Ангин-Хеель СД

Производитель: Биологише Хайльмиттель Хеель ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Другие комбинированные препараты, применяемые при простудных заболеваниях
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№018174
Информация о регистрации в РК: 24.11.2016 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Ангин-хеель сд

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар:

Apis mellifica D4

30.0 мг

Arnica montana D4

30.0 мг

Atropa bella-donna D4

60.0 мг

Hepar sulfuris D6

60.0 мг

Hydrargyrum bicyanatum D8

30.0 мг

Phytolacca americana D4

30.0 мг

қосымша заттар: лактоза моногидраты, магний стеараты.

Сипаттамасы

Ақтан сарғыш-ақ түске дейін, дөңгелек пішінді, беткейі жайпақ, ойығы бар, иіссіз таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Суық тию симптомдарын жоюға арналған басқа да біріктірілген препараттар.

АТХ коды R05X

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Гомеопатиялық препараттардың фармакокинетикалық қасиеттерін зерттеу мүмкіндігі жоқ.

Фармакодинамикасы

Ангин-Хеель СД – гомеопатиялық препарат, организмнің қорғаныс күшін белсенділендіруге және препарат құрамына кіретін өсімдік текті, минералды және жануар текті заттар есебінен бұзылған қызметтерді қалыпқа түсіруге негізделген уытсыздандыратын, қабынуға қарсы, антисептикалық әсер береді.

Қолданылуы

- тонзиллитте

Қолдану тәсілі және дозалары

Бір реттік доза: ересектерге 1 таблетка сублингвальді (толық сорылғанға дейін). Тамақтан 15-20 минут бұрын немесе тамақтан кейін 1 сағаттан соң тәулігіне 3 рет қабылдау керек. Ауру жедел басталған жағдайда бір реттік дозаны әр 30-60 минут сайын, күніне 12 таблеткаға дейін қабылдайды. Созылмалы ауруларда 1 таблетканы күніне 1-3 рет ауызда сору керек.

Сауыққаннан кейін асқыну профилактикасы мақсатында тәулігіне 2 рет Ангин-Хеель препаратын қабылдауды 3-5 күн бойы жалғастыру ұсынылады.

Жағымсыз әсерлері

- сілекейдің көп бөлінуі (препарат қабылдауды тоқтатып, дәрігер кеңесін алу керек)

- аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • қашқаргүл тұқымдас (күрделі гүлді) өсімдіктерге және препараттың қосымша немесе басқа да белсенді компоненттеріне аса жоғары сезімталдықта

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі анықталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Аурудың бұрыннан бар симптомдары уақытша асқынуы мүмкін. Бұл жағдайда препарат дозасын төмендету және оны қабылдау аралығын ұлғайту немесе препарат қабылдауды уақытша тоқтату керек.

Егер симптомдары жойылмаса, дәрігер кеңесін алу керек. Тонзиллиттің анықталмаған диагнозы немесе үнемі қайталанып отыратын тонзилитте, сондай-ақ жоғары температура 3 күннен артық болса немесе температура 39 0С артық болса, дәрігермен кеңесу керек.

Препарат құрамында лактоза бар, сондықтан лактоза көтере алмайтын, Lapp-лактазы ферментінің және мальабсорбция глюкоза-галактоза тапшылығы бар пациенттер препаратты қолданбаулары керек.

Педиатрияда қолданылуы

Берілген препаратты балаларда пайдалану тәжірибесінің құжатты деректері жеткіліксіз.

Жүктілік және лактация кезеңі

Алдын ала дәрігермен кеңескеннен кейін ғана қолдану керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралдары мен қауіптілігі зор механизмдерді басқаруға әсер етпейді.

Артық дозалануы

Препараттың артық дозалану жағдайы туралы сипатталмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Полипропиленнен жасалған тығын-қақпағы бар полипропилен контейнерге 50 таблеткадан салынған.

1 контейнерден медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 9 °C-ден 29 °C-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Биологише Хайльмиттель Хеель ГмбХ

Д-р Рекевег-штрассе 2-4, 76532 Баден-Баден, Германия

Тіркеу куәлігінің иесі

Биологише Хайльмиттель Хеель ГмбХ

Д-р Рекевег-штрассе 2-4, 76532 Баден-Баден, Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсынымдарды) қабылдайтын; дәрілік заттың тіркеуден кейін қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«AEM Services» ЖШС

050040, ҚР, Алматы, әл-Фараби даңғ, 75А үй, 102-103 кеңсе

aemservices@mail.ru

+7 707 798 83 83

Прикрепленные файлы

Ангин_Хеель_СД,_инструкция_рус.doc 0.06 кб
Ангин_Хеель_СД_инструкция_каз.doc 0.05 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники