Апдил-Н

Производитель: Аджанта Фарма Лимитед
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Отхаркивающие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010152
Информация о регистрации в РК: 28.01.2014 - 28.01.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Апдил-Н

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

100 мл шәрбат

Құрамы

10 мл препараттың құрамында

белсенді заттар - 50 мг Васака (Adhatoda vasika) жапырағының сулы сығындысы (3:1), 25 мг жалаң мия (Glycyrriza glabra) тамырының сулы сығындысы (3:1), 3.33 мг пиппали (Piper longum) жемісінің сулы сығындысы (3 : 1), 12.50 мг кулинжан (Alpinia galanga) тамырсабағының сулы сығындысы (8 : 1)

қосымша заттар: коммерциялық қант, сұйық глюкоза, натрий метилпарагидроксибензоаты, натрий пропилпарагидроксибензоаты, сұйық сорбит (кристалданбайтын), натрий кармеллозасы, лимон қышқылының моногидраты, натрий хлориді, рацементол, бұрыш жалбызының майы, балмұздағы бар американдық жеміс суы, тазартылған су.

Сипаттамасы

Өзіне тән дәмі және жағымды иісі бар қоңыр түсті сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Жөтелді және суық тию белгілерін жоюға арналған препарат. Қақырық түсіретін препарат.

АТХ коды R05CA

Фармакологиялық қасиеттері

Апдил-H құрамында Васака, Жалаң мия, Пиппали, Кулинжан сияқты табиғи компоненттері бар жөтелге қарсы және қақырықты түсіретін препарат болып табылады. Апдил-Н қақырықты сұйылтады және оның бронхтардан бөлініп шығуын жақсартады.

Васака жапырақтарының сығындысы респираторлы ауруларды емдеу үшін пайдалы. Препарат жөтелді және тыныс алуды жеңілдетеді және бронхит пен демікпені емдеу үшін қосымша дәрі ретінде қолданылады.

Жалаң Мия тамыры ауыруды басатын, қақырықты түсіретін және қабынуға қарсы дәрі ретінде кеңінен қолданады. Ол қақырықтың тұтқырлығын және жабысқыштығын төмендетуге жәрдемдеседі, бұл оны бронх демікпесінде, бронхитте және т.б. кезінде жөтелу белгілерін емдеу үшін қолдануға мүмкіндік береді.

Пиппали көптеген ғасырлар бойы кеңінен қолданылып келеді. Оның жемістерінің бактерияларға қарсы әсері кеңінен танымал. Оның жемістерін бронх демікпесі ұстамаларының қайталануына жол бермеу үшін өте жиі қолданады. Пиппали жөтелге қарсы және аллергияға қарсы әсерге ие.

Кулинжан қабынуға қарсы және бактерияға қарсы әсерге ие. Оны тыныс алу ағзаларының ауруларын емдеу үшін қолданады.

Кешендегі осы компоненттердің барлығы бірге аллергияға қарсы, бактерияларға қарсы, қабынуға қарсы, жөтелге қарсы әсер етеді және бронхты кеңейтеді, ол тыныс алу жүйесінің жұмысын қалпына келтіруге жәрдемдеседі.

Қолданылуы

Кешенді емнің құрамында

  • жедел респираторлы вирустық жұқпаларда (ЖРВЖ)

  • бронхитте

  • бронх демікпесінде

Қолдану тәсілдері және дозасы

Ересектерге 1-2 шай қасықтан күніне 3 рет (тәулігіне 6 ретке дейін) тағайындайды.

Балаларға 6 айлығынан бастап: ½-1 шай қасықтан күніне 2-3 рет.

Апдил-Н препаратын ішке сумен ішіп қабылдайды. Емдеу ұзақтығы – 7 күн.

Жағымсыз әсерлері

  • аллергиялық реакциялар

  • бронхтың түйілуі (сондай-ақ препарат құрамында метилпарагидроксибензоат бар).

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- 6 айлыққа дейінгі балалар

- тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар емделушілерге.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа препараттармен біріктіріп қолданылуы жөнінде деректер жоқ.

Айрықша нұсқаулар

Қант диабетіне шалдыққан науқастарға қолданғанда сақ болған жөн, өйткені препараттың құрамына сахароза, глюкоза енеді.

Алкогольмен бірге қолдануға болмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препарат жүкті және бала емізетін әйелдерге олардың пайда/қауіп ара қатынасын емдеуші дәрігер мұқият салыстырғаннан кейін ғана қолданылуы мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Анықталған жоқ

Артық дозалануы

Симптомдары: бас айналу, бас ауыру немесе жүректің айнуы

Емі: симптоматикалық

Шығарылу түрі және қаптамасы

100 мл препараттан янтарь реңді полиэтилентерефталаттан жасалып, алғашқы ашылуы бақыланатын пластмасса қақпақпен тығындалған бөтелкеге құяды.

1 бөтелкеден медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Аджанта Фарма Лимитед»

Аджанта Хаус, 98,

Чаркоп, Кандивли (В),

Мумбай 400067, Үндістан

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

«Аджанта Фарма Лимитед», Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Қазақстан Республикасы, 050009, Алматы қ., Аносов к., 54/28 (Төле би қиылысы ) тел/факс: + 7(727) 241-45-73, 277-51-46

E-mail: aplkazak@mail.ru

 

Прикрепленные файлы

272180521477976841_ru.doc 47.5 кб
054062941477977996_kz.doc 39 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники