Анти-Ангин Формула (Таблетки для рассасывания)

МНН: Аскорбиновая кислота, Тетракаин, Хлоргексидин
Производитель: Натур Продукт Европа Б.В
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Антисептики
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№008406
Период регистрации: 14.01.2016 - 14.01.2021

Инструкция

Саудалық атауы

Анти-Ангин Формула

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Соруға арналған таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: 2,00 мг хлоргексидин диацетаты, 0,200 мг тетракаин гидрохлориді, 50,00 мг аскорбин қышқылы

қосымша заттар: левоментол, сахарин, сорбитол, кремнийдің қостотығы, магний стеараты, хош иісті «анис» қоспасы, хош иісті «жалбыз» қоспасы, азорубин Е-122.

Сипаттамасы

Жиегі кертілген жалпақ, екі жақ бетінде де ағаш көрінісінде өрнектелген «NP» жазуы, өзіне тән иісі, ақшылдау және күңгірттеу теңбілдері бар, бозғылт-қызғылттан қызылдау-қызғылт түске дейінгі таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар. Антисептиктер.

АТХ коды R02АA

Фармакологиялық қасиеттері

Хлоргексидиннің бактерияларға қарсы белсенділігі бар, ол ауыз қуысы мен тамақтың инфекциялық ауруларының қоздырғыштарын (стрептококтар, стафилококктар, пневмококтар, коринебактериялар, инфлюэнца таяқшасы, клебсиелла) жояды және кандидомикоздарда зеңдерге қарсы белсенділігі бар.

Жергілікті анестетик тетракаин жергілікті ауыруды сездірмейтін әсерге ие.

С витамині организмнің инфекциялық ауруларға қарсылығын арттырады.

Қолданылуы

  • ауыз қуысы мен мұрын-жұтқыншақ қабыну ауруларының (стоматит, гингивит, баспа, фарингит, тонзиллит) профилактикасында және жергілікті емдеуде

  • жоғарғы тыныс жолдары катараның салдарын жоюда, дауыс байламдары мен бадамша бездің ісінуін басуда

  • тонзилэктомиядан, тісті жұлғаннан кейінгі жағдайда

  • пародонтозда

Қолдану тәсілі

Ауызда толық ерігенше ұстау керек.

Ересектер: 2 сағат аралықпен күніне 6 таблетка .

Емдеу курсы 10 күннен аспайды.

Жағымсыз әсерлері

  • аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • жүктілік, лактация кезеңі

  • 18 жасқа дейінгі балалар, жасөспірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Тетракаин сульфаниламидтік препараттардың бактерияларға қарсы белсенділігін төмендетеді. Қантамырды тарылтатын дәрілер тетракаиннің әсерін ұзартады және уыттылығын азайтады. Аскорбин қышқылы қанда бензилпенициллиннің және тетрациклиндердің концентрациясын жоғарылатады, әсер етуі қысқа салицилаттармен және сульфаниламидтермен емдеген кезде кристаллурияның даму қаупін арттырады, қанда ішу арқылы қабылданатын контрацептивтердің концентрациясын төмендетеді.

Айрықша нұсқаулар

Препараттың ұсынылған дозасын арттырмаған жөн.

Дәрілік заттың автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Симптомдары: бас ауыру, цианоз, бұлшықет треморы, жүрек айнуы, құсу.

Емі: асқазанды шаю, симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Соруға арналған таблеткалар

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

2 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Натур Продукт Еуропа Б.В. , Твейберг 17, 5246 XL Розмален

Нидерланды

Қаптаушы

Херкель Б.В., Нобельцег 6, 3899 BN Зеевольде, Нидерланды

Тіркеу куәлігінің иесі

«Валеант» ЖШҚ, Ресей

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Валеант» ЖШҚ ҚР өкілдігі

Қазақстан, 050059, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 17 үй, «Нұрлы Тау» бизнес орталығы 4Б блок, 1104 кеңсе

Телефон + 7 727 3 111 516 , факс +7 727 3 111 517

Электрондық пошта: Office.KZ@valeant.com

 

 

Прикрепленные файлы

717534431477976322_ru.doc 34 кб
959022581477977568_kz.doc 48 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники