Арваз™-20


Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Арвазтм – 10 и 20
Халықаралық патенттелмеген атауы
Аторвастатин
Дәрілік түрі
Үлбірлі қабықпен қапталған 10 мг, 20 мг таблеткалар
Құрамы
Үлбірлі қабықпен қапталған бір таблетка құрамында
белсенді зат – 10 мг немесе 20 мг аторвастатинге баламалы 11.0 немесе 22.0 мг аторвастатин кальций,
қосымша заттар: кальций гидрофосфаты, натрий крахмалы глюколаты, жүгері крахмалы, жүгері крахмалы пастасы, тазартылған тальк, магний стеараты, микрокристалды целлюлоза, тазартылған су.
қабықтың құрамы: гидроксипропилметилцеллюлоза, тазартылған тальк, PEG-400, пропиленглюколь, титанның қостотығы Е171, сары сансет Е110 (10 мг дозалау үшін), қан қызыл 4R (20 мг дозалау үшін), тазартылған су
Сипаттамасы
Ашық- қызыл сары (10 мг дозалау үшін), ашық-қызғылт түсті (20 мг дозалау үшін), екі жағы дөңес, жүрек пішінді, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Гипохолестеринемиялық және гипотриглицеридемиялық препараттар.
ГМГ КоА-редуктаза тежегіштері.
АТЖ коды С10АА 05
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Сіңуі: Аторвастатин ішке қабылдағаннан кейін жылдам сіңеді; ең жоғары плазмалық концентрациясына 1-2 сағат ішінде жетеді. Сіңу дәрежесі препарат дозасына пропорционалды жоғарылайды. Аторвастатиннің абсолютті биожетімділігі шамамен 14% құрайды, және ГМГ- КоА редуктаза белсенділігін тежейтін жүйелі биожетімділігі 30% жуықты құрайды. Тамақ ішу препарат сіңуінің жылдамдығы мен дәрежесін шамамен 25% және 9% төмендетсе де, тиісінше ТТЛП холестерині мөлшері тамақ ішуге байланыссыз бірдей төмендейді.
Таралуы: Аторвастатин плазма ақуыздарымен 98% байланысады. Егеуқұйрықтарды бақылаудың нәтижесіне сай аторвастатин адамда емшек сүтіне өтуі мүмкін.
Метаболизм: Аторвастатин орто- және парагидроксилденген туындылары және бета-тотығудың әртүрлі өнімдеріне дейін экстенсивті метаболизденеді. ГМГ-КоА – редуктазаның шамамен 70% тежегіштік белсенділігі белсенді метаболиттерге тиесілі.
Шығарылуы: Аторвастатин және оның метаболиттері бауырдың және/немесе экстрабауырлық метаболизмнен кейін негізінен өтпен шығарылады, алайда препарат ішек-бауыр рециркуляциясына түспейді. Плазмадан жартылай шығарылудың орташа кезеңі 14 сағатқа жуықты құрайды, және ГМГ-КоА –редуктазаның тежегіштік белсенділігінің жартылай ыдырауының орташа кезеңі белсенді метаболиттер қатысуы есебінен 20-30 сағатты құрайды. Ішке қабылдағаннан кейін аторвастатин дозасының 2% азырағы несепте пайда болады. Бауырдың созылмалы алкогольдік ауруы бар емделушілерде аторвастатиннің плазмалық концентрациясы айтарлықтай жоғары болады.
Фармакодинамикасы
Аторвастатин холестеринді қоса алғандағы стеролдар прекурсоры, жылдамдығын тежейтін және ГМГ-КоА мевалонатқа айналдыратын ферменттің, 3-гидрокси-3-метилглютарил-кофермент А (ГМГ-КоА) редуктазының селективті бәсекелес тежегіші болып табылады.
Арваз қан плазмасындағы холестерин және липопротеиндер деңгейін ГМГ-КоА –редуктаза тежеу жолымен және бауырдағы холестерин синтезі жолымен, сондай-ақ жасуша беткейлерінде тығыздығы төмен липопротеиндер (ТТЛП) үшін бауыр рецепторлары мөлшерін жоғарылату жолымен төмендетеді, нәтижесінде тығыздығы төмен липопротеиндер сіңуі мен катаболизм ұлғаяды. Сондай-ақ аторвастатин кейбір гомозиготты отбасылық гиперхолестеринемиялы емделушілерде ТТЛП өндірілуін, ТТЛП бөліктері мөлшерінің және ТТЛП холестеринінің өндірілуін төмендетеді.
Арвазтм отбасылық түрдегі емес гиперхолестеринемиялы, аралас дислипидемиялы, гетерозиготты отбасылық гиперхолестеринемиялы емделушілерде жалпы холестерин деңгейін, ТТЛП холестеринін және В аполипопротеин деңгейін төмендетеді.
Сондай–ақ Арваз тығыздығы өте төмен липопротеиндер және триглицеридтер деңгейін төмендетеді, және тығыздығы жоғары липопротеиндер және А-1 аполипопротеин деңгейін жоғарылатады. Аторвастатинның жүрек- қан тамыр ауруларымен ауыру деңгейіне және өлім жағдайына әсері анықталмаған.
Қолданылуы
- қан плазмасында жалпы холестериннің, Хс-ТТЛП, аполипопротеин В және триглицеридтердің құрамы жоғары емделушілерді емдәммен үйлестіре емдеуге және біріншілік гиперхолестеринемиялы (гетерозиготты отбасылық және отбасылық емес гиперхолестеринемиялы) біріктірілген (аралас) гиперлипидемиялы (Фредериксон бойынша IIa және IIb типтері), науқастарда Хс-ТТЛП құрамын жоғарылата, қан плазмасындағы триглицеридтер құрамы жоғары болуымен (Фредериксон бойынша IV типі) және дисбеталипопротеинемиялы (Фредериксон бойынша III типі) науқастарға емдәммен емдеуде талапқа сай әсер болмаған жағдайда.
- емдәммен емдеу тиімділігі жеткіліксіздігінде және емнің басқа да фармакологиялық емес әдістерімен гомозиготты отбасылық гиперхолестеринемиялы науқастарда қан плазмасындағы жалпы холестерин және Хс-ТТЛП құрамын төмендету үшін
- ЖИА өлім қатерін және миокард инфарктісі дамуы қатерін төмендету үшін, стенокардия, инсульт және жүрек қан тамыр аурулары бар және/немесе дислипидемиялы науқастарда реваскуляризация емшарасын жүргізу қажеттігін азайту үшін, сондай-ақ егер бұл ауру анықталмаса, бірақ ЖИА даму қатерінің жастың 55 асуы, шылым шегу, артериялық гипертензия, қан плазмасындағы Хс-ТТЛП концентрациясы төмендігі сияқты үштен кем емес факторы бар болған жағдайда, туысқандарында ЖИА ерте дамыған жағдайларда.
Қолдану тәсілі және дозалары
Арвазбен емдеу алдында семіздікпен науқастарды, сондай-ақ негізгі ауруларыне емдеу үшін гиперхолестеринемияны ем-дәм көмегімен, физикалық жаттығулармен және дене салмағын төмендетумен бақылауға қол жеткізуге ұмтылу керек. Науқасқа препаратты тағайындарда ем уақытында ұстануға тиісті стандартты гипохолестеринемиялық емдәмді ұсыну керек.
Арвазды ішке тамақ ішуге байланыссыз, кез келген уақытта қабылдауға болады. Ересектердегі ЖИА алдын алу үшін бастапқы доза – тәулігіне 1 рет 10 мг. Плазмадағы липидтік профиль бақылауымен 2-4 аптадан кем емес аралықпен өзгерту керек. Тәуліктік ең жоғары доза - 1 қабылдауға.
Біріншілік гиперхолестеринемияда және біріктірілген (аралас) гиперлипидемияда Арвазды күніне 1 рет 10 мг тағайындайды. Әсері 2 апта ішінде білінеді, ең жоғары әсері 4 апта ішінде анықталады.
Біріншілік гиперхолестеринемия және біріктірілген (аралас) гиперлипидемия: науқастардың басым көпшілігі үшін - тәулігіне 1 рет 10 мг; емдік әсері 2 апта ішінде білінеді, және әдетте 4 апта ішінде ең жоғары мәніне жетеді; ұзақ емдегенде әсері сақталады.
Гомозиготты отбасылық гиперхолестеринемияда Арвазды 80 мг тәулігіне 1 рет тағайындайды.
Ем бастар алдында науқасқа стандартты гиперхолестеринемиялық емдәм тағайындау керек, ол оны ем жасалу уақытында сақтауы тиіс.
Бауыр ауруы бар науқастарда қолданылуы: «Қолдануға болмайтын жағдайларды» қараңыз.
Бауыр жеткіліксіздігінде дозаны төмендету керек.
Егде адамдарда қолданылуы: егде адамдарда гиполипидемиялық емнің қауіпсіздігінің, тиімділігінің және мақсатқа жетудегі жалпы популяциямен салыстырғандағы айырмашылығы анықталмаған.
Нақтыланған ЖИА диагнозы бар немесе ишемиялық асқынулар қатері жоғары болған емделушілерде емнің мақсаты ТТЛП құрамындағы холестериннің 3 ммоль/л (немесе 115 мг/дл азырақ) және жалпы холестеринді 5 ммоль/л төмен (немесе 190 мг/дл азырақ) азайту болып табылады.
Жағымсыз әсерлері
Сирек
-
ұйқысыздық, бас ауруы, астениялық синдром: жүрек айнуы, кекіру, диарея, абдоминальді ауыру, диспепсия, метеоризм, іш қатуы
-
дімкәстік, бас айналуы, амнезия, парестезия, шеткергі нейропатия, гипестезия, дәм сезуінің бұрмалануы, шым-шытырық түс көру, көрудің бұлыңғырлануы
-
құсу, анорексия, гепатит, панкреатит, холестатикалық сарғаю
-
арқаның ауыруы, бұлшықет құрысулары, миалгия, миозит, миопатия, артралгия, рабдомиолиз
-
аллергиялық реакциялар: есекжем, қышыма, тері бөртпесі, анафилаксия, буллезді бөртпе, полиморфты экссудативті эритема (оның ішінде Стивенс-Джонсон синдромы), Лайелл синдромы
-
тромбоцитопения, лейкоцитоурия
-
гипо- немесе гипергликемия, сарысулық КФК белсенділігінің жоғарылауы, трансаминазалар белсенділігі жоғарылауы
-
назофарингит, жұтқыншақтың ауыруы, мұрыннан қан кету
-
импотенция
-
шеткергі ісінулер
-
дене салмағының артуы
-
кеуденің ауыруы
-
бүйрек жеткіліксіздігі
-
алопеция
-
құлақтағы шу
-
шаршау
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
препараттың кез келген құрамдас бөлігіне жоғары сезімталдықта
-
бауырдың белсенді ауруы немесе генезі түсініксіз сарысу трансаминаз белсенділігі жоғарылауы (норманың жоғарғы шекарасымен салыстырғанда 3 еседен астам)
-
жүкті және бала емізетін әйелдерге, сондай-ақ контрацепцияның талапқа сай әдістерін пайдаланбайтын ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдерге
-
18 жасқа дейінгі балалық және жасөспірімдік жаста
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерімен емдеу уақытында миопатия даму қатері жоғарылайды.
Циклоспоринді, фибрин қышқылы туындыларын, эритромицинді, кларитромицинді, иммунодепрессивті, зеңге қарсы дәрілік заттарды (азолдарға қатысты) және никотин қышқылын бір уақытта қолданғанда плазмадағы аторвастатин концентрациясы (миопатия туындау қатері) жоғарылайды.
Эритромицин/кларитромицин: Арваз бен цитохром Р450 3А4 тежейтін эритромицинді (тәулігіне төрт рет 500 мг) немесе кларитромицинді (тәулігіне екі рет 500 мг) бір уақытта қолданғанда қан плазмасындағы аторвастатин концентрациясы жоғарылағаны байқалды.
Антацидтар: құрамында магний және алюминий гидроксидтері бар суспензияны ішке бір уақытта қабылдағанда қан плазмасындағы аторвастатин концентрациясын 35% жуық шамаға төмендетті, алайда құрамындағы Хс-ТТЛП азаю дәрежесі өзгермеді.
Варфаринмен, циметидинмен және феназонмен бір уақытта қолданғанда Арваздың клиникалық елеулі өзара әрекеттесуі анықталмады.
Арвазды цитохром CYP3A4 тежегіштері ретінде белгілі протеаз тежегіштерімен бір уақытта қолданғанда қан плазмасындағы аторвастатин концентрациясы жоғарылауымен жүрді (эритромицинмен бір уақытта қолданғанда аторвастатин Сmax 40 % ұлғаяды).
Дигоксин мен Арвазды 10 мг дозада қайта қабылдағанда дигоксиннің қан плазмасындағы тепе тең концентрациясы өзгермеді. Алайда дигоксинді
Арваздың тәулігіне 80мг дозасымен біріктірілімде қолданғанда дигоксин концентрациясы шамамен 20% ұлғайды.
Дигоксин мен Арвазды үйлестіре алып жүрген науқастарға тиісінше бақылау керек.
Арвазды құрамында норэтиндрон және этинилэстрадиол бар пероральді контрацептивтермен бір уақытта қолданғанда норэтиндрон мен этинилэстрадиолдың AUC тиісінше 30% және 20% жуық елеулі жоғарылағаны байқалған.
Бұл тиімді әсерді Арваз қабылдайтын әйелдер пероральді контрацептивтерді таңдағанда ескеруі керек.
Колестиполды бір уақытта қолданғанда қан плазмасындағы аторвастатин концентрациясын 25% жуық шамаға төмендеді; алайда аторвастатин мен колестипол біріктірілімінің гиполипидемиялық әсері әрбір препаратты жеке алғандағыға қарағанда артық болды.
Арваз 80 мг және 10 мг амлодипинді бір уақытта қолданғанда аторвастатин фармакокинетикасы өзгермеген.
Айрықша нұсқаулар
Аторвастатин сарысулық КФК көрсеткіштерінің жоғарылауын туындатуы мүмкін, бұны төс артының ауыруларын дифференциалды диагностикалауда ескеру керек. КФК миалгиямен және бұлшықет әлсіздігімен бірге жүретін нормадан 10 есе ұлғаюы миопатиямен байланысты болуы мүмкін, емді тоқтату керек.
Бауырға әсері
Арвазбен емдегеннен кейін "бауыр" трансаминазының сарысулық белсенділігі елеулі (норманың жоғарғы шегімен салыстырғанда 3 еседен артық) жоғарылағаны анықталған.
"Бауыр" трансаминазының белсенділігі жоғарылауы әдетте сарғаюмен немесе басқа да клиникалық белгілермен қатар жүрмеген.
Арваз дозасы төмендетілгенде, препаратты уақытша немесе толық тоқтатқанда "бауыр" трансаминазының белсенділігі бастапқы деңгейіне қайтып келіп отырды.
Көптеген емделушілер Арвазды төмендетілген дозада қабылдауды қандай да бір салдарсыз жалғастырды.
Ем курсының өне бойына бауыр қызметі көрсеткіштерін, әсіресе бауыр зақымдануының клиникалық белгілері білінуінде бақылау керек.
"Бауыр" трансаминазының құрамы жоғарылауы жағдайында олардың белсенділігін норма шегіне жеткенше бақылау керек.
Егер АСТ немесе АЛТ белсенділігі жоғарылауы норманың жоғары шегімен салыстырғанда 3 еседен артық болуы сақталса, дозаны төмендету немесе препаратты тоқтату ұсынылады.
Қаңқа бұлшықеттеріне әсері
Арвазды гиполипидемиялық дозада фиброн қышқылы, эритромицинмен, иммунодепрессанттармен, азольді зеңге қарсы препараттармен немесе никотин қышқылымен, үйлестіре тағайындағанда дәрігер емнің болжамды пайдасы мен қатерін мұқият таразылауы тиіс, науқастарды әсіресе емнің бірінші айларында және кез келген препараттың дозасының жоғарылау кезеңінде бұлшықеттердегі ауырулар мен әлсіздіктерді анықтау мақсатында ұдайы бақылауы тиіс.
Бұндай жағдайларда КФК мезгіл - мезгіл белсенділігін анықтауды ұсынуға болады, бірақ бұндай мониторингтеудің де ауыр миопатия дамуын тойтара алмайды. Арваз креатинфосфокиназ белсенділігі жоғарылауын туғызуы мүмкін.
Арваз қолданғанда миоглобинуриядан болатын жедел бүйрек жеткіліксіздігі бар рабдомиолиздің сирек жағдайлары сипатталған.
Арвазбен емді рабдомиолиз аясында бүйрек жеткіліксіздігі даму қатері факторы болғанда немесе миопатияның болуы мүмкін белгілері пайда болғанда уақытша тоқтата тұру керек немесе толық тоқтату керек (мысалы, ауыр жедел жұқпа, артериялық гипотензия, күрделі операция, жарақат, метаболикалық, эндокриндік және электролиттік бұзылулар және бақыланбайтын құрысулар).
Науқастар үшін ақпарат: бұлшықеттерде түсініксіз ауырулар немесе әлсіздіктер пайда болғанда, әсіресе олар дімкәстік және қызбамен қоса жүрсе дереу дәрігерге қаралу керек екенін науқастарға алдын ала ескерту керек.
Алкогольді шамадан тыс көп пайдаланатын және/немесе бауыр ауруларынан зардап шегетін (сыртартқысында) науқастарға сақтықпен қолдану керек.
Жүктілікте және бала емізуде қолдану Ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдер ем уақытында контрацепцияның талапқа сай әдістерін пайдаланғандары дұрыс. Арвазды ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдерге тек жүкті болу ықтималдығы өте төмен болғанда ғана, ал емделуші ем уақытында ұрық үшін мүмкін болатын қатер туралы хабар алған болса ғана тағайындауға болады.Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараттың жағымсыз әсерлерін ескере отырып, автокөлік және басқа да қауіптілігі зор механизмдерді басқаруда сақтық жасау керек.
Артық дозаланғанда
Симптомдары: ауыздың құрғауы, жүрек айнуы, құсу, диспепсия.
Емдеу: симптоматикалық (асқазан шаю, белсенділендірілген көмір қолдану). Гемодиализ тиімсіз.
Шығарылу түрі және қаптамасы
ПВХ үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 14 таблеткадан қапталған.
1 пішінді қаптама медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханадан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
Плетхико Фармасьютикалз Лтд , Үндістан
Мекенжайы:
A.Б. Роуд, Манглия - 453 771, Индор (М.П.), ҮндістанЗаңды мекенжайы:
37/37А, Индастриал Истейт, Полограунд, Индор (М.П.), 452 015, Үндістан
Тіркеу куәлігінің иесі
Плетхико Фармасьютикалз Лтд, Үндістан
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Резлов ЛТД» ЖШС, 100009 Қарағанды қ., Ермеков к., 110/2
Тел.: /7212/ 48 16 44, 43 15 34, 43-15-63,48-17-67; тел./факс: /7212/ 48 17 44; e-mail rezlov_ltd@mail.ru, rezlov-ltd@rambler.ru