Аммиак (раствор 10%)

МНН: Аммиак
Производитель: Фармация 2010 ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Дыхательные стимуляторы
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№003180
Информация о регистрации в РК: 24.12.2015 - 24.12.2020
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 26.97 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Аммиак ерітіндісі

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған 10 % ерітінді

Құрамы

100 мл ерітіндінің құрамындабелсенді зат – концентрацияланған аммиак ерітіндісі 25 % 44.0 мл

қосымша зат – тазартылған су 100.0 мл-ге дейін

Сипаттамасы

Күшті сілтілік реакцияның өткір иісі бар түссіз, мөлдір ұшқыш сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Тыныс алу орталығының стимуляторлары.

АТХ коды R07AВ

Фармакологиялық қасиеттері

Препараттың әсері жоғарғы тыныс алу жолдарының рецепторлары арқылы (үш тармақты жүйке ұштары) әсер етіп, тыныс алу орталығын рефлекторлы қоздырумен байланысты.

Тері рецепторларын тітіркендіреді, қан тамырларын кеңейтеді, тіндердің трофикасы мен регенерациясын жақсартады. Жұлында патологиялық ошақтан ауыру импульстары ағымын тежейді. Демді ішке тартқанда жоғарғы тыныс алу жолдарының рецепторларымен өзара әрекеттеседі және тыныс алу орталығын қоздырады.

Қолданылуы

- тыныс алуды қоздыру және науқасты естен тану жағдайынан шығару үшін

- жәндіктер шаққанда

- хирургиялық практикада С.И. Спасокукоцкий және И.Г.Кочергин әдісімен қолды жуу үшін

Қолдану тәсілі және дозалары

Тыныс алуды қоздыру үшін: мақта немесе дәке тампонды препаратқа малып, мұрын қуысына 0.5 - 1 секундқа абайлап жақындатады. Хирургиялық практикада қолды жууға арналған ерітінді дайындау үшін 25 мл препаратты 5 литр қайнаған жылы суда сұйылтады. Жәндіктер шаққан кезде – дымқыл дәке басу түрінде.

Жағымсыз әсерлері

- қышыну, гиперемия, ісіну

- аммиак буының үлкен концентрациясымен дем алған кезде тыныстың шектен тыс тарылуы және тыныс алудың рефлекторлық тоқтап қалуы мүмкін

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа жоғары сезімталдық

- тері жабындысы бүтіндігінің бұзылуы

- жергілікті қолданған кезде тері аурулары: дерматиттер, дерматоздар, экзема

- 3 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Жүктілік және лактация кезеңінде, балаларға сақтықпен қолдану керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: жағымсыз реакциялардың күшеюі

Емі: тыныс алу тоқтап қалған кезде тыныс алу аналептиктерін (кофеин, кордиамин) енгізу, жасанды тыныс алдыруды жүргізу керек. Симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 мл, 20 мл, 50 мл, 90 мл-ден полиэтилен тығынмен және бұрандалы қақпақ немесе нығыздағыш элементі бар полиэтилен қақпақпен немесе әмбебап (алюминий) қақпақтармен тығындалған бұрандалы мойнымен шынымассадан жасалған құтыда немесе дәрілік заттарға арналған бұралатын қақпағы бар полиэтилен құтыда.

Құтылар медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықтардың сәйкес санымен орама қағаздан жасалған бумаларға немесе қораптық картоннан жасалған қорапқа немесе жылу ұстағыш полиэтилен үлбірге немесе гофрланған картоннан жасалған жәшікке салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, тығыз жабылған ыдыста, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«ФАРМАЦИЯ 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ., Чкалов к-сі, 7, тел. 8 (7212) 42-67-34

Тіркеу куәлігінің иесі

«ФАРМАЦИЯ 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ., Чкалов к-сі, 7, тел. 8 (7212) 42-67-34

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«ФАРМАЦИЯ 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, 100019, Қарағанды қ., Чкалов к-сі, 7, тел./факс.: 8 (7212) 42-67-34, е-mail: farmaciyakrg@mail.ru

 

 

Прикрепленные файлы

873654901477976330_ru.doc 46 кб
277828401477977580_kz.doc 48.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники