Амлодипин-Периндоприл-Рихтер (10 мг/4 мг)

МНН: Амлодипин, Периндоприл
Производитель: Гедеон Рихтер Польша ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Периндоприл в комбинации с амлодипином
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021242
Период регистрации: 20.03.2015 - 20.03.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Амлодипин-Периндоприл-Рихтер

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Таблеткалар, 5 мг/4 мг, 5 мг/8 мг, 10 мг/4 мг, 10 мг/8 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: 6,935 мг амлодипин бесилаты (5 мг амлодипинге баламалы), 5 мг/4 мг доза үшін 4 мг периндоприл трет-бутиламині; 6,935 мг амлодипин бесилаты (5 мг амлодипинге баламалы), 5 мг/8 мг доза үшін 8 мг периндоприл трет-бутиламині; 13,870 мг амлодипин бесилаты (10 мг амлодипинге баламалы), 10 мг/4 мг доза үшін 4 мг периндоприл трет-бутиламині; 13,870 мг амлодипин бесилаты (10 мг амлодипинге баламалы), 10 мг/8 мг доза үшін 8 мг периндоприл трет-бутиламині

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (112 типі), микрокристалды целлюлоза (14 типі), калий полакрилині, коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты.

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, беті тегіс, ақ немесе ақ түсті дерлік, бір жақ бетінде «СН3» өрнегі бар таблеткалар (5 мг/4 мг доза үшін).

Дөңгелек пішінді, беті тегіс, ақ немесе ақ түсті дерлік, бір жақ бетінде «СН4» өрнегі бар таблеткалар (5 мг/8 мг доза үшін).

Дөңгелек пішінді, беті тегіс, ақ немесе ақ түсті дерлік, бір жақ бетінде «СН5» өрнегі бар таблеткалар (10 мг/4 мг доза үшін).

Дөңгелек пішінді, беті тегіс, ақ немесе ақ түсті дерлік, бір жақ бетінде «СН6» өрнегі бар таблеткалар (10 мг/8 мг доза үшін).

Фармакотерапиялық тобы

Ренин-ангиотензин жүйесіне ықпалын тигізетін препараттар. Басқа препараттармен біріктірілген АКФ тежегіштері. «Баяу» кальций өзекшелері блокаторларымен біріктірілген АКФ тежегіштері. Периндоприл және амлодипин.

АТХ коды С09ВВ04

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Амлодипин-Периндоприл-Рихтер препаратын қабылдаған кезде периндоприлдің және амлодипиннің сіңірілу жылдамдығы мен дәрежесінің құрамында периндоприл және амлодипин жеке болатын таблеткаларды қабылдаған кездегі сіңірілу жылдамдығы мен дәрежесінен елеулі айырмашылығы жоқ.

Периндоприл

Ішке қабылдағаннан кейін периндоприл тез сіңеді; ең жоғары концентрацияға 1 сағаттан соң жетеді. Периндоприлдің жартылай шығарылу кезеңі 1 сағатты құрайды.

Периндоприл дәрінің ізашары болып табылады. Периндоприлдің қабылданған дозасының 27%-ы жүйелік қан ағымына белсенді метаболит - периндоприлaт түрінде жетеді. Белсенді метаболиттен (периндоприлaт) басқа, периндоприлдің белсенді емес тағы 5 метаболиті түзіледі. Қан плазмасында периндоприлаттың ең жоғары концентрациясы 3-4 сағаттан кейін байқалады.

Тамақтанған кезде периндоприлдің периндоприлатқа айналуы азаяды, демек, периндоприл трет-бутиламинінің биожетімділігі де азаяды. Периндоприлді ішке, күніне 1 рет таңертең, тамақтанар алдында қабылдаған жөн.

Периндоприл дозасы мен оның қан плазмасындағы концентрациясы арасында дозаға байланысты тәуелділік көріністелді.

Таралу көлемі байланыспаған периндоприлат үшін шамамен 0,2 л/кг құрайды. Периндоприлаттың плазма ақуыздарымен байланысуы 20% құрайды, мұндайда периндоприл негізінен ангиотензинөзгертуші ферментпен (АӨФ) байланысады; байланысуы дозаға байланысты сипатқа ие. Периндоприлат несеппен бірге шығарылады. Байланыспаған заттың фракциясы үшін жартылай шығарылуының терминальді кезеңі шамамен 17 сағатты құрайды, мұндайда тепе-теңдік жағдай 4 күн бойы сақталады.

Периндоприлaттың шығарылуы егде жастағы емделушілерде, сондай-ақ жүрек функциясының жеткіліксіздігі бар немесе бүйрек функциясы бұзылған емделушілерде төмендейді. Сондықтан қан плазмасындағы калий мөлшеріне және креатинин концентрациясына жиі мониторинг қажет болады.

Периндоприлат клиренсі диализде минутына 70 мл құрайды.

Бауыр циррозы бар емделушілерде периндоприлдің фармакокинетикалық параметрлері өзгерді: бастапқы заттың (периндоприлдің) бауырлық клиренсі екі есе төмендеді. Алайда мұндайда түзілетін периндоприлaт мөлшерінің азаюы байқалмайды және дозаны түзетуді қажет етпейді.

Амлодипин

Амлодипин емдік дозаларда ішке қабылдағаннан кейін жақсы сіңеді; қан плазмасында ең жоғары концентрация препаратты қабылдағаннан кейін 6-12 сағаттан соң байқалады. Абсолюттік биожетімділігі 64-80% құрайды. Таралу көлемі шамамен 21 л/кг құрайды. Амлодипиннің биожетімділігі тамақтануға байланысты емес. Іn vitro зерттеулер жүйелік қан ағымындағы амлодипиннің шамамен 97,5%-ы қан плазмасы ақуыздарымен байланысты болатындығын көрсетті.

Қан плазмасынан жартылай шығарылу кезеңі шамамен 35-50 сағатты құрайды және бір реттік қабылдау режимімен сәйкес келеді; амлодипин бауырда белсенді емес метаболиттерді түзе отырып, қарқынды түрде метаболизденеді. Қабылданған дозаның 60%-ға жуығы несеппен бірге, 10%-ы өзгермеген амлодипин түрінде шығарылады.

Егде жастағы емделушілерде қолданылуы: қан плазмасында амлодипиннің ең жоғары концентрацияға жету уақыты жас және егде жастағы емделушілерде ұқсас. Егде жастағы емделушілерде амлодипин клиренсінің төмендеуіне беталыс байқалады, бұл «концентрация - уақыт» қисығы астындағы ауданның (AUC) және жартылай шығарылу кезеңінің артуына сәйкес келеді. Егде жастағы емделушілердегі ұсынылатын дозалау режимі жастау емделушілердегі осындайдан айырмашылығы жоқ, алайда амлодипинді қабылдаған кезде сақтық танытқан жөн.

Препараттың бауыр функциясы бұзылған емделушілерде қолданылуы: бауыр функциясы бұзылған емделушілерде амлодипинді қолдануға қатысты жеткілікті клиникалық деректер өте шектеулі. Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар емделушілерде амлодипин клиренсінің төмендеуі орын алады, бұл жартылай шығарылу кезеңінің ұзаруына және AUC көрсеткішінің шамамен 40-60%-ға жоғарылауына әкеледі.

Фармакодинамикасы

Периндоприл

Периндоприл ангиотензин I-ні ангиотензин II-ге (ангиотензинөзгертуші фермент - АӨФ) айналдыратын фермент тежегіші болып табылады. АӨФ экзопептидаза болып табылады және ангиотензин I-нің қантамырларды тарылтатын белсенділігі бар ангиотензин II-ге айналуын жүзеге асырады; АӨФ сондай-ақ қантамырларды кеңейтетін әсері бар брадикининнің белсенді емес гептапептидке дейін деградациясын жүзеге асырады. АӨФ тежелуі қан плазмасында ангиотензин II деңгейінің төмендеуіне әкеледі, бұл плазма ренині белсенділігінің жоғарылауына (ренин бөлінген кезде теріс қайтымды байланыс механизмінің тежелуі есебінен) және альдостерон деңгейінің төмендеуіне әкеледі. АӨФ брадикининнің белсенділігін жоятындықтан, АӨФ тежелуі айналымдағы және тіндік калликреин-кинин жүйесінің (және сондай-ақ простагландин жүйесінің белсенділенуінің) жоғарылауына әкеледі. Бұл механизм АӨФ тежегіштерінің гипертензияға қарсы әсеріне үлесін қосуы мүмкін және осы препараттардың кейбір жағымсыз әсерлеріне (мысалы, жөтел) ішінара себеп болады.

Периндоприлдің әсері оның метаболитінің – периндоприлаттың белсенділігімен жүзеге асады. Периндоприлдің басқа метаболиттері АӨФ белсенділігін in vitro тежемейтіні көріністелді.

Артериялық гипертензия

Периндоприл артериялық гипертензияның кез келген дәрежесінде белсенді: жеңіл, орташа және ауыр; периндоприлді қабылдаған кезде систолалық және диастолалық артериялық қысымның науқас жатқанда да, түрегеліп тұрғанда да төмендегені байқалады.

Периндоприл жалпы шеткергі қантамырлық кедергіні төмендетеді, бұл артериялық қысымның (АҚ) төмендеуіне әкеледі. Мұндайда жүректің жиырылу жиілігінің өзгеруінсіз шеткергі қан ағымы ұлғаяды.

Әдеттегідей, бүйректердегі қан ағымы артады, мұндайда шумақтық сүзілу жылдамдығы әдетте өзгермейді.

Гипертензияға қарсы белсенділікке бір реттік дозаны қабылдаудан кейін 4-6 сағаттан соң жетеді және ең кемінде 24 сағат бойы сақталады: қалған әсерлері ең жоғары әсерінің 87-100%-ға жуығын құрайды.

АҚ төмендеуі тез басталады. Емдеуге жауап беретін емделушілерде АҚ қалыпқа келуіне ай ішінде қол жеткізіледі және әсері тахифилаксияның дамуынсыз сақталады.

Емдеуді тоқтатқан кезде препаратты қабылдауды тоқтату әсері байқалмайды. Периндоприл сол жақ қарыншаның гипертрофиясын азайтады.

Клиникалық зерттеулерде периндоприлдің вазодилатациялайтын қасиеттері бар екендігі көрінді. Периндоприл ірі артериялардың серпінділігін арттырады және ұсақ артериялардың қабырғасы мен қуыстарының арақатынасын төмендетеді.

Амлодипин

Амлодипин – «баяу» кальций өзекшелерінің блокаторы немесе кальций иондарының антагонисі, дигидропиридин туындысы. Амлодипин кальций иондарының жарғақша арқылы кардиомиоциттерге және қантамырлардың тегіс бұлшықетті жасушаларына трансжарғақшалық ағымын тежейді. Амлодипиннің гипертензияға қарсы әсерінің механизмі қантамырлардың тегіс бұлшықеттерін тікелей босаңсытатын әсерінен болады. Амлодипиннің стенокардия симптомдарын жеңілдететін дәл механизмі толық зерттелген жоқ. Сонымен бірге амлодипиннің жалпы ишемиялық жүктемені төмендететіні анықталды:

­- амлодипин шеткергі артериолдардың кеңеюіне мүмкіндік береді, бұл жалпы шеткергі қантамырлық кедергінің (жүктемеден кейінгі) төмендеуіне әкеледі. Жүректің жиырылу жиілігінің өзгермей қалуына байланысты, кейінгі жүктеменің азаюы энергияны тұтынудың және миокардтың оттегіге қажеттілігінің төмендеуіне әкеледі.

­- амлодипин сондай-ақ артерияларды және артериолдарды қалыпты күйде де, сонымен қатар миокардтың ишемияланған аймақтарында да кеңейтеді. Қантамырлардың кеңеюінің нәтижесінде вазоспазмдық стенокардиясы (Принцметал стенокардиясы немесе варианттық стенокардия) бар емделушілерде миокардтың оттегімен жабдықталуы жақсарады.

Артериялық гипертензиясы бар емделушілерде амлодипинді тәулігіне 1 рет қабылдаған кезде жатқан күйінде де, отырған күйінде де 24 сағат бойы артериялық қысымның клиникалық тұрғыдан маңызды төмендеуі байқалады. Әсері баяу басталуының арқасында амлодипин АҚ күрт төмендеуін туындатпайды.

Стенокардиясы бар емделушілерде амлодипиннің бір реттік тәуліктік дозасын қабылдау дене жүктемесін жасаудың жалпы уақытын арттырады, стенокардия ұстамасының басталу уақытын және ST сегменті депрессиясының 1 мм-ге дамуын кідіртеді, стенокардия ұстамаларының жиілігін және нитроглицеринге қажеттілікті төмендетеді.

Амлодипинді қабылдау қандай да болсын метаболизмдік жағымсыз әсерлермен немесе қан плазмасында липидтер деңгейінің өзгеруімен қатар жүрмейді; амлодипинмен емдеу бронх демікпесі, қант диабеті және подаграсы бар емделушілерге тағайындалуы мүмкін.

Қолданылуы

- периндоприл мен амлодипинді дәл сол дозаларда бір мезгілде қабылдап жүрген емделушілерде эссенциальді гипертензияны және/немесе жүректің тұрақты ишемиялық ауруын емдегенде орын басу емі ретінде.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке, тәулігіне бір таблетка бір реттік доза ретінде қабылданады. Таңертең, тамақтанудан бұрын қабылдау ұсынылады.

Компоненттердің дозасы белгіленген Амлодипин-Периндоприл-Рихтер препараты бастапқы емді жүргізуге келмейді.

Егер дозаны түзету қажет болса, ол монокомпоненттік препараттарды пайдалана отырып, жекелей титрлеу жолымен жүргізілуі тиіс: 4 мг периндоприл + 5 мг амлодипин немесе 8 мг периндоприл + 5 мг амлодипин немесе 4 мг периндоприл + 10 мг амлодипин немесе 8 мг периндоприл + 10 мг амлодипин.

Амлодипин-Периндоприл-Рихтер препаратының: 4 мг периндоприл + 10 мг амлодипин және 8 мг периндоприл + 10 мг амлодипин дозаларында препараттың ең жоғары тәуліктік дозасы бар, оны арттыру ұсынылмайды.

Бүйрек функциясы бұзылған емделушілер және егде жастағы емделушілер

Периндоприлдің шығарылуы егде жастағы емделушілерде, сондай-ақ бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар емделушілерде төмендеген. Сондықтан қан плазмасындағы калий мөлшеріне және креатинин концентрациясына жиі мониторинг қажет болады.

Амлодипин-Периндоприл-Рихтер креатинин клиренсі (КК) ≥ 60 мл/мин болатын емделушілерге тағайындалуы мүмкін. КК < 60 мл/мин болатын емделушілер үшін препараттың әрбір жеке компоненті үшін дозаны жекелей титрлеу ұсынылады.

Плазмадағы амлодипин концентрациясының өзгеруі бүйрек функциясының бұзылу дәрежелерімен өзара байланысты емес. Амлодипин диализ арқылы шығарылмайды.

Емдеу ұзақтығын дәрігер жекелей белгілейді.

Бауыр функциясы бұзылған емделушілер

Бауыр функциясы бұзылған емделушілер үшін дозалау режимі анықталған жоқ. Осыған байланысты, Амлодипин-Периндоприл-Рихтер препаратын қолданған кезде сақ болған жөн.

Жағымсыз әсерлері

Амлодипин

Жиі ( ≥ 1/100-ден < 1/10 дейін)

- ұйқышылдық, бас айналу, бас ауыру (әсіресе емнің бас кезінде)

- жүрек қағуының жиілеуі

- «ысынулар»

- жүректің айнуы, іштің ауыруы

- шаршау

- тобықтың ісінуі, ісіну

Жиі емес (≥ 1/1 000-нан <1/100 дейін)

- ұйқысыздық, көңіл-күйдің өзгеруі (үрейленуді қоса), депрессия

- тремор, гипестезия, парестезия, естен тану (сананың уақытша жоғалуы (синкопе)), дисгевзия (дәмнің бұзылуы)

- көрудің бұзылуы

- құлақтың шыңылдауы

- артериялық гипотензия (және артериялық гипотензияға жататын әсерлер)

- диспноэ

- ауыз ішінің құрғауы, құсу, диспепсия, дефекация режимінің өзгеруі (диареяны және іш қатуды қоса)

- мұрынның бітелуі (ринит)

- алопеция, пурпура, тері түсінің өзгеруі, гипергидроз, қышыну, бөртпе, экзантема

- артралгия, миалгия, бұлшықет спазмдары, арқаның ауыруы, кеуденің ауыруы

- астения, дімкәстік, ауыру

- дене салмағының артуы немесе төмендеуі

- несептің бөлініп шығуының бұзылуы, никтурия, поллакиурия

- эректильді дисфункция, гинекомастия

Сирек (≥ 1/10 000-нан < 1/1 000 дейін)

- сананың шатасуы

Өте сирек (< 1/10 000)

- лейкопения/нейтропения, тромбоцитопения

- аса жоғары сезімталдық

- гипергликемия

- шеткергі нейропатия, бұлшықеттің аса жоғары тонусы

- жоғары қауіп тобындағы емделушілерде артериялық қысымның шамадан тыс төмендеуі салдарынан болатын миокард инфарктісі, аритмия (брадикардияны, қарыншалық тахикардияны және жүрекшелердің дірілдеуін қоса)

- васкулит

- жөтел

- гипертрофиялық гингивит

- панкреатит, гастрит, холестаздық сарғаю, цитолиздік немесе холестаздық гепатит

- беттің, аяқ-қолдың, еріннің, шырышты қабықтардың, тілдің, дауыс саңылауының және/немесе көмейдің ангионевротикалық ісінуі, Квинке ісінуі, есекжем

- мультиформалы эритема, эксфолиативті дерматит, Стивенс-Джонсон синдромы, фотосенсибилизация

- «бауырлық» ферменттер: АЛТ, АСТ белсенділігінің жоғарылауы (көптеген жағдайларда холестазбен қатар жүреді).

Экстрапирамидтік синдромның дамуы жөнінде жекелеген мәлімдемелер бар.

Периндоприл

Жиі (≥ 1/100-ден < 1/10-ға дейін)

- бас айналу, бас ауыру (әсіресе емнің бас кезінде)

- парестезия

- дисгевзия

- көрудің бұзылуы

- құлақтың шуылдауы

- артериялық гипотензия (және артериялық гипотензияға жататын әсерлер)

- жөтел, диспноэ (ентігу)

- жүректің айнуы, құсу, іштің ауыруы, диспепсия, диарея, іш қату

- қышыну, бөртпе

- бұлшықет спазмдары

- астения

Жиі емес (≥ 1/1 000-нан <1/100 дейін)

- аса жоғары сезімталдық

- көңіл-күйдің өзгеруі (үрейленуді қоса), ұйқының бұзылуы

- бронхтың түйілуі

- ауыз ішінің құрғауы

- беттің, аяқ-қолдың, еріннің, шырышты қабықтардың, тілдің, дауыс саңылауының және/немесе көмейдің ангионевротикалық ісінуі, Квинке ісінуі, есекжем

- гипергидроз

- бүйрек функциясының бұзылуы

- эректильді дисфункция

Сирек ( ≥ 1/10 000-нан < 1/1 000 дейін)

- «бауыр» ферменттері: АЛТ, АСТ белсенділігінің жоғарылауы (көптеген жағдайларда холестазбен қатар жүреді), қанда билирубин концентрациясының жоғарылауы

Өте сирек (< 1/10 000)

- ринит

- лейкопения/нейтропения, агранулоцитоз немесе панцитопения, тромбоцитопения, туа біткен глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы бар емделушілерде гемолитикалық анемия

- сананың шатасуы

- жүрек қағуының жиілеуі, стенокардия, жоғары қауіп тобындағы емделушілерде артериялық қысымның шамадан тыс төмендеуі салдарынан болатын миокард инфарктісі, аритмия (брадикардияны, қарыншалық тахикардияны және жүрекшелердің жыпылықтауын қоса), жоғары қауіп тобындағы емделушілерде артериялық қысымның шамадан тыс төмендеуі салдарынан инсульт

- эозинофильді пневмония

- панкреатит, цитолиздік немесе холестаздық гепатит

- мультиформалы эритема

- бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігі

- гемоглобин және гематокрит мөлшерінің төмендеуі

Жиілігі белгісіз

- гипогликемия, гиперкалиемия

- васкулит

- қан плазмасында мочевина және креатинин концентрацияларының жоғарылауы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық

- жүктілік және лактация кезеңі

- периндоприлді монотерапия дәрісі ретінде немесе амлодипинмен біріктіріп қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмағандықтан, 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

- бүйрек функциясының жеткіліксіздігі (КК < 60 мл/мин)

Периндоприл үшін:

- қант диабеті немесе бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар (шумақтық сүзілу жылдамдығы < 60 мл/мин/1,73 м²) емделушілерде алискиренмен бір мезгілде қолдану

- периндоприлге немесе АӨФ кез келген басқа тежегішіне аса жоғары сезімталдық

- сыртартқыда бұрын АӨФ тежегіштерімен емделумен астасқан ангионевротикалық ісінудің болуы

- тұқым қуалайтын немесе идиопатиялық ангионевротикалық ісіну

Амлодипин үшін

- ауыр артериялық гипотензия (систолалық артериялық қысым 90 мм с.б.-ден төмен)

­- амлодипинге немесе дигидропиридиннің басқа туындыларына аса жоғары сезімталдық

­- шок, кардиогенді шокты қоса

- сол жақ қарыншаның шығатын жолының обструкциясы (мысалы, ауыр дәрежедегі қолқа стенозы)

- жедел миокард инфарктісінен кейінгі жүрек функциясының гемодинамикалық тұрақсыз жеткіліксіздігі

Сақтықпен

Бүйрек артерияларының стенозы (соның ішінде екі жақты), функциясын атқарып тұрған жалғыз бүйрек, бауыр функциясының жеткіліксіздігі, бүйрек функциясының жеткіліксіздігі, дәнекер тіннің жүйелік аурулары (соның ішінде жүйелік қызыл жегі, склеродермия), иммунодепрессанттармен, аллопуринолмен, прокаинамидпен емдеу (нейтропенияның, агранулоцитоздың даму қаупі бар), айналымдағы қан көлемінің (АҚК) төмендеуі (диуретиктер қабылдау, тұзсыз емдәм, құсу, диарея), атеросклероз, цереброваскулярлық аурулар, реноваскулярлық гипертензия, қант диабеті, жүрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі, дантроленді, эстрамустинді, калий жинақтаушы диуретиктерді, калий препараттарын, құрамында калий бар ас тұзын алмастырғыштарды және литий препараттарын бір мезгілде қабылдау, гиперкалиемия, хирургиялық араласым/жалпы анестезия, егде жас, жоғары ағынды жарғақшаларды (мысалы, АN69®) пайдаланып, гемодиализ жүргізу, десенсибилизациялаушы ем, тығыздығы төмен липопротеиндер (ТТЛП) аферезі, қолқа стенозы/митральді стеноз/гипертрофиялық обструктивтік кардиомиопатия, негроид нәсілді емделушілерде қолдану, NYHA классификациясы бойынша III-IV функциональді класқа жататын, этиологиясы ишемиялық емес ЖСЖ.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Периндоприл үшін

Бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды: калий жинақтаушы диуретикалық препараттар, калий негізді тағамдық қоспалар немесе құрамында калий бар тұз алмастырғыштар. Қан сарысуындағы калий мөлшері әдетте қалып шегінде қалса да, периндоприл қабылдап жүрген кейбір емделушілерде гиперкалиемия дамуы мүмкін. Калий жинақтаушы диуретикалық препараттарды (мысалы, спиронолактонды, триамтеренды немесе амилоридті) немесе құрамында калий бар тұз алмастырғыштарды қабылдау қан сарысуында калий мөлшерінің едәуір жоғарылауына әкеп соғуы мүмкін; бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды. Егер гипокалиемия айқын болғандықтан қатар қолдану керек болса, сақтық таныту және қан сарысуындағы калий мөлшеріне жиі мониторинг жүргізу қажет.

Литий

Литий препараттарын және АӨФ тежегіштерін бір мезгілде қолданғанда қан плазмасында литий мөлшерінің қайтымды жоғарылауы және уыттылық (ауыр нейроуыттылық) байқалды. Периндоприлді және литий препараттарын біріктіріп қабылдау ұсынылмайды. Егер осылай біріктіру бәрібір қажет болса, қан плазмасындағы литий мөлшеріне мұқият мониторинг жүргізу ұсынылады.

Эстрамустин

Эстрамустинмен бір мезгілде қабылдау ангионевротикалық ісінудің даму қаупінің жоғарылауына әкеп соғуы мүмкін.

Бір мезгілде қабылдағанда ерекше назар аудару қажет: күніне ≥ 3 г аспиринді қоса, қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП). АӨФ тежегіштерін және қабынуға қарсы стероиды емес препараттарды (мысалы, ацетилсалицил қышқылын қабынуға қарсы дозаларда, ЦОГ-2 тежегіштерін және селективтік емес ҚҚСП) бір мезгілде қабылдау гипертензияға қарсы әсерді әлсіретуге қабілетті, әсіресе бұрыннан бүйрек функциясының бұзылуы бар емделушілерде, бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігінің дамуы және қан плазмасында калий мөлшерінің жоғарылауы мүмкін екендігін қоса, бауыр функциясының нашарлау қаупінің жоғарылауымен қатар жүруі мүмкін. Біріктірілім әсіресе егде жастағы емделушілерде сақтықпен қолданылуы тиіс. Емделушілерде организмді жеткілікті гидратациямен қамтамасыз етуі қажет, сондай-ақ қатар жүргізілген емге ынта танытқанда бүйрек функциясына мониторинг және осы емді жүргізгенде жүйелі түрде мониторинг жасау ұсынылады.

Гипогликемиялық препараттар (инсулин, гипогликемиялық сульфонамидтер)

АӨФ тежегіштерін және гипогликемиялық препараттарды (инсулиндер, гипогликемиялық сульфонамидтер) бір мезгілде қабылдау гипогликемиялық әсердің күшеюіне әкеп соғуы мүмкін. Гипогликемия эпизодтарының дамуы өте сирек байқалады (инсулинге қажеттіліктің төмендеуімен глюкозаның жағымдылығы жақсаруы мүмкін).

Қатар қабылданатын препараттарға ерекше назар аудару

Диуретикалық препараттар

Диуретикалық препараттарды қабылдап жүрген емделушілерде, және әсіресе айналымдағы қан көлемі (АҚК) төмендеген және/немесе электролиттік бұзылулары бар емделушілерде АӨФ тежегіштерімен емдеуді бастағаннан кейін АҚ шамадан тыс төмендеуі байқалуы мүмкін. Емдеуді бастар алдында диуретик қабылдауды тоқтату, АҚК толықтыру немесе электролиттік теңгерімді түзету, сондай-ақ периндоприлдің бастапқы төмен дозаларын тағайындау және оларды біртіндеп арттыру артериялық гипотензияның даму қаупін төмендетеді.

Симпатомиметикалық препараттар

Симпатомиметикалық препараттар АӨФ тежегіштерінің гипертензияға қарсы әсерін төмендетуі мүмкін.

Алтын

Алтынның инъекциялық препараттарын (натрий ауротиомалаты) қабылдап жүрген емделушілерде, периндоприлді қоса, АӨФ тежегіштерін бір мезгілде қабылдағанда сирек жағдайларда нитритоидтық реакциялар (беттің қызаруы, жүректің айнуы, құсу және артериялық қысымның төмендеуі) байқалды.

Амлодипин үшін

Дантроленді (инфузия) бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды: жануарларда верапамилді және дантроленді көктамыр ішіне енгізу жолымен бір мезгілде қолданудан кейін өліммен аяқталатын гиперкалиемия аясында жүрекшелер фибрилляциясы және жүрек-қантамырлық коллапс байқалды.

Қатерлі гипертермияның дамуына бейім емделушілерде және қатерлі гипертермияны емдеген кезде гиперкалиемияның даму қаупі салдарынан «баяу» кальций өзекшелері блокаторларын, мысалы, амлодипинді қатар қолдануға жол бермеу ұсынылады.

Амлодипинді грейпфрутпен немесе грейпфрут шырынымен бірге қабылдау ұсынылмайды, өйткені бұл кейбір емделушілерде биожетімділікті арттыруы мүмкін, бұл гипертензияға қарсы әсердің күшеюіне әкеледі.

Бір мезгілде қабылдағанда ерекше назар аударуды қажет етеді:

CYP3A4 цитохромының тежегіштері. Амлодипинді және CYP3A4 күшті тежегіштерін (протеаза тежегіштері, зеңге қарсы азол тобының дәрілері, макролидтерді, мысалы, эритромицинді немесе кларитромицинді, сондай-ақ верапамилді немесе дилтиаземді) бірге қабылдау қан сарысуында амлодипин концентрациясының жоғарылауына әкелуге қабілетті. Фармакокинетикалық көрсеткіштердің осы вариациясының клиникалық маңызы егде жастағы адамдарда өте елеулі болуы мүмкін. Осылайша, клиникалық бақылау және дозаны түзету қажет болуы мүмкін.

CYP3A4 цитохромының индукторлары: CYP3А4 индукторларының амлодипиннің фармакокинетикасына ықпалы жөнінде деректер жоқ. CYP3A4 индукторларын (рифампицинді, Шілтерлі шайқурай негізіндегі препараттар) бірге қабылдау осы индукторлармен амлодипиннің бауырлық метаболизмінің артуына байланысты амлодипиннің плазмалық концентрациясын төмендетуі мүмкін. Амлодипинді CYP3A4 цитохромы индукторларымен біріктіргенде сақтық танытқан жөн.

Қатар қабылданатын препараттарға ерекше назар аудару қажет

Амлодипиннің басқа дәрілік заттарға ықпалы.

Амлодипиннің гипертензияға қарсы әсері артериялық қысымды төмендететін басқа дәрілік заттардың гипертензияға қарсы әсерлерімен күшейеді.

Дәрілік өзара әрекеттесуге жүргізілген клиникалық зерттеулерде амлодипин аторвастатиннің, дигоксиннің, варфариннің немесе циклоспориннің фармакокинетикасына ықпалын тигізген жоқ.

Амлодипин-Периндоприл-Рихтер препараты үшін

Бір мезгілде қабылдағанда ерекше назар аударуды қажет етеді: Баклофен: гипертензияға қарсы әсерінің күшеюі. Артериялық қысымға, бүйрек функциясына мониторинг жүргізу және қажет болғанда гипотензиялық дәрілер дозасын түзету қажет.

Қатар қабылданатын препараттарға ерекше назар аудару қажет

- Гипотензивтік препараттар (бета-адреноблокаторлар сияқты) және вазодилататорлар: осы препараттарды бір мезгілде қабылдағанда периндоприлдің және амлодипиннің гипертензияға қарсы әсері артуы мүмкін. Нитроглицеринді және басқа да нитраттарды немесе басқа да вазодилататорларды бір мезгілде қабылдаған кезде артериялық қысым қосымша төмендеуі мүмкін, сондықтан мұндай жағдайларда сақтық танытқан жөн.

­- Кортикостероидтық препараттар, тетракозактид: гипертензияға қарсы әсері төмендейді (кортикостероидтық препараттардың әсерінен тұздардың және судың іркілісі).

­- Альфа-адреноблокаторлар (празозин, альфузозин, доксазозин, тамсулозин, теразозин): гипертензияға қарсы әсері жоғары және ортостатикалық гипотензияның даму қаупі жоғары.

- Амифостин: амлодипиннің гипертензияға қарсы әсері күшеюі мүмкін.

- Үшциклдік антидепрессанттар/антипсихоздық препараттар/ анестетиктер: гипертензияға қарсы әсерінің даму қаупі жоғары және ортостатикалық гипотензияның даму қаупі жоғары.

Айрықша нұсқаулар

Периндоприл үшін

Аса жоғары сезімталдық/Ангионевротикалық ісіну

Беттің, аяқ-қолдың, еріннің, шырышты қабықтардың, тілдің, дауыс саңылауының және/немесе көмейдің ангионевротикалық ісінуі, периндоприлді қоса, АӨФ тежегіштерімен ем қабылдап жүрген емделушілерде байқалды.

Мұндай жағдайлар емдеу барысының кез келген уақытында дамуы мүмкін. Мұндай жағдайда Амлодипин-Периндоприл-Рихтер препаратын қабылдауды дереу тоқтатқан және симптомдар толық қайтқанға дейін тиісті бақылауды жүзеге асырған жөн. Ісіну бет және ерін аймақтарымен шектелген жағдайларда, антигистаминдік препараттарды қолданғанда симптомдардың жеңілдегені байқалғанмен, мұндай жағдайлар әдетте емдеусіз-ақ қайтады.

Көмейдің ісінуін қамтитын ангионевротикалық ісіну өліммен аяқталуға әкеп соғуы мүмкін. Тіл, дауыс саңылауы немесе көмей аймағындағы ісіну тараған кезде тыныс алу жолдары обструкциялануы мүмкін, мұндайда қарқынды шұғыл жәрдем көрсету қажет. Мұндай ем адреналин енгізуді және/немесе тыныс алу жолдарының еркін өткізгіштігін демеуді қамтуы мүмкін. Емделуші симптомдар толық және тұрақты қайтқанға дейін қатаң медициналық бақылауда болуы тиіс.

Сыртартқыда АӨФ тежегіштерімен байланысты емес ангионевротикалық ісінуі бар емделушілерде АӨФ тежегіштерін қолданған кезде ангионевротикалық ісінудің даму қаупі жоғары болады.

Сирек жағдайларда АӨФ тежегіштерімен ем қабылдаған емделушілерде ішектің ангионевротикалық ісінуі жөнінде мәлімделді. Осы емделушілерде іштің ауыруы (жүректің айнуымен немесе құсумен немесе онсыз) байқалды; кейбір жағдайларда мұндай кезде бұған дейін бет тұсында ангионевротикалық ісіну байқалған жоқ және C-1 эстераза деңгейі қалыпты болды. Ангионевротикалық ісіну құрсақ қуысына компьютерлік томография жасаған кезде, сондай-ақ ультрадыбыстық зерттеу жүргізгенде немесе операция кезінде диагностикаланды; симптомдар АӨФ қабылдауды тоқтатқаннан кейін қайтты. АӨФ тежегіштерін қабылдап жүрген және іштің ауыруына шағымданған емделушілерде ішектің ангионевротикалық ісінуі дифференциальді диагностика жүргізілгенде қамтылуы тиіс.

ТТЛП-аферезі кезіндегі анафилактоидтық реакциялар

Сирек жағдайларда декстран сульфатымен тығыздығы төмен липопротеиндер аферезі (ТТЛП-аферез) барысында АӨФ тежегіштерін қабылдайтын емделушілерде өмірге қауіп төндіретін анафилактоидтық реакциялар байқалды. Бұл реакцияларға аферездің әрбір емшарасы алдында АӨФ тежегіштерін қабылдауына уақытша үзіліс жасау жолымен жол бермеуге болады.

Десенсибилизация жүргізген кездегі анафилактоидтық реакциялар

Десенсибилизациялаушы ем жүргізу кезінде (мысалы, жарғақ қанаттылар уымен) АӨФ тежегіштерін қабылдап жүрген емделушілерде анафилактоидтық реакция байқалды. Осы емделушілерде АӨФ тежегіштерін уақытша қабылдауын тоқтатқан кезде симптомдардың жоғалуы байқалды; кездейсоқ нәрселер түрткі болғанда симптомдар қайтадан пайда болды.

Нейтропения/агранулоцитоз/тромбоцитопения/анемия

АӨФ тежегіштерін қабылдап жүрген емделушілерде нейтропениялар /агранулоцитоз, тромбоцитопениялар және анемиялардың даму жағдайлары жөнінде мәлімделді. Бүйрек функциясы қалыпты және асқындырушы басқа факторлары жоқ емделушілерде нейтропения сирек байқалады. Периндоприлді коллагенозы бар емделушілерде, иммунодепрессанттармен қатар емдегенде, аллопуринолмен немесе прокаинамидпен емдегенде немесе осы асқындырушы факторларды біріктіргенде, әсіресе бүйрек функциясында бұған дейін бұзылу бар болғанда сақтықпен қолданған жөн. Осы емделушілердің кейбіреулерінде жекелеген жағдайларда антибиотиктермен қарқынды емдеуге жауап бермеген ауыр жұқпалар дамыды. Егер периндоприл мұндай емделушілерді емдеу үшін пайдаланылса, лейкоциттер санына мезгіл-мезгіл мониторинг жүргізу ұсынылады; сондай-ақ емделушілерге жұқпалардың кез келген белгілері жөнінде мәлімдеп отыру керектігіне нұсқау берілуі тиіс.

Артериялық гипотензия

АӨФ тежегіштері АҚ айқын төмендеуін туындатуы мүмкін. Симптоматикалық гипотензия асқынбаған артериялық гипертензиясы бар емделушілерде сирек байқалады және АҚК төмендеген емделушілерде, мысалы, диуретикалық препараттармен емдеу нәтижесінде, емдәмде тұзды шектегенде, диализде, диареяда немесе құсуда, немесе ренинге тәуелді ауыр гипертензияда даму мүмкіндігі үлкен. Симптоматикалық гипотензияның даму қаупі жоғары емделушілерде Амлодипин-Периндоприл-Рихтер препаратымен емдеу кезінде артериялық қысымға, бүйрек функциясына және қан плазмасындағы калий мөлшеріне жүйелі мониторинг жүргізу қажет.

Жүректің ишемиялық ауруы бар немесе цереброваскулярлық ауруы бар емделушілерде артериялық қысымның шамадан тыс төмендеуі миокард инфарктісіне немесе инсультке әкеп соғуы мүмкін.

Артериялық гипотензия дамыған кезде емделушіні шалқасынан жатқызу керек және, қажет болғанда, көктамыр ішіне 0,9% натрий хлориді ерітіндісін енгізу жолымен АҚК толықтырған жөн. Транзиторлық артериялық гипотензияның дамуы препаратты әрі қарай қолдану үшін қарсы көрсетілім болып табылмайды; мұндайда егер артериялық қысым АҚК артқан кезде жоғарыласа, препарат қабылдауды жалғастыруға болады.

Аортальді және митральді клапан стенозы/гипертрофиялық кардиомиопатия

АӨФ басқа тежегіштері сияқты, периндоприлді митральді клапан стенозы бар және сол жақ қарыншаның шығатын жолының обструкциясы бар емделушілерге (қолқа стенозында немесе гипертрофиялық кардиомиопатияда) аса сақтықпен қолданған жөн.

Бүйрек функциясының бұзылуы

Бүйрек функциясы бұзылған кезде (КК < 60 мл/мин) препараттың жекелеген компоненттерінің дозаларын жекелей титрлеу ұсынылады.

Бүйрек функциясы бұзылған емделушілерде қан сарысуындағы калий мөлшеріне және креатинин концентрациясына жүйелі мониторинг жүргізу ұсынылады.

АӨФ тежегіштері қабылдап жүрген, бүйрек артерияларының екі жақты стенозы немесе жалғыз ғана бүйрек артериясының стенозы бар емделушілерде қан сарысуындағы мочевина концентрациясының және креатининнің өткінші жоғарылау жағдайлары байқалды. Осы құбылыстар әдетте қайтымды болды және емдеуді тоқтатқаннан кейін жоғалды. Бұл құбылыстар бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар емделушілерде өте жиі байқалады. Вазоренальді гипертензия бар болған кезде ауыр артериялық гипотензияның және бүйрек функциясы жеткіліксіздігінің даму қаупі жоғары болады. Артериялық гипотензиясы бар кейбір емделушілерде вазоренальді гипертензияның көзге көрінетін белгілері жоқ болған кезде қан плазмасында мочевина мен креатинин концентрациясының жоғарылағаны байқалды; осы құбылыстар әдетте әлсіз білінді және қайтымды болды және периндоприльді диуретикалық препараттармен бірге қолданғанда байқалды. Олар бүйрек функциясының бұрыннан бұзылулары бар емделушілерде жиі дамыды.

Бауыр функциясының бұзылуы

Сирек жағдайларда АӨФ тежегіштерін қолданған кезде холестаздық сарғаюдан басталған және бауырдың фульминантты некрозына үдеген синдром тіркелді және (кейде) өліммен аяқталды. Осы синдромның даму механизмі зерттелген жоқ. АӨФ тежегіштерін қабылдап жүрген емделушілер сарғаю дамыған кезде немесе «бауыр» ферменттерінің белсенділігі айқын жоғарылағанда АӨФ тежегішін қабылдауды тоқтатқаны және тиісті медициналық бақылауда болғаны жөн.

Нәсілі

АӨФ тежегіштерін қабылдаған кезде негроид нәсілді емделушілерде, басқа нәсілді емделушілермен салыстырғанда, ангионевротикалық ісінудің дамуында үлкен жиілік байқалады.

АӨФ басқа тежегіштері сияқты, периндоприл негроид нәсілдіге жататын емделушілерде, басқа нәсілді емделушілермен салыстырғанда, АҚК төмендеуіне қатысты тиімділігі азырақ болуы мүмкін. Осы заңдылық негроид нәсілдіге жататын, артериялық гипертензиясы бар емделушілер популяциясында ренин белсенділігінің төмен болу жағдайларының өте жоғары жиілігімен түсіндірілуі мүмкін.

Жөтел

АӨФ тежегіштерін қолданған кезде емделушілерде жөтел байқалды. Жөтел өнімсіз, тұрақты сипатта болды және емдеуді тоқтатқан кезде қайтады. АӨФ тежегіштерін қабылдаудан туындаған жөтел дифференциальді диагностика кезінде ескерілуі тиіс.

Хирургиялық операция/анестезия

Артериялық гипертензияны туындататын препараттарды қолданып жасалатын ауқымды операциялық араласымдарда немесе жалпы анестезияда Амлодипин-Периндоприл-Рихтер рениннің компенсаторлы лықсып шығарылуы салдарынан ангиотензин II түзілуін бөгеуі мүмкін. Емдеу операция жасалудан 1 күн бұрын тоқтатылуы тиіс. Егер артериялық гипотензия жоғарыда келтірілген механизм нәтижесінде дамыса, АҚК арттыру арқылы түзету жүргізуге болады.

Гиперкалиемия

Қан плазмасында калий мөлшерінің жоғарылауы, периндоприлді қоса, АӨФ тежегіштерін қабылдап жүрген кейбір емделушілерде байқалды. Гиперкалиемияны дамытатын қауіпті факторлар бүйрек функциясының жеткіліксіздігін, бүйрек функциясының нашарлауын, егде жасты (70 жастан асқан), қант диабетін, интеркуррентті жағдайларды, атап айтқанда дегидратацияны, жүрек функциясының жедел жеткіліксіздігін, метаболизмдік ацидозды және калий жинақтаушы диуретикалық препараттарды (мысалы, спиронолактон, эплеренон, триамтерен немесе амилорид) қабылдауды, калий негізді тағамдық қоспаларды немесе құрамында калий бар тұздарды қабылдауды, сондай-ақ қан плазмасындағы калий мөлшерін арттыратын басқа да препараттарды (мысалы, гепарин) қабылдауды қамтиды. Тағамдық қоспаларды, құрамында калий бар тұз алмастырғыштарды пайдалану немесе калий жинақтаушы диуретикалық препараттарды қабылдау, әсіресе бүйрек функциясы бұзылған емделушілерде қан плазмасында калий мөлшерінің едәуір жоғарылауына әкелуі мүмкін. Гиперкалиемия жекелеген жағдайларда өліммен аяқталуы мүмкін ауыр аритмияны туындатады. Егер периндоприлді жоғарыда көрсетілген препараттардың кез келгенімен бірге қабылдау қажет деп саналса, сақтық танытқан және қан плазмасында калий мөлшеріне жиі мониторинг жүргізген жөн.

Қант диабеті бар емделушілер

Ішке қабылдауға арналған гипогликемиялық препараттарды немесе инсулинді қабылдап жүрген, қант диабеті бар емделушілерде АӨФ тежегішімен емдеудің алғашқы айы ішінде қандағы қант мөлшеріне үнемі мониторинг жүргізіп отыру қажет.

Амлодипин үшін

Гипертониялық кризде амлодипинді қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталған жоқ.

Бауыр функциясы бұзылған емделушілер

Бауыр функциясы бұзылған емделушілерде, кальций өзекшелерінің барлық блокаторлары сияқты, амлодипиннің жартылай шығарылу кезеңі артады, ал AUC жоғарылайды. Бауыр функциясы бұзылған емделушілерде Амлодипин-Периндоприл-Рихтер препаратын қолданған кезде сақ болу және «бауыр» ферменттерінің белсенділігіне мұқият мониторинг жүргізу қажет.

Жүрек функциясының жеткіліксіздігі бар емделушілер

Жүрек функциясының жеткіліксіздігі бар емделушілерді емдеген кезде сақтық танытқан жөн.

Амлодипинді қоса, кальций өзекшелерінің блокаторлары, жүрек функциясының іркілген жеткіліксіздігі бар емделушілерде сақтықпен пайдаланылуы тиіс, өйткені олар жүрек-қантамыр асқынулары және келешекте өліммен аяқталу қаупін арттыруы мүмкін.

Амлодипинді грейпфрутпен немесе грейпфрут шырынымен бірге қабылдау ұсынылмайды, өйткені бұл кейбір емделушілерде биожетімділікті арттыруы мүмкін, бұл гипертензияға қарсы әсердің күшеюіне әкелуі мүмкін.

Көлік құралын және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Амлодипин-Периндоприл-Рихтер препаратының көлік құралын және механизмдерді басқару қабілетіне ықпалы жөнінде зерттеулер жүргізілген жоқ. Сонымен бірге бас айналудың немесе қатты қажудың дамуы мүмкін екендігіне көңіл бөлген жөн.

Артық дозалануы

Амлодипин артық дозаланғанда

Симптомдары: әрі қарай айқын және, ықтимал, ұзаққа созылатын жүйелік артериялық гипотензияға және рефлекторлық тахикардияға ұласатын шамадан тыс шеткергі вазодилатация. Өліммен аяқталатын шокқа дейінгі айқын және ұзаққа созылуы мүмкін жүйелік артериялық гипотензияның дамуы жөнінде мәлімделді.

Емі: тыныс алу және жүрек-қантамыр жүйелері функцияларына жиі мониторинг, аяқ-қолды көтеріңкі ұстау, айналымдағы қан көлемін және диурезді бақылау. Қантамырларды тарылтатын препараттарды қолдану, осындай препараттарды қолдануға қарсы көрсетілімдер жоқ болған жағдайда, қантамырлар тонусының және артериялық қысымның қалпына келуіне жағдай жасауы мүмкін. Кальций глюконатын көктамыр ішіне енгізу кальций өзекшелерінің бөгелу симптомдарының жеңілдеуіне ықпал етуі мүмкін. Кейбір емделушілерде асқазанды шаю қажет болуы мүмкін. Зерттеулерде 10 мг амлодипинді қабылдаудан кейін 2 сағат ішінде белсендірілген көмір тағайындау соңғысының сіңу жылдамдығын төмендететінін көрсетті.

Амлодипин қан плазмасы ақуыздарымен елеулі дәрежеде байланысатын болғандықтан, артық дозаланған жағдайда диализдің тиімді болу ықтималдығы аз.

Периндоприл артық дозаланғанда

Симптомдары: артериялық гипотензия, циркуляторлық шок, электролиттер теңгерімінің бұзылуы, бүйрек функциясының жеткіліксіздігі, өкпелердің асқын желдетілуі, тахикардия, жүрек қағуын сезіну, брадикардия, бас айналу, үрейлену және жөтел.

Емі: физиологиялық ерітіндімен көктамырішілік инфузия жүргізу. Тұрақты аллергиялық гипотензияда емделушіні шалқасынан жатқызған жөн. Сондай-ақ ангиотензин II-мен инфузия және/немесе катехоламиндерді көктамыр ішіне енгізу ұсынылады. Периндоприлді жүйелік қан ағымынан гемодиализ жолымен шығаруға болады. Жүргізілген емге рефрактерлік брадикардия дамыған жағдайда электрокардиостимуляция қолданған жөн. Өмір үшін маңызды функцияларға, қан плазмасындағы электролиттер мөлшеріне және креатинин концентрациясына тұрақты мониторинг жүргізген жөн.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Полиамид/алюминий/поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салынған.

Пішінді ұяшықты 3 қаптамадан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, құрғақ және жарықтан қорғалған жерде, 300С-ден аспайтын температурада.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші ұйымның атауы және елі

«Гедеон Рихтер Польша» ЖШҚ

05-825, Гродзиск Мазовецкий қ., кн. Ю. Понятовский к-сі, 5, Польша

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

«Гедеон Рихтер» ААҚ

1103 Будапешт, Дёмрёи к-сі, 19-21, Венгрия

Тұтынушылардан өнім сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Гедеон Рихтер» ААҚ ҚР-дағы өкілдігі

E-mail: info@richter.kz

Телефон: 8-(727) 258-26-22, 8-(727) 258-26-23

Прикрепленные файлы

538856531477976549_ru.doc 46.78 кб
700226441477977712_kz.doc 191.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники