Антиоксикапс с йодом

МНН: Поливитамины
Производитель: Минскинтеркапс УП
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Витамины в комбинации с минеральными веществами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№004537
Информация о регистрации в РК: 25.01.2018 - 25.01.2023

Инструкция

Саудалық атауы

Йод қосылған Антиоксикапс

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Капсулалар

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді заттар: майдағы 30% суспензия түріндегі бета-каротин 6 мг альфа-токоферилацетаты 15 мг аскорбин қышқылы 75 мг калий йодиді түріндегі йод 0.1 мг,

қосымша заттар: ара балауызы, лецитин, күнбағыс майы,

желатинді капсула қабығының құрамы: глицерин, метилпарагидроксибензоат Е - 218, пропилпарагидроксибензоат Е – 216, тазартылған су, титанның қостотығы Е - 171, «керемет қызыл» Е-129, желатин.

Сипаттамасы

Серпінді, қызыл түсті, жігі бар сопақша пішінді жұмсақ желатинді капсулалар.

Капсуланың ішіндегісі – ашқылтым иісі жоқ, қызыл түсті майлы суспензия. Сақтаған кезде қоспа қабаттарға бөлінуі мүмкін.

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да витаминдер, соның ішінде минералды заттармен біріктірілген. АТХ коды А11JB

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Йод қосылған антиоксикапс препаратының әсері оның компоненттері әсерінің жиынтығы болып табылады, сондықтан кинетикалық бақылау жүргізу мүмкін емес. Барлық компоненттерді бірге маркерлердің немесе биозерттеулердің жәрдемімен бақылау мүмкін емес.

Фармакодинамикасы

Йод қосылған антиоксикапстің фармакологиялық белсенділігі ондағы витаминдердің: аскорбин қышқылының, α-токоферилацетаттың, β-каротиннің және йод микроэлементінің кешенді әсерімен жүзеге асырылады.

Аскорбин қышқылы организмде тотығу-тотықсыздану үдерісін реттеуге қатысады, көмірсу-ақуыздың алмасуын белсенді етеді, холестериннің метаболизмін арттырады, қанның ұйығыштығын арттырады, тіндердің регенерациясын, стероидты гормондардың, коллагеннің және проколлагеннің синтезін күшейтеді, темірдің сіңуін жақсартуға мүмкіндік береді. Ол организмнің бейімделу мүмкіндігін арттырады және оның жұқпаларға қарсылығын күшейтеді.

α-токоферилацетат организмде майлардың тотығуын және одан уытты шала тотықтардың түзілуін тежеп, қанықпаған май қышқылдарының байланысу беріктігін тұрақтандырады. Ол эритроциттердің, эндотелиоциттердің, энтероциттердің және басқалардың мембранасы құрылымын және қызметін қалыпты етеді. Токоферол коллагеннің, гемнің және ақуыздардың биосинтезіне қатысады, жасушалардың пролиферациясын, тіндік тыныс алуды және жасушалық метаболизмнің басқа да маңызды үдерістерін белсенді етеді. Ол гонадотропиндердің түзілуін, сперматогенезді, ұрықтанған жұмыртқаның, плацентаның дамуын стимуляциялайды.

β-каротиннің, оттегімен белсенді байланысу қабілеті есебінен, антиоксиданттық, иммунитетті модуляциялаушы және қабынуға қарсы әсерлері бар, ол сыртқы ортаның жағымсыз факторларының әсерімен немесе организмде патологиялық үдерістердің пайда болуымен үлкен мөлшерде түзілетін бос радикалдармен жасушалық құрылымының бұзылуынан қорғайды.

Йод, зат алмасуға белсенді ықпал ете отырып және диссимиляция үдерісін күшейте отырып, қалқанша без гормондарының эндогендік синтезі үшін, сондай-ақ қалқанша бездің қалыпты морфофункциональді жағдайын қамтамасыз ету үшін қажет. Йодидтер қалқанша без фолликуласы эпителийінің жасушаларына түскеннен кейін йодид-иондар йодид-пероксидаза ферментінің ықпал етуімен тотығады, тирозин молекуласына қосылатын элементарлы йод түзеді. Мұндайда тиреоглобулиндегі тирозин радикалдарының бір бөлігі йодталып, тирониндер түзеді, олардың ішіндегі негізгісі тироксин (Т4) және трийодтиронин (Т3) болып табылады. Тирониндер тиреоглобулин ақуызымен кешен түзеді, ол қалқанша без фолликуласының коллоидында жиналады.

Йодтың липид және ақуыз алмасуларына да ықпал ететіні белгілі.

Қолданылуы

- ересектерде диффуздық уытты емес зобты кешенді емдеуге

- йод тапшылығының орнын толтыруға, демек, эндемиялық зобтың және хирургиялық жолмен алып тастағаннан кейін, сондай-ақ қалқанша без гормондарының препараттарымен зобты кешенді емдеуді аяқтағаннан кейін зобтың қайталануының алдын алуға

- витаминдердің (С, Е және А) жеткіліксіздігінің алдын алуға және емдеуге

▪ дене және ақыл-ой жүктемелерінде

▪ ұзаққа созылған және/немесе барысы ауыр, соның ішінде жұқпалы аурулардан кейін қалпына келу кезеңінде

▪ этиологиясы әртүрлі астениялық жағдайларда

▪ тамақтану теңдестірілмеген және толыққанды емес болған жағдайда.

Қолдану тәсілі және дозалары

Йод қосылған антиоксикапсті тамақтанудан кейін, сумен ішіп қабылдайды.

Алдын алу мақсатында препаратты ересектерге тәулігіне 1 рет 1 капсуладан тағайындау керек. Курс ұзақтығы және жиілігі дәрігердің нұсқауымен.

Емдік мақсатта препарат ересектерге жоғарыда айтылған көрсетілімдерге сай тағайындалуы мүмкін. Йод қосылған антиоксикапс дозасын патологияның сипатына және біліну дәрежесіне, сондай-ақ организмнің А, С, Е витаминдерін және йодты қажетсінуіне қарай, дәрігер белгілейді.

Жағымсыз әсерлері

Ас қорыту жүйесі тарапынан: сирек – ауыздан тот тату, құсу, диарея

ОЖЖ тарапынан: сирек – мазасыздық, бас ауыру

Эндокриндік жүйе тарапынан: препаратты жоғары дозаларда ұзақ уақыт қолданғанда (тәулігіне 300 мкг-нан астам) – йод-индуцирленген гипертиреоз (әсіресе егде емделушілерде, түйінді зоб немесе уытты аденома бар болғанда); жекелеген жағдайларда өте жоғары дозаларда емдеуде (тәулігіне 1 мг-нан астам) – зоб және гипотиреоз

Аллергиялық реакциялар: сирек – йодты ринит, йодты дерматит, Квинке ісінуі; жекелеген жағдайларда – йодты қызба, йодты безеулер, сілекей бездерінің ісінуі.

Йод қосылған антиоксикапсті көрсетілімдері бойынша белгіленген дозаларда қолданғанда жағымсыз әсерлердің болу мүмкіндігі аз.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- манифестті гипертиреоз

- субклиникалық гипертиреоз (йодтың тәулігіне 150 мкг-нан асатын дозаларын қолданғанда)

- герпетиформалы Дюринг дерматиті

- уытты аденома, түйінді зоб тәулігіне 300 мкг-нан астам дозада қолданғанда (қалқанша без қызметін бөгеу мақсатында жасалатын операция алдындағы емдеуді қоспағанда)

- балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

- жүктілік және лактация кезеңі

- А және Е гипервитаминозы

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Йодтың жеткіліксіздігі гипертиреозда қолданылатын тиреостатиктердің әсерін күшейтеді, ал оның шамадан артық болуы бәсеңдетеді.

Калий перхлораты және тиоцианаты қалқанша безде йодтың сіңуін басады.

Тиреотроптық гормон қалқанша безде йодтың сіңуін жақсартады және оның гормондарының түзілуін стимуляциялайды.

Препаратты жоғары дозаларда калий жинақтаушы диуретиктермен бір мезгілде қолданғанда гиперкалиемия пайда болуы мүмкін.

Йод қосылған антиоксикапсті жоғары дозаларда және литий препараттарын бір мезгілде қолданғанда зобтың және гипотиреоздың пайда болуына мүмкіндік жасалады.

Кортикостероидтық препараттар, тетрациклинді топтың антибиотиктері, сондай-ақ этанол және құрамында этанолы бар препараттар бір мезгілде қолданылғанда А провитаминінің емдік әсерін төмендетеді.

Токоферол эпилепсиясы бар, қанында липидтердің асқын тотығу өнімдерінің мөлшері жоғары екендігі анықталған науқастарда құрысуға қарсы дәрілердің тиімділігін арттыруы мүмкін.

Аскорбин қышқылының сіңуі ішілетін контрацептивтерді олармен бірге бір мезгілде қолданғанда азаяды, С витамині пенициллиннің, темірдің сіңуін арттырады, салицилаттармен емдеген кезде кристаллурияның пайда болу қаупін ұлғайтады.

Айрықша нұсқаулар

Йод қосылған антиоксикапсті гипотиреозда, ол йодтың айқын тапшылығынан пайда болған жағдайлардан басқасында, тағайындамаған жөн.

Препаратты радиоактивті йодпен ем жүргізгенде, қалқанша бездің обырында қолданбаған жөн.

Бүйрек қызметі бұзылған емделушілерде препаратты қолдану аясында гиперкалиемияның пайда болуы мүмкін екендігін ескерген жөн.

Ұзақ уақыт қолданғанда және йодқа сезімталдық жоғарылағанда йодизм құбылыстары (мұрынның бітелуі, есекжем, Квинке ісінуі және т.б.) болуы мүмкін; мұндай жағдайларда препаратты қабылдауды тоқтатады.

Артық дозалануға жол бермеу үшін басқа поливитаминдік кешендермен бір мезгілде қолданбау керек.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Ықпал етпейді.

Артық дозалануы

Артық дозалану симптомдары ауыз қуысының шырышты қабығының қоңыр түске боялуы, ринит, бронхит, гастроэнтерит, дыбыс байламдарының ісінуі, несеп жолдарынан қан кету, ануриялар немесе өліммен аяқталатын қантамырлық коллапс түрінде білінеді.

Мұндай жағдайларда препаратты организмнен шығаруға бағытталған шаралар жүргізіледі – асқазанды крахмал ерітіндісімен (ерітіндінің көк бояуы жоғалғанға дейін) және 1% натрий тиосульфаты ерітіндісімен шаю; ішке ұннан жасалған, жүгерінің, картоптың, қою күріш немесе сұлы қайнатындысының ботқасын қолдану. Симптоматикалық және демеуші ем жүргізіледі (қан айналу жүйесінің, бүйректің қызметтеріне бақылау жасау, қажет болғанда – анурияны емдеу, апиындық анальгетиктерді, ал содан кейін тиамазолды – тәулігіне 3 рет к/і 1 ампуладан қолданады). Шокта шокқа қарсы ем жүргізіледі. Бұдан басқа, диурезді арттыруға бағытталған шараларды қолдануға болады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және лакталған баспалық алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 капсуладан.

Пішінді ұяшықты 2 қаптама медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Ылғалдан және жарықтан қорғалған жерде, 15°С-ден 25°С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Минскинтеркапс» УК, Беларусь Республикасы

220075, Минск қ-сы, а/ж 112, Инженерная к-сі, үй 26

Тел./факс (+ 37517) 344-18-66

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

«Минскинтеркапс» УК, Беларусь Республикасы

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

ҚР, «Рахметова» ЖК

тел.: +7 777324-23-37

e-mail: al.rakhmetova@yandex.kz

Прикрепленные файлы

272567841477976984_ru.doc 60 кб
954703561477978151_kz.doc 70 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники