Анауран

МНН: Полимиксин В
Производитель: Замбон С.П.А.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Комбинация противомикробных препаратов
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№012901
Информация о регистрации в РК: 06.03.2019 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)

Инструкция

Саудалық атауы

Анауран

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Құлақ тамшы дәрісі, 25 мл

Құрамы

100 мл ерітіндінің құрамында

белсенді заттар: полимиксин В сульфаты – 1000000 ХБ

неомицин сульфаты - 375000 ХБ

лидокаин гидрохлориді - 4,0 г,

қосымша заттар: глицерин, пропиленгликоль, бензалконий хлориді, тазартылған су.

Сипаттамасы

Сәл тұтқыр, иіссіз, мөлдір сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Құлақ ауруын емдеуге арналған препараттар.

Микробтарға қарсы препараттар.

АТХ коды SO2АА3О

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Анауран дәрілік затының компоненттері жүйелік қан ағымына сіңірілмейтіндіктен, жүйелі әсер етпейді.

Фармакодинамикасы

Анауран анестетик қасиеттерімен қосылған біріктілімде бактерияға қарсы қасиеттерді иелене отырып, көптеген отологиялық ауруларды емдеу үшін пайдаланылуы мүмкін.

Антибиотиктердің бұл біріктірілімі есту ағзаларының жұқпалы аурулары дамуына жауапты көптеген микроорганизмдерге қарсы, оның ішінде компоненттер арасындағы айқын синергизмдер нәтижесінде тиімді әсер етеді. Бұған қоса, Анауран В полимиксиннің микозға қарсы қасиеттері болуына байланысты, отомикозды емдегенде пайдаланылуы мүмкін.

Лидокаиннің анестетикалық әсері көптеген отологиялық ауруларға тән ауыру синдромын бақылауға мүмкіндік береді.

Осылайша, Анауран қабыну белгілерін және шырышты-іріңді бөлінуді олардың толық жоғалуына дейін жылдам азайтатын қабілеті бар, әрі ауыру синдромы мен қышынуды тез жеңілдетеді. Анауран, сондай-ақ ағымдағы аурудың ықтимал асқынуларына қарсы (микоздық асқынжұқпа, жарақаттық жұқпа және т.с.с.) алдын алу әсерін көрсетеді.

Қолданылуы

- жедел және созылмалы отитте

Қолдану тәсілі және дозалары

Жергілікті, сыртқы есту жолына арнайы тамшуырдың көмегімен қолдану керек. Тамызғаннан кейін ауырмайтын құлақ жаққа қарай бірнеше минут басты қисайтып ұстау керек.

Ересектерге: 4-5 тамшыдан тәулігіне 2-4 рет.

Балаларға: 2-3 тамшыдан тәулігіне 3-4 рет.

Құлақ тамшы дәрісін пайдаланар алдында сыртқы есту жолына салқын сұйықтықтың түсуіне байланысты жағымсыз сезімдерден аулақ болу үшін, оны қолда ұстап тұрып, құтыны дене температурасына дейін жылыту ұсынылады.

Емдеу курсы емдеуге нәтижесінің жылдамдығына байланысты және 7 күннен аспауы тиіс.

Жағымсыз әсерлері

Болуы мүмкін:

- аллергиялық реакциялар, гиперемия, сыртқы есту жолы терісінің қышынуы және қабыршықтануы, олар препаратты тоқтатқаннан кейін емдеусіз жоғалып кетеді

- отоуыттылық, ұзақ емдеген кезде нефроуыттылық (неомициннің сіңуі салдарынан)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың қандай да бір компонентіне жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Мономицинмен, стрептомицинмен, гентамицинмен, амикацинмен, нетилмицинмен үйлеспейді (жоғарыда аталған антибиотиктердің отоуыттылық әсері күшеюі мүмкін).

Айрықша нұсқаулар

Анауран тек қана құлақ аурулары кезінде қолданылады. Ауыр және тұрақты жұқпаларда жергілікті емдеуді антибиотиктерді жүйелі қолданумен толықтыру қажет.

Анауранды ұзақ қолдану жүргізіліп жатқан емге төзімді асқын жұқпаның дамуына әкелуі мүмкін.

Педиатрияда қолдану

1 жасқа дейінгі балаларға препаратты тек аса қажетті жағдайда және дәрігердің бақылауымен қолдану керек.

Жүктілік және лактация кезеңінде

Жүктілік және лактация кезеңінде препаратты тек аса қажетті жағдайда және дәрігердің бақылауымен қолдану керек.

Дәрілік заттың көлік құралдарын жүргізуге және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайлары сипатталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

25 мл препараттан резеңке тамшылатқышпен және алғашқы ашылуы бақыланатын қақпақпен жабдықталған күңгірт шыныдан жасалған құтыға салынған. Құты медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Құтыны алғаш ашқаннан кейінгі жарамдылық мерзімі – 3 ай

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Замбон С.п.А.,

Виа делла Кимика, 9 - 36100 Виченца, Италия

Тіркеу куәлігінің иесі

Замбон С.П.А., Италия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«ВИВА ФАРМ» ЖШС, 2-ші Остроумов к-сі, 33, Алматы қ., 050030, Қазақстан Республикасы, тел.: +7 (727) 383 74 63, факс: +7 (727) 383 74 56;

e-mail: pv@vivapharm.kz

 

4

 

Прикрепленные файлы

380404551477976753_ru.doc 47 кб
431660911477977919_kz.doc 65.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники