Амиксин KZ

МНН: Тилорон
Производитель: Фармстандарт-Томскхимфарм ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие противовирусные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№017073
Информация о регистрации в РК: 10.10.2016 - 10.10.2021

Инструкция

Саудалық атауы

Амиксин KZ

Халықаралық патенттелмеген атауы

Тилорон

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған 125 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - тилорон – 125,0 мг,

қосымша заттар (ядро): картоп крахмалы – 46,000 мг, микрокристалды целлюлоза – 120,00 мг, повидон-К30 (коллидон 30) – 3,000 мг, кальций стеараты – 3,000 мг, натрий кросскармеллозасы (примеллоза) – 3,000 мг,

қабығы: гипромеллоза (гидроксипропилметилцеллюлоза) – 6,8100 мг, титанның қостотығы (E 171) – 3,5630 мг, макрогол-4000 (полиэтиленгликоль-4000) – 0,9130 мг, полисорбат-80 (твин-80) – 0,1140 мг, сары хинолинді бояғыш (Е 104) – 0,2470 мг, күн батар түстес сары бояғыш (Е 110) – 0,3530 мг.

Сипаттамасы

Дөңгелек, екі жағы дөңес, қызыл сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар. Сындырылатын жері қызыл сары түсті, қызыл сары немесе ақ түсті болмашы теңбілдер болуына жол беріледі.

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі қолдануға арналған вирусқа қарсы препараттар. Тікелей әсер ететін вирусқа қарсы препараттар. Вирусқа қарсы басқа да препараттар.

АТХ коды J05AX

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Тилорон ішке қабылданғаннан кейін асқазан-ішек жолынан жылдам сіңеді. Биожетімділігі - 60. Препараттың плазма ақуыздарымен байланысуы шамамен 80. Тилорон енгізуге жауап ретінде интерферонның негізгі продуценттері ішек эпителийі жасушалары, гепатоциттер, Т-лимфоциттер және нейтрофилдер және гранулоциттер болып табылады. Ішке қабылдағаннан кейін интерферонның ең жоғары өнімі шегіне 4-24 сағаттан соң ішек-бауыр-қан болып келетін реттілікпен білінеді.

Препарат іс жүзінде ішек арқылы (70) және бүйрек арқылы (9) өзгермеген күйінде шығарылады. Жартылай шығарылу кезеңі (Т) - 48 сағат. Препарат биотрансформацияға түспейді және организмде жиналмайды.

Фармакодинамикасы

Амиксин KZ - интерферонның төменгі молекулалық синтетикалық индукторы, организмде альфа, бета және гамма интерферондарының түзілуін көтермелейді. Амиксин KZ иммуномодуляциялаушы және вирусқа қарсы әсер етеді.

Адам лейкоциттерінде интерферонның синтезін индукциялайды. Сүйек кемігінің дің жасушаларын көтермелейді, дозаға байланысты антидененің түзілуін күшейтеді, иммунодепрессия дәрежесін азайтып, Т-супрессорлар мен Т-хелперлер арақатынасын қалпына келтіреді. Әр түрлі вирустық инфекцияларға, оның ішінде тұмау вирустарына, басқа да жедел респираторлы вирустық инфекцияларға, гепатит вирустары мен герпес вирустарына қарсы тиімді. Вирусқа қарсы әсер ету механизмі инфекцияланған жасушаларда вирус-спецификалық ақуыздардың тасымалдануын тежеуге байланысты, осының нәтижесінде вирустар репродукциясы төмендейді.

Қолданылуы

Кешенді ем құрамында:

- тұмау және басқа да ЖРВИ емдеу

- герпестік инфекцияларды емдеу

Тұмау және басқа да ЖРВИ профилактикасында

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерге, ішке қабылдауға, тамақтанғаннан кейін.

Тұмау және басқа да ЖРВИ емдеу – тәулігіне 125 мг-ден емдеудің алғашқы 2 күнінде, содан соң 48 сағаттан соң 125 мг-ден. Курсына – 750 мг (6 таблетка).

Тұмау және басқа да ЖРВИ профилактикасында 125 мг-ден аптасына 1 рет 6 апта бойы. Курсына – 750 мг (6 таблетка).

Герпестік инфекцияларды емдеу үшін алғашқы екі апта бойы 125 мг-ден, содан соң 48 сағаттан соң 125 мг-ден. Курс дозасы - 1,25-2,5 г (10-20 таблетка).

Тұмау және басқа да ЖРВИ емдегенде ауру жағдайына симптомдары 4 күннен аса сақталған жағдайда дәрігермен кеңескен жөн.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар (бөртпе, қышыну, есекжем, ангионевроздық ісіну)

- диспепсиялық құбылыстар (жүрек айнуы, іштің ауырлауы және кебу сезімі)

- қысқа мерзімді қалтырау

Егер көрсетілген кез келген басқа жағымсыз әсерлері ушығып немесе Сіз нұсқаулықта көрсетілмеген кез келген басқа жағымсыз әсерлерін байқасаңыз, бұл туралы дәрігерге хабарлаңыз.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Вирустық және бактериялық ауруларды дәстүрлі емдеудің антибиотиктерімен және дәрілік заттарымен үйлесімді. Амиксин KZ-ның вирустық және бактериялық ауруларды дәстүрлі емдеудің антибиотиктерімен және дәрілік заттарымен клиникалық маңызды өзара әрекеттесуі байқалмаған.

Айрықша нұсқаулар

Препараттың кезекті дозасын қабылдауды өткізіп алғанда, алғашқы мүмкін болған сәтінде уақыт аралығын ескерместен және дозаны екі еселемей-ақ, препаратты қабылдау курсын бастаған сызба бойынша жалғастыру керек. Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.

Амиксин KZ көлік құралдарын басқару қабілетіне және жоғары зейін қою мен психомоторлық реакциялар жылдамдығын қажет ететін қауіптілігі жоғары қызмет түрлерін атқаруға әсер етпейді.

Артық дозалануы

Препаратпен артық дозалану жағдайлары белгісіз. Шығарылуы түрі және қаптамасы

6 немесе 10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

1 пішінді ұяшықты қаптама медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 30С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Фармстандарт-Томскхимфарм» ААҚ,

634009, Ресей, Томск қ., Ленин даңғ., 211 үй,

тел./факс: (3822) 40-28-56,

www.pharmstd.ru

Тіркеу куәлігінің иесі

«Фармстандарт-Томскхимфарм» ААҚ, Ресей

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын; дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

"Қарағанды фармацевтикалық кешені" ААҚ,

100009, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ., Ботаническая к-сі, 12 үй

тел./факс: +7 (7212) 437002

тел.: + 7 (7212) 507322

E-mail: kphk@kphk.kz

4

Прикрепленные файлы

232113051477975719_ru.doc 48.5 кб
002693711477977431_kz.doc 62.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники