Анзибел (таблетки для рассасывания со вкусом ментола)

МНН: Бензокаин, Хлоргексидин, Эноксолон
Производитель: Нобел Илач Санаи ве Тиджарет А.Ш
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013303
Информация о регистрации в РК: 12.04.2022 - 12.04.2032

Инструкция

Саудалық атауы

АНЗИБЕЛ

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Лимон және бал дәмі бар соруға арналған таблеткалар

Ментол дәмі бар соруға арналған таблеткалар

Құрамы

Лимон және бал дәмі бар соруға арналған бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: 5 мг хлоргексидин гидрохлориді; 4 мг бензокаин; 3 мг эноксолон бар,

қосымша заттар: сорбитол (Сорбидекс S 16606), калий ацесульфамы, лимон хош иістендіргіші, бал хош иістендіргіші, магний стеараты.

Ментол дәмі соруға арналған бар бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: 5 мг хлоргексидин гидрохлориді; 4 мг бензокаин; 3 мг эноксолон бар,

қосымша заттар: сорбитол (Сорбидекс S 16606), калий ацесульфамы, ментол хош иістендіргіші, магний стеараты.

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, піл сүйегі түстес, лимон мен балдың иісі мен дәмі бар, бір жақ беті тегіс және екінші жағында «NOBEL» тауарлық белгісінің таңбасы бар (лимон және бал дәмі бар таблеткалар) таблеткалар.

Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, ақ түсті, ментол иісі бар, бір жақ беті тегіс және екінші жағында «NOBEL» тауарлық белгісінің таңбасы бар (ментол дәмі бар таблеткалар) таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар.

Антисептиктер. Басқа да препараттар

АТХ коды R02AA20

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Бензокаин – жергілікті анестетик, химиялық құрылымы жағынан күрделі 4- аминобензой қышқылы болып табылады, жергілікті анестетиктердің көпшілігі сияқты, ауыз қуысы мен тамақтың шырышты қабығы арқылы тез сіңеді, эстераза ферментінің әсерімен негізінен қан плазмасында, азғантай дәрежеде бауырда гидролизденеді, азғантай мөлшері плазма ақуыздарымен байланысады.

Хлоргексидин, өзінің катионбелсенді табиғатының салдарынан, терімен, шырышты қабықпен және басқа тіндермен тығыз байланысады және сондықтан да өте нашар сіңеді. Ішке қабылдағаннан кейін хлоргексидиннің қан плазмасындағы концентрациясы анықталмайды.

Эноксолон – глицирризин қышқылынан бөліп алынған кешенді тритерпен, қабынуға қарсы әсер етеді.

Фармакодинамикасы

Соруға арналған АНЗИБЕЛ таблеткалары хлоргексидиннің антисептикалық әсерінің, эноксолонның буккофарингеальді (ұрт-жұтқыншақ) шырышты қабыққа қабынуға қарсы әсерінің және бензокаиннің жергілікті жансыздандырғыш әсерінің есебінен ауызжұтқыншақ аймағында жергілікті тітіркенуі түрінде білінетін ауыз қуысы мен тамақтың жұқпалы-қабыну ауруларын емдеу үшін қолданылады.

Қолданылуы

Ауыз қуысы мен тамақтың жұқпалы-қабыну ауруларында (жергілікті және симптоматикалық емдеу үшін).

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға

Таблетканы ауыз қуысында баяу (шайнамай) 2-3 сағат аралықпен сорады. Ауыз қуысы мен жұтқыншақтың жедел қабыну ауруларында және созылмалы ауруларының өршуінде ең жоғарғы тәуліктік дозасы - тәулігіне 8 таблетка. Емдеу курсы 7 күннен аспайды.

6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға

Таблетканы 4-5 сағат аралықпен ауыз қуысында баяу (шайнамай) сорады. Ауыз қуысы мен жұтқыншақтың жедел қабыну ауруларын және созылмалы ауруларының өршуін емдеуде және алдын алуда ең жоғарғы тәуліктік дозасы - 6 таблетка. Емдеу курсы 7 күннен аспайды.

Жағымсыз әсерлері

сирек:

- асқорытудың, дәм сезудің бұзылуы, тіс пигментациясы

- гипертензия

- аса жоғары сезімталдық реакциясы: бөртпе, қышыну, терінің ісінуі, тыныстың тарылуы (бензокаинге, басқа препараттарға - прокаин, тетракаин сияқты 4-аминобензой қышқылының туындыларына аса жоғары сезімталдығы бар емделушілерде).

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- фенилкетонурия

- 6 жасқа дейінгі балаларға

- жүктілік және лактация кезеңі

- тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

АНЗИБЕЛДІҢ басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттескен жағдайлары тіркелмеген. Препаратты ауыз қуысында соруға арналған басқа антисептиктермен бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды.

Айрықша нұсқаулар

Препараттың құрамында бензокаин бар екенін ескеру керек, ол спортшыларда оң допинг-тест туғызуы мүмкін.

Соруға арналған АНЗИБЕЛДІҢ әр таблеткасының құрамында сорбитол бар, ол асқазанның шырышты қабығының тітіркенуі мен диарея туғызуы мүмкін.

Препаратты тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылығы бар емделушілердің қабылдамағаны дұрыс.

Жүктілік және лактация кезеңі

Соруға арналған АНЗИБЕЛ препаратының әсері жүктілік пен лактация барысында зерттелмеген.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Емдеу кезінде автокөлік немесе қауіптілігі зор басқа механизмдерді басқарумен байланысты қызметтерге қандай-да бір шектеулердің қажеттілігін көрсететін мәліметтер жоқ.

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбір мен баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады.

1, 2 немесе 3 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге өндіруші фирманың голограммасы бар картон пәшкеге салады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Сақтау мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

НОБЕЛ Илач Санаи ве Тиджарет А.Ш.

Түркия

Қаптаушы

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы,

Алматы қ., Шевченко к-сі 162 Е.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Шевченко к-сі 162 Е.

Телефон нөмірі: (+7 727) 399-50-50

Факс нөмірі: (+7 727) 399-60-60

Электронды поштасы nobel@nobel.kz

Прикрепленные файлы

030928961477977063_ru.doc 47.5 кб
984085331477978231_kz.doc 55.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники