Ангал® С

МНН: Лидокаин, Хлоргексидин
Производитель: Квалифар Н.В./С.А.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Препараты для лечения заболеваний глотки
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№022378
Период регистрации: 20.09.2016 - 20.09.2021

Инструкция

Саудалық атауы

Ангал® С

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Жергілікті қолдануға арналған лимон дәмімен спрей

Құрамы

100 мл ерітіндінің құрамында

белсенді заттар: 1.064 г хлоргексидин диглюконатының 20% ерітіндісі

0.050 г лидокаин гидрохлориді

қосымша заттар: лимон қышқылының моногидраты, сукралоза

лимон хошиістендіргіші 502336Т, пропиленгликоль, глицерин, 96% этил спирті, тазартылған су.

Сипаттамасы

Лимон және спирт иісті, лимон дәмді мөлдір түссіз ерітінді.

Фармакотерапиялық тобы

Респираторлық жүйе ауруларын емдеуге арналған препараттар.

Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар.

АТX коды R02А

Фармакологиялық қасиеттері

Ангал® С препараты жергілікті ауыруды басатын және бактерияларға қарсы әсер береді. Препарат тамақтың өте ауыр бактериялық инфекцияларының даму ықтималдылығын төмендетіп, тамақтың қабынуын азайтады және тітіркену мен жұтыну кезіндегі ауыруды жеңілдетеді.

Фармакокинетикасы

Сіңірілуі

Хлоргексидин пероральді немесе жергілікті қолданылған кезде нашар сіңеді.

Зақымданған теріге жергілікті жағудан кейін, хлоргексидин диглюконаты терінің сыртқы қабатында сіңіріледі, ол микробтарға қарсы тұрақты әсерге әкеледі. Фармакокинетикалық зерттеулерде шайғаннан кейін хлоргексидиннің шамамен 30%-ы ауыз қуысында қалады, содан кейін хлоргексидин сілекеймен бірге біртіндеп шығарылады.

Лидокаиннің жүйелік сіңірілу жылдамдығы енгізілген жерге және енгізу жолына байланысты өзгеріп отырады. Ол асқазан-ішек жолынан, шырышты қабықтардан және зақымданған тері арқылы тез сіңіріледі, алайда жүйелік қан айналымына өтер алдында ол толық ыдырайды. Дені сау ересектерде ауызды шаюға арналған 2% ерітіндіні қолдану плазмадан табылған лидокаин концентрациясының пайда болуына әкелген жоқ. Иммунитеті бәсеңдеген балаларда және ересектерде лидокаин ауыз қуысының шырышты қабығы арқылы плазмаға кері сіңіріледі. Бұл мәндер шамамен 0.2 мкг/мл құрайды, ал плазмадағы уытты концентрациясы 5 мкг/мл құрайды.

Жергілікті қолданғанда лидокаиннің ауыруды басатын әсері тез – 2-5 минуттан соң дамиды және 30 – 45 минутқа созылады. Анестезия беткейлік болып табылады және шырыш астындағы құрылымға таралмайды.

Таралуы

Хлоргексидин сілекейде ақуыздармен мықты байланысады.

Лидокаин тіндерге (бүйрек, өкпе, бауыр, жүрек, май тіндері) жақсы таралады. Лидокаин гематоэнцефалдық бөгет және плацента арқылы өтеді және ана сүтінде экскрецияланады.

Метаболизмі және экскрециясы

Хлоргексидин организмде жиналып қалмайды. Ол нашар метаболизденеді.

Ішке 300 мг хлоргексидин диглюконатын қабылдағаннан кейін дозаның 90%-ға жуығы өт арқылы нәжіспен шығарылады 1%-дан азы несеппен шығарылады.

Лидокаин бауыр арқылы алғаш өту кезінде метаболизденеді, ал оның биожетімділігі пероральді түрде қабылдаудан кейін 35% құрайды. 90%-ы бауырда деэтилденеді. Алғашқы екі метаболит фармакологиялық тұрғыдан белсенді болып табылады. Кейбір пациенттерде осы екі метаболит орталық жүйке жүйесіне уытты әсер етеді.

Лидокаин организмнен метаболиттер түрінде бүйрек арқылы шығарылады, 10%-ы организмнен өзгермеген зат түрінде шығарылады. Лидокаиннің биологиялық жартылай шығарылуы ересектерде 1,5-тен 2 сағатқа дейін жүреді. Лидокаин метаболиттерінің биологиялық жартылай шығарылуы 2-ден 10 сағатқа дейін жүреді.

Фармакодинамикасы

Лидокаин гидрохлориді амид типті шеткері анестетик болып табылады. Жергілікті анестетик болған лидокаиннің осы топтың басқа препараттарындағы сияқты әсер ету механизмі бар, ол сезімталдық, қимыл-қозғалыс және вегетативтік жүйке талшықтарындағы жүйке импульстерінің генерациясын және жүруін бөгейді. Ол жасушалардың жарғақшаларынан тікелей әсер етіп, жарғақша арқылы жүйке талшықтарына натрий иондарының түсуін тежейді. Ауыруды басатын әсерінің үдеп жайылуымен байланысты шеткері жүйкелерде электрлік қозу шегі артады, жүйке импульсін өткізу баяулайды, ал әсер ету потенциалының жасалуы бәсеңдейді, бұл ақырында жүйке импульсінің толық бөгелуіне әкеледі. Жалпы алғанда, жергілікті анестетиктер вегетативтік жүйкелерді, миелинизацияланбаған ұсақ жүйкелерді (ауыру сезімі) және миелинизацияланған ұсақ жүйкелерді (ауыру сезімі, температура), миелинизацияланбаған ірі талшықтарға (жанасу сезімі, қысым) қарағанда, тезірек бөгейді.

Молекулалық деңгейде лидокаин белсенді емес жағдайда натрийлік ион өзектерін спецификалық тұрғыдан бөгейді, бұл лидокаинді жүйкеге жақын жергілікті пайдаланғанда жүйке импульстерінің жүруіне кедергі келтіріп, әсер ету потенциялының генерациялануына кедергі жасайды.

Шеткері жүйкелерге әсері лидокаинді жергілікті ауыруды басатын дәрі ретінде пайдаланған кезде маңызды болып табылады. Тиімділігі мен уыттылығының арасындағы арақатынас жағымды болып табылады. Лидокаинмен туындаған аллергиялық реакциялар өте сирек байқалады.

Бұдан басқа, шеткері жүйкелер өткізгіштігі бөгелген кезде жергілікті ауыруды басатын дәрілер өткізгіштік импульсі пайда болатын барлық ағзаларға ықпалын тигізеді. Орталық жүйке жүйесіне, автономды ганглийлерге, жүйке-бұлшықет қосылысына және бұлшықет талшықтарының барлық түрлеріне әсері байқалды. Лидокаин сондай-ақ аритмияға қарсы ІВ класына жататын препарат болып табылады.

Хлоргексидин бактерияларға (мысалы, Micrococcus sp., Staphylococcus sp., Bacillus sp., Clostridium sp., Corinebacterium sp.) қарсы грамоң ретінде әсер ететін және аздаған дәрежеде грамтеріс микроорганизмдерге, көбіне вегетативті түрге (бөлме температурасында ол бактерия спораларына қатысты тиімді емес) бис-бигуанидті антисептик болып табылады. Оның дерматофиттерге және зеңдерге қатысты микоздарға қарсы әсері бар. Ол кейбір липофильді вирустардың (мысалы, тұмау вирусы, герпес вирусы, АИТВ) инфекциялық белсенділігін тез бөгейді.

Препарат төмен концентрацияларда бактериостатик ретінде әсер етеді, ал жоғары концентрацияларда бактерицидтік әсер етеді.

Хлоргексидин оң зарядта болады, осылайша, ол бактерияның жасушалық қабырғасының теріс зарядталған аймақтарында және жасушадан тыс құрылымында сіңіріледі. Сіңірілуі спецификалық және бактериялық жасушалар қабырғасының фосфаттар бар тиісті аймағында оқшауланған. Хлоргексидин бактериялардың цитоплазмалық жарғақшасымен байланысады. Ол тістің теріс зарядталған бетінде, тіс таңдағында немесе ауыздың шырышты қабығында сіңіріледі, ол оның ауыз қуысында ұзақ болуымен жүзеге асырылады.

Антисептиктердің және дезинфекциялайтын заттардың тиімділігі концентрацияға, температураға және әсер ету уақытына байланысты.

Қолданылуы

Ангал® С спрейі мыналар үшін пайдаланылады:

• ауыздың шырышты қабығының инфекцияларын (стоматит, гингивит) және жұтқыншақтың инфекцияларын (фарингит) емдеу үшін

• тамақ қабынғанда жергілікті ауыруды басу үшін

• ангина симптомдарын және жұтқыншақтың тітіркенуін (жұтынғандағы ауыру, тітіркену) жеңілдету үшін.

Қолдану тәсілі және дозалары

Жергілікті қолануға арналған.

Ересектер және 12 жастан асқан жасөспірімдер: бүркігіштің тетігін 3-тен бастап 5 ретке дейін жүйелі басу; процедураны күніне 6-дан 10 ретке дейін қайталау керек.

6 жастан асқан балаларға: бүркігіштің тетігін 2-ден 3-ке дейін жүйелі басу. Күніне 3-тен 5 ретке дейін.

Препарат әр адамға жекелей пайдалануға арналған. Бір адамнан басқаға қолдану инфекциялардың таралуына әкеп соғуы мүмкін.

Прикрепленные файлы

116803731477976120_ru.doc 150 кб
838945771477977447_kz.doc 236.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники