Аммиак (10%)

МНН: Аммиак
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Дыхательные стимуляторы
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№016190
Период регистрации: 19.05.2016 - 19.05.2021

Инструкция

Саудалық атауы

Аммиак

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

10 % ерітінді

Құрамы

100 мл ерітіндінің құрамындабелсенді зат – аммиак ерітіндісі 25 % 44 мл

қосымша зат – тазартылған су 100 мл-ге дейін

Сипаттамасы

Мөлдір, түссіз, өзіне тән өткір иісі бар ұшқыш сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Тыныс алу орталығының стимуляторлары.

АТХ коды R07 AВ

Фармакологиялық қасиеттері

Аналептикалық, антисептикалық дәрі.

Демді ішке тартқанда тыныс алу жолдарының шырышты қабық тітіркенуін туындатады және тыныс алу мен қантамырларын қозғалтқыш орталықтарын рефлекторлы қоздырады.

Тері рецепторларын тітіркендіреді, қантамырларын кеңейтеді, тіндердің трофикасы мен регенерациясын жақсартады.

Қолданылуы

- тыныс алуды қоздыру және науқасты естен тану жағдайынан шығару үшін

- жәндіктер шаққанда

- хирургиялық практикада С.И. Спасокукоцкий және И.Г.Кочергин әдісімен қолды жуу үшін

Қолдану тәсілі және дозалары

Тыныс алуды қоздыру үшін: мақта немесе дәке тампонды препаратқа малып, мұрын қуысына 0,5 - 1 секундқа абайлап жақындатады. Хирургиялық практикада қолды жууға арналған ерітінді дайындау үшін 25 мл препаратты 5 литр қайнаған жылы суда сұйылтады. Жәндіктер шаққан кезде – дымқыл дәке басу түрінде.

Жағымсыз әсерлері

- қышыну, гиперемия

- аммиак буының үлкен концентрациясымен дем алған кезде шектен тыс тежелу және тыныс алудың рефлекторлы тоқтап қалуы мүмкін

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа жоғары сезімталдық

- жергілікті қолданғанда: дерматиттер, дерматоздар

- тері жабындысы бүтіндігінің бұзылуы

- 3 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Жүктілік және лактация кезеңінде, балаларға сақтықпен қолдану керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: жағымсыз реакциялардың күшеюі

Емі: тыныс алу тоқтап қалған кезде тыныс алу аналептиктерін (кофеин, кордиамин) енгізу, жасанды тыныс алдыруды жүргізу керек. Симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 мл, 20 мл, 40 мл, 60 мл және 90 мл -ден тығынмен тығындалып, бұрандалы қақпақпен жабылған мойны бұралатын полимер құтыда.

Құтылар медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен қораптық картоннан жасалған қорапқа немесе орама қағаздан жасалған бумаларға қапталады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардан қорғау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Шаншаров-Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.,

Б. Бұлқұшев к-сі, 4е

Тіркеу куәлігінің иесі

«Шаншаров-Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Шаншаров-Фарм» ЖШС, Алматы қ., Б. Бұлқұшев к-сі, 4е тел./факс +7727233-27-58 E-mail: farm-4@mail.ru

 

 

Прикрепленные файлы

286611521477976211_ru.doc 46.5 кб
997501051477977455_kz.doc 45.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники