Амитриптилин-АКОС

МНН: Амитриптилин
Производитель: Биосинтез ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Amitriptyline
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013691
Период регистрации: 12.09.2014 - 12.09.2019
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Предельная цена закупа в РК: 25.66 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Амитриптилин-АКОС

Халықаралық патенттелмеген атауы

Амитриптилин

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған 20 мг/2 мл ерітінді

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат – 10 мг амитриптилин гидрохлориді (амитриптилинге шаққанда),

қосымша заттар: глюкоза моногидраты, натрий хлориді, бензетоний хлориді, инъекцияға арналған су

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз немесе сәл сарғыш ерітінді

Фармакотерапиялық тобы

Психоаналептиктер. Антидепрессанттар. Моноаминдерді кері қармап қалатын селективті емес тежегіштер. Амитриптилин

АТХ коды N06AA09

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі – жоғары. Әртүрлі енгізу жолдарында амитриптилиннің биожетімділігі – 30-60 %, оның белсенді метаболиті – нортриптилинде – 46-70%. Плазма ақуыздарымен байланысуы – 96%. Қан плазмасы ақуызындағы ең жоғары концентрациясы (Сmax) – 0.04-0.16 мкг/мл. Таралу көлемі – 5-10 л/кг. Қандағы емдік концентрация амитриптилин үшін – 50-250 нг/мл, нортриптилин үшін – 50-150 нг/мл. Гистогематикалық бөгеттер арқылы, гематоэнцефалиялық бөгет (ГЭБ), плацентарлы бөгет арқылы оңай өтеді (соның ішінде нортриптилин), емшек сүтіне өтеді.

Бауырда CYP2C19, CYP2D6 ферменттік жүйесінің қатысуымен метаболизденеді, «алғаш өту» әсері (деметилдену, гидроксилдену, N-тотығу жолымен) бар, сол арқылы белсенді метаболиттер - нортриптилин, 10-гидроксиамитриптилин – және белсенді емес метаболиттер түзіледі. Бүйректер арқылы шығарылады (негізінен метаболиттер түрінде) – 2 апта ішінде 80% және ішінара нәжіс заттарымен бірге. Амитриптилиннің қан плазмасынан жартылай шығарылу кезеңі (Т1/2) – 10-26 сағат, нортриптилинде – 18-44 сағат.

Фармакодинамикасы

Амитриптилин-АКОС – антидепрессиялық дәрі (үшциклді антидепрессант). Біршама жансыздандырғыш (генезі орталықтан), Н2-гистаминді-бөгегіш және антисеротонинді әсер береді, несепті түнде ұстай алмаушылықты тоқтатуға мүмкіндік береді және тәбетті төмендетеді.

М-холинорецепторларға ұқсастығының жоғары болуымен жүзеге асатын күшті шеткергі және орталық антихолинергиялық әсерлері; Н1-гистаминдік рецепторларға ұқсас болуына байланысты күшті седативтік әсері және альфа-адренобөгегіш әсері бар. Аритмияға қарсы Iа топ тармағына жататын дәрілік заттардың (ДЗ) қасиеттері бар, хинидин сияқты емдік дозаларда қарыншалық өткізгіштікті баяулатады (артық дозаланғанда қарыншаішілік ауыр блокаданы тудыруы мүмкін). Депрессияға қарсы әсер ету механизмі синапстарда норадреналин және/немесе орталық жүйке жүйесінде (ОЖЖ) серотонин концентрацияларының артуымен байланысты (олардың кері сіңуі төмендейді). Осы нейромедиаторлардың жиналып қалуы пресинапстық нейрондар жарғақшаларының оларды кері қармап қалуын тежеуі нәтижесінде жүреді. Ұзақ қолданғанда мидың бета-адренергиялық және серотониндік рецепторларының функциональді белсенділігін төмендетеді, адренергиялық және серотонинергиялық берілімін қалыпты етеді, депрессивті жағдайларда бұзылған осы жүйелердің тепе-теңдігін қалпына келтіреді. Үрейлі-депрессиялық жағдайларда үрейленуді, ажитацияны және депрессиялық біліністерді азайтады.

Антидепрессиялық әсері препаратты қолданғаннан кейін 2-3 апта ішінде пайда болады.

Қолданылуы

- ауыр дәрежелі депрессиялар

- депрессиялық жағдайлар (әсіресе үрейленумен, ажитациямен және ұйқының бұзылуымен бірге, эндогендік, инволюциялық, реактивтік, невротикалық, дәрілік, мидың органикалық зақымдарында, алкогольді абстиненцияда)

Қолдану тәсілі және дозалары

Бұлшықет ішіне (б/і).

Б/і тәулігіне 4 рет 20-40 мг доза, бірте-бірте ішке қабылдауға алмастырылады. Емдеу ұзақтығы – 6-8 айдан аспайды.

Егер 3-4 апта емдегенде науқастың жағдайы жақсармаса, онда әрі қарай емдеудің керегі жоқ.

Егде жастағы емделушілерге төменірек дозаларды енгізеді және оларды баяу арттырады.

Жағымсыз әсерлері

Жиі

- көрудің анық болмауы, аккомодацияның салдануы, көзішілік қысымның жоғарылауы (локальді анатомиялық бейімділігі бар – алдыңғы камераның бұрышы тар адамдарда ғана), бас айналу

- тахикардия, артериялық қысымның құбылмалылығы (АҚ төмендеуі немесе жоғарылауы)

- ауыз ішінің құрғауы

- іш қатулар, салданған ішек бітелісі

Кейде

- сананың шатасуы (делирий немесе елестеулер)

- несептің бөлініп шығуының қиындауы

- ұйқышылдық, бағыттан адасу, елестеулер (әсіресе егде жастағы емделушілерде және Паркинсон ауруы бар емделушілерде), қозу, қимыл-қозғалыс мазасыздығы, гипоманиакальді жағдай, жадының нашарлауы, зейінді жұмылдыру қабілетінің төмендеуі, ұйқысыздық, «қорқынышты» түстер көру, бас ауыру, дизартрия, ұсақ бұлшықеттердің треморы, әсіресе қолдың, білезік сүйектерінің, бастың және тілдің, шеткергі невропатия (парестезиялар), атаксия, электроэнцефалограммада (ЭЭГ) өзгерулер, құлақтың шуылдауы

- жүректің айнуы, қыжыл, құсу, гастралгия, стоматит, дәмнің өзгеруі, тілдің қараюы

- сүт безі көлемінің ұлғаюы, галакторея, либидоның төмендеуі немесе жоғарылауы, потенцияның төмендеуі, антидиуретикалық гормон (АДГ) секрециясының талапқа сай келмеу синдромы, гинекомастия

- несептің іркілуі

Сирек

- астения, естен тану жағдайлары, мазасыздық, үрейленушілік, маниакальді жағдай, есінеу, озбырлық, деперсонализация, депрессияның күшеюі, психоз симптомдарының белсенділенуі, миоклонус

- жүректің лүпілдеуі, жүрек ауруларына шалдықпаған емделушілердің ЭКГ-де өзіне тән емес өзгерулер (S-T аралығының немесе T тісшесінің), аритмия, ортостатикалық гипотензия, қарыншаішілік өткізгіштіктің бұзылуы (QRS кешенінің кеңеюі, P-Q аралығының өзгеруі, Гис бумасы тармақтарының блокадасы)

- гепатит («бауыр» трансаминазалары белсенділігінің жоғарылауын, бауыр функциясының бұзылуын және холестатикалық сарғаюды қоса), тәбеттің және дене салмағының артуы немесе тәбеттің және дене салмағының төмендеуі, диарея

- тестикула өлшемінің ұлғаюы (ісіну), гипо- немесе гипергликемия, глюкозурия, глюкозаға толеранттылықтың бұзылуы, гипонатриемия (вазопрессин түзудің төмендеуі)

- агранулоцитоз, лейкопения, тромбоцитопения, пурпура, эозинофилия

- тері бөртпесі, терінің қышуы, есекжем, фотосенсибилизация, беттің және тілдің ісінуі

- шаштың түсуі, ісінулер, гиперпирексия, лимфа түйіндерінің ұлғаюы

- поллакиурия, гипопротеинемия

Өте сирек

- мидриаз

- экстрапирамидалық синдром, эпилепсия ұстамаларының жиілеуі және күшеюі

Тоқтату симптомдары: ұзақ емдеуден кейін оны күрт тоқтатқанда – жүректің айнуы, құсу, диарея, бас ауыру, дімкәстік, ұйқының бұзылуы, әдеттен тыс түс көрулер, әдеттен тыс қозу; ұзақ емдеуден кейін біртіндеп тоқтатқанда – тітіркенгіштік, қимыл-қозғалыс мазасыздығы, ұйқының бұзылуы, әдеттен тыс түс көрулер.

Препаратты қабылдаумен байланысы анықталған жоқ: жегіге ұқсас синдром (миграцияланатын артрит, антинуклеарлы антиденелердің пайда болуы және оң ревматоидты фактор), бауыр функциясының бұзылуы, агевзия.

Амитриптилинмен емделу кезінде немесе оны тоқтатқаннан кейін суицидальді ойлар немесе мінез таныту жағдайларының болғаны жөнінде мәлімдемелер бар. Серотонинді кері қармап қалатын селективті тежегіштерді және үшциклді антидепрессанттарды қабылдап жүрген 50 жастан асқан емделушілерде сүйектердің сыну қаупі жоғары.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- амитриптилинге және препараттың қосымша компоненттеріне жоғары сезімталдық

- МАО (моноаминоксидаза) тежегіштерімен бірге және емдеуді бастаудан 2 апта бұрын қолдану

- миокард инфарктісі (жедел және баяу өрбитін кезеңдер), жүректің ишемиялық ауруы

- жедел алкогольдік уыттану

- ұйықтатқыш, жансыздандырғыш және психобелсенді дәрілік заттармен жедел уыттану

- жабық бұрышты глаукома

- эпилепсия

- пилоростеноз

- қуықасты безінің гиперплазиясы

- салданған ішек бітелісі

  • қуық атониясы

    - атриовентрикулярлы (AV) және қарыншаішілік өткізгіштіктің ауыр бұзылулары (Гис бумасы тармақтарының блокадасы, II-III дәрежелі AV блокадасы)

    - жүктілік және лактация кезеңі

    - 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Этанолды және ОЖЖ басатын дәрілік заттарды (соның ішінде антидепрессанттарды, барбитураттарды, бензадиазепиндерді және жалпы анестетиктерді) бірге қолданғанда, ОЖЖ-ны тежейтін әсері едәуір күшеюі, тыныстың тарылуы және гипотензивтік әсер туындауы мүмкін.

Құрамында этанол бар ішімдіктерге сезімталдық жоғарылайды.

Антихолинергиялық белсенділігі бар дәрілік заттардың (мысалы, фенотиазиндердің, паркинсонға қарсы ДЗ-нің, амантадиннің, атропиннің, бипериденнің, антигистаминдік дәрілік заттардың) антихолинергиялық белсенділігін арттырады, бұл жағымсыз әсерлердің (ОЖЖ, көру, ішек және қуық тарапынан) пайда болу қаупін арттырады.

Антигистаминдік дәрілік заттармен, клонидинмен бірге қолданғанда – ООЖ-ны тежеу әсері күшейеді; атропинмен бірге – салданған ішек бітелісінің пайда болу қаупі артады; экстрапирамидалық реакцияларды тудыратын ДЗ-мен бірге – экстрапирамидалық әсерлердің ауырлығы және жиілігі артады.

Амитриптилинді және әсері тікелей емес антикоагулянттарды (кумарин немесе индадион туындылары) бір мезгілде қолданғанда соңғыларының антикоагулянттық белсенділігі жоғарылауы мүмкін.

Амитриптилин глюкокортикостероидтардан (ГКС) туындаған депрессияны күшейтуі мүмкін.

Құрысуға қарсы дәрілік заттармен бірге қолданғанда ОЖЖ-ны тежеу әсері күшеюі, құрысу белсенділігінің шегі төмендеуі (жоғары дозаларда пайдаланғанда) және соңғыларының тиімділігі кемуі ықтимал.

Тиреотоксикозды емдеуге арналған дәрілік заттар агранулоцитоздың пайда болу қаупін арттырады.

Фенитоиннің және альфа-адреноблокаторлардың тиімділігін төмендетеді.

Микросомальді тотығу тежегіштері (циметидин) Т1/2 ұзартады, амитриптилиннің уытты әсерлерінің пайда болу қаупін арттырады (дозаны 20-30%-ға төмендету қажет болуы мүмкін), бауырдың микросомальді ферменттерінің индукторлары (барбитураттар, карбамазепин, фенитоин, никотин және пероральді контрацептивтер) плазмадағы концентрацияны төмендетеді және амитриптилиннің тиімділігін азайтады.

Флуоксетин және флувоксамин плазмада амитриптилиннің концентрациясын арттырады (амитриптилиннің дозасын 50%-ға төмендету қажет етілуі мүмкін).

Холиноблокаторлармен, фенотиазиндермен және бензодиазепиндермен бірге қолданғанда – седативтік және орталық холинобөгегіш әсерлерінің өзара күшеюі және эпилепсиялық ұстамалардың пайда болу қаупінің жоғарылауы (құрысу белсенділігі шегінің төмендеуі); фенотиазиндер, бұдан басқа, нейролептикалық қатерлі синдромның пайда болу қаупі жоғарылауы мүмкін.

Амитриптилинді клонидинмен, гуанетидинмен, бетанидинмен, резерпинмен және метилдопамен бір мезгілде қолданғанда – соңғысының гипотензивті әсері төмендейді; кокаинмен бірге – жүрек аритмиясының пайда болу қаупі бар.

Ұрықтануға қарсы құрамында эстрогені бар пероральді дәрілік заттар және эстрогендер амитриптилиннің биожетімділігін арттыруы мүмкін; антиаритмиялық дәрілік заттар (хинидин типті) жүрек ырғағының бұзылу қаупін күшейтеді (амитриптилин метаболизмі баяулауы мүмкін).

Дисульфираммен және басқа да ацетальдегидрогеназа тежегіштерімен бірге қолдану делирийді өршітеді.

МАО тежегіштерімен үйлеспейді (гиперпирексия кезеңдерінің жиілеуі, ауыр құрысулар, гипертониялық криздер және емделушінің өлімі болуы ықтимал).

Пимозид және пробукол жүрек аритмиясын күшейтуі мүмкін, бұл ЭКГ-де Q-T аралығының ұзаруымен білінеді.

ЖҚЖ-ге эпинефриннің, норэпинефриннің, изопреналиннің, эфедриннің және фенилэфриннің (соның ішінде осы ДЗ жергілікті анестетиктердің құрамына кірген кезде) және жүрек ырғағының бұзылулары, тахикардия, ауыр артериялық гипертензия қаупін арттырады.

Мұрын ішіне енгізуге немесе офтальмологияда қолдануға арналған альфа-адреностимуляторлармен бірге тағайындағанда (жүйелік сіңуі елеулі болғанда) соңғыларының қантамырларды тарылтатын әсері күшеюі мүмкін.

Қалқанша без гормондарымен бірге қабылдағанда – емдік әсері және уыттық әсері өзара күшейеді (жүрек аритмиясын және ОЖЖ-ны стимуляциялайтын әсерін қамтиды).

М-холиноблокаторлар және антипсихотикалық дәрілік заттар (нейролептиктер) гиперпирексияның пайда болу қаупін арттырады (әсіресе ыстық ауа райында).

Басқа гематоуытты дәрілік заттармен бірге тағайындағанда гематоуыттылығы күшеюі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Сақтықпен: созылмалы маскүнемдік, бронх демікпесі, маниакальді-депрессивті психоз, сүйек кемігінде қан түзудің тежелуі, жүрек-қантамыр (ЖҚЖ) аурулары (стенокардия, аритмия, жүректің І дәрежелі AV блокадасы, жүрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігі (ЖСЖ), миокард инфарктісі, инфарктен кейінгі кардиосклероз, артериялық гипертензия), инсульт, АІЖ моторлы функциясының төмендеуі (салданған ішек бітелісінің пайда болу қаупі бар), көзішілік гипертензия, бауыр және/немесе бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі, тиреотоксикоз, несептің іркілуі, қуық гипотониясы, шизофрения (психоз белсенділенуі мүмкін),егде жас.

Емдеуді бастар алдында АҚ-ны бақылау (АҚ төмендеген немесе құбылмалы болатын емделушілерде ол әлі де үлкен дәрежеде төмендеуі мүмкін); емдеу кезеңінде – шеткергі қанды бақылау керек (жекелеген жағдайларда агранулоцитоз пайда болуы мүмкін, осыған байланысты, әсіресе дене температурасы жоғарылағанда, тұмауға ұқсас синдром және баспа пайда болғанда қан көрінісін бақылау керек), ұзақ емдегенде – ЖҚЖ және бауыр функциясын бақылау. Егде жастағы және ЖҚЖ аурулары бар емделушілерде жүректің жиырылу санын (ЖЖС), АҚ-ны, ЭКГ-ні бақылау керек. ЭКГ-де клиникалық тұрғыдан маңызды емес өзгерулер (Т тісшесінің жазылуы, S-T сегментінің депрессиясы, QRS кешенінің кеңеюі) пайда болуы мүмкін.

Препарат тек стационар жағдайында дәрігердің бақылауымен, емнің алғашқы күндері төсектік режимді сақтай отырып, қолданылуы мүмкін.

«Жату» немесе «отыру» күйінен вертикальді күйге күрт ауысқанда сақтық қажет.

Емделу кезеңінде этанолды қолдануға болмайды.

МАО тежегіштерін тоқтатқаннан кейін кемінде 14 күннен соң кіші дозалардан бастап тағайындайды.

Ұзақ емдеуден кейін қабылдауды күрт тоқтатқанда «тоқтату» синдромы пайда болуы мүмкін.

Амитриптилиннің тәулігіне 150 мг-нан асатын дозалары құрысу белсенділігінің шегін төмендетеді (бейім науқастарда, сондай-ақ құрысу синдромының пайда болуына бейім ететін басқа факторлар бар болғанда, мысалы, кез келген этиологиялы ми зақымдарында, антипсихотикалық ДЗ-ні (нейролептиктерді) бір мезгілде қолданғанда, этанолдан бас тарту немесе құрысуға қарсы қасиеттері бар ДЗ-ні, мысалы, бензодиазепиндерді тоқтату кезеңінде эпилепсиялық ұстамалардың пайда болу қаупін есакерген жөн).

Айқын депрессияларға суицидальді әсерлер тән, ол елеулі ремиссияға қол жеткізілгенше сақталуы мүмкін. Осыған байланысты емнің басында бензодиазепиндер тобына жататын ДЗ-мен немесе нейролептикалық ДЗ-мен біріктіріп қолданылуы және ұдайы дәрілерлік бақылау керек болуы мүмкін (ДЗ сақтауды және беруді сенімді адамға тапсыру керек).

Емдеу аясында депрессиялық фаза кезеңінде циклді аффективтік бұзылулары бар емделушілерде маниакальді немесе гипоманиакальді жағдайлар пайда болуы мүмкін (дозаны төмендету немесе препаратты тоқтату және антипсихотикалық ДЗ тағайындау қажет). Аталған жағдайлар басылғаннан кейін, егер көрсетілімдері бар болса, төмен дозаларда емдеу қайта жаңғыртылуы мүмкін.

Кардиоуыттық әсерлердің ықтималдылығы себебінен, тиреотоксикозы бар науқастарды немесе қалқанша без гормондарының препараттарын қабылдап жүрген емделушілерді емдегенде сақ болу талап етіледі.

Электроқұрысу емімен біріктіру тек мұқият медициналық бақылау жүргізілген жағдайда тағайындалады.

Бейім емделушілерде және егде жастағы емделушілерде, әсіресе түнгі уақытта, дәрілік психоздардың пайда болуы өршуі мүмкін (препаратты тоқтатқаннан кейін бірнеше күн ішінде жоғалады).

Көбіне созылмалы іш қатуы бар емделушілерде, егде жастағыларда немесе төсектік режимді сақтауға тура келген емделушілерде салданған ішек бітелісін тудыруы мүмкін.

Жалпы немесе жергілікті анестезиялар жүргізер алдында анестезиологқа, емделушінің амитриптилин қабылдап жүргенін ескерткен жөн.

Антихолинергиялық әсері салдарынан көз жасының бөлінуі төмендейді және көз жасы сұйықтығының құрамындағы шырыштың мөлшері біршама ұлғаяды, бұл жанаспалы линзаны пайдаланатын емделушілерде мөлдір қабық эпителийінің зақымдануына әкеп соғуы мүмкін.

Ұзақ уақыт қолданғанда тіс жегілерінің пайда болу жиілігінің жоғарылағаны байқалады. Рибофлавинді қажетсінуі жоғарылауы мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету еркшеліктері

Емдеу кезеңінде автокөлікті жүргізгенде және зейінді жұмылдыруды және психомоторлы реакциялардың шапшаңдығын қажет ететін қауіпті қызмет түрлерімен айналысқанда сақ болу қажет.

Артық дозалануы

Симптомдары:

- ұйқышылды, мелшию, кома, атаксия, елестеулер, мазасыздық, психомоторлы қозу, зейінді жұмылдыру қабілетінің нашарлауы, бағыттан адасу, сананың шатасуы, дизартрия, гиперрефлексия, бұлшықеттің сіресуі, хореоатетоз, эпилептикалық синдром;

- артериялық қысымның (АҚ) төмендеуі, тахикардия, аритмия, жүрекішілік өткізгіштіктің бұзылуы, үшциклді антидепрессанттармен уыттануға тән электрокардиограммада (ЭКГ) өзгерулер (әсіресе QRS), шок; өте сирек жағдайларда – жүректің тоқтап қалуы;

- тыныстың тарылуы, ентігу, цианоз, құсу, гипертермия, мидриаз, терлеудің күшеюі, олигурия немесе анурия;

Симптомдар артық дозаланғаннан кейін 4 сағаттан соң пайда болып, ең жоғары шегіне 24 сағаттан соң жетеді және 4-6 тәулікке созылады. Артық дозаланғанына, әсіресе балаларда, күдіктенгенде емделушіні ауруханаға жатқызған жөн.

Емі: симптоматикалық және демеуші ем; ауыр антихолинергиялық әсерлерде (АҚ төмендегенде, аритмияларда, комада, миоклоникалық эпилепсиялық ұстамаларда) – холинэстераза тежегіштерін енгізу (құрысудың пайда болу қаупінің жоғары болуына байланысты, физостигминді қолдануға кеңес берілмейді); АҚ-ны және су-электролиттік теңгерімді демеу. 5 күні бойы ЖҚЖ функциясын (ЭКГ-ні қоса) бақылау (48 сағаттан кейін немесе одан кеш ауру қайталануы мүмкін), құрысуға қарсы ем, өкпелерді жасанды түрде желдету (ӨЖЖ) және басқа да реанимациялық шаралар қолданылады.

Гемодиализ және қарқындатылған диурез тиімді емес.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Инъекцияға арналған 20 мг/2 мл ерітінді.

Түссіз бейтарап шыны ампулаларда 2 мл.

Ампулаларға өздігінен желімденетін заттаңбалар жапсырылған.

5 ампула поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

Пішінді ұяшықты 2 қаптама картон пәшкеге салынған.

Әрбір пәшкеге медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулық салынған.

Сындыратын сақинасы немесе кертігі және нүктесі бар ампулаларды пайдаланғанда ампула скарификаторын салмайды.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 15С-ден 25С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Синтез» ААҚ.

Ресей, 640008, Қорған қ-сы, Конституция даңғылы, 7

Тел./факс (3522) 48-16-89

E-mail: real@kurgansintez.ru

Интернет-сайт: http://www.kurgansintez.ru

Тіркеу куәлігінің иесі

«Синтез» ААҚ, Ресей Федерациясы

Тұтынушылардан өнім сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«СТОФАРМ» ЖШС, 000100, Қазақстан Республикасы,

Костанай облысы, Қостанай қ-сы, Уральск к-сі, 14

тел. 714 228 01 79

Прикрепленные файлы

295611321477976705_ru.doc 87.5 кб
313001521477977856_kz.doc 107.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники