Амлопин (5 мг)

МНН: Амлодипин
Производитель: USV Limited
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Amlodipine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№012092
Период регистрации: 11.03.2015 - 11.03.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Амлопин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Амлодипин

Дәрілік түрі

5 мг, 10 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 6,94 мг немесе 13,86 мг амлодипин бесилаты (тиісінше 5 мг немесе 10 мг амлодипинге баламалы),

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, натрий крахмалының гликоляты, екі орын басқан кальций фосфаты, магний стеараты, күн батар түстес сары (Е110)(10 мг доза үшін)

Сипаттамасы

Ақ түсті, тегіс беткейлі дөңгелек пішінді, бір жағында ойығы мен сызығы бар, екінші жағында - «5» өрнектелген (5 мг доза үшін) таблеткалар.

Ақшыл-қызыл сары түсті, тегіс беткейлі дөңгелек пішінді, бір жағында ойығы мен сызығы бар, екінші жағында - «10» өрнектелген (10 мг доза үшін) таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Жүрек-қан тамырлар жүйесінің ауруларын емдеуге арналған препараттар. Кальций өзекшелерінің «баяу» селективті бөгегіштері. Дигидропиридин туындылары. Амлодипин.

АТХ коды С08СА01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі

Емдік дозаларында ішке қабылдағаннан кейін амлодипин жақсы сіңіріледі, қабылдағаннан кейін қандағы ең жоғары концентрациясына 6-12 сағаттан соң жетеді. Абсолютті биожетімділігі 64 - 80% құрайды. Таралу көлемі шамамен 21 л/кг тең. Қан плазмасындағы ақуыздармен байланысуы шамамен 97,5% құрайды. Тамақ ішу амлодипин сіңуіне әсер етпейді, гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтеді.

Биотрансформация және элиминациясы

Қан плазмасынан жартылай шығарылу кезеңі (Т1/2) 35 – 50 сағатқа жуықты құрайды, бұл препараттың тәулігіне бір рет тағайындалуына сәйкес. Қан плазмасындағы тұрақты тепе теңдік концентрациясына амлодипинді тұрақты қабылдағанда 7-8 күннен кейін жетеді, ол бауырда белсенді емес метаболиттер түзе отырып метаболизденеді; бастапқы препараттың 10% және метаболиттердің 60%-ы несеппен шығарылады. Емшек сүтімен шығарылуы белгісіз. Гемодиализ барысында шығарылмайды.

Егде жастағы емделушілерде қолданылуы

Амлодипиннің қан плазмасындағы шыңдық концентрациясына жету уақыты егде және жас емделушілерде ұқсас болды. Егде емделушілерде амлодипин клиренсі төмендеуге бейім, бұл AUC және жартылай шығарылу кезеңінің ұлғаюына алып келеді. Іркілісті жүрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде AUC және жартылай шығарылу кезеңінің ұлғаюы тұрғындардың зерттелетін жастағы топтарына арналған болжамды мәнге сәйкес келеді.

Фармакодинамикасы

Амлодипин – Амлопин препаратының белсенді заты дигидропиридин туындылары болып табылады. Дигидропиридин рецепторларымен байланыса отырып, «баяу» кальций өзекшелерін бөгейді (кальций иондары түсуінің антагонистері), кальцийдің жүрек және қан тамырларының тегіс бұлшықеттерінің жасушасы ішіне жарғақша арқылы өтуін тежейді (көп дәрежеде – кардиомиоциттерге қарағанда қан тамырларының тегіс бұлшықеттерінің жасушасына).

Гипотензиялық және антиангиналдық әсер етеді. Амлопиннің гипотензиялық әсерінің механизмі қан тамырларының тегіс бұлшықеттеріне тікелей босаңсытатын әсерімен шартталған. Амлопиннің антиангиналдық әсері толық зерттелмеген, бірақ жалпы ишемиялық жүктемесінің төмендеуі әсер етудің келесі екі механизмі есебінен жүреді:

1) амлодипин шеткергі артериолдарды кеңейтеді және осылайша жүрек жұмысына қарсы бағытталған жалпы шеткергі қарсыласуды төмендетеді (кейінгі жүктемені). Жүрек жиырылу жиілігі тұрақты болып қалатындықтан бұл энергия тұтынудың төмендеуіне және миокардтың оттегіне деген қажеттілігіне алып келеді.

2) амлодипин миокардтың қалыпты және сондай-ақ ишемияланған аумағында басты коронарлық артерияларды және артериолаларды кеңейтеді, бұл вазоспастикалық стенокардиясы (Принцметал стенокардиясы) бар науқастарда миокардқа оттегі түсуін арттырады және шылым шегуден туындаған коронарлық тамыр түйілуі дамуын болдырмайды.

Амлопиннің бір реттік тәуліктік дозасы артериялық гипертензиясы бар науқастарда артериялық қысымның төмендеуін 24 сағат бойына «жатқан», сондай-ақ «тұрған» күйде де қамтамасыз етеді. Амлопиннің әсер етуінің баяу басталуына байланысты артериялық қысымның күрт төмендеуі туындамайды.

Стенокардиясы бар науқастарда препараттың бір реттік тәуліктік дозасы дене жүктемесіне төзімділікті арттырады, стенокардия ұстамасы дамуын және дене жүктемесі аясында ST (1 мм-ге) сегменті депрессиясын іркеді, стенокардия ұстамасы жиілігін және нитроглицерин қолдануды азайтады.

Амлопин қабылдау қандай да бір жағымсыз метаболизмдік әсерлермен немесе қан плазмасының липидті параметрлерінің өзгерістерімен қатар жүрмейді; препарат демікпесі, диабеті немесе подаграсы бар емделушілерде қолданылуы мүмкін.

Миокард инфарктісін, коронарлық артериялардың тері арқылы транслюминальді ангиопластикасын (ТЛП) өткерген немесе стенокардиядан зардап шегуші жүрек-қан тамыр аурулары бар емделушілерде (бір тамыры зақымданған және 3 немесе одан да көп артерияларына дейін стенозы болған коронарлық атеросклерозды және ұйқы артериясы атеросклерозын қоса) Амлопин қолдану ұйқы артериясының интима-медиялық қалыңдауы дамуының алдын алады. Сондай-ақ Амлопинді қолдану миокард инфарктісінің, инсульттің, ТЛП, аорталық-коронарлық шунттаудың жүрек-қан тамырлық себебінен өлім болуын елеулі төмендетеді, тұрақсыз стенокардия себепті ауруханаға жатқызу санын төмендетуге және созылмалы жүрек жеткіліксіздігі (СЖЖ) үдеуіне алып келеді, коронарлық қан ағымын қалпына келтіруге бағытталған араласулар жиілігін төмендетеді.

Қолданылуы

  • артериялық гипертензияда

  • Принцметал стенокардиясында

  • созылмалы тұрақты стенокардияда

Қолдану тәсілі және дозалары

Артериялық гипертензияда және стенокардияда әдеттегі бастапқы доза 5 мг құрайды, науқастың жеке реакциясына қарай оны ең жоғарысына дейін - 10 мг арттыруға болады.

Емдеу курсын емдеуші дәрігер анықтайды.

Амлопин қажетті су көлемін қосып іше отырып (100 мл), тәулігіне бір рет ішу арқылы қолданылады.

Тиазидті диуретикті, бета-блокаторлар мен ангиотензинге өзгертуші ферментті бірге қабылдағанда Амлопин дозасын түзету талап етілмейді.

Егде адамдарда қолданылуы

Дозалаудың әдеттегі режимі ұсынылады.

Препарат дозасын түзету талап етілмейді.

Бауыр функциясы бұзылуы бар емделушілерде қолданылуы

Басқа да кальций антагонистері жағдайындағы сияқты, бауыр функциясы бұзылуы бар емделушілерде амлодипиннің жартылай шығарылу кезеңі ұзарады; бұндай емделушілер үшін дозалау бойынша ұсыныстар анықталмаған. Осыған байланысты бұл препарат бауыр функциясы бұзылуы бар емделушілерде сақтықпен қолданылуы тиіс.

Бүйрек функциясы бұзылуы бар емделушілерде қолданылуы

Бүйрек функциясы бұзылуы бар емделушілерде Амлопин әдеттегі дозада қолданылуы мүмкін. Қан плазмасындағы амлодипин концентрациясының өзгерістері бүйрек функциясы бұзылуының қарқынына байланысты емес. Амлопин диализбен шығарылмайды, алайда Т1/2 елеусіз ұлғаюы мүмкіндігін ескеру керек.

Тиазидті диуретиктерді, бета-адреноблокаторларды немесе ангиотензин өзгертуші фермент тежегіштерімен (АӨФ) бір мезгілде қолданғанда Амлопиннің дозалау режимін өзгерту талап етілмейді.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі (≥ 1/10); жиі (≥ 1/100-ден - <1/10 дейін); жиі емес (≥ 1/1, 000-ден ≤ 1/100 дейін); сирек (≥ 1/10 000-ден ≤ 1/1, 000 дейін), өте сирек (≤ 1/10 000). Белгісіз (қолда бар деректер негізінде баға беру мүмкін емес).

Жиі (≥ 1/100 -ден <1/10 дейін)

- бас ауыруы, бас айналуы

- ұйқышылдық

- жүрек қағуының жиілеуі

- бет қызаруы

- іштің ауыруы, жүрек айнуы

- қажу

- ісіну

Препаратты тіркеуден кейін қолданғанда байқалатын жағымсыз әсерлер

Жиі емес (≥ 1/1, 000-ден ≤ 1/100 дейін)

- лейкопения, тромбоцитопения

- гипергликемия

- ұйқысыздық, көңіл-күйдің ауытқуы

- гипестезия/парестезия, шеткергі нейропатия, естен тану, дисгевзия,

тремор

- көру жітілігінің төмендеуі

- құлақтағы шуыл

- гипертония, гипотония, васкулит

- жөтел, ентігу, ринит

- ауыз құрғауы, диспепсия (гастритті қоса), гипертрофиялық гингивит,

панкреатит, құсу, нәжістің өзгеруі

- алопеция, гипергидроз, пурпура, тері түсінің өзгеруі, есекжем

- артралгиялар, арқаның ауыруы, бұлшықет түйілуі, миалгиялар

- поллакиурия, несеп шығарудың бұзылыстары, никтурия

- гинекомастия, эректильді дисфункция

- жалпы әлсіздік, жайсыздық, ауыру

- салмақ ұлғаюы/төмендеуі

Сирек (≥ 1/10 000-ден ≤ 1/1, 000 дейін)

- аллергиялық реакциялар, тері қышынуын, бөртпесін, Квинке ісінуін,

мультиформалы эритеманы қоса

- гепатит, сарғаю, бауыр ферменттерінің деңгейі жоғарылауы (негізінен холестазға тән құбылыстар байқалған)

Басқа да кальций өзекшелері блокаторларын қолданғандағы сияқты төмендегі жағымсыз құбылыстар, олар туралы сирек мәлімдемелерге қарамастан, негізгі аурудың табиғи ағымынан айыру мүмкін емес:

- миокард инфарктісі

- аритмиялар (оның ішінде брадикардия, қарыншалық тахикардия және жыпылықтайтын аритмия)

- кеуде тұсының ауыруы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- амлодипинге, дигидропиридин тобының басқа да туындыларына немесе қосымша заттарға жоғары сезімталдық

- айқын артериялық гипотензия

- кардиогендік шок

- аортаның елеулі стенозы

- жедел миокард инфарктісімен қатар жүретін жүрек қызметінің жеткіліксіздігі (алғашқы 28 күн ішінде)

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Амлопинді тиазидті диуретиктермен, альфа-адреноблокаторлармен, бета-блокаторлармен, ангиотензин – өзгертуші фермент тежегіштерімен, әсер етуі ұзаққа созылатын нитраттармен, сублингвальді нитроглицеринмен, қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен, антибиотиктермен және пероральді гипогликемиялық дәрілік препараттармен бірге тағайындау қауіпсіз.

Бұл in vitro  зерттеулер дигоксин, фенитоин, варфарин немесе индометацин сияқты препараттардың қан ақуыздарымен байланысуына Амлопин әсер етпейтінін көрсетеді.

Симавастатин

Амлопинді 10 мг дозада және 80 мг дозада симвастатинді көп рет бірге қабылдау симвастатинмен моноемге қарағанда симвастатин зкспозициясының 77%-ға артуына алып келген. Сондықтан амлодипин қабылдаушы емделушілерде симвастатиннің ең жоғары дозасы тәулігіне 20 мг дейін болуы тиіс.

Грейпфрут шырыны

240 мл грейпфрут шырынымен Амлопин 10 мг пероральді дозасын бір рет бір мезгілде қолдану амлодипин фармакокинетикасына елеулі әсер етпеді. Зерттеулер амлодипин метаболизміне жауап беретін негізгі фермент CYP3A4 генетикалық полиморфизмінің әсерін зерттеуге мүмкіндік бермеді, сондықтан Амлопинді грейпфрутпен немесе грейпфрут шырынымен бірге қолдану ұсынылмайды, биожетімділігі жоғарылауы мүмкіндігіне байланысты артериялық қысымы жоғары кейбір емделушілерде күрт гипотензиялық әсер туындатуы мүмкін.

CYP3A4 тежегіштері

Артериялық гипертензиясы бар егде (69-87 жас) емделушілерде 180 мг дилтиазем мен 5 мг Амлопиннің тәуліктік дозасын бір мезгілде қолдану амлодипинің жүйелік әсерінің 57%-ға артуына алып келді. Эритромицинді дені сау адамдарда (18 жастан 43 жасқа дейінгі) бір мезгілде қолданғанда амлодипинің жүйелік әсері елеулі өзгермеді (AUC 22%-ға артты). Бұл деректердің клиникалық мәні анықталмаса да, егде жастағы адамдарда фармакокинетикалық өзгерістері айқындау болуы мүмкін.

CYP3A4 күшті тежегіштері (мысалы, кетоконазол, итраконазол, ритонавир) дилтиаземге қарағанда, Амлопиннің плазмалық концентрациясын үлкен дәрежеде жоғарылатуы мүмкін. Сондықтан Амлопинді CYP3A4 тежегіштерімен бірге сақтықпен пайдалану керек.

CYP3A4 индукторлары

CYP3A4 индукторларының Амлопинге әсері туралы деректер жоқ. CYP3A4 индукторларын (мысалы, рифампицин немесе шайқурай препараттары (hypericum perforatum) бір мезгілде қолдану плазмадағы амлодипин концентрациясын елеулі төмендетуі мүмкін. Сондықтан Амлопинді CYP3A4 индукторларымен бірге сақтықпен пайдалану керек. Төменде келтірілген келесі зерттеулерде бірге қолданғанда Амлопиннің, болмаса басқа зерттелетін препараттың фармакокинетикасында ешбір елеулі өзгерістер болмаған.

Амлопинге басқа дәрілік препараттардың әсерін арнайы зерттеулер

Циметидин

Амлопинді циметидинмен бір мезгілге тағайындау амлодипиннің фармакокинетикасын өзгертпейді.

Алюминий/Магний (антацид)

Алюминий/магний антацидтерін Амлопиннің бір реттік дозасымен бір мезгілде қолдану Амлопин фармакокинетикасына елеулі әсер етпеді.

Силденафил (Виагра)

Силденафилдің 100 мг бір реттік дозасы артериялық гипертониясы бар емделушілерде Амлопиннің фармакокинетикалық параметрлеріне әсер етпеген. Амлопин және силденафилді біріктіріп қолданғанда әрбір препарат өз бетінше қан қысымын төмендететін әсер берді.

Амлопиннің басқа дәрілік препараттарға әсеріне арнайы зерттеулер

Аторвастатин

10 мг Амлопин және 80 мг аторвастатиннің көп реттік дозаларын бір мезгілде қолдану тепе теңдік күйдегі аторвастатиннің фармакокинетикалық параметрлерінің елеулі өзгерістеріне алып келмеген.

Дигоксин

Амлопинді дигоксинмен бір мезгілде қолдану дигоксиннің сарысудағы концентрациясын немесе дигоксиннің бүйрек клиренсін өзгертпеген.

Этанол (спирт)

10 мг Амлопиннің бір реттік және көп реттік дозасы этанол фармакокинетикасына елеулі әсер етпеді.

Варфарин

Амлодипинді варфаринмен бір мезгілде қолдану варфариннің әсерімен протромбиндік уақыттың жауаптық өзгерістерін өзгертпеді.

Циклоспорин

Циклоспориннің фармакокинетикалық зерттеулері Амлопин циклоспориннің фармакокинетикасын елеулі өзгертпейтінін көрсетті.

Айрықша нұсқаулар

Егде жастағы емделушілер және бүйрек функциясының жеткіліксіздігіне шалдыққан емделушілер үшін Амлопин дозасын түзету қажет емес.

Емдеу кезінде дене салмағын бақылап отыру және стоматологқа қаралу қажет (қызыл иектің ауырғыштығына, қанағыштығына және гиперплазиясына жол бермеу үшін).

Амлодипин K+, глюкозаның, триглицеридтердің, жалпы холестериннің, тығыздығы төмен липопротеидтердің, несеп қышқылының, креатининнің және азот мочевинасының плазмалық концентрацияларына ықпалын тигізбейді.

Амлодипинде "тоқтату" синдромының жоқ болуына қарамастан, емдеуді тоқтатар алдында дозаны біртіндеп азайту керек.

Синустық түйін әлсіздігі синдромы, митральдік стенозы, гипертрофиялық обструктивті кардиомиопатиясы, артериялық гипотензиясы бар науқастар амлодипинді қабылдағанда сақ болуы керек.

Зерттеулерде амлодипин қолдануға байланысты зертханалық тесттерде ешбір клиникалық елеулі ауытқулар байқалмады.

Ауруханаға жатқызуды талап ететін жағымсыз әсерлердің кейбір жеткілікті ауыр жағдайлары амлодипинді қолдануға байланысты тіркелген.

Көп жағдайларда себеп-салдарлы байланысы анықталмаған.

Препараттың жүрек функциясы жеткіліксіздігі бар емделушілерде қолданылуы

NYHA (Нью-Йорк кардиология қауымдастығы) бойынша функционалдық III және IV класты этиологиясы ишемиялық емес жүрек функциясы жеткіліксіздігі бар емделушілердегі зерттеулерде (PRAISE-2) плацебомен салыстырғанда жүрек функциясы жеткіліксіздігі нашарлауы туындауы жиілігіндегі нақты айырмашылықтар болмауына қарамастан, амлодипин қолдану өкпе ісінуі даму жағдайлары саны артуымен бірге жүрген.

Бауыр функциясы бұзылуы бар емделушілерде қолданылуы

Басқа да кальций антагонистері жағдайындағы сияқты, бауыр функциясы бұзылуы бар емделушілерде амлодипиннің жартылай шығарылу кезеңі ұзарады. Осыған байланысты бұл препарат бұндай емделушілерде сақтықпен қолданылуы тиіс.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлікті басқарған кезде және қауіпті механизмдермен қызмет жасағанда сақ болу керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: рефлекторлық тахикардия және шамадан тыс шеткергі вазодилатация дамуы мүмкіндігі бар артериялық қысымның айқын төмендеуі (айқын және тұрақты артериялық гипотензия пайда болу ықтималдығы бар, оның ішінде шок дамуы бар және өліммен аяқталған, осыған ұқсас жағдайлар мәлімдеулері жоқтығына қарамастан).

Емі: белсендірілген көмір тағайындау (10 мг Амлопин дозасын қабылдағаннан кейін дереу немесе екі сағат ішінде  амлодипин сіңірілуінің елеулі азаюын көрсетті). Кейбір жағдайларда асқазан шаю дұрыс болуы мүмкін. Амлодипинді артық дозалау салдарынан болған клиникалық елеулі гипотензия белсенді жүрек-тамырлық демеуді талап етеді, оған жүрек және тыныс алу функциясына ұдайы мониторинг, аяқ-қолды жоғары көтеру, айналымдағы сұйықтық көлеміне және шығарылатын несеп көлеміне назар аудару жатады. Тамырлық тонус және артериялық қысымды қалпына келтіруге, егер оны қолдануға қарсы көрсетілімдер жоқ болса, вазоконстриктор ықпал етуі мүмкін. Кальций глюконатын көктамыр ішіне енгізу кальций өзекшелерінің блокадасы әсеріне ұмтылуға ықпал етуі мүмкін.

Егер қарсы көрсетілімдер болмаса, тамырлар тонусы мен АҚ қалпына келтіру үшін тамыр тарылтатын препараттарды (допамин, норадреналин) қолдану пайдалы болуы мүмкін. Кальций өзекшелерінің блокадасына қарсы әсер ету үшін көмек болатын кальций глюконатын көктамыр ішіне енгізу үшін пайдаланады. Амлопин қан сарысуындағы ақуыздармен елеулі дәрежеде байланысатындықтан – гемодиализдің пайдалы болу ықтималдығы аз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан.

2 немесе 10 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші және қаптаушы

USV LIMITED

Б.С.Д. Марк, Гованди, Мумбай 400 088, Үндістан

Тіркеу куәлігінің иесі

USV LIMITED

Б.С.Д. Марк, Гованди, Мумбай 400 088, Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

USV limited өкілдігі

050000, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Фурманов к-сі 103, 306 кеңсе

Телефон нөмірі: 8(727) 261-76-77

Факс нөмірі: 8(727) 261-76-77

Электрондық поштасы: usv.kaz@mail.ru

 

 

Прикрепленные файлы

667451011477976562_ru.doc 80 кб
831532281477977721_kz.doc 97.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники