басқа дәрілік заттарды қолдануы туралы дәрігерге немесе фармацевке мәлімдеу керек.

Айрықша нұсқаулар

Екі апта өткеннен кейін емдік әсері болмаған немесе симптомдары нашарлаған кезде пациент дәрігерге қаралу керек.

Сирек тұқым қуалайтын галактоза, фруктоза жақпаушылығы проблемалары, лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе сахараза-изомальтаза жеткіліксіздігі бар пациенттер Ардейседон® Нахт қабылдамауы тиіс.

Қант диабетімен науқастарға мәлімет: 1 таблетка Ардейседон® Нахт құрамында 0.02 НБ бар.

Егер Сіз дәрігер ұсынған немесе жазған дозасын бір рет қателесіп екі немесе үш есеге арттырып (осы препараттың сәйкесінше 2-3 таблеткасын) қабылдап қойсаңыз, әдетте ол аса қатерлі емес. Мұндай жағдайда препаратты дәрігердің ұсынған және тағайындаған дозасын қабылдауды жалғастыра беріңіз.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты қабылдағаннан кейін 2 сағат бойы көлік жүргізу және механизмдерді басқару немесе қауіпсіз техникасын қадағалаусыз жұмыс істеу ұсынылмайды, өйткені Ардейседон® Нахт қабылданған кезде психомоторлық реакция төмендейді.

Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайы тіркелмеген.

Шүйгіншөп тамырын 20 г астам дозада (бұл Ардейседон® Нахт 14 – 25 таблеткасына сәйкес келеді) қабылдау жекелеген жағдайларда мынадай симптомдардың дамуына әкелген: шаршау, іштің түйіліп ауыруы, кеуденің қысылуы, бейжайлық, қолдың дірілдеуі және қарашықтың кеңеюі. Бұл симптомдар 24 сағат ішінде жойылады. Елеулі артық дозалануы кезінде дәрігермен кеңесу қажет.

Арнайы шаралар белгісіз, симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан поливинилхлоридтен және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

2 немесе 5 пішінді ұяшықты қаптамадан мемлекеттік және орыс тіліндегі медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Виевелхофе ГмбХ & Ко. КГ, 49479 Иббенбюрен, Германия

Тіркеу куәлігінің иесі

Ардейфарм ГмбХ, 58313, Хердеке, Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«AVITA (АВИТА)» ЖШС, 050040, Алматы қ., Сейфуллин көшесі, 458-460/95, 315 кеңсе,

телефон/факс 8/727/2794732

Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электрондық пошта)

«AVITA (АВИТА)» ЖШС, 050040, Алматы қ., Сейфуллин көшесі, 458-460/95, 315 кеңсе,

телефон/факс 8/727/2794732

электрондық пошта: infoavita@mail.ru

 

Прикрепленные файлы

321051581477976205_ru.doc 55 кб
379227131477977447_kz.doc 63 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники