Антифлат Таблетки жевательные (42 мг)

МНН: Симетикон
Производитель: G.L. Pharma GmbH
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Silicones
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020346
Информация о регистрации в РК: 03.02.2014 - 03.02.2019
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 22.22 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Антифлат

Халықаралық патенттелмеген атауы

Симетикон

Дәрілік түрі

Шайнайтын таблеткалар, 42 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат –42 мг симетикон

қосымша заттар – глицерин моностеараты SE, фенхел майы, бұрыш жалбызы майы, тмин майы, сусыз глюкоза, сахароза

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, өзіне тән жағымды иісі мен дәмі бар екі жағы дөңес ақ түсті таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Асқазан-ішек жолының (АІЖ) функциональді бұзылуларын емдеуге арналған препараттар. Ішектің функциональді бұзылуларын емдеуге арналған препараттар. Ішектің функциональді бұзылуларын емдеуге арналған басқа да препараттар. Силикондар

АТХ коды A03AX13

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Белсенді заттары сіңбейді және өзгермеген күйінде шығарылады.

Фармакодинамикасы

Асқазан-ішек жолы функциясының бұзылуы газдардың түзілуін және жинақталуын туындатады. Газ көпіршіктерінің артық түзілуі, газдың ішектің шырышты қабығы арқылы жұтылуы бұзылуын туындатады. Антифлат беткейлік тартылуды азайту арқылы көпіршіктердің дереу бұзылуын туғызады және босап шыққан газдар табиғи жолмен шығуына мүмкіндікке ие болады. Антифлатты қолдану ішек жүктемесінің және шағымдардың азаюын, диафрагманың жылжуына байланысты жүректің қысылу сезімінің азаюын туындатады.

Қолданылуы

- ішекте газдың артық түзілуінде және жинақталуында (метеоризмде)

- хирургиялық араласулардан кейінгі газ түзілуі артқанда

- диагностикалық емшараларға құрсақ қуысын дайындағанда

Қолдану тәсілі және дозалары

Антифлат шайнайтын таблеткалары ішке қабылданады. Таблеткаларды шайнау керек.

Метеоризмді емдеу үшін күніне үш рет 1-2 таблеткадан тамақ ішу кезінде немесе тамақтан кейін қабылдау керек. Қажет болғанда ұйықтар алдында 1-2 таблетка қабылдауға болады.

Диагностикалық емшараларға дайындық ретінде тексерудің алдындағы күні тамақтан соң 2-3 таблетка қабылдау керек.

6 жастан үлкен балаларға жазып берген дозаның жартысын қабылдау ұсынылады.

6 жасқа дейінгі балалар үшін Антифлатың басқа (суспензия түріндегі) түрлері болады.

Қолдану кезеңі көрсетілімдеріне және емнің тиімділігіне байланысты.

Жағымсыз әсерлері

Байқалмаған

Мыналар

-аллергиялық реакциялар: гиперемия, тері жабындарының қышуы, терідегі бөртпелер, шырышты қабықтардың тітіркенуі болуы ықтимал

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың компоненттеріне жоғары сезімталдық

- 6 жасқа дейінгі балаларға

- фруктозаны іштен туа біткен көтере алмаушылық, глюкоза мен галактоза сіңуінің бұзылуы немесе сахароза-изомальтоза жеткіліксіздігі

- ішектің (шаншумен және құсу болатын) бітелісінде, АІЖ обструкциялық ауруларында

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған. Симетиконның беткейлік белсенділігі жоғары болғандықтан басқа белсенді заттардың сіңуіне әсер етуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Ас қорытудың ұзақ және қайталанатын бұзылуларында осы құбылыстардың себебін анықтау қажет, бұл дұрыс тамақтанбауға немесе қозғалыс белсенділігінің жеткіліксіздігіне байланысты болуы мүмкін. Егер сонымен қатар асқазан-ішек жолдарының органикалық бұзылуы немесе жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар орын алса, аталған жағдайлардың барлығында дәрігермен кеңесу қажет.

Қолдану ұзақтығы 3 күннен аспауы тиіс, препараттың ендігісін 14 күндік үзілістен кейін қабылдауға болады.

Әрбір шайнайтын таблетканың құрамында сусыз глюкоза (0,3 г), сахароза (0,25 г) бар, бұл шамамен 0,05 нан бірлігіне сәйкес келеді. Фруктозаны іштен туа біткен көтере алмаушылығы, глюкоза мен галактоза сіңуінің бұзылуы немесе сахароза-изомальтоза жеткіліксіздігі бар емделушілерге қабылдау ұсынылмайды.

Педиатрияда қолданылуы

Балаларға препаратты дәрігердің ұсынысы мен қадағалауы бойынша қолдануға болады.

Жүктілік және лактация кезеңі

Әсер етуші заты – симетикон сіңбейтіндіктен Антифлатты жүктілік және бала емізу кезеңінде қолдануға болады.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе әлеуетті қаупі бар механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты қолдану көлік құралдарын немесе әлеуетті қаупі бар механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

Пливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салынған.

Картон пәшкеге медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге 5 пішінді қаптамадан салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолданбау керек.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«G.L.Pharma GmbH.», Industriestraβe 1, Ф-8502 Lannach, Австрия

Тіркеу куәлігінің иесі

«Валеант» ЖШҚ, Мәскеу, Ресей

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнімнің сапасы жөніндегі шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

ҚР-дағы «Валеант» ЖШҚ өкілдігі

Қазақстан, 050059, Алматы қ-сы, Әл-Фараби даңғылы,

17 үй, 4Б блок, 4-4Б-11 ғимараты

Телефоны 3111516 Факс 3111 517

Электронды пошта Office.KZ@valeant.com

 

Прикрепленные файлы

538789341477976827_ru.doc 45 кб
493870811477977981_kz.doc 47.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники