Ангиовит®

МНН: Пиридоксин, Фолиевая кислота, Цианокобаламин
Производитель: Алтайвитамины ЗАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Поливитамины
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№011452
Информация о регистрации в РК: 14.06.2013 - 14.06.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Ангиовит®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: пиридоксин гидрохлориді (В6 витамині) - 4 мг

фолий қышқылы (Вс витамині) - 5 мг

цианокобаламин (В12 витамині) - 0,006 мг

қосымша заттар: картоп крахмалы, тальк, кальций стеараты.

қабық құрамы: сахароза (қант), негізгі магний карбонаты, бидай ұны, суда еритін метилцеллюлоза, желатин, титанның қостотығы Е171, ара балауызы, күнбағыс майы.

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, ақ түсті қабықпен қапталған таблеткалар, көлденең қиындысында екі қабаты көрінеді.

Фармакотерапиялық тобы

Поливитаминдер

АТХ коды А11ВА

Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы

Пиридоксин гидрохлориді6 витамині)

Асқазан-ішек жолында жеңіл сіңіріледі және бауырда пиридоксальфосфатқа - пиридоксин гидрохлориді витаминінің6 витамині) белсенді формасына өзгереді. В6 витаминінің биологиялық белсенді, коферментті формасы оның фосфорилденген туындылары болып табылады: пиридоксаль -5- фосфаты және пиридоксамин -5- фосфаты. Метаболизмнің ақырғы өнімі бүйрекпен шығарылатын 4-пиридоксил қышқылы болып табылады.

Фолий қышқылы

Фолий қышқылының физиологиялық дозалары (1мг) белсенді сіңірілу жолымен, ал жоғары дозалар - диффузия жолымен абсорбцияланады. Фолий қышқылы қарапайым гидролизаттар түрінде сіңіріледі. Гидролизді жүзеге асыратын ферменттердің ең жоғары мөлшері он екі елі және аш ішекте болады. Фолий қышқылы организмдің барлық тіндеріне таралады. Организмдегі жалпы мөлшері 5-тен 10мг-ға дейін ауытқиды, соның ішінде 1/3-ге жуығы бауырда, ең алдымен метилфолат формасында болады. Фолий қышқылының метаболизмі және оның тіндердегі биотрансформациясы соңына дейін зерттелмеген.

Цианокобаламин (В12 витамині) асқазанның шырышты қабатының париетальді жасушаларымен өндірілетін ішкі фактор – гликопротеид В12 витаминінің сіңірілу орнына, мықын iшекке В12 витаминінің тасымалдағышы қызметін атқарады және осы үдерісті жеңілдетеді. Ішкі фактордың көмегімен жүзеге асырылатын ішектің шырышты қабаттары арқылы белсенді тасымалдануы ішке қабылданған витаминнің 90%-ының келіп түсуін қамтамасыз етеді. Миллиграммен өлшенетін витаминнің жоғары дозалары ішкі фактордың қатысуынсыз, қарапайым диффузия жолымен сіңірілуі мүмкін. Сіңірілудің бұл типінің тиімділігі төмен, себебі ол витаминнің қабылданған дозасының 1,5%-ының ғана келіп түсуін қамтамасыз етеді. В12 витаминін жинақтаудың негізгі орны бауыр болып табылады. Жоғары мөлшерде, сондай-ақ көкбауырда және бүйректе, сәл төмен бұлшықетте жинақталады. Витаминнің метаболизмі өте баяу өтеді. Бауырда жартылай өмір сүру кезеңі 12 айға жуық құрайды. В12 витамині организмдегі жалпы мөлшерінен тәулігіне 0,2-0,3% шамасында өтпен шығарылады. Ішекте оның негізгі бөлігі деабсорбцияланады, яғни В12 витаминіне энтерогепатикалық айналым тән. Витаминнің бос фракциясы тәулігіне 0,25мг-ға дейін несеппен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Ангиовит құрамында В тобындағы витаминдер бар кешенді препарат болып табылады. Организмде транссульфурацияның маңызды ферменттерін белсенділендіру және метионин - метилентетрагидрофолатредуктаза мен цистатион-В-синтетазаны реметилирлеу қабiлетін иеленіп, оның нәтижесiнде метионин көлемін жеделдету және қанда гомоцистеин концентрациясының төмендеуі жүреді.

Гипергомоцистеинемия атеросклероз бен артериялық тромбоздың, сондай-ақ миокард инфарктының, мидың ишемиялық инсультiнің, диабеттік ангиопатияның даму қаупінің маңызды факторы болып табылады. Гипергомоцистеинемияның пайда болуына организмде фолий қышқылының және В6 мен В12 витаминдерінің тапшылығы ықпал етеді.

Аталған витаминдерді кешендi қолдану аясында қанда гомоцистеин деңгейін қалпына келтіру атеросклероз бен тромбоздың өршуіне кедергi келтiредi, жүректiң ишемиялық ауруының дамуын, ми қанайналымының бұзылуын, диабеттік ангиопатияны жеңiлдетедi.

Қолданылуы

  • жүректiң ишемиялық ауруында, атеросклероздық генездегі ми қанайналымының жеткіліксіздігінде, ересектердегі диабеттік ангиопатияда кешенді терапияда.

  • гипергомоцистеинемияда.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерге және 14 жастан асқан балаларға ас қабылдауына қарамастан, ішке күніне 1 таблеткадан

Емдеу курсы 20 - 30 күн.

Жағымсыз әсерлері

- В6, В12 витаминдерін және фолий қышқылын қабылдауда аллергиялық реакциялар

- сирек: іштің кебуі, метеоризм, сырқаттық күй, ашушаңдық

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Фолий қышқылы

Фенитониннің тиімділігін төмендетеді (оның дозасын ұлғайту талап етіледі).

Анальгетиктер (ұзақ терапия), құрысуға қарсы препараттар (соның ішінде фенитонин және карбамазепин), эстрогендер, ішке қабылданатын контрацептивтер фолий қышқылының қажеттілігін ұлғайтады.

Антацидтер (соның ішінде алюминий және магний препараттары), колестирамин, сульфонаминдер (соның ішінде сульфсалазин) фолий қышқылының абсорбциясын төмендетеді.

Метотрексат, пириметамин, триамтерен, триметоприм дигидрофолатредуктазаны тежейді және фолий қышқылының әсерін төмендетеді.

Пиридоксин гидрохлориді

Диуретиктердің әсерін күшейтеді; леводопаның белсенділігін әлсіретеді.

Изоникотин гидразиді, пеницилламин, циклосерин және құрамында эстроген бар ішке қабылданатын контрацептивтер пиридоксиннің әсерін әлсірейді.

Жүрек гликозидтерімен (пиридоксин миокардтың жиырылтқыш ақуыздарының синтезiнің жоғарылауына мүмкiндiк туғызады), глутамин қышқылымен және аспаркаммен біріктірілімі жақсы көтерілімді (гипоксияға тұрақтылығы жоғарылайды).

Цианокобаламин

Аминогликозидтер, салицилаттар, эпилепсияға қарсы препараттар, колхицин, калий препараттары цианокобаламиннің абсорбциясын төмендетеді. Тиамин аясында аллергиялық реакциялардың даму қаупін күшейтеді.

Қанның ұйығыштығын жоғарылататын препараттармен біріктіруге болмайды.

Айрықша нұсқаулар

Жүктілік және лактация кезеңі.

Ангиовит препаратын қажет болған кезде дәрігердің тағайындауы бойынша қолдануға болады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Препараттың жағымсыз әсерінің симптомдарының күшеюі, жүрек айнуы, бас айналу.

Алғашқы көмек асқазан-ішек жолын шаюдан, белсенділендірілген көмірді қабылдаудан, симптоматикалық терапиядан тұрады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салынған.

6 пішінді қаптама медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25° С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл.

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Алтайвитамины» ЖАҚ, Ресей Федерациясы

659325, Ресей, Алтай өлкесі, Бийск қ-сы, Заводская к-сі, 69

Тел.: (3854) 32-69-43, 32-69-46

Факс: (3854) 32-71-53, 32-76-40

Тұтынушылардан өнімнің (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы, телефон нөмірі, факс нөмірі, электронды поштасы.

«Алтайвитамины» ЖАҚ, Ресей Федерациясы

659325, Ресей, Алтай өлкесі, Бийск қ-сы, Заводская к-сі, 69

Тел.: (3854) 32-69-43, 32-69-46

Факс: (3854) 32-71-53, 32-76-40

Прикрепленные файлы

091331211477976890_ru.doc 54 кб
173819111477978055_kz.doc 72.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники