Анеста-А

МНН: Лидокаин, Прилокаин
Производитель: Аджио Фармацевтикалз Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Комбинированные препараты
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№023719
Информация о регистрации в РК: 15.04.2024 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Анеста

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған крем

Құрамы:

1 г препараттың құрамында

белсенді заттар - лидокаин1 – 25 мг,

прилокаин1 – 25 мг,

қосымша заттар: полиоксил 40 гидрогенделген майсана майы (Acrysol K-140), натрий пропилгидроксибензоаты, натрий метилгидроксибензоаты, циклометикон (5 ST cyclomethicone), карбомер гомополимері В типі (Carbomer 974 P), натрий гидроксиді – пеллеттер.

1 – өндіріс кезінде жоғалтудың орнын толтыру үшін 5 % артық салынады

Сипаттамасы

Ақтан ақ түсті дерлікке дейін тегіс бір текті крем.

Фармакотерапиялық тобы

Анестетиктер. Жергілікті анестетиктер. Амидтер. Біріктірілген препараттар.

АТХ коды N01ВВ20

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Анеста кремінен лидокаин мен прилокаиннің жүйелі сіңірілуі дозаға, препараттың теріде болу уақытына және дененің әр түрлі бөліктеріндегі терің қалыңдығына байланысты, сондай-ақ терінің жеке ерекшеліктеріне, тері ауруларына, терінің жайы-күйіне (оның ішінде қырыну) байланысты. Аяқ-қолдың ойық жаралы бетіне жаққанда препараттың сіңірілуіне сонымен қатар, ойық жараның ерекшеліктері әсер етеді (ойық жара ауқымының артуымен сіңірілу де ұлғаяды).

Қан плазмасындағы әсер ететін заттардың концентрациясы 5-10 мг/мл болғанда, уытты симптомдар даму қаупі болады. Алайда лидокаин мен прилокаиннің ең жоғары концентрациясы зақымданбаған қырылған теріге жаққанда жасына байланысты емес өте төмен, уытты деңгейден едәуір төмен болады.

Зақымданбаған тері.

Ересек адамның сан терісіне 60 г кремді 400 см2 жаққанан кейін (ол 3 сағатқа 1,5 г 10 см2 дозаға сәйкес) сіңірілу дәрежесі шамамен лидокаин үшін 3% және прилокаин үшін 5%. Баяу сіңірілуі байқалған. Қан плазмасындағы ең концентрациясына (орташа 0,12 және 0,07 мкг/мл тиісінше) кремді жаққаннан кейін шамамен 2-6 сағаттан соң жеткен.

Жыныс мүшелерінің шырышты қабығы.

Зақымданбағанлы терімен салыстырғанда жыныс мүшелерінің шырышты қабығынан әсер етуші заттың сіңірілуі жылдам жүреді. Қынаптың шырышты қабығына 10 г Анеста кремін 10 минутқа жаққанда лидокаин мен прилокаиннің қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясына (орташа 0,18 микрограмм/мл және 0,15 микрограмм/мл тиісінше) жаққан сәттен бастап 20-45 минуттан соң жеткен.

Ерлердің жыныс мүшелерінің зақымданбаған терісіне орташа алғанда, 1 г Анеста кремін 15 минутқа жаққанда лидокаин мен прилокаиннің қан плазмасындағы концентрациясына (орташа 6,6 нанограмм/мл және 4,1 нанограмм/мл тиісінше) жаққан сәттен бастап 1,5 сағаттан кейін жеткен.

Аяқ-қолдың трофикалық ойық жаралары.

Қан плазмасындағы лидокаин (0,05-0,84 мкг/мл) мен прилокаиннің (0,02-0,08 мкг/мл) ең жоғары концентрациясына жету уақыты препаратты ойық жаралы бетке жаққан сәттен бастап (5-10 г кремді 30 минутқа) 1,0-2,5 сағатты құрайды. Лидокаин+прилокаин кремін ойық жаралы бетке бірнеше рет жаққаннан кейін (бір ай бойы 15 рет 2-10 г кремді 62 см2 дейінгі аумаққа 30-60 минуттық аппликациямен) қан плазмасында прилокаин, лидокаин және олардың метаболиттерінің жинақталуы анықталған жоқ.

Фармакодинамикасы

Лидокаин мен прилокаин амидті түрдегі жергілікті анестетиктер болып табылады.Тығыз таңғыш астына зақымданбаған теріге жағылған Анеста кремі (2,5% лидокаин + 2,5% прилокаин) терінің эпидермальді және дермальді қабаттарына лидокаин мен прилокаиннің босап шығуы және терінің ауыру рецепторлары және жүйке ұштарының жанында лидокаин мен прилокаиннің жинақталуы есебінен дермальді анальгезияны қамтамасыз етеді. Лидокаин де, прилокаин де, импульстердің өтуіне және бастамалануы үшін қажетті ионды ағындарды бөгей отырып нейрондардың жарғақшасын қалыпты етеді, сөйтіп жергілікті анестетикалық әсер етеді.

Анестезия дәрежесі препараттың дозасына және кремнің аппликациясы ұзақтығына байланысты.

Зақымданбаған тері.

Сенімді дермальді анальгезияны қамтамасыз ету үшін Анеста кремін тығыз таңғыш астына кемінде 1-2 сағатқа жағады. Крем теріде 1-2 сағат болғаннан кейін жергілікті ауыруды басатын әсерінің ұзақтығы, таңғышты алғаннан кейін шамамен 2 сағатты құрайды.

Егде жастағы (65-96 жас) және жас пациенттердің зақымданбаған терісіне қолданудың тиімділігі мен (ауыруды басатын әсерге қол жеткізу мерзімін қоса) қауіпсіздігінде айрмашылықтар анықталмаған.

Лидокаин+прилокаин кремінің беткейлік тамырларға әсері есебінен терінің уақытша бозаруы немесе қызаруы орын алу мүмкін. Жайылған нейродермитті (атопиялық дерматиті) бар пациенттерде мұндай реакциялар жылдамдырақ, кремді жаққаннан кейін 30-60 минуттан соң, ол кремнің тері жабындылары арқылы жылдам өтуін көрсетеді.

Пункциялық биопсияда лидокаин+прилокаин кремін қолдану 90% пациенттерде кремді инемен 2 мм тереңдікке енгізген кейін 60 минуттан соң және кремді инемен 3 мм тереңдікке енгізген кейін 120 минуттан соң баламалы анестезияны қамтамасыз етеді.

Лидокаин+прилокаин кремінің тиімділігі терінің түсіне және пигменттелуіне байланысты емес (I-IV терінің түрі).

Вакцинация және иммунизацияда кремді қолдану.

Лидокаин+прилокаин кремін және қызылша, қызамық, эпидемиялық паротит сияқты инфекцияларға қарсы біріктірілген вакциналарды немесе күл, көкжөтел, сіреспе, полиомиелитке қарсы бұлшықетішілік біріктірілген вакциналарды және b түріндегі Haemophilius influenza туғызған инфекцияларда, сондай-ақ В гепатитіне қарсы вакцинацияда жергілікті қолданғанда, кремді қолдану антиденелердің орташа титріне, қан сарысуындағы арнайы антиденелердің пайда болу және жойылу жылдамдығы немесе иммунизациядан кейін антиденелердің қорғаушы немесе оң титріне қол жеткізген пациенттердің санына әсер етпейді.

Жыныс мүшелерінің шырышты қабығы.

Анестезия препаратының жылдам сіңірілуінен зақымданбаған тері анестезиясымен салыстырғанда, Анеста кремінің әсерімен жылдам жетеді.

Әйелдерде лидокаин+прилокаин кремін жыныс мүшелерінің шырышты қабығына қолданғаннан кейін 5-10 минуттан соң аргон лазерін қолданудан туындаған ауыруды басу үшін жеткілікті анестезияға қол жеткізеді; анестезияның ұзақтығы 15-20 минут (жеке ерекшеліктерді ескере отырып – 5-тен 45 минутқа дейін).

Аяқ-қолдың трофикалық ойық жаралары.

Аяқ-қолдың трофикалық ойық жараларын өңдеу кезінде кремді жаққан соң ауыруды басу ұзақтығы 4 сағатқа дейін. Препараттың ойық жаралар жазылу барысына немесе трофикалық ойық жаралар бетінің бактериялық флорасы көбеюіне қатысты теріс әсері байқалмады.

Қолданылуы

Анеста кремі ауыруды жергілікті басатын дәрі ретінде көрсетілген және мына жағдайарда қолданылады:

Ересектерде:

  • инъекцияларда (оның ішінде вакцинацияларда), пункцияларда және тамырларды катетерлеуде және беткейлік хирургиялық араласуларда, сондай-ақ шағын косметологиялық емшаралар және эпиляцияларда беткейлік анестезиясында

  • хирургиялық өңдеуде (механикалық тазарту), мысалы, фибрин, ірің және некроздық тіндерді алып тастау үшін аяқтың трофикалық ойық жаралардың беткейлік анестезиясында

  • ауыртатын манипуляциялар жүргізгенде және анестетиктерді инъекциялау алдында ауыруды басу үшін жыныс мүшелерінің шырышты қабығының беткейлік анестезиясында

Балаларда:

  • инъекцияларда (оның ішінде вакцинацияларда, пункцияларда және тамырларды катетерлеу мен беткейлік хирургиялық араласуларда (оның ішінде контагиозды моллюсканы алып тастау) терінің беткейлік анестезиясында.

Қолдану тәсілі және дозалары

Анеста кремін сыртқа, теріге немесе шырышты қабыққа қолданады. Кремді қолданудың тиісті көрсетілімдерінде нұсқалған жағдайда, крем жағылатын аумақты окклюзиялық таңғышпен таңу керек.

Ересектер

Инені енгізгенде (оның ішінде пункция кезінде, тамырларды катетерлеуде, қан сынамаларын алу үшін):

Анеста кремін дозалау 10 см2 теріге шамамен 2 г крем есебінен жүргізіледі. Кремді теріге қалың етіп жағады да, окклюзиялық таңғыш таңады. Кремнің әсер ету уақыты шамамен 1 сағаттай болуы керек (ең жоғары әсе ету уақыты 5 сағат).

Шағын беткейлік хирургиялық араласуларда (сүйелдерді алып тастағанда, контагиозды моллюсканы алып тастағанда), шағын косметологиялық емшаралар және эпиляцияда.

Анеста кремін дозалау 10 см2 теріге шамамен 1,5-2 г крем есебінен жүргізіледі. Кремді теріге қалың етіп жағады да, окклюзиялық таңғыш таңады. Кремнің әсер ету уақыты шамамен 1 сағаттай болуы керек (ең жоғары әсе ету уақыты 5 сағат).

Жаңа қырынған терінің ауқымды аумағына (амбулаториялық жағдайларда), косметологиялық және басқа емшаралар алдында, мысалы, эпиляция емшарасының алдында.

Анеста кремін теріге қалың етіп жағады да, окклюзиялық таңғыш таңады. Аппликацияның ең жоғары ұсынылатын ауқымы 600 см2, кремнің ең жоғары ұсынылатын бір реттік дозасы 60 г. Кремнің әсер ету уақыты шамамен 1 сағаттай болуы керек (ең жоғары әсе ету уақыты 5 сағат).

Терінің ауқымды аумағына беткейлік хирургиялық емшаралар (стационарлық жағдайда), мысалы, теріні ыдыратылған бөлік әдісімен теріні алу.

Анеста кремін дозалау 10 см2 теріге шамамен 1,5-2 г крем есебінен жүргізіледі. Кремді теріге қалың етіп жағады да, окклюзиялық таңғыш таңады. Кремнің әсер ету уақыты шамамен 1 сағаттай болуы керек (ең жоғары әсе ету уақыты 5 сағат).

Аяқтың трофикалық ойық жараларының беткейлік анестезиясында.

Аяқтың трофикалық ойық жараларын хирургиялық өңдеуде (механикалық тазартуда) ойық жараның бетіне кремді шамамен 1-2 г крем/10 см2 есебінен, бірақ жинақтап келгенде бір емшараға 10 г кремнен асырмау керек. Окклюзиялық таңғыш таңады. Кремнің аппликация уақыты кем дегенде 30 минут.

Тіндеріне препараттың енуі қиындаған ойық жараларды өңдеген жағдайда, аппликация ұзақтығын 60 минутқа дейін арттыруға болады. Кремді сүртіп тастағаннан кейін 10 минуттан кешіктірмей механикалық тазартуды бастау керек.

Трофикалық ойық жараларды өңдеуге арналған кремді қолданғанда кремі бар ашылған сықпа бір рет қолдануға арналған. Кремнің қалдығы бар сықпаны кремнің микробтық контаминациясына жол бермеу үшін бір пациентке қолданғаннан кейін тастау керек.

Жыныс мүшелерін беткейлік анестезиялауда

Жергілікті анестетиктерді инъекциялау алдында жыныс мүшелерінің терісінің ауыруын басу:

Ерлер – 1 г/10 см2. Кремді теріге қалың етіп жағады. Аппликациялау уақыты – 15 минут.

Әйелдер – 1-2 г/10 см2. Кремді теріге қалың етіп жағады. Аппликациялау уақыты – 60 минут.

Кондиломаларды алып тастағанда жыныс мүшелерінің шырышты қабықтарын беткейлік анестезиялау және ауыруды басу үшін жергілікті анестетиктерді инъекциялау кезінде

Кремді шырышты қабықтың қыртыстарын қоса, өңделетін беттің ауқымына байланысты 5-10 г кремді жиынтықты бір рет қолдану есебінен шырышты қабықтың бетіне түгел жағу керек. Окклюзиялық таңғышты таңудың қажеті жоқ. Аппликациялау уақыты 5-10 мин. Кремді сүртіп тастағаннан кейін қажетті емшараларды жүргізу керек.

Балалар

Инені енгізу кезінде (оның ішінде вакцинациялауда) ауыруды басу үшін және аздаған беткейлік хирургиялық араласуларда (оның ішінде контагиозды моллюсканы алып тастау):

  • Туылғаннан 3 айға дейін немесе салмағы 5 кг-ден кіші: ең үлкен 10 см2 алаңға кремді 1 г-ден аса жақпау керек, оны теріде 1 сағаттан аса қалдыруға болмайды.

  • 3-тен 12-ға дейінгілер немесе салмағы 5 кг-ден аса: ең үлкен 20 см2 алаңға кремді 2 г-ден аса жақпау керек, оны теріде 4 сағаттан аса қалдыруға болмайды.

  • 1 жастан 6 жасқа дейінгілерге немесе салмағы10 кг-ден аса: ең үлкен 100см2 алаңға кремді 10 г-ден аса жақпау керек, қажет болғанда кремді теріде 1 сағаттан аса қалдыруға, бірақ 4 сағаттан аса қалдыруға болмайды.

  • 6- дан 12 жасқа дейінгілерге немесе салмағы 20 кг-ден аса: ең үлкен 200 см2 алаңға кремді 20 г-ден аса жақпау керек, қажет болғанда кремді теріде 1 сағаттан аса қалдыру ұсынылады, қажет болса одан да ұзақ уақытқа қалдыруға болады, бірақ 4 сағаттан аса қалдыруға болмайды.

Аппликация уақытының бұдан әрі артуы анестезияны азайтады.

Жайылған атопиялық дерматиті бар балаларда аппликация уақытын 30 минутқа дейін азайту керек.

Кремді теріге қалың етіп жағады да, окклюзиялық таңғыш таңады.

Жағымсыз әсерлер

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы (ДДҰ) жағымсыз әсерлерді дамыту жиілігін жіктеу: өте жиі >1/10,жиі > 1/100- ден < 1/10-ға дейін, жиі емес > 1/1000-нан < 1/100-ге дейін, сирек >1/10000-нан < 1/1000-ға дейін, өте сирек < 1/10000, жеке хабарларды қоса.

Жиі (>1%/<10%) тері: препаратты енгізу тұсында, бозғылттық, қызару және ісіну сияқты транзиторлы жергілікті реакциялар. Препаратты жаққан орынның, аяқтағы трофикалық ойық жараларға жаққанда беткейлік күйдіру, қышыну және жылуды сезіну;

Жиі емес (>0,1%<1%) тері: жаққаннан кейін алғашқы сәтте препаратты жаққан орынның беткейлік күйдіру және қышыну (аяқтағы трофикалық ойық жараларға жаққанда);

Сирек (>0,01%<0,1%) жалпы: аллергиялық реакциялар, ең ауыр жағдайлары - анафилаксиялық шок. Препаратты жаққан орындағы реакциялар, әсіресе атопиялық дерматиті мен контагиозды моллюскалары бар балаларда ұзақ аппликациялаудан кейін (геморрагиялық бөртпе, нүктелік қан құйылулар). Метгемоглобинемия және/немесе цианоз. Препарат көзге кездейсоқ түсуінің салдарынан мөлдір қабықтың тітіркенуі.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- анамнезде жергілікті қолдануға арналған амидті анестетиктерге немесе осы препараттың кез келген басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық байқалған пациенттерге

- шала туылған, жүктіліктің 37 апталық мерзімінде туылған нәрестелерге

- дене салмағы 3 кг-ден кіші жаңа туылған нәрестелерге

Сақтықпен

Глюкоза-6-фосфатдегидрогеназаның жеткіліксіздігі, тұқым қуалайтын немесе идиопатиялық метгемоглобинемия, жайылған нейродермит (атопиялық дерматитте), аритмияға қарсы III класты препараттарды (амиодарон және т.б.) қабылдайтын пациенттерге.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Метглобинемия дамуын туғызуы мүмкін басқа дәрілік препараттарды (мысалы, құрамында сульфо-тобы бар препараттар) қатар қолданатын пациенттерде прилокаин метгемоглобинемия пайда болуының қосымша себебі болуы мүмкін.

Жүрек жирылуы және жиілігіне аддитивті әсер етуінен мысалы, токаинид пен мексилетин сияқты аритмияға қарсы III класты препараттарды қатар қолданғанда Анеста препаратын (лидокаинді-прилокаинді кремді) сақтықпен қолдану керек.

Лидокаин мен прилокаин амиодарон және соталол сияқты аритмияға қарсы препараттармен бірлестіре қабылдағанда сақтықпен қолдану керек, өйткені жүрек ырғағы бұзылуын және ЖЖЖ өзгеруінің даму қаупін арттырады.

Айрықша нұсқаулар

Аймақтық және жергілікті анестезия тиісті түрде жабдықталған үй-жайда шұғыл қолдануға дайын жүрек қызметінің мониторингтеу және реанимациялық іс-шаралар жүргізу үшін қажетті жабдықтар мен препараттардың қол жетімдігімен тәжірибелі мамандар жүргізу керек. Анестезияны орындайтын қызметкерлер білікті және анестезияны орындау техникасына үйретілген болуы керек, жүйелі уытты реакциялар, жағымсыз құбылыстар және басқа асқынуларды диагностикалау және емдеумен таныс болуы керек.

Глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа жеткіліксіздігі, тұқым қуалайтын немесе идиопатиялық метгемоглобинемиясы бар пациенттер дәріге-тәуелді метгемоглобинемияға бейім екендігін ескеру керек.

Жаңа туылған нәрестелердің табанынан қан алу кезінде кремді қолданудың тиімділігі анықталмаған.

Препаратты атопиялық дерматитте теріге жаққан жағдайда сақ болған жөн; аппликация уақыты азайтылуы керек (15 – 30 минут).

Аритмияға қарсы III класты препараттарды (мысалы, амиодарон) қабылдайтын пациенттер тұрақты бақылау және ЭКГ бақылануы тиіс, өйткені жүрек қызметіне әсер етуі мүмкін.

Жасы 3 айдан кіші балалар /жаңа туылған нәрестелерге Анеста кремін жаққаннан кейін 12 сағат ішінде клиникалық маңызы жоқ қан плазмасындағы метгемоглобин деңгейінің өтпелі маңызды емес.

Алайда, Анеста кремін 1 г дозада баланы сүндетке отырғызу рәсімін жүргізгенде жыныс мүшесінің ұшына жағудың қауіпсіздігі дәлелденген. Атопиялық дерматиті бар пациенттерге Анеста кремін пайдаланғанда сақ болған жөн. Бұл жағдайда аппликация уақытын 15-30 минутқа дейін азайтылуы керек. Атопиялық дерматиті бар пациенттерге жоғарыда көрсетілген 30 минутқа қолдану уақытын кем дегенде 5 минутқа ұлғайту жергілікті тамыр реакциясының күшеюі жағдайлары артуына, атап айтқанда Анеста кремі жағылған тұстың қызаруына және кейбір жағдайларда петехиялар мен қызғылт-қоңыр дамуына әкеп соғуы мүмкін.

Анеста кремін көздің айналасындағы тұсқа жаққанда әсіресе сақ болған жөн, өйткені бұл крем көзді тітіркендіруі мүмкін. Қорғаушы рефлекстерден айрылу мөлдір қабықтың тітіркенуінің және оның зақымдануының себебіне айналуы мүмкін. Крем көзге түскен жағдайда тез арада сумен немесе натрий, хлоридінің 0,9%- ерітіндісімен шаю керек, содан соң зақымданған көздің рефлекстері толық қалпына келгенге дейін оны жабу керек.

Кремді құлақ пердесі немесе құлақтың зақымданған ортаңғы тұсына енуі мүмкін басқа жағдайларда қолданбау керек.

Кремді ашық жараларға жағуға болмайды.

Препараттың сіңірілуі туралы ақпарат жеткіліксіз болғандықтан балалардың жыныс мүшелерінің шырышты қабағына жағуға болмайды.

Лидокаин мен прилокаин 0.5-2%-дан жоғары концентрацияда бактерицидті және вирусқа қарсы әсерге ие. Осыған орай, тірі вакцинаны (мысалы, БЦЖ) тері астына енгізудің алдында кремді қолданғанда сақ болу керек.

Деректер болмауына байланысты Анеста кремін және метгемоглобинемияны туғызатын препараттарды жаңа туылған нәрестелерден 12 айға дейінгі балаларға біріктіре қолдану ұсынылмайды.

3 айға дейінгі балаларға лидокаин+прилокаин кремін қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі бір реттік дозаны жаққаннан кейін анықталған. Мұндай балаларда кремді жаққаннан кейін қанда метгемоглобин құрамының ұзақтығы 13 сағатпен уақытша артуы байқалған. Алайда қанда метгемоглобин құрамының байқалатын артуының клиникалық мәні жоқ.

Жүктілік

Лидокаин мен прилокаин плацентарлық бөгет арқылы өтетіні белгілі және шаранының тіндеріне сіңуі мүмкін. Алайда қазіргі сәтте лидокаин+прилокаин кремін жүкті әйелдерге қолдану туралы деректер жеткіліксіз мөлшерде. Жануарларға зерттеулер жүргізу барысында препараттың жүктілікке, ұрықтың құрсақішілік дамуына, босау барысына және постнатальді дамуына тікелей немесе жанама әсері анықталған жоқ. Бүгінгі таңда ұрпақ өрбіту үрдісінің, мысалы, дамудың ақаулары және адамның шаранасына тікелей немесе негізделген жағымсыз әсері санының артуы сияқты қандай да бір ерекше бұзылулар туралы деректер жоқ. Алайда жүкті әйелдерді емдегенде бұл кремді тек аса қажет жағдайда ғана, егер анаға деген қауіп шаранаға деген қауіптен жоғары болса пайдалануға болады.

Лактация.

Лидокаин мен прилокаинді емдік дозаларда қолданғанда бала үшін қауіпті емес мөлшерде ана сүтіне шығарылады.

Дәрілік препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері.

Ықпал етпейді.

Артық дозалануы

Препаратты дозалаудың ұсынылған режимін сақтағанда жүйелі уыттылық белгілері дамуы шамалы. Уыттану симптомдары, мысалы орталық жүйке жүйесі (ОЖЖ) қозуы, ауыр жағдайларда ОЖЖ және жүрек қызметінің бәсеңдеуі сияқты басқа жергілікті анестетиктерін қолданғандағыдай. Сирек жағдайларда клиникалық маңызды метгемоглобинемия дамуы байқалған. Прилокаиннің жоғары дозалары метгемоглобин деңгейі құрамының артуын туғызуы мүмкін.

125 мг прилокаинді 5 сағат беткейлік жағу 3 айлық балада орташа метгемоглобинемия дамуын туғызды. Лидокаинді жаңа туылған нәрестелерде 8,6 - 17,2 мг/кг дозада беткейлік жағу күрделі уыттануды туғызған.

Емі: Ауыр неврологиялық симптомдар (құрысулар, орталық жүйке жүйесінің бәсеңдеуі) симптоматикалық емді, оның ішінде құрысуға қарсы препараттарды тағайындауды және қажет болғанда өкпені жасанды желдетуді қажет етеді. Метгемоглобинемия дамыған жағдайда метилтиониний хлориді (метиленді көк) антидот болып табылады. Препарат баяу жүйелі сіңірілетіндіктен уыттануды емдеуді бастағаннан кейін бірнеше сағат ішінде пациенттерді бақылау керек.

Шығарылу түрі және қаптамасы

5 г препарат алюминий сықпаға салынған. 5 сықпадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

30 немесе 60 г препарат алюминий сықпаға салынған. 1 сықпадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

25 °C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндірілген

«Аджио Фармацевтикалз Лтд», Үндістан

Учаске: №Т-82, M.И.Д.К., Бхосари, Пуна 411026,

Талука: Бхосари, Округ: Пуна – Аймақ 3, Үндістан

Тіркеу куәлігін ұстаушысы

«Аргументум Холдинг АГ», Швейцария

Зумпфштрассе, 15, 6300 Цуг

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды поштасы):

«Фирма Евросервис-Ист» ЖШС

Нақты мекенжайы: Алматы облысы, Талғар ауданы, Бесағаш кенті,

«Луч Востока» ӨК

Тел./факс: +7 727 389 95 45

e-mail: safety@euroservice-east.kz

Прикрепленные файлы

Анеста_крем_рус.doc 0.08 кб
Анеста_крем_каз.doc 0.12 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту