Амиодарон (50 мг/мл)

МНН: Амиодарон
Производитель: Открытое акционерное общество "Борисовский завод медицинских препаратов" (ОАО "БЗМП")
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Amiodarone
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021569
Период регистрации: 14.08.2015 - 14.08.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Амиодарон

Халықаралық патенттелмеген атауы

Амиодарон

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған ерітінді 50 мг/мл

Құрамы

Бір ампуланың (3 мл ерітінді) ішінде

белсенді зат: амиодарон гидрохлориді - 150 мг;

қосымша заттар: натрий ацетат тригидраты, мұзды сірке қышқылы, сірке қышқылының ерітіндісі 1 М, полисорбат 80, бензил спирті, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Сарғыш немесе жасыл реңді мөлдір сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Жүрек ауруларын емдеуге арналған препараттар. III класты аритмияға қарсы препараттар. Амиодарон.

ATХ коды C01BD01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Парентеральді енгізілген амиодаронның қандағы мөлшері тіндердің препаратпен қанығуының және олар байланысқан жерлерге жетуіне байланысты өте жылдам төмендейді; әсері ең жоғары шегіне енгізгеннен кейін 15 минуттан соң жетеді және шамамен 4 сағаттан соң қайтады.

Фармакодинамикасы

Амиодаронның аритмияға қарсы қасиеті.

Кардиомиоциттердің оның биіктігі немесе жоғарылау жылдамдығының өзгеруінсіз (Vaughan Williams жіктемесі бойынша III класс) әсер ету потенциалының 3 фазасының ұзаруы. Натрий немесе кальций ағынының өзгеруінсіз калий ағынының баяулауына байланысты әсер ету потенциалының 3 фазасының оқшауланған ұзаруы байқалады.

Брадикардиялық әсері синусты түйін автоматизмі төмендеуі есебінен. Аталған әсер атропинді енгізумен қайтпайды.

Олардың толық бөгелісінсіз, альфа- және бета-адренорецепторларына бәсекелеспейтін тежейтін әсері.

Синоатриальді, атриальді және атриовентрикулярлық өткізгіштіктің баяулауы, ол тахикардия аясында айқын білінеді.

Қарыншаішілік өткізгіштікті өзгертпейді.

Синоатриальді, атриальді және атриовентрикулярлы деңгейлерде миокардтың қозғыштығын төмендетеді және рефрактерлік кезеңді ұзартады.

Қосымша жүрекшелік-қарыншалық жолдарда өткізгіштікті баяулатады және рефрактерлік кезеңді ұзартады.

Теріс инотропты әсер иеленбеген.

Қолданылуы

Жүрек ырғағының ауыр бұзылыстарын емдеуде, пероральді қолдану мүмкін болмаған жағдайда, атап айтсақ:

- қарыншалық жиырылудың жоғары жиілігімен жүрекшелік ырғақтың бұзылуы

- Вольф-Паркинсон-Уайт синдромымен байланысты тахикардия

- құжатталған симптоматикалық, өмірге қауіпті, еңбекке жарамсыздыққа әкелетін қарыншалық ырғақтың бұзылуы

Қарыншалардың рефрактерлік фибрилляциясымен туындаған жүректің тоқтап қалуында жүрек-өкпе реанимациясы

Қолдану тәсілі және дозалары

Препараттың дәрілік түрінің ерекшеліктеріне байланысты 500 мл-ге 2 ампуладан кем концентрациясын қолдануға болмайды, тек глюкозаның изотониялық ерітіндісін қолданады. Басқа препараттарды инфузиялық ерітіндіге қосуға болмайды.

Орталық көктамыр арқылы енгізу мүмкін болмаған жағдайда, шеткергі көктамырлар қолданылуы мүмкін («Сақтық шараларын» қара) жүрек тоқтап қалғанда жүрек-өкпе реанимациясы жағдайларын қоспағанда, Амиодарон орталық көктамырға енгізілуі керек.

Қарыншалардың рефрактерлі фибрилляциясымен туындаған жүрек тоқтап қалғандағы жүрек-өкпе реанимациясын қоспағанда, пероральді препараттарды қолдану мүмкін емес елеулі аритмияда тағайындалады.

Орталық көктамырға инфузиялау

Бастапқы доза: глюкоза ерітіндісінде (мүмкіндігінше – инфузоматты қолданумен) әдетте 5 мг/кг, 20 минуттан 2- сағатқа дейінгі аралықта; енгізуді 24 сағаттың ішінде 2-3 рет қайталауға болады. Препараттың қысқа мерзімді әсері енгізуді жалғастыруды талап етеді.

Демеуші ем: глюкозаның 250 мл ерітіндісінде тәулігіне 10-20 мг/кг (тәулігіне орташа 600-800 мг және 1200 мг дейін) бірнеше күн ішінде. Инфузияның бірінші күнінен бастап біртіндеп пероральді қабылдауға (тәулігіне 3 таблетка) ауысуды бастайды. Доза тәулігіне 4 немесе тіпті 5 таблеткаға дейін жоғарылатуы мүмкін.

Электрлік дефибрилляцияға рефрактерлі қарыншалық фибрилляциямен туындаған, жүрек тоқтап қалғанда жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу жағдайында шеткергі көктамырға инфузиялау

Аталған көрсетілім пайда болатын жағдайға қарай және қолдану тәсілін ескеріп, егер ол қол жетімді болса, орталық көктамырлық катетерді қолдану ұсынылады; керісінше жағдайда препарат ең үлкен шеткергі көктамырға енгізілуі мүмкін.

Глюкозаның 20 мл 5% ерітіндісінде сұйылтқаннан кейін бастапқы көктамырлық доза 300 мг құрайды (немесе 5 мг/кг). Сорғалатып енгізіледі.

Егер фибрилляцияны тоқтатуға қол жетпесе, қосымша 150 мг (немесе 2,5 мг/кг) көктамырішілік енгізу қолданылады.

Басқа препараттармен бір еккіште араластыруға болмайды!

Жағымсыз әсерлері

Жағымсыз реакциялардың пайда болу жиілігі:

- өте жиі - > 10%;

- жиі емес - >1%, <10%;

- сирек - >0,1%, <1%;

- өте сирек >0,01%, <0,1%;

- жиілігін бар деректер негізінде анықтау мүмкін емес

- <0,01% және кем.

Өте жиі: брадикардия; жиі емес - айқын брадикардия; сирек - синусті түйіннің тоқтауы, кейбір жағдайларда, әсіресе егде жастағы науқастарда байқалды, проаритмогенді әсері, әдетте артериялық қысымның орташа және қайтымды төмендеуі.

Жиі: жүрек айнуы.

Енгізілген орындағы жергілікті реакциялар: тікелей шеткергі көктамырға енгізгенде қабыну реакциялары (беткейлік флебит), енгілген орындағы ауыру, эритема, ісіну, некроз, транссудация, инфильтрация, қабыну, флебит және целлюлит секілді реакциялар болуы мүмкін.

- бауыр функциясының бұзылу жағдайлары туралы хабарлар бар; бұл жағдайлар қан сарысуындағы трансаминазалардың жоғары деңгейімен диагностикаланған. Келесі жағдайлар байқалды:

Өте сирек: әдетте трансаминазалар деңгейінің орташа және оқшауланған жоғарылауы (қалыптан 1,5-3 есе жоғары), дозаны төмендеткеннен кейін және тіпті кенеттен жоғалатын; жедел гепатит (бірнеше оқшауланған жағдайлар) қандағы трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы және/немесе сарғаюмен, кейде – өліммен аяқталатын; емді тоқтату талап етіледі; ұзақ уақыт емдегенде (ішке) созылмалы гепатит. Гистологиялық көрініс жалған алкогольді гепатитке сәйкес келеді. Аурудың клиникалық және зертханалық көрінісі алуан түрлі болғандықтан (қайтымды гепатомегалия, трансаминазалар деңгейінің нормадан 1,5 - 5 есе жоғарылауы), ұдайы бауыр функциясын бақылауды талап етеді. Емнен кейін байқалатын, 6 айдан ұзаққа созылатын қандағы трансаминазалар деңгейінің орташа жоғарылауының өзінде бауыр функциясының созылмалы бұзылуы күдік тудырады. Клиникалық бұзылыстар және зертханалық ақаулар әдетте препаратты тоқтатқаннан кейін қайтады. Қайтымсыз прогрессияның бірнеше жағдайлары байқалды.

- анафилактикалық шок

- құйылулар

- қатерсіз бассүйекішілік гипертензия (мидың жалған ісігі).

- жедел респираторлық дистресс-синдромның бірнеше жағдайлары байқалды, негізінен интерстициальді пневмонитпен қатар жүретін, кейде өліммен аяқталатын және тікелей операциядан кейін (ӨЖЖ кезінде оттегінің жоғары дозасымен өзара әрекеттесу мүмкіндігі болжамданады). Амиодаронды қабылдауды тоқтату мүмкіндігін және кортикостероидтарды тағайындаудың мақсатқа сай екендігін қарастыру керек; ауыр респираторлық жеткіліксіздікте, әсіресе бронх демікпесімен науқастарда бронхтүйілуі және/немесе апноэ.

- тершеңдік, шаштың түсуі.

- артериялық қысымның әдетте орташа және қайтымды төмендеуі. Әсіресе артық дозаланғаннан немесе тым жылдам енгізгеннен кейін ауыр гипотензия немесе циркуляторлық шок жағдайлары сипатталған.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

– синусты түйін әлсіздігі синдромы (егер тек емделуші кардиостимулятор қолданбайтын болса), синусты брадикардия, жүрек ырғағының жасанды жетекшісімен түзетілген жағдайды қоспағанда, синоатриальді блокада

– II және III дәрежедегі атриовентрикулярлы блокада, қарыншаішілік өткізгіштіктің бұзылуы (Гистің екі немесе үш тармағының блокадасы); осы жағдайларда амиодарон көктамырішілік жүрек ырғағының жасанды жетекшісін қолданумен (кардиостимулятор) мамандандырылған бөлімшелерде қолданылуы мүмкін;

– кардиогендік шок, коллапс

– айқын артериялық гипотензия

– «пируэт» типті полиморфті қарыншалық тахикардияны туындатуға қабілетті препараттармен бір мезгілде қолдану

– қалқанша без дисфункциясы (гипотиреоз, гипертиреоз)

– гипокалиемия

– жүктілік және лактация кезеңі

– йодқа және/немесе амиодаронға жоғары сезімталдық

– өкпе функциясының ауыр бұзылуы (өкпенің интерстициальді аурулары)

– кардиомиопатия немесе жүректің декомпенсацияланған жеткіліксіздігі (емделушінің жағдайы нашарлауы мүмкін)

- құрамында бензил спиртінің болуына байланысты Амиодаронды 3 жасқа дейінгі жаңа туғандар, сәбилер мен балаларда көктамыр ішіне енгізуге болмайды.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Алдымен Iа және III класты аритмияға қарсы препараттар және кейбір нейролептиктер «пируэт» типті қарыншалық тахикардия туындатуға қабілетті дәрілік заттар болып табылады. Брадикардия немесе QT аралығының туа біткен немесе жүре пайда болған ұзаруы секілді, гипокалиемия бейімдейтін фактор болып табылады.

Төмендегілермен біріктірілімде қолдануға болмайды

- «пируэт» типті қарыншалық тахикардия туындатуға қабілетті препараттармен.

- Iа класты (хинидин, гидрохинидин, изопирамид) аритмияға қарсы препараттармен.

- III класты (дофетилид, ибутилид, соталол) аритмияға қарсы препараттармен.

- бепридил, цисаприд, дифеманил, к/і ритромицин, мизоластин, к/і винкамин, моксифлоксацин, к/і спирамицин секілді басқа препараттармен.

- сультопридпен

Қарыншалық ырғақтың бұзылу қаупі артады («пируэт» типті тахикардия).

Аталған қарсы көрсетілім амиодаронның жүрек тоқтап қалған жағдайда, электрмен дефибрилляцияға төзімді жүрек-өкпе реанимациясында қолданылуына қатысты емес.

Төмендегілермен біріктірілімде қолдану ұсынылмайды

Циклоспоринмен

Препараттың бауырдағы метаболизмінің төмендеуімен байланысты, болжамды нефроуытты біліністермен циклоспориннің плазмадағы деңгейі жоғарылауы мүмкін.

Циклоспориннің қандағы деңгейін анықтау, бүйрек функциясын тексеру және амиодаронмен емдеу кезінде және препаратты қабылдауды тоқтатқаннан кейін дозасын қайта қарастыру.

Инъекцияға арналған дилтиаземмен

Брадикардия және атриовентрикулярлық блокада қаупі бар. Егер біріктірілімнен бас тарту мүмкін болмаса, қатаң клиникалық және тұрақты ЭКГ-бақылауды тағайындау керек.

Инъекцияға арналған верапамилмен

Брадикардия және атриовентрикулярлық блокада қаупі бар. Егер біріктірілімнен бас тарту мүмкін болмаса, қатаң клиникалық және тұрақты ЭКГ-бақылауды тағайындау керек.

«Пируэт» типті тахикардияны туындатуға қабілетті паразиттерге қарсы препараттармен (галофантрин, пентамидин, лумефантрин)

Егер біріктірілімнен бас тарту мүмкін болмаса, QT аралығын алдын ала бақылау және ЭКГ мониторингілеу.

«Пируэт» типті қарыншалық тахикардия туындатуға қабілетті нейролептиктер:

Кейбір фенотиазинді нейролептиктер (хлорпромазин, циамемазин, левомепромазин, тиоридазин, трифлуоперазин), бензамидтер (амисульприд, сульпирид, тиаприд, вералиприд), бутирофенондар (дроперидол, галоперидол), басқа да нейролептиктер (пимозид).

Қарыншалық ырғақтың бұзылу қаупін арттырады («пируэт» типті тахикардия).

Метадон

Қарыншалық ырғақтың бұзылу қаупін арттырады («пируэт» типті тахикардия).

Ұсынылады: ЭКГ және клиникалық бақылау.

Амиодаронды төмендегілермен қолданғанда сақтықты талап ететін біріктірілімдер:

Оральді антикоагулянттармен:

Плазмадағы антикоагулянттар концентрациясының жоғарылауымен байланысты антикоагуляциялық әсерінің және қан кету қаупінің күшеюі. Қандағы протромбин деңгейін және ХҚҚ (INR) жиі бақылау, сондай-ақ антикоагулянттар дозасын амиодаронмен емдеу кезінде және препаратты қабылдауды тоқтатқаннан кейін бейімдеу керек.

Соталолды қоспағанда, бета-блокаторлармен (қолдануға болмайтын біріктірілім) және эсмолол (қолданғанда сақтықты талап ететін біріктірілім)

Жиырылғыштық, автоматизм және өткізгіштіктің бұзылуы (компенсаторлық симпатикалық механизмдердің бәсеңдеуі). Клиникалық және ЭКГ-мониторингілеу.

Жүрек жеткіліксіздігінде тағайындалатын бета-блокаторлармен (бисопролол, карведилол, метопролол)

Айқын брадикардия даму қаупімен жиырылғыштық пен өткізгіштіктің бұзылуы (синергиялық әсер). Қарыншалық аритмияның жоғары қаупі, әсіресе «пируэт» типті тахикардия.

Үнемі клиникалық және электрокардиографиялық бақылау керек.

Жүрек гликозидтерімен

Автоматизмнің (шектен тыс брадикардия) және жүрекше-қарыншалық өткізгіштіктің (әсер ету синергизмі) бұзылуы. Дигоксинді қолданғанда оның плазмадағы концентрациясының жоғарылауы (алкалоидтың клиренсі төмендеуіне байланысты).

Клиникалық және ЭКГ-мониторинг жүргізу қажеттігі, сондай-ақ плазмадағы дигоксин деңгейін анықтау; дигоксиннің дозасын өзгертуге қажеттілік пайда болуы мүмкін.

Дилтиаземмен пероральді қабылдау үшін

Әсіресе егде жастағыларда, брадикардия және атриовентрикулярлы блокада қаупі бар. Клиникалық және ЭКГ-бақылау.

Верапамилмен пероральді қабылдау үшін

Әсіресе егде жастағыларда, брадикардия және атриовентрикулярлы блокада қаупі бар. Клиникалық және ЭКГ-бақылау.

Эсмололмен

Жиырылғыштықтың, автоматизм және өткізгіштіктің бұзылуы (компенсаторлық симпатикалық механизмдердің бәсеңдеуі). Клиникалық және ЭКГ-мониторинг.

Гипокалиемиялық препараттармен: калий-шығаратын диуретикитермен (монотерапияда немесе біріктірілімде), стимуляциялайтын сипаттағы іш жүргізетіндермен, амфотерицин В (к/і) глюкокортикоидтармен (жүйелі), тетракозактидпен.

Әсіресе «пируэт» типті тахикардияда (гипокалиемия бейімдейтін фактор болып табылады) қарыншалық ырғақтың бұзылу қаупі артады. Клиникалық және ЭКГ-мониторинг, зертханалық талдаулар.

Лидокаинмен

Амиодаронмен лидокаиннің бауырдағы метаболизмінің төмендеуіне байланысты, неврологиялық және кардиологиялық жағымсыз әсерлері мүмкіндігімен лидокаиннің плазмадағы концентрациясының жоғарылау қаупі. Клиникалық және ЭКГ-бақылау, қажет болғанда амиодаронмен емдеу барысында және оны тоқтатқаннан кейін лидокаиннің дозасын түзету.

Орлистатпен

Амиодаронның және оның белсенді метаболитінің плазмадағы концентрациясының төмендеу қаупі. Клиникалық және қажет болғанда ЭКГ-бақылау,

Фенитоинмен (және экстраполяция бойынша фосфенитоин)

Артық дозалану симптомдарымен фенитоинның плазмадағы деңгейінің жоғарылауы, әсіресе, неврологиялық сипаттағы (фенитоинның бауырдағы метаболизмінің төмендеуі). Клиникалық мониторинг және фенитоинның плазмадағы деңгейін анықтау; мүмкіндігінше - фенитоинның дозасының төмендеуі.

Симвастатинмен

Рабдомиолиз секілді (симвастатиннің бауырдағы метаболизмінің төмендеуі) жағымсыз әсерлер қаупінің күшеюі (дозаға тәуелді). Симвастатиннің дозасы тәулігіне 20 мг аспауы керек.

Егер осындай дозада емдік әсерге қол жетпесе, осындай өзара әрекеттесуге түспейтін басқа статинге ауысу керек.

Такролимуспен

Оның метаболизмінің амиодаронмен тежелуіне байланысты қандағы такролимус деңгейінің жоғарылауы. Такролимустің қандағы деңгейін анықтау, бүйрек функциясын бақылау және такролимус деңгейін түзету керек.

Брадикардияны туындататын препараттармен:

Көптеген препараттар брадикардияны туындатуға қабілетті. Әсіресе бұл Iа класты аритмияға қарсы препараттарға, бета-блокаторларға, кейбір III класты аритмияға қарсы препараттарға, кейбір кальций өзекшелерінің блокаторларына, дигиталис препараттарына, пилокарпин және антихолинестеразалы агенттерге қатысты.

Шамадан тыс брадикардия қаупі (кумулятивті әсері) бар.

Назар аударуды талап ететін біріктірілімдер

Брадикардияны туындататын препараттар: брадикардиялық әсерімен кальций өзекшелерінің блокаторлары (верапамил), бета-блокаторлар (соталолдан басқа), клонидин, гуанфацин, оймақгүл алкалоидтары, мефлохин, холинэстераза тежегіштері (донезепил, галантамин, ривастигмин, такрин, амбемониум, пиридостигмин, неостигмин), пилокарпин.

Шамадан тыс брадикардия қаупі (кумулятивті әсері) бар.

Сыйымсыздығы

2-диэтилгексилфталат (ДЭГФ) көмегімен пластифицирленген, ПВХ-дан жасалған материал немесе мединалық құрылғы қолданғанда, амиодаронның инъекциялық ерітіндісі болғанда ДЭГФ босап шығуы мүмкін.

ДЭГФ әсерін барынша азайту үшін құрамында ДЭГФ жоқ құрылғыға құяр алдында ерітіндіні ақырғы сұйылту ұсынылады.

Айрықша нұсқаулар

Электролиттік зат алмасудың бұзылуы әсіресе гипокалиемия: проаритмиялық құбылыстарға бейімдейтін секілді, гипокалиемиямен қатар жүретін жағдайларды ескерудің маңызы зор. Гипокалиемия амиодаронды қабылдауды бастағанға дейін түзетілуі керек.

Жедел жәрдем емі жағдайларын қоспағанда, ерітінді түріндегі көктамырішілік инъекцияға арналған Амиодарон тек стационарда және мұқият бақылаумен (ЭКГ, артериялық қысым) қолданылуы мүмкін.

Созылмалы жүрек жеткіліксіздігінде, бауыр жеткіліксіздігінде, бронх демікпесінде, егде жаста сақтықпен қолдану керек.

Анестезия

Хирургиялық операция алдында анестезиологты науқастың амиодарон қабылдайтыны туралы ескерту керек.

Амиодаронмен ұзақ уақыт емдеу жергілікті немесе жалпы анестезияға (брадикардияны, гипотензияны, жүрек лықсуының төмендеуі немесе өткізгіштіктің бұзылуын туындатуы мүмкін) тән гемодинамикалық қауіпті күшейтуі мүмкін.

Соталол (қолдануға болмайтын біріктірілім) және эсмололдан (қолданғанда айрықша сақтықты талап ететін біріктірілім) басқа бета-блокаторлармен (Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі және өзара әрекеттесудің басқа түрлерін қара), верапамилмен және дилтиаземмен біріктірілімдері, асқазанның рефрактерлі фибрилляциясымен туындаған жүректің тоқтап қалуында жүрек-өкпе реанимациясы жағдайында өмірге қауіпті қарыншалық аритмияның алдын алу контексінде қарастырылады.

Жүктілік және лактация

Жануарларға жүргізілген зерттеулер Амиодаронның тератогенді әсерін анықтаған жоқ.

Сондықтан, адамда даму ақауларын күтуге болмайды, өйткені даму ақауларын туындататын дәрілік заттар тератогенді әсерді жануарлардың екі әртүрлі түрінде дұрыс жүргізілген тәжірибелерде білдіретінін көрсетеді.

Клиникалық тәжірибеде қазіргі кезде қол жетімді деректер оны жүктіліктің бірінші триместрінде қолданғанда амиодарон даму ақауларын туындатуын бағалау үшін жеткіліксіз.

Ұрықтың қалқанша безі йодты тек жүктіліктің 14-ші аптасынан бастап байланыстыра бастайтын болғандықтан, оны ертерек қолданғанда препарат әсер етпейді.

Препаратты қолданғанда артық йод осы кезеңнен кейін ұрықта гипотиреоздың зертханалық белгілеріне немесе тіпті клиникалық зобқа әкелуі мүмкін.

Препаратты жүктілік кезінде қолдануға болмайды.

Амиодарон, оның метаболиті және йод емшек сүтіне анасының плазмасындағы деңгейден жоғары концентрацияларда экскрецияланады. Егер анасы осы препаратпен ем алатын болса, баласында гипотиреоз даму қаупіне байланысты емшекпен қоректендіруге болмайды.

Көлік құралдарын жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Қазіргі уақытта амиодаронның көлік құралдарын жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне әсері туралы деректер жоқ.

Артық дозалануы

Симптомдары: синусты брадикардия, жүректің тоқтап қалуы, пароксизмальді қарыншалық тахикардия, «пируэт» типті қарыншалық тахикардия, қан айналымының бұзылуы, бауыр функциясының бұзылуы, артериялық қысымның төмендеуі.

Емі: белгісіне қарай ем жүргізеді (брадикардияда - бета-адреностимуляторлар немесе кардиостимуляторды орнату, «пируэт» типті тахикардияда  магний тұздарын көктамырішілік енгізу, сирететін кардиостимуляция). Амиодарон мен оның метаболиттері гемодиализде және перитонеальді диализде шығарылмайды.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Сыйымдылығы 5 мл шыныдан жасалған ампулаларда 3 мл-ден.

Ампуланы ашуға арналған пышақпен немесе ампула скарификаторымен гофрлауға арналған қағаздан жасалған гофрланған қосымшасымен картон қорапқа 10 ампуладан салынған.

Қорап баспаға арналған қағаздан немесе офсетті қағаздан немесе сапасы жақсы офсетті қағаздан жасалған заттаңба–бандерольмен айналдыра жапсырылған.

Қораптар медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге топтық қаптамаға салынған.

Медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықтар саны қаптамалар санына сәйкес келуі керек.

5 ампуладан поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған. 2 пішінді ұяшықты қаптамадан поливинилхлоридті үлбірден жасалған ампуланы ашуға арналған пышақпен немесе ампула скарификаторымен және медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Ампуланы ашуға арналған пышақпен немесе скарификаторымен, медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге ампуланы бекітуге арналған қосымшасымен картон қорапшаға 10 ампуладан салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 15 ºС-ден 25 ºС-ге дейінгі температурада.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы, Беларусь Республикасы, Минск обл., Борисов қ., Чапаев көшесі, 64/27, тел/факс 8(10375177)744280.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы, Беларусь Республикасы

Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан өнімнің (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

“Борисов медициналық препараттар зауыты” ашық акционерлік қоғамы

Беларусь Республикасы, Минск обл., Борисов қ., Чапаев к-сі, 64/27,

тел/факс 8-(10375177) 744280, электрондық пошта market@borimed.com

 

 

Прикрепленные файлы

128595191477976416_ru.doc 97.5 кб
508369081477977615_kz.doc 93.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники