Анальгин (500 мг)

МНН: Метамизол натрия
Производитель: Ирбитский химико-фармацевтический завод ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Metamizole sodium
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№121895
Период регистрации: 24.12.2015 - 24.12.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Анальгин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Натрий метамизолы

Дәрілік түрі

500 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында:

белсенді зат – 500.0 мг натрий метамизолы,

қосымша заттар: сахароза, тальк, картоп крахмалы, кальций стеараты.

Сипаттамасы

Ойығы және сызығы бар, жалпақ цилиндр пішінді, ақ немесе сәл сарғыш реңді ақ түсті таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да анальгетиктер-антипиретиктер. Пиразолондар. Натрий метамизолы

АТХ коды N02BB02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдағаннан кейін жылдам және толығымен сіңеді. Қанда өзгермеген метамизол болмайды.

Метаболиттер түрінде бүйрек арқылы шығарылады. Метаболиттер емшек сүтімен бөлінеді. Әсер етуі 20-40 минуттан соң дамиды және ең жоғары шегіне 2 сағатта жетеді. Ең жоғарғы концентрацияға парентеральді енгізгеннен кейін 1-1,5 сағаттан соң жетеді. Жартылай шығарылу кезеңі шамамен 7 сағатты құрайды. Метаболиттер толығымен несеппен шығады, енгізілген дозаның 71% 0-ден 24 сағатқа дейінгі, 18% - 24-тен 48 сағатқа дейінгі аралықта байқалады.

Фармакодинамикасы

Анальгиннің ауыруды басатын, қызу түсіретін және қабынуға қарсы әлсіз әсері бар. Пиразолон туындысы болып табылады.

Әсер ету механизмі І және ІІ типті циклооксигеназа белсенділігінің тежелуімен байланысты. Нәтижесінде эйкозаноидтер синтезінің арахидонды каскадының реакциялары бөгеледі және PgE2, PgF2a простагландиндерінің, олардың эндоперекистерінің, брадикининнің түзілуі бұзылады. Антиноцицепторлық жүйе ядроларында анальгин кинуренин қышқылының бөлінуін күшейтеді, ол ауыру импульстерінің өтуін (NMDA-рецепторларға ықпал ету есебінен) тежейді.

Экстра- және проприоцепторлық рецепторлардан Голль мен Бурдах шоғырларының бойымен ауыру импульстерінің өтуіне кедергі жасайды, таламустағы ауыру орталықтарының қозу шегін арттырады. Бір мезгілде жылу берілісін күшейтіп, гипоталамустың жылу реттегіш орталығының белсенділігін төмендетеді.

Қолданылуы

- айқындылығы орташа немесе әлсіз ауыру синдромында (бас, тіс ауыруы, невралгия, миалгия, дисменорея, операциядан кейінгі ауыру)

- инфекциялық-қабынбалы аурулар кезінде қызба жағдайында

Қолдану тәсілі және дозалары

Тағамнан кейін тәулігіне 1 таблеткадан 2-3 рет. Ең жоғарғы бір реттік доза - 1 г, тәуліктік – 3 г. Ересектер мен 15 жастан асқан балаларға күніне 250-500 мг-ден (½-1 таблеткадан) 2-3 рет тағайындайды.

Ауыруды басатын дәрі ретінде тағайындаған кезде қабылдау ұзақтығын 5 күннен артық емес және ыстықты түсіретін дәрі ретінде 3 күннен артық емес.

Жағымсыз әсерлері

Сирек

- жүректің айнуы, құсу, анорексия, эпигастрий аумағындағы ауыру, метеоризм, іш қату, диарея

- бас ауыру, бас айналу, қозу, ашушаңдық

- аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі, қышыну, ангионевроздық ісіну), мультиформалы экссудативті эритема (Стивенс-Джонсон синдромы), уытты эпидермалық некролиз (Лайелл синдромы), бронхтың түйілу синдромы, анафилактикалық шок

- парестезиялар, құлақтың шуылдауы, көрудің нашарлауы, тремор, депрессия

- агранулоцитоз, лейкопения, анемия, тромбоцитопения (ұзақ уақыт қолданғанда)

- артериялық гипотензия, жүрек ырғағының бұзылуы

- олигурия, анурия, протеинурия, бүйрек функциясының бұзылуы, интерстициальді нефрит

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- анальгинге, пиразолонның өзге туындыларына (фенилбутазон, трибузон) немесе препараттың басқа қосымша заттарына жоғары сезімталдық

- глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы

- бауыр және/немесе бүйрек жеткіліксіздігі

- қан түзілуінің бәсеңдеуі (агранулоцитоз, цитотоуытты немесе инфекциялық нейтропения), анемия, лейкопения

- асқазанның және он екі елі ішектің ойық жаралы ауруы, асқазан-ішектен қан кету

- сыртартқыдағы ацетилсалицил қышқылын немесе қабынуға қарсы стероидты емес басқа дәрілерді қолданумен байланысты бронх демікпесінің ұстамалары, есекжем, жедел ринит

- 15 жасқа дейінгі балалар

- жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа анальгетик-антипиретиктермен және қабынуға қарсы стероидты емес дәрілермен бір мезгілде қолданған кезде уытты әсерлерінің өзара күшеюі мүмкін.

Анальгиннің әсері барбитураттармен, кодеинмен, гистамин рецепторларының Н2-блокаторларымен, анаприлинмен бірге қолданғанда күшейеді (препараттың белсенсізденуінің баяулауына қарай).

Тиамазолмен және цитостатикалық дәрілермен бірге қолданғанда лейкопенияның пайда болу қаупі жоғарылайды.

Анальгин қантты төмендету үшін ішілетін дәрілерді қан плазмасы ақуыздарымен байланыстан ығыстырып шығарып, сол арқылы олардың әсерін арттырады.

Әсері тікелей емес антикоагулянттардың, глюкокортикостероидтардың және индометациннің белсенділігін, олардың қан плазмасы ақуыздарымен байланысынан ығыстырылуы салдарынан, күшейтеді. Анальгин этил спиртінің тыныштандыру әсерін күшейтеді.

Анальгин қан плазмасындағы А циклоспорин концентрациясын төмендетеді.

Фенотиазин туындыларымен бір мезгілде қолданғанда айқын гипертермияның пайда болуы мүмкін.

Үш циклді антидепрессанттар, ішу арқылы қабылданатын біріктірілген контрацептивтер мен аллопуринол Анальгиннің метаболизмін баяулатады және оның уыттылығын арттырады, тыныштандыратын дәрілер және анксиолитиктер Анальгиннің ауыруды басатын әсерін күшейтеді.

Миотропты спазмолитиктермен (дротаверин, папаверин, питофенон) және м-холиноблокаторлармен (фенпивериний бромиді, платифиллин, атропин) бір мезгілде қолданғанда осы біріктірілімнің ауыруды басатын, түйілуді басатын және қызу түсіретін белсенділігінің өзара күшейгені байқалады.

Кофеин препараттың әсерін күшейтеді.

Бауырдың микросомалық ферменттері индукторларымен бір мезгілде қолданғанда Анальгиннің тиімділігі азаюы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Анальгинді ұзақ қолдану

Анальгинді 5 күннен артық ұдайы қолдану қажет болғанда апта сайын шеткергі қан көрінісін бақылап отыру қажет.

Іштің жедел ауыруы

Анальгинді іштің жедел ауыруын басу үшін оның себебі анықталғанша қолдануға болмайды.

Жүрек-қантамыр жүйесінің патологиясы бар адамдарға пайдаланылуы Әсіресе, систолалық қысым деңгейі сынап бағанынан 100 мм төмен емделушілерде немесе қан айналымы тұрақсыз болғанда (мысалы, миокард инфарктісінде, көптеген жарақаттарда, шок басталғанда), сыртартқысында бүйрек аурулары (пиелонефрит, гломерулонефрит), сондай-ақ алкогольге тәуелділігі бар адамдарда гемодинамиканы мұқият бақылау қажет.

Агранулоцитоз

Анальгинмен емдеу аясында температураның көтерілуімен, ауыз қуысы мен жұтқыншақ (некрозды стоматит, іріңді-некрозды баспа), мұрынның шырышты қабықтарының қабынуымен (гайморит), ЭШЖ жоғарылауымен көрініс беретін емделушінің жалпы жай-күйі күтпеген жерден нашарлаған жағдайда препарат қабылдауды дереу тоқтату керек, өйткені аталған белгілер агранулоцитоздың пайда болуымен байланысты болуы ықтимал.

Анальгиннің биотрансформацияланған өнімдерінің несеппен бірге шығарылуы несепті қызыл түске бояуы мүмкін, оның клиникалық мәні жоқ және препаратты тоқтатқаннан кейін ол жоғалады.

Педиатрияда қолданылуы

Анальгинді 15 жасқа дейінгі балаларда қолдануға болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері.

Анальгинді қабылдау автокөлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпалын тигізбейді, бірақ оны ұзақ уақыт қолданғанда сақтық шарасын орындау керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: жүректің айнуы, құсу, асқазан тұсының ауыруы, гипотермия, артериялық қысымның төмендеуі, тахикардия, ентігу, құлақтың шуылдауы, ұйқышылдық, сананың бұзылуы, сандырақтау, бауыр және/немесе бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігі, құрысулар, тыныс алу бұлшықеттерінің салдануы, агранулоцитоз.

Емі: препаратты тоқтату, асқазанды шаю, препараттың асқазан мен ішекте сіңуіне жол бермеу үшін тұзды іш жүргізгіштер және белсендірілген көмір қабылдау, өмірлік маңызды функцияларды сақтауға бағытталған симптоматикалық ем жүргізу. Қарқынды диурез жүргізу және несепті сілтілендіру мақсатында натрий гидрокарбонатын енгізу препараттың шығарылуын жеделдетеді. Натрий метамизолының арнайы у қайтарғысы жоқ. Метамизолдың негізгі метаболитін (4-метиламиноантипирин) гемодиализ, гемофильтрация, гемоперфузия және плазмаферез көмегімен шығаруға болады. Құрысу синдромы пайда болғанда – көктамыр ішіне диазепам мен жылдам әсер ететін барбитураттар енгізу.

Шығарылу түрі және қаптамасы

500 мг таблеткалар.

Поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан.

Полиэтиленді жабынды қағаздан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамада 10 таблеткадан.

Пішінді қаптамалар медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтардың тең санымен картоннан жасалған топтық қаптамаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткен қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Ирбит химиялық - фармацевтикалық зауыты» ААҚ,

623856, Ресей, Свердлов облысы, Ирбит қаласы, Киров көшесі, 172

Тел/факс (34355) 3-60-90

Тіркеу куәлігінің иесі

«Ирбит химиялық - фармацевтикалық зауыты» ААҚ

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Ирбит химиялық - фармацевтикалық зауыты» ААҚ,

623856, Ресей, Свердлов облысы, Ирбит қаласы, Киров көшесі, 172

Тел/факс (34355) 3-60-90

Электронды поштасы: info@ihfz.ru

Прикрепленные файлы

654640141477976303_ru.doc 53.5 кб
577542611477977550_kz.doc 62.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники