Анузол

МНН: Белладонны листьев экстракт, Трибромфенолята висмута и Висмута оксида комплекс, Цинка сульфат
Производитель: Нижфарм ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты и их комбинации
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010451
Информация о регистрации в РК: 07.02.2023 - 07.02.2033

Инструкция

Саудалық атауы

Анузол

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ректальді суппозиторийлер

Құрамы

1 суппозиторийдің құрамында

белсенді заттар: 0,10 г ксероформ (висмут трибромфеноляты және висмут тотығының кешені)

0,02 г қою итжидек сығындысы (белладонна жапырақтарының сығындысы)

0,05 г мырыш сульфаты гептагидраты,

қосымша заттар: глицерол (дистилляцияланған глицерин), тазартылған су, дистилляцияланған моноглицеридтер (ДМГ), қатты май (витепсол (Н 15, W 35 маркасы), суппосир (NA 15, NAS 50 маркасы)).

Сипаттамасы

Пішіні торпеда тәрізді, ксероформның иісі бар, жасылдау сары немесе қоңырқай реңді жасылдау сары немесе ақшыл қоңыр түсті суппозиторийлер.

Суппозиторий беткейінде сәл байқалып тұратын ақ өңез пайда болуы мүмкін.

Фармакотерапиялық тобы

Геморройды және анус сызатын емдеуге арналған жергілікті қолданылатын басқа да препараттар. Басқа да препараттар мен олардың біріктірілімдері.

АТХ коды С05АХ03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ксероформ (висмут трибромфеноляты) суда нашар еритін қосылыс болып табылады, сондықтан оның жүйелік әсер ету ықтималдығы өте төмен. Итжидек алкалоидтары асқазан-ішек жолында сіңеді.

Фармакодинамикасы

Геморройға қарсы біріктірілген дәрі. Анузолдың спазмолитикалық, қабынуға қарсы, антисептикалық, ауырғанды басатын, жергілікті қабынуға қарсы, тұтқыр және құрғататын әсері бар.

Ксероформ (висмут трибромфеноляты) – антисептикалық, қабынуға қарсы, тұтқыр және құрғататын дәрі. Итжидек сығындысы – М-холинобөгегіш және спазмолитикалық әсер береді, асқазан-ішек жолы (АІЖ) бұлшықеттері тонусын төмендетеді. Мырыш сульфаты - тұтқыр дәрі, антисептик. Глицерол әр түрлі тіндерде осмостық қысымды өзгерту, ісінулерді азайту, осмостығын жоғарылату үшін пайдаланылады.

Қолданылуы

  • геморройда

  • артқы өтістің сызатында.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ректальді. Тазарту клизмасынан немесе ішектің өздігінен босауынан кейін 1 суппозиторийден тәулігіне 1-3 рет. Препараттың ең жоғары тәуліктік дозасы – 7 суппозиторий. Емдеу курсының ұзақтығы 10-14 күнді құрайды.

Жағымсыз әсерлері

  • аллергиялық реакциялар

  • артқы өтіс тұсының шымылдатып ашытуы

  • ауыздың құрғауы

  • іштің қатуы, нәжістің жұмсаруы

  • жүректің қағуы

  • қарашықтың ұлғаюы, көрудің өтпелі бұзылулары (аккомодация парезі)

  • бас ауыру, бас айналу

  • ұйқының бұзылуы, ұйқышылдық.

Мұндай жағдайларда препаратты қолдануды тоқтатып, дәрігерге қаралу керек.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • ішек атониясы

  • декомпенсация сатысындағы жүрек жеткіліксіздігі, тахиаритмия, миастения

  • жабықбұрышты глаукома

  • қуықасты безінің аденомасы

  • жүктілік және лактация кезеңі.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анузол препараты, ректальді суппозиторийлердің басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесу немесе үйлеспеу жағдайлары сипатталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Балалар

Балаларда Анузол препараты, ректальді суппозиторийлердің клиникалық зерттеулері жүргізілмеуіне байланысты, балаларға (18 жасқа дейінгі) тек дәрігермен кеңескеннен кейін ғана қолдануға болады.

Дәрілік заттардың көлік құралдарын жүргізуге және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Емдеу кезінде автокөлік жүргізу және жоғары зейін шоғырландыруды, психомоторлық реакциялар жылдамдығы мен көздің жақсы көруін қажет ететін басқа да қауіптілігі зор қызмет түрлерімен айналысқанда сақ болу қажет.

Артық дозалануы

Анузол препаратының артық дозалану жағдайлары туралы хабарланбаған. Қолдану тәсілі сақталмаған (препарат ректальді қолданылады) және препаратты тәуліктік дозада 7 суппозиторийден артық қолданған кезде артық дозалануы мүмкін.

Симптомдары: жүрек айнуы, құсу, психомоторлық қозу, құрысулар, несеп шығарудың кідіруі, тер бөлінісінің төмендеуі, гипертермия.

Емі: симптоматикалық.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

5 суппозиторийден полиэтиленмен ламинацияланған поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

2 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Препаратты жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Нижфарм» ААҚ, Ресей Федерациясы

603950, Нижний Новгород қ.,

ҚҚП-459, Салганская к-сі, 7

тел.: (831) 278-80-88

факс: (831) 430-72-28

веб сайт: http://www.nizhpharm.ru

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Нижфарм» ААҚ, Ресей Федерациясы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Нижфарм» ААҚ Өкілдігі

050043, Қазақстан Республикасы,

Алматы қ-сы, Хан-Тәңірі ы/а, 55б

тел.: (727) 271-99-68

факс: (727) 255-33-78

e–mail: almaty@stada.kz

 

Прикрепленные файлы

201072861477976982_ru.doc 50 кб
774198741477978147_kz.doc 77 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники