Антигриппин

МНН: Аскорбиновая кислота, Дифенгидрамин, Кальция глюконат, Рутозид
Производитель: Эйкос-Фарм ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Другие комбинированные препараты, применяемые при простудных заболеваниях
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№015111
Период регистрации: 12.05.2017 - 12.05.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Антигриппин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: аскорбин қышқылы– 0.30 г, кальций глюконаты-0.10 г, димедрол - 0.02 г, рутин - 0.02 г

қосымша заттар: крахмал, тальк, кальций стеараты.

Сипаттамасы

Жасыл-сары түсті азғантай теңбілдері, жазық беткейлі, ойығы және сызығы бар таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Суық тию және жөтел симптомдарын жою үшін. Суық тию симптомдарын жоюға арналған препараттардың басқа біріктірілімдері.

АТХ коды R05X.

Фармакологиялық қасиеттері

Препараттың фармакологиялық белсенділігі оның құрамына кіретін әсер етуші заттардың қасиеттеріне байланысты.

Фармакокинетикасы

Аскорбин қышқылы ішу арқылы қабылданғаннан кейін жақсы сіңеді. Шамамен 25%-ы плазма протеиндерімен байланысады, плазма мен жасушаларда жинақталады, безді тіндерде ең жоғары концентрациясына жетеді (негізінен бүйрек үсті безінің қыртыстарында және гипофизде). Бауырда метаболизденеді, несеппен оксалат түрінде және өзгермеген түрде шығарылады. Ішу арқылы қабылдағаннан кейін иондалған кальцийдің шамамен 30%-ы АІЖ сіңеді. Ішу арқылы қабылдағаннан кейінгі қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясына 1,2–1,3 сағаттан соң жетеді. Организмнен негізінен нәжіспен (80%) және несеппен (20%) шығарылады.

Димедрол АІЖ жылдам сіңеді. Биожетімділігі 50% құрайды. Плазма ақуыздарымен байланысуы – 98-99%. ГЭБ арқылы өтеді. Негізінен бауырда, ішінара – өкпе және бүйректе метаболизденеді. Тәулік бойы бүйрекпен метаболит түрінде толық шығарылады. Сондай-ақ сүтпен шығарылады әрі емшек еметін жастағы балаларда тыныштандырушы әсер туындатуы мүмкін.

Рутиннің ең жоғары концентрациясына ішу арқылы қабылдағаннан кейін 1-9 сағаттан соң жетеді. Негізінен өтпен және аз дәрежеде – бүйрекпен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Аскорбин қышқылы организмде С витаминінің тапшылығын толықтырады, айқын антиоксидантты қасиетке ие, тотығу-тотықсыздану үдерісін реттейді, организмнің инфекцияларға төзімділігін жоғарылатады.

Кальций глюконаты аллергияға қарсы, гемостатикалық әсер көрсетеді, буын сынғыштығы мен өткізгіштігін, организмдегі кальций жеткіліксіздігі симптомдарын азайтады, бұлшықет дистрофиясында, миастенияда бұлшықет жиырылуын жақсартады.

Димедролдың аллергияға қарсы белсенділігі бар, жергілікті жансыздандыратын, спазмолитикалық және орташа ганглий бөгегіш әсері бар. Ішу арқылы қабылдағанда тыныштандырушы әрі ұйықтататын әсері бар, құсуға қарсы орташа әсер етеді.

Рутин ангиопротекторы Р витаминдер тобына жатады, аскорбин қышқылымен бірге қылтамырлардың өткізгіштігі мен сынғыштығын азайтады, тотығу-тотықсыздану үдерісіне қатысады, антиоксидантты қасиеті бар.

Қолданылуы

Тұмауды және басқа да жедел респираторлық вирустық инфекцияларды симптоматикалық емдеу

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерге ішке күніне 3 рет 1 таблеткадан; 7 жастан үлкен балаларға тамақтан кейін 3-5 күн бойы ½ таблеткадан күніне 3 реттен тағайындайды.

Ересектерге арналған ең жоғарғы бір реттік доза – 2 таблетка, тәуліктік – 6 таблетка; 7 жастан асқан балаларға – 1 таблетка және сәйкесінше 3 таблетка.

Препаратты дәрігердің кеңесінсіз 5 күннен артық қолдану ұсынылмайды. Егер симптомдар сақталса дәрігерге қаралу керек.

Ұсынылған дозадан асыруға болмайды.

Жағымсыз әсерлері

- диспепсиялық құбылыстар, эпигастриядағы ауырулар, жүрек айнуы, құсу, ауыздың құрғауы

- бас ауыруы, шаршау сезімі, ұйқышылдық, ОЖЖ қозуының артуы, психомоторлық реакциялар жылдамдығының төмендеуі, балаларда димедрол ұйқысыздықтың парадоксальді дамуын, ашушаңдық пен эйфория тудыруы мүмкін

- жоғары дозаларда ұзақ қолданғанда ұйқы безі инсулярлық аппаратының функциясының нашарлауы (гипергликемия, глюкозурия), гипероксалурия және кальций оксалатынан несеп тастарының түзілуі мүмкін

- қылтамыр өткізгіштігінің төмендеуі және тін трофикасының нашарлауы

- тромбоцитоз, тромбоцитопения, лейкопения, нейтропения, агранулоцитоз, анемия, гемолитикалық анемия (әсіресе глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы бар пациенттер үшін), гиперпротромбинемия, эритропения, нейтрофильді лейкоцитоз, гипокалиемия

- аллергиялық реакциялар: есекжем, терінің қышынуы, тері гиперемиясы

- несеп шығарудың қиындауы (әсіресе қуықасты безі ұлғайған еркектерде)

- тыныс алу жолы секреттерінің жоғары тұтқырлығы

Барлық жағымсыз әсерлер, оның ішінде жоғарыда аталмағандары туралы емдеуші дәрігерге хабарлап, препаратты қабылдауды тоқтату керек.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың компоненттеріне жоғары сезімталдық

- эпилепсия

- 7 жасқа дейінгі балаларға

- жүктілік және лактация кезеңінде

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Дәрілермен өзара әрекеттестігі жиі аскорбин қышқылын үлкен дозаларда ұзақ қолданғанда пайда болады.

Аскорбин қышқылы қандағы салицилаттар (кристаллурия қаупін жоғарлатады), этинилэстрадиол, бензилпенициллин мен тетрациклиндер концентрациясын жоғарылатады.

Эстрогендермен – қан сарысуындағы гормон деңгейі артады.

Құрамында эстрогендер бар оральді контрацептивтермен – контрацептивтік әсері азаяды.

Кумарин туындыларының антикоагуляциялық әсерін азайтады.

Темір препараттарының ішекте сіңірілуін жақсартады.

Этил спиртінің жалпы клиренсін жоғарылатады.

Хинолиндік қатардың препараттары, кальций хлориді, салицилаттар, кортикостероидтер ұзақ уақыт қолданылғанда аскорбин қышқылының қорын азайтады.

Ацетилсалицил қышқылы, пероральді контрацептивтер, жаңа жасалған шырын және сілтілік сусын (ішімдік) аскорбин қышқылының сіңуін және сіңірілуін төмендетеді. Аскорбин қышқылын изопреналинмен бір мезгілде қолданғанда соңғысының хронотроптық әсері төмендейді. Жоғары дозаларда мексилетиннің бүйрек арқылы шығуын арттырады. Барбитураттар мен пиримидин аскорбин қышқылының несеппен шығарылуын жоғарылатады. Аскорбин қышқылы психозға қарсы ДЗ (нейролептиктер) – фенотиазин туындыларының емдік әсерін, амфетамин мен үшциклдық антидепрессанттардың өзекшелік реабсорбциясын төмендетеді.

Кальций глюконаты. Сіңірілмейтін кешендердің түзілу мүмкіндігіне байланысты кальций эстрамустиннің, этидронаттың сіңірілуін төмендетуі мүмкін және басқа да бисфосфонаттардың, фенитоинның, хинолондардың, пероральді тетрациклиндік антибиотиктер мен препараттардың сіңірілуі кемінде 3 сағатты құрауы тиіс. Кальцийдің АІЖ сіңірілуі тағамның бірнеше түрі, мысалы, саумалдық, рауғаш, кебек және дәнді дақылдарды бір мезгілде қабылдағанда төмендеуі мүмкін. Оймақгүл препараттарын қабылдайтын науқастарға кальцийдің жоғары дозаларын тағайындау кезінде аритмия туындау қаупі ұлғаюы мүмкін. Тиазидтік диуретиктер кальцийдің несеппен экскрециясын азайтады. Сондықтан оларды бір мезгілде қолданғанда гиперкальциемия даму қаупін ескеру керек.

Кальций бір мезгілде қабылдағанда тетрациклиндік антибиотиктердің және фтор препараттарының сіңуін төмендетуі мүмкін.

D витаминін бір мезгілде қабылдау кальцийдің сіңуін жоғарылатады.

Бір мезгілде қабылдағанда димедрол этанол және ОЖЖ бәсеңдететін препараттардың, барбитураттардың, ұйықтатқыштардың, апиындық анальгетиктердің әсерін күшейтеді. Сондықтан бұл препараттарды біріктіріп қолданғанда әсерінің әлеуеттенуіне жол бермеу үшін дәрігермен кеңесу қажет.

МАО тежегіштері димедролдың антихолинергиялық әсерін күшейтеді.

Антагонистік өзара әрекетестігі психостимуляторлармен бір мезгілде тағайындағанда байқалады.

Уыттануды емдегенде құстыратын зат ретінде апоморфиннің тиімділігін төмендетеді.

Холинді бөгейтін белсенділігі бар препараттардың антихолинэргиялық әсерін күшейтеді.

Аскорбин қышқылы рутиннің фармакологиялық әсерін күшейтеді.

Айрықша нұсқаулар

Емдеу кезінде алкогольді ішуден аулақ болған жөн. Ұйықтататын дәрілермен араластыруға болмайды.

Аскорбин қышқылының кортикостериоидтық гормондардың синтезіне көтермелегіш әсерін ескере отырып, бүйрек функциясын АҚ бақылап отыру қажет. Аскорбин қышқылы жылдам пролиферацияланатын және қарқынды метастаздайтын ісіктері бар пациенттерде ауыру ағымын қиындатуы мүмкін. Аскорбин қышқылы әртүрлі зертханалық тесттердің (глюкоза құрамын, билирубинді және бауыр трансаминазалары белсенділігін, қан плазмасындағы ЛДГ анықтау) нәтижелерін бұрмалауы мүмкін. Аскорбин қышқылын бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге немесе D витаминінің жоғары деңгейімен байланысты ауруларда, саркоидоз типті ауруларда сақтықпен тағайындайды.

Барлық жағымсыз (ерекше) әсерлер, оның ішінде жоғарыда аталмағандары туралы емдеуші дәрігерге хабарлау керек.

Жағдайы жақсармаса препарат қабылдауды тоқтатып, дәрігерге қаралу керек. Егер пациентке хирургиялық араласу керек болса, ол препаратты қабылдағаны туралы дәрігерге ертерек ескерту қажет.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде қолдану ұсынылмайды.

Препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Зейін қоюды және психомоторлық реакциялардың жылдамдығын қажет ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерімен шұғылданатын пациенттерде сақтықпен қолданылады.

Артық дозалануы

Симптомдары: орталық жүйке жүйесінің зақымдануы, қозудың дамуы (әсіресе балаларда) немесе депрессия, көз қарашығының кеңеюі, ауыздың құрғауы, құрысулар. Гиперкальцемия белгілері: анорексия, жүрек айну, құсу, сананың бұзылуы, нефрокальциноз, кальциурия және ауыр жағдайларда аритмия және кома.

Емі: белсендірілген көмір қосылған сумен асқазанды шаю және симптоматикалық ем жүргізу. Қарқынды диурез, гемодиализ.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

Таблеткалар екі жағында полимер жабыны бар қаптамалық қағаздан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамаға 10 данадан салынған. 250 пішінді ұяшықсыз қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа (топтық қаптама) салынады.

10 таблеткадан ПВХ үлбір жабыны бар алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамада. ПВХ үлбір жабыны бар алюминий фольгадан жасалған 2 пішінді ұяшықсыз қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады. 55 картон қорапшадан картон қорапқа (топтық қаптама) салынады. ПВХ үлбір жабыны бар алюминий фольгадан жасалған 200 пішінді ұяшықсыз қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа (топтық қаптама) салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Препараттың жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Эйкос-Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Боралдай кенті, 71 разъезд.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Эйкос-Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Боралдай кенті, 71 разъезд.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын, дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

Алматы қ., Нүсіпбеков к-сі, 32

тел: 397 64 29, факс: 250 71 78

e-mail: pharm@eikos.kz

Прикрепленные файлы

479686461477976511_ru.doc 66.5 кб
763443131477977666_kz.doc 30.87 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники